Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет34/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

Сын есім темасының негізгі бөлімдері мыналар:

  1. Сын есім туралы жалпы түсінік, оның сөйлемдегі қызметі
    (анықтауыш болатындығы).

  2. Сын есімнің түрлері.

  3. Сын есімнің шырайлары.

  4. Сын есімнің жұрнақтары.

  5. Сын есімнің зат есімге айналуы, зат есім орнына жүретіндігі
    жалғаулары (септік жалғау, жіктік жалғау)



Сын есім темасын мына тәртіппен баяндау керек:
О баста сөз таптарын айтқанда, сөздер нәрсенің атын, оның сынын, санын т.б. жақтарын көрсетуіне қарай біреулері зат есім болып, біреулері сын. есім, біреулері сан есім т.т. болып бөлінетіні ескертіледі. Сонан кейін сын есімнің қалайша пайда болатыны мына түрде мазмұндалып беріледі:
Нәрсенің өзі бар, сыны, саны бар. Мысалы, ағаш, тас, тау, адам, үй, ат, арба, терезе деген нәрселер бар. Мына сөздер сол заттардың атын көрсетеді. Ол сөздерді зат есім дейміз. Ал, үлкен, кіші, саяз, терең деген зат болмайды. Белгілі бір зат я улкен, я кіші, я ақ, я қызыл т.б. болады. Бұл араны көрнекті түрде түсіндіру үшін түрлі-түсті, түрлі сынды заттарды алып көрсетуге болады. Мысалы, ақ, көк, қызыл қағазды, я ұзын, қысқа қарындашты, үлкен, кішкене кітаптарды алып, қарындаш деген сөзі нені көрсетеді, ұзын деген сөз нені көрсетеді, немесе ақ деген сөз нені көрсетеді, қағаз деген сөзі нені көрсетеді деп сұрау керек.
Осылайша заттың аты не, сыны не екенін байқатқаннан кейін, енді сол сын есім сөздің қалай пайда болғанына тоқталу керек.
Кейбір сөздер о бастан-ақ сын есім. Мысалы, жоғарыда айтқан сөздер, ондай сөздерді балалардың өздеріне іздетіп, бірқатар сөз таптырған дұрыс. Сонан кейін басқа түрлі сын есім болатыны айтылады. Ағаш үй, тас көше, аудандық мекеме, қысқы күн, білгіш адам сияқты тізбектерді мысалға алып, балаларға алдыңғы сөздердің сын есім сұрауына жауап болып тұрғандығы айтылады. Енді бұл сөздер о баста заттың сынын көрсетіп тұрған сөз бе, емес пе деген сұрау тастап, мынадай бақылау жұмысы жүргізіліп, мынадай нәрселер анықталады:
Алдыңғы ағаш, тас деген екі сөз жеке алғанда зат есім сөздер, олар заттың сынын көрсетпейді, атын көрсетеді. Мына жерде үй, көше деген заттардың қандай екенін (неден жасалғанын) көрсетіп, сын есім болып тұр, ал тұлғасында еш айырмашылық жоқ, тек анықтайтын сөзінің алдында келіп, анықтауыш болғаннан ғана сын есімге айналып тұр. Онан кейінгі сөздер аудан, қыс, біл деген сөздерден жұрнақ арқылы құралған. Бұл сөздер о баста сын есім емес, басқа сөз табы (алдыңғы екеуі зат есім, соңғысы- етістік), жұрнақ арқылы сын есім болып тұр.
Сонымен сын есім сөздер жасалу жолына қарай екі топқа бөлінеді. Біреулері - әуелден сын есім сөздер, біреулері - басқа сөз таптарынан жасалған сын есімдер. Бұл сын есімдерге негізгі, туынды деген ат қойылады.
Енді сын есім сөздердің мағынасына қарай айрылатынына тоқталу керек Мағынасына қарай айыру үшін сын есім сөздердің тұлғалық өзгеруіне көп тоқталмау керек, өйткені, тұлғалары бірдей болып та, заттың түрлі белгісін көрсететін сын есімдер бар. Мысалы, ағаш қасық, шай қасық, қабырға газеті дегенде зат есімдік тұлғасын бұзбай сын есімге айналып тұрған сөздердің бірі (ағаш) нәрсенің тегін көрсетіп тұр да, қалған екеуі тегін көрсетіп тұрған жоқ, қатыстық сын есім мағынасында тұр.
Сын есімдерді мағынасына қарай біраз ажыратып алғаннан кейін сын есім шырайына тоқталады.
Шырайдың мәністерін, қалай жасалатынын түсіндіру қиын емес. Шырай жөнінде мұғалім мынаны білу керек: сын есімнің бәрі бірдей шырай формасына түсе алмайды.
. Шырай формасы сыр-сындарында бар, (мейлі ол сөз негізгі сын есім болсын) үлкен, мейлі ол басқа сөз табынан жасалған болсын (пайдалы) басқа сындарда жоқ. Орта мектеп оқушыларына шырай туралы жалпы түсінік беру керек, шырай сын есімнің барлығында бола бермейтінін ескерту жөн. Ал шырай формасына түсетін етістік
топтары қайсы екенін айыртып жату, оның өзін міндетті тема ретінде өту тым қиын. Ол жүмыс 5-класс баласына ауырлық қылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет