Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет55/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара
Хрестоматия Б.Белғара
IV. Ана тілі және мүғалім. Программа жақсы тізілгенімен, оқулық көңілдегідей болып жасалғанымен, мектеп методикалық, дидактикалық, техникалық құралдарымен ойдағыдай жабдықталғанымен, оқушылардың көкейіне білім өздігінен құйыла салмайды. Оларға білім ана тілін толық игеруді ауызша да мүдірмей дұрыс сөйлеуді, шетінен сауатты етіп шығаруды қамтамасыз ететін мұғалім арқылы беріледі.
Совет үкіметі тұсында 50 жыл ішінде қазақ мектебінде барлық пәнді ана тілінде оқытудың проблемасы көңілдегідей шешілді. Басқа пәндердің мүғалімдері сияқты, ана тілі оқытушыларының да үлкен армиясы құралды. Осы армияның ішінде халық ағарту ісіне талмай еңбек сіңіріп, бүгінгі талаптың қай саласына болса да төтеп беріп, қазақ мектебінің мақтанышы саналып жүрген көптеген мұғалімдеріміз бар. Олар-оқыту әдісін толық игерген, өздерінің әдіс-тәсілдерін ұдайы жетілдіріп отыратын озық мұғалімдер. Ондай мұғалімдер әр қаладан табылады.
Мұғалім ізденсе, үнемі білімін көтерсе, оқудың да сапасы көтерілетіні аян. Мысалы, бастауыш класс мүғалімдерінің жаңа программаны, оның мақсатын, жүйесін толық игеріп, өз тұстарынан қажетті құралдар жасап, балаларға берілетін білімнің терең де берік болуын қамтамасыз етіп, оқушылардың үлгерімін көңілдегідей дәрежеге жеткізіп жүрген кейбір озат мүғалімдерімізді атап өткіміз келеді. Олардың қатарына: Р.Әлімбаев, Ы.Құсайынов пен Б.Құсайынова (Талдықорған облысы), М.Жазыбаев (Қарағанды облысы), Ә.Марасулов, Нұрдәулетова (Алматы облысы), А. Шәймерденов (Семей облысы), Ү.Әнуарова (Шымкент облысы) т.б. қосылады.
Ал өзінің кәсіби мамандығын сүймейтін, өз тұстарынан білімін көтеруге тырыспайтын, дипломды ғана арқа тұтып, сабақты әйтеуір «өткізіп» жүретін мүғалімдер де кездеседі. Ондай мүғалімдердің көпшілігі, біздің ойымызша, бастауыш мектептерде істейді, ал бірқатары жоғары кластарда да сабақ береді. Мысалы, Арал қаласындағы Т.Г.Шевченко атындағы орта мектепте Қызылорда пединститутын 1964 жылы сырттан оқып бітірген Қ. деген мұғалім істейді. Осы мұғалім жұрнақ пен жалғауды, жалаң сөз бен күрделі сөзді, жалаң мүше мен күрделі мүшені ажырата білмейді екен. Оның сауатсыздығының шектен шыққандығы қанша сөз жазса, сонша қате жіберуінен көрінеді.
Сол сияқты ана тілінен мұғалімдер даярлайтын оқу орындары да өз студенттерін мұғалімдікке бейімдеуді күшейтулері керек. Қазақстаңдағы педагогтық институттардың бірде-біреуінде күні бүгінге дейін қазақ тілі методикасының кафедрасы жоқ. Тек кейбір жоғары оқу орындарында ғана ана тілінің методикасын, студенттердің педагогикалық практикасын методистер жүргізеді. Педучилищелерде де ана тілінің методикасы мен практикасында оқушыларды даярлау ісінің халі осындай. Пединституттарда ана тілінің методикасын оқыту студенттерді мұғалімдікке әзірлеу жұмыстары көңілдегідей жолға қойылмай, олардан орашолақ мұғалімдер шығып жүр. Ендеше, педагогикалық оқу орындарымыздың - педучилищелердің, пединституттардың, университеттің - ана тілі мұғалімдерін даярлау салтында айтарлықтай кемшіліктерді түзеуге тиісті шаралар қолданған жөн.
Қорыта келгенде, мектепте қазақ тілін оқытуды жақсарту талаптары - өмір талабы. Қазақ тілінен жүйелі білім беру - оқушылардың өзге пәндерді дұрыс игеруіне, осылардың негізінде дүние танымын, күрделі ұғымдар туралы түсінігін, пайымдауын дамытуға жүйелеуге көмектесу.
Қазіргі мұғалімдерге қазақ тілін мектепте оқыту, білім беру - бұрынғы кездегідей - емес, едәуір жеңіл тиеді: қазақ тілін ғылыми жағынан тану, мектепте оқыту, көлем аясын табу, анықтау, тұрақтандыру жолына жасалған ізденіс, қайта қараулар, мұның программаға әсері - бәрі дерлік артта қалды, енді ана тілін көңілдегідей етіп оқытуға қандай жағдайлар керек болса, ол жағдайлар негізінен жасалды деп айтуға болады. Біз тек осы жағдайларды творчестволықпен дұрыс пайдаланып, жүзеге асыра білейік.
(Материал 1972 жылғы Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнін жақсарту мәселесіне арналған ғылыми конференцияның басылымдарынан алынды. Кітапта: Қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері. 19.. .- Алматы, «Мектеп».)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет