Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет44/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ
ЖҮРГІЗІЛЕТІН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
ТАҚЫРЫПТАРЫ


Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту методикасын жетілдіру ісі бұл пәндердің мектептерде оқытылуы жайын және оқушылардың білімінің сапасын зерттеуге, сондай-ақ озат оқытушылардың іс-тәжірибелерін жинап, қорытуға негізделеді.
Мұндай ғылыми-методикалық зерттеу жұмыстары ана тілі мен әдебиеті пәндерін жетілдіруді ғаңа көздеп қоймайды, сонымен бірге, жұмыстың жүргізілуі барысында бұл пәндерді оқытуды және оқушылардың білім сапасын жақсарту шараларын белгілеуге де көмектеседі.
Қазіргі кезде мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту сапасын одан әрі жақсарта беруге және бұл пәндерді оқыту методикасын жасауға ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдасқан түрде жүргізу айрықша қажет болып отыр.
Облыстық, аудандық халық ағарту бөлімдері, мектептеріміз, пединституттардың қазақ тілі мен әдебиеті кафедралары, мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарының ана тілі мен әдебиеті кафедралары, педучилещелер, озат мұғалімдеріміз педагогикалық ғылымдар институтымен тығыз байланыс жасай отырып, ғылыми методикалық зерттеу ісіне ерекше мән беріп, оған өздерінің нақтылы істерімен қатынасуға тиіс.
Қазақ тілі мен әдебиетін мектепте оқытудың және оқушылардың білім дәрежесінің жайын зерттеп, бұлардың жетістіктері мен кемшіліктерін жете білу осы пәндер жөнінде ғылыми зерттеу жұмысын дұрыс ұйымдастыруға, сонымен бірге ең басты проблемаларды дұрыс шешуге жәрдемін тигізеді. Зерттеу барысында аталған пәндердің оқытылу жайын біліп қана қоймай, оның нәтижелерін іс жүзіне асыру керек: жетістіктер болса, озат тәжірибе ретінде кең таратып, кемшіліктер болса, оларды болдырмаудың нақты шараларын белгілеп, солардың орындалуын қадағалап отырған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет