Арғынов Хасен Қуандықұлы (1926)
1926 жылы Павлодар облысы Бесқарағай ауданында дүниеге келген.
1946-1951 жылдары Семей педагогикалық институтында оқиды. 1951-1958 жылдар аралығында мұғалімдік қызметте болды.
1961-1963 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-де аспирантурада оқыды. 1963 жылы Білім министрлігі жанындағы педагогикалық ғылымдары ғылыми-зерттеу институтында сектор меңгерушісі, кейін Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де педагогика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
1963 жылы «Қазақ тілінің құрмалас сөйлемін оқыту әдістемесі» тақырыбында кандидаттық диссертация, 1971 жылы «Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуация әдістемесінің негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Х.Қ.Арғыновтың әдістемелік еңбектері ҚТОӘ ғылыми негізге түсірген маңызды еңбектер ретінде бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |