Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы


Сабаққа талдау жасағанда, мыналар ескерілуге тиіс



бет46/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара
Хрестоматия Б.Белғара
Сабаққа талдау жасағанда, мыналар ескерілуге тиіс:

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты. Сабақтың мақсаты дұрыс белгіленген бе? Сабақ оқушыға дұрыс түсіндірілді ме?

  2. Сабаққа қажетті материалдардың іріктеліп алынуы. Сабақ материалдарының оқу программасына сәйкес келуі. Сабақ материалдарының өмірмен байланыстылығы. Келтірілген мысалдардың ережелерге сай келуі. Сабақ материалдарының оқушының ұғымына ауыр-жеңілдігі. Материалдардың уақытқа бөлінуі. Материалдарды таңдап алудың дұрыстығы және сабақта
    түсіндірілу жүйесі.

  1. Мұғалімдердің қолданатын оқыту әдістері мен тәсілдерінің дұрыстығы.

  2. Оқушылардың білімін дұрыс бағалау.

  3. Оқу материалының жоспарлануы және уақытты дұрыс пайдалану.

  4. Оқытудың негізгі проблемаларын қолданып, тәрбие бере оқыту, материалдың ғылыми дұрыстығы, оқушының белсенділігін арттыру жолы, көрнекі құралды пайдалану, берілетін білімді саналы, жүйелі, байыпты, түсіндіру, теорияны практикамен байланыстыру.

  5. Оқушылардың сабаққа ықыласы қалай? Олар материалды қандай дәрежеде игерді? Оқушылардың білімі жөніне де қысқаша мәлімет.

  6. Ғылыми қызметкерлер мұғалімді, мектеп директорын, оқу ісінің меңгерушісін зерттеудің қорытындысымен таныстырады. Қажетіне қарай педагогикалық кеңесте осы жөнінде баяндама жасауына да болады.

Класс журналы, мұғалімнің сабақ жоспары, оқушылардың дәптері мен күнделіктері тексеріледі.
Класс журналын тексергенде, оқу процесінің орындалу барысы, оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатынасуы, олардың білімінің дұрыс бағалануы, класс журналындағы жазудың дұрыстығы есепке алынуы керек.
Оқушылардың жазу дәптерінің жайы, мұғалімдердің дәптерді тексеруі, класта және үйде орындалатын жазбаша жұмыстардың жүйесі зерттеледі. Оқушылардың күнделіктерінің жайы да тексеріледі.
Жазбаша бақылау жұмысының мазмұны мен сипаты программа бойынша өтілген материалға тығыз байланысты болу керек. Жазбаша бақылау жұмыстары оқушылардың білім дәрежесін тексеру үшін жүргізілетін көмекші құрал ретінде қолданылады.
Жазбаша бақылау жұмыстарының нәтижесін талдап, оларда кездесетін орфографиялық, пунктуациялық және стильдік қателерді жіктеп көрсету керек.
Сонымен бірге, ол қателердің болу себептерін және оларды болдырмаудың нақты жолдарын ашып көрсеткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет