ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ Зерттеу жұмысының материалдары, жинақтала келе, мынадай болуға тиіс:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытылуы және
оқушының білімі жөніндегі материал.
2. Жазылып алынған сабақ материалы және оған жасалған
талдау.
Жазбаша бақылау жұмыстары және оларды тексеру нәтижелері.
Оқу- кластарының жабдықталу жағдайлары және пәндер бойынша
қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілу жағдайы жөнінде мәлімет.
Оқушылардың жазбаша жұмысының және мұғалімдердің
методикалық документтерінің үлгісі.
Мұғаліммен және мектеп басшылығымен әңгімелесуде жазылып
алынған материалдар.
Зерттеу жұмысының материалдарының негізінде жасалған, осы
пәндерді оқыту методикасын жетілдіруді көздейтін тиісті
ұсыныстар:
а) оқу программасын жақсартуға байланысты пікірлер;
ә) оқулықтарды жетілдіруге көмектесетін ескертпелер;
б) қолданылып жүрген оқыту әдістерінің тиянақсыз жақтары;
в) озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінде анықталған жаңа әдістер
туралы т.б.
Сонымен бірге әрбір мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың және оқушының білімінің сапасын зерттеудің нәтижелері бұл пәндердің ғылыми-методикалық талаптарға сай оқытылу дәрежесін арттыруға оқушылардың осы пәндер бойынша тиянақты білім алуына көп көмегін тигізеді.
Ана тілі мен әдебиеті пәндерін мектепте оқыту жайын және оқушылардың білім дәрежесін жан-жақты анықтау негізінде бұл пәндерді оқыту методикасын жетілдіру мақсатымен жүргізілетін Ғылыми Зерттеу жұмыстарының мөлшері проблемалары ұсынылып отыр.