Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет56/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара
Хрестоматия Б.Белғара
Орал кеңесіндегі ойлар
(Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту проблемаларына арналған Республикалық семинар-кеңес материалдарынан)
Орал қаласында 1982 жылы октябрь айының 19-21 күндері қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту проблемаларына арналған Республикалық семинар-кеңес болып өтті. Оған Республикамыздың 19 облысынан методист-мұғалімдер, халық ағарту мекемелерінің қызметкерлері, арнаулы және жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғалымдар қатысты.
Кеңесте Орал облыстық партия комитетінің секретары М.Қалматаев жолдас қүттықтау сөз сөйлеп, Орал өңірінің бай тарихымен, революция, жауынгерлік және еңбек дәстүрлерімен, экономикасымен, мәдениетімен қысқаша таныстырып өтті. Кеңестің жемісті өтуіне тілек білдірді.
Қазақ ССР Оқу министрінің орынбасары Ә.Қанафин жолдас пленарлық мәжілісте «КІІСС XXVI съезі мен Қазақстан Коммунистік партиясының XV съезінің шешімдеріне сәйкес қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды одан әрі жетілдіру және оқушылар білімінің сапасын арттырудың шаралары туралы» баяндама жасады. Баяндамада республика мектептеріндегі ана тілімізді оқытудың хал-жайы мен оқушыларға берілген білім сапасының қазіргі күйі егжей-тегжейлі сөз болды. Оқушы жастарға білім мен тәрбие беруді комплексті шешудің проблемалары, ағарту саласында соңғы бесжылдықтарда қол жеткен табыстар, кейбір олқылықтар және қазіргі міндеттер, ізденістер сараланып талданды.
Баяндамашы, әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жетілдірілген программа талаптарына сәйкес оқу-тәрбие процесін жақсарта түсуге баса назар аударды...
... Семинар-кеңес болғандықтан да, мұның басты мақсаты -жетілдірілген программа, оқулықтар, солардың талабын оқу-тәрбие ісінде іске асыру, оқу-ағарту саласында бүгінгі талаптарға сай бетбұрыс жасау.
Облыстың «Орал өңірі», «Приуралье», республикалық «Қазақстан мұғалімі» газеттерінде семинар-кеңес материалдары жарық көрді. Оларды республика мұғалімдері, оқырман көпшілік жылы қабылдады. Сондай-ақ кеңес қорытындысы Республика Оқу министрлігінде қаралып, шешім қабылданды. Ендігі мәселе - осы семинар-кеңестің материалын жан-жақты талдап, әр мұғалім, әр мектеп, әр аудан, әр облыс бойынша ана тілі мен әдебиетінің нақтылы жай-жапсарын, бағыт-бағдарын тағы бір барлау, бақылау, шолу жасап, бұл пәндер бойынша сабақ сапасын көтерудің шараларын белгілеу.
Жыл өткен сайын Республикада қазақ мектептерінің оқу-материалдық базасы жақсара түсуде. Маман кадрлар да баршылық. Кабинеттер жүйесі жақсы жолға қойылып, мұғалімнің жұмыс лабораториясына айналуда. Программалар қайта жетілдіріліп, оқулықтар өңделуде, сабақ жүргізу методикасы жетілдірілуде. Оқу-көрнекі құралдарының комплексін жасау, тұрақтандыру да - күн тәртібіндегі мәселелер. Мектеп пен арнаулы орта және жоғары оқу орындарының өзара сабақтастарын бір арнаға салу проблемасы жайында да кеңесте кеңінен пікір алысу болды. Осының бәрі - сабақ сапасын арттырып, оқушыларға салауатты білім берудің қамы.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бойынша жетілдірілген программаның методологиялық және методикалық негіздері, оқушылардың білімі мен дағдысына қойылатын қазіргі талаптар жайында Ы.Алтынсарин атыңдағы педагогика ғылымы ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушілері, ғылым кандидаттары А.Дайырова, А.Айғабылов жолдастар қосымша баяндамалар жасады. Олар программа, окулық жаңғыртуда қол жеткен ізденістер жайын, сабақта пәнаралық байланыс, теориялық білім мен практикалық білік-дағдыларды ұштастыру, оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, дамыта оқыту принциптерін жүзеге асыру, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін арттыру мәселелерін ортаға тартты. Қазақ тілі мен әдебиетінің факультатив программаларының әлі қалыптасып бітпегенін, ол үшін әлі де ізденістер жасалатынын көрсетті.
Орталық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Г.Мыңбаева жолдас мұғалімдер білімін көтеруде қол жеткен табыстарды айта келе, қайта даярлау курстарында жетілдірілген программа талаптарын кең талқылауды жолға қою қажеттігін айтты...
Гурьев облысы, Балықшы ауданы, «Еркінқала» орта мектебінің методист-мұгалімі Г.Жексемәлиева 4-класта әдебиет сабағында пәнаралық байланысты қолдану туралы айтты...
Оқушылардың қазақ тілінен білік-дағдыларын қалыптастыруда Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы, «Амангелд» орта мектебінің Ленин орденді методист-мұғалімі Қ.Жаманқұлова үлестірмелі материалдарды пайдалануда айтарлықтай жинақтаған озат тәжірибесін, Алматы қаласындағы N12 мектептің методист-мұғалімі, СССР халық ағарту ісінің озық қызметкері Ү.Исмағұлова мектепте бірыңғай орфографиялық режим талаптарын орындау тәжірибесін ортаға салды.
Шымкент облыстық халық ағарту бөлімінің инспекторы Е.Мамыраев жолдас қазақ тілі мен әдебиетінен бақылау мен басшылық жасау тәжірибесін ортаға салып, облыста әр бес жылда барлық аудандық, қалалық халық ағарту бөлімдерінің пән бойынша атқарылған жұмыстарының талдаудан өтілетіндігі туралы, оларға баға беріліп, ұсыныстар жасалып, бұл ретте Оқу министрінің директивалары әрдайым басшылыққа алынатынын сөз етті. Шығыс Қазақстан облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының кабинет меңгерушісі С.Долданованың мұғалім білімін жетілдіру жолындағы тәжірибелері бағалы. Орталық мұгалімдер білімін жетілдіру институтының тарапынан мұндай тәжірибені қолдап, уақтылы таратуы пайдалы. Алматы облысы, Кеген ауданы, «Жалаңаш» орта мектебінің методист-мүғалімі М.Молдасынов мектепішілік методикалық жұмыстың мазмұны мен түрлері туралы сөз етті. Ұстаз, әсіресе, жетілдірілген программа талаптарына орай, методикалық жұмыстардың икемділігін арттыру ісіне баса назар аударатындығын ортаға салды. Мұндай методикалық бірлестік мұғалімнің күнделікті еңбегіне көмекке келуге бағытталған. «Құрмет белгісі» орденді Орал педагогикалық институтының ғалым-методистері Қ.Мырзағалиев, Б.Шалабаев өз сөздерінде институт пен мектеп байланыстарын жақсарта түсуде методикалық ізденістер жасауда, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қарулану туралы мектеп мүғалімдеріне тартымды баяндама жасады.
Республикалық бұл семинар-кеңестің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін шәкірттерге сапалы білім беруге жаңа белестерге ұмтылуындағы үлкен бір бағыт болды, сондай бағытта өтілді.
С.Дүкенбаев. Қазақ ССР Оқу министрлігінің
инспекторы
(Материал «Қазақстан мектебі»
журналындағы басылымнан алынды. 1983, N4, Б.78-80)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет