Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет37/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара
Хрестоматия Б.Белғара
Жазба сөзге дағдыландыру

ауызшаға қоса мынадай әдістер:


а) сұрауларға класс болып жауап беру, жазу
ә) әңгіме жазып, мұғалімге тексерту
б) анкета, адрес, расписка сияқты жеңіл іс қағаздарын жаздыру да
жазба сөзге үйретудің бір түрі болып саналады.
Қорыта айтарымыз мынау: сөзге жаттықтыру ретінде істелетін жұмыстармен де, ана тілі сабағының басқа тараулары байланыстырылып отырсын.

Сейіл Жиенбаев


Орта мектепте мазмүндама жаздыру


Орта мектептерде жөнге қойылмай келе жатқан сабақтың бірі - қазақ тілі. Жоғарғы мектептің негізгі курсына түсетіндер де, даярлық курсына түсетіндер де қазақ тілі грамматикасын жөнді білмейді. Көбінесе емле мен синтаксистен қателеседі. Бұл статьяда синтаксис қаталарының бір бөлегіне тоқталмақпыз.
7 жылдық мектеп бітіріп, инститтың курсына түсетін жастардың көпшілігі жай әңгімелеседі, екеу ара сөйлесуді білгенмен ұзағырақ әңгімеге, сөздің қисынын келтіріп сөйлеуге тіпті шорқақ. Кәдімгідей сөйлейтін балалар да жазба түрде мазмұндама жазуда тіпті олақ. Тегінде орта мектептеріміз көбінесе грамматика ғана оқытатын болса керек. Ол грамматикадан да қолданатын кітабы, оқу құралы жоқ. Сондықтан әр оқытушы өз бетінше сабақ бергендіктен грамматика сабағынан күтен нәтиже шықпай отыр.
Орта мектепке жүктелетін маңызды жұмыстың бірі оқушыларына ана тілінде сөз сөйлеуді үйретіп шығару.
«Сөз сөйлеу» деп сөзді ауызша, және көбінесе жазба түрде мазмұндай білуді айтамыз. Сөз құрау техникасы синтаксиске жатады. Бірақ, синтаксистің ережесін білумен де іс бітпейді, оқушыларға үлгі көрсетіп, дағдыландыру керек.
Сөз, үлгісі көркем әдебиеттен шығады. Сондықтан синтаксистің бұл бөлімін көркем әдебиетпен байланыстырмай, оның үлгісін пайдаланбай болмайды. Орта мектепте оқып келген балалардың жазуларына қарағанда, олардың әдебиетпен. таныстығы да сол әдебиет үлгісін өз тәжірибесінде пайдаланулары да кем. Ұзақ мазмұндама былай тұрсын, арыздарын қазақша дұрыстап жаза алмайтындары да көп кездеседі. Орта мектептер өздерінің оқушыларына қазақ тілін де, әдебиетін де жақсы білдірулері керек; өйткені, жоғары мектеп программасында ана тілі де, әдебиеті де болмайды.
Әрине, әдебиетті құр оқумен ғана жұмыс бітпейді, жазба сөз өзінен-өзі жөнделіп кетпейді.
... Жазба сөзді сұлулап шығару үшін толып жатқан шарттар бар, солардың орындалуы керек.
I. ... Ноқат қоймай кетуі ережені ескермегендіктен емес, сөйлем түрлерін айырып дағдыланбағандықтан, осындай жазуды көп жазбағандықтан, жазса, оның жазуы түзетілмей қала бергендіктен.
... Синтаксистегі анықтамаға да, ережеге мысал ретінде келтірілген оңай сөйлемдер мен қанағаттануға болмайды, балаларға шығарма жаздырып, сол шығарманың - сөйлемін айыртып дағдыландыру керек.
2. Сөйлемнің шұбалаңқы болып шығуының екінші себебі - өткен шақтың көсемше сөздерді дұрыс пайдалана білмеуден көрінеді.

... Сөйлемді ықшамдап, сұлулап айту үшін көсемшенің маңызы зор.


... Сөздің қисыны келмеуінің екінші бір себебі, сөз өз орнында тұрмауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет