Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы


Ана тілін оқытудын түйінді мәселелері



бет53/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

Ана тілін оқытудын түйінді мәселелері
(Проф. А.Ысқақовтың баяндамасынан)
1. Ана тілі және баланы баулу мәселесі. Совет мектебінде баланы ана тілінде оқыту мәселесі КПСС программасында, Совет Одағы Конституциясында арнайы қаралған. Ендеше, ұлт мектебінің негізгі де, арқаулы да - ана тілі. Олай болса, ұлт мектептеріндегі жұмыстың нәрлі, нәтижелі болуы ана тілін оқытуды ұйымдастырудың дәрежесіне, оның дұрыс жолға қойылуына байланысты. Өйткені ұлт мектебінде ана тілі тек пән ретінде оқытылып қана қоймайды, өзге пәндердің бәрінен де білім беруге және одағы бүкіл тәлім-тәрбие, қоғам жұмыстарын жүргізуге негізгі құрал есебінде қызмет етеді.
Ана тілі мектепте өтілетін пәндердің оқу материалдарын әрі саналы түрде, әрі жеңіл игеруді қамтамасыз етумен қатар, тәлім-тәрбие жүмыстарын ойдағыдай жүргізуге және балалардың патриоттық, интернационалдық сезімдерін дамытуға жәрдем етеді.
Мектеп балаларды ойлап сөйлеуге, ана тілінің сөздері мен тиісті тәсілдерін саналы түрде жұмсауға үйретеді. Мектеп балалардың тілдеріне қыруар көп жаңа сөздер, жаңа формалар қосады, оларды қайда, қалай қолдану, қалай құрау, тіркестіру дағдыларын қалыптастырады. Ана тілінің, сондай-ақ ана тілінде оқытылатын өзге де пәндердің, сабақтарында балалардың тілдеріндегі әр қилы кемшіліктер қырналып, түзетіліп, олар әдеби тілді еркін меңгеретін болады.
50 жылда ана тілін пән ретінде оқыту жөнінде де, өзге пәндерді ана тілінде оқыту жөнінде де көп жұмыстар істелді, программалар, оқулықтар жасалып, барлық пәндердің терминдері қалыптасып, олар ұзақ сыннан өтті, қазақ мектебінде барлық пәндерді ана тілінде оқытатын мамандар даярланды, олар оқыту ісінен көп төжірибелер алды; көркем әдебиет байып, саяси, ғылыми, педагогикалық әдебиет қалыптасты; қазақ публицистикасы туды, әдеби тіл байыды, сөйтіп ана тілін оқытуды бұрынғыдан да жақсарта түсуге аса қолайлы жағдай, мол мүмкіншілік жасалды.
Ендігі міндет ана тілін оқыту жолына қол жеткен табыстарды баянды ете отырып, жасалған жағдайларды кең пайдалана отырып, ана тілін оқытуды әлі де жақсарта, жетілдіре түсу жөнінде тыңғылықты жұмыс істеуіміз керек. Сол міндеттердің кейбір түйінді мәселелеріне төменде қысқаша тоқталуды мақұл көрдік.
Оқушыларды өмірге баулу мәселесі совет мектебінің түпкілікті мақсатының бірі екені мәлім. Басқа пәндер сияқты, ана тілі пәніне де бұл жөнінде өзіне лайықты үлес тимек. Бірақ бұл үлес, әрине, пәннің түпкі мақсатына, мазмүнына, ерекшелігіне - тікелей байланысты болуға тиіс. Біздің түсінуімізше, ана тілі пәнінен балаларды өмірге баулу жөніндегі міндеттерді тілдің негізгі қоғамдық қызметінен, атап айтсақ, түпкілікті коммунативтік (байланыс, қатынас құралы болу) қызметі мен экспрессивтік (әсер, ықпал етуге дәнекер болу) қызметінен тууға тиісті де, соған орай жүзеге асырылуға лайықты. Олай болса ана тілі пөні балаларды ауызша да, жазуша да, шын мәнінде толық сауатты етіп шығаруды, ол тілді қайда және қашан да болсын мүдірмей, еркін пайдалана білуге үйретіп шығаруды түпкілікті нысана етіп ұстауы қажет болады.
Ана тілі пәнінің түпкілікті міндеті, әрине, бір жылда емес, балалардың мектепті бітіріп шыққанына дейінгі уақыт бойында бірте-бірте баспалдақтап, белгілі жүйе бойынша жүзеге асады. Ал мектепке осы міндетті межелеп, жоспарлап беретін документ -программа мен оқулықтар, ал бұл берілетін білімнің ғылыми дәрежесін көтеріп, одан әрі терең, әрі берік білім беру борышын атқаратын адам - мүғалім болатыны мәлім.
Әрине, ана тілін оқытудың ғылыми дәрежесін көтеру мәселесінің бір ұшығы қазақ тіл біліміне екінші ұшығы педагогика (методика) ғылымына байланысты. Қазіргі таңда қазақ тіл білімі ана тілін мектепте оқытуға қажетті мәселенің қаңдай түйінін болса да ғылыми жағынан айқындап беруге, оны қамтамасыз етуге сақадай сай. Айта кетелік, қазақ тілі білімін қазақтың ұлт мектебі, оның мұқтажы мен талабы өсірді десек, онда ешқандай артықшылық болмайды. Өйткені тіл мамандарының совет тұсындағы ең алғашқы зерттеулері мектепке керекті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан басталды. Мысалы, 20-30 жылдарда тіл мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары (грамматикалар), сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек етті. Мектепте оқытылатын ана тілі пәнінің программасын алсақ, оларды талқылауға қатыспаған бірде-бір тіл маманы болған емес.
Ал ана тілін оқытудың методикасымен шұғылданған бұрынғы-соңғы методистерімізді алсақ, солардың бәрі де тіл мамандарының, ана тілі мұғалімдерінің қатарларынан шыққан адамдар болды. Бұл да - дамуымыздың бір көрінісі болғанын, сонымен қатар осы көріністің ұтымды, қонымды жақтарымен бірге, олқы «көлеңкелі» жақтары да болғанын мойындағанымыз жөн. Өйткені бұлардың (методистердің) бәрі де әуелден «таза» методистер болмағандықтан, алғашқы кездегі құралдарда педагогикалық принциптердің жетегінен тек методикалық әдебиетте (құралдар мен оқулықтарда) ғана емес, ана тілі мұғалімдерін даярлауда да үстемдік алып, үзілмей, жеңгізбей келе жатқанын айтқан мақұл.
Біз ана тілі пәнінің оқушыларды өмірге баулу міндетін сөз қылғанда, бұл мәселенің тарихына және оның қайта құруға байланысты өмір талабы ана тілінің программасында, оқулықтарында, оны оқыту тәжірибемізде қандайлықты дәрежеде қамталып отырғаны жайында және осы саладағы кемшіліктерімізді жеңу жөнінде бірер пікір айтуды орынды санаймыз.
Жаңа программада тіл дамыту деп аталатын жұмысқа ерекше назар аударылып отыр. Бұл жұмыс та - өмір талабынан, тұрмыс қалауынан туған нәрсе. Қауымның жалпы мәдениеті көтерілген сайын өмірдің сала саласында қолданылатын тілдің мәдениетін де көтеріп, сөйлейтін я жазатын адамнан ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі әуезді етіп құруды қалайды. Бұл үшін, әрине, оқушының тілін жазуша да, ауызша да дамыту қажет. Осы түрғыдан қарағанда, грамматиканы дұрыстап оқытудың өзі де балаларға ана тілінің негізгі заңдарын білдірумен бірге, ережелерін оқу, түсіну, талдау үстінде олардың логикалық ойын кеңейтуге, дамытуға жетекші болады. Тәжірибелі мұғалім осы процесті тек қателес жазудың ережесі төңірегінде қалдырып қоймай, оқушыларға тілді пайдалана білудің ғылыми, практикалық жолдарын көрсетіп, оларды ойын дұрыс, еркін айта да, жаза да алатындай етіп үйретеді, осыдан балаға тиісті машық пайда болады да, дағды қалыптасады.
Соңғы кезде балаларға ана тілінің стилистикасын білдіру, ана тілінің байлығын игерту, оның мүмкіншіліктерін пайдалана да, жұмсай да алуға машықтандыру мәселелерімен байланысты жаңа программа «Тіл мәдениеті және стилистика», «Тіл ширату» (связная речь) деп аталатын тақырыптар енгізіліп, олардың жүйесі, жүргізу тәртібі көрсетілді.
Совет мектебі программа мен оқулықтарға оқыту және білім беру жұмыстарының үнемі үдей беруін (развивающеся обучение)
негізгі міндетінің бірі етіп қояды. Өйткені мектеп баланың білімі тек белгілі бір аяда ғана болуын жоспарлап қана қоймайды, оның
қабілетінің дами беруін, ой өрісінің кеңи беруін көздейді. Бұл үшін, әрине, баланың жасы, қабілеті, мүмкіншілігі ескерілуі қажет. Демек,
берілетін білім (материал) аясы балаға түсінерліктей (доступное) болумен қатар, оны ойландырарлықтай түсіну үшін іждаһат
қоярлықтай, назар саларлықтай, белгілі бір күш жұмсарлықтай дәрежеде болу керек. Олай болмаса, оқу да, оқыту да, білім беру де
үдеп отырарлықтай болмайды.
Психологтар соңғы уақытқа дейін бастауыш класс оқушыларының мүмкіншіліктерін жете білмей (бағаламай) келгендігімізді айқындап IV кластан пәндерді оқытуды бастауды ұсынды. Осыған орай программа жасалды. I, II, III кластар 8 жылдық мектептің бірінші баспалдағы я бастауыш кластары саналып, IV класс екінші баспалдаққа ауыстырылып, жеке пәндерді оқыту ісі осы кластан басталатын болып отыр. Осы өзгеріспен байланысты методистердің алдарына үлкен міндеттер қойылып отыр. Ана тілінің фонетика, лексика тараулары IV, V кластарда, морфологиясы IV, V, VI, кластарда, синтаксисі IV, VI, VII кластарда, стилистика мен тіл мәдениеті мәселелері VIII класта өтілмекші. Материалдардың осылай баспалдақтап берілуі әрі тілдің жүйесін ескеруден туса, әрі ана тілінен берілетін білімнің үнемі үдеп отыруын қадағалауды көздейді. Осындай жүйемен өту, бізше, ана тілін саналы түрде игеруді, білуді қамтамасыз етпек. Бірақ саналы түрде игеру, білу дегенде, біз оқулықтарда берілген анықтамалар мен грамматикалық ережелерді байыбына бармай, үғынбай, тек құрғақ жаттамаға салатын формализмді айтпаймыз, ондай формализмге қарсы күресе отырып, тілдің өзін, рухын, сырын, қызметін жетік білуді, ережелерді жинақтайтын, жүйелейтін топшылама есебінде түсінуді айтамыз.
Енді бірнеше жыл бойы мұғалімдер назары IV класқа аударылуға тиіс. Өйткені жаңа программаның негізгі жаңалықтарымен өзгерістері де, жаңа программа бойынша оқытудың түйінді де, жүйесі де IV кластан басталады. Осымен байланысты оқудың бүкіл ауыртпалығы осы IV класқа түсіп отыр десек, сөзімізде артықшылық болмас деп ойлаймын. Демек, бұл кластың аты ескі болғанымен, заты -жұмысының мазмұны, жүйесі, кемелі жаңа, бұл класс бүрынғы IV класс та емес, бұрынғы V класс та емес, бұрынғы IV кластан оның оқуының мазмүны да, көлемі де анағұрлым ұлғайып, ауырлай түссе, бұрынғы V класқа қарағанда, әлдеқайда жинақыланғанымен, жүйесі өзгертіліп берілген. Оның бер жағында, бұл кластың ерекшелігі оқудың өтілетін материалдың мазмұны мен көлемінде ғана емес, оқушыларының жастарына да, оқу-тәжірибелерінде де нақтылы білімдері мен ой өрістерінде де болмақшы. Егер тек ана тілі ғана емес, өзге пәндердің де жүйелі курстары осыдан басталатынын ескерсек, кластың жұмысы қаншалықты ауыр болатынын мойындамасқа ешбір лажымыз жоқ.
Мұның үстіне, әдетте бұрынғы V класты ауыр класс санап, оған кезінде көптеген қоссақ, одан қала берді, осы IV класқа әлі де бірер жыл ескі программа бойынша оқылатын курсты толық өтпей келген балалар түсетінін қоссақ, қазіргі IV кластағы қиыншылықтарды жеңу үшін, оның оқуын белгілі бір жайға қойып, біз ізге түсіріп, бірыңғай дәстүр қалыптастыру үшін бұл кластағы жұмысқа төтенше назар аудару керек. Мүғалімдерге методикалық жағынан жәрдем беру керек. Ол жәрдем курс, семинар, методикалық кеңес, консультация түрінде ғана емес, оқулыққа қосымша методикалық нұсқаулар, дидактикалық материалдар, көрнекті құралдар т.б. жасап беру қажет.
II. Ана тілі оқулықтары жайында. Идеальді оқулық жасалып көрген емес. Оның табиғаты дәлелдері мен сылтаулары да мол. Солардың ішіндегі ең бастысы - өмір талабы. Өйткені өмір үнемі өрлеу, даму үстінде болатындықтан, оның әр кезеңде, әр дәуірде мектепке қоятын талабы оқулыққа да қойылады.
Өткен 50 жыл ішінде мектеп өмірінде қандай өзгерістер, әр кезеңде қандай жаңалықтар болып отырғаны жұртқа мәлім. Оларды сөз етпей-ақ, қазір жаңа программа тізіп, соған сәйкес жаңа оқулықтар жасап, мектеп ісіне өзгеріс енгізіп жатуымызды алсақ, бұл да - өмір талабынан туған құбылыс екені белгілі.
Жаңа программамызды алсақ, онда класс-класта өтілетін материалдың нақтылы мазмұны, көлемі, жүйесі әбден анықталды деп айту қиын. Өйткені I, II, III кластарда, сондай-ақ IV, V, VI, VII, VIII кластарда оқитын балалардың жастары, білімдері, ой өрістері өзара бірдей емес. Бұл мәселелер арнайы зерттеу былай тұрсын, ғылыми жолмен әлі жүйелі талданып та көрген емес. Ендеше, класс-класқа арналып жасалатын оқулықтардың бәріне бірдей талап қою да және олардың бәрін бір үлгімен жасау да мүмкін емес. Олай болса, жаңа оқулықтар стабильді болады деп айту қиын-ақ.
Оқулық - жер-жердегі мектептерде оқитын оқушылардың бәріне де бірдей, белгілі бір жүйе бойынша белгілі бір көлемде берілетін білімінің нақтылы мазмұнын, көлемін, жүйесін тағайындайтын жетекші құрал. Ол құрал мұғалім үшін жасалатын методикалық құрал емес, балалар үшін шығарылатын оқулық болатындықтан, ондағы білім де, оның көлемі де оқушылардың жастарына, ой-өрістеріне орайластырылып, шақталып беріледі, олай болса оқулық мұғалімге жетекші, ой өрісі, түсіну қабілеті қилы-қилы, білімге ынтықтығы, еңбекке құнттылығы түрлі-түрлі шәкірттердін, ондағы материалды ұққанын я ұқпайтынын, тапсырманы орындағанын я орындамағанын есепке ала алмайды, оларды басқа да бағыттай да алмайды. Осылардың бәрін атқаратын адам, демек, есептейтін де, бақылайтын да, қадағалап бағыт беретін де, қажетіне қарай шара қолданатын да - мұғалім, тек мұғалім ғана.
Қазақ тілі оқулықтарының авторлары ішінде бұл іске көптен қатысып келе жатқан тәжірибелі адамдар да, оларға селбесіп үйреніп жүрген жастар да бар. Олар 50 жыл бойында оқулықтар шығару жөніндегі өзіміздің мол тәжірибемізді, өзге республикалардағы тәжірибені және одақ көлемінде оқулық жасаушыларға арналып шығарылып отыратын нұсқауларды үнемі ескеріп, өздері жасаған оқулықтары тиісті талаптарға сай болуын ұдайы қадағалап келеді. Бұдан, әрине, барлық оқулықтардың сапасы бірдей екен, түгел жақсы екен деген қорытынды шықпаса керек. Автордың арасында белгілі бір құбылысты түсіну жағынан да, материалды әр класта өз жүйесін тауып беру жөнінен де, сондай-ақ оны баяндауда болсын, тіпті терминдерді қоддануда болсын, өзара бір-бірімен келіспей, біріне-бірі көнбей, бірде бірінің - бірі көңілін қалдырып, бірде ренжітіп жүретін де қылықтар жоқ емес. Оқулықтарда я материал дұрыс сұрыпталып берілмей, я тапшы соғып, я артық беріліп, бірде тақырыптың мазмұны дәл ашылмай, бірде көлемі дұрыс айқындалмай бірде жүйесін көңілдегідей айқындамай жүретін міндеріміз де болмайды емес. Бірақ, сондай әр қилы кемшіліктер бола түрса да, авторларымыз, өмірден қалыспай, қазақ мектептерін керекті оқулықтармен кезінде қамтамасыз етіп келе жатқанын біз үлкен мақтан етеміз. Өйткені ана тілі оқулықтарымыздың ішінде жақсылары да, ақаулылары да болғанымен, олар негізінен алғанда, программаларымыздың талаптарына сай келеді.
Ал бұл сияқты кемшіліктер - түзелетін кемшіліктер. Әрі ол қазіргі таңда оқушыларға білім беруде айтарлықтай нұсқан келтіріп те отырған жоқ.Істің негізгі тетігі мүғалімің қолында. Өйткені пәнін сүйетін, материалды жақсы білетін, үнемі ізденіп жүретін мұғалім оқулықтарға бірлі-жарым олқылықты оқыту үстінде шеберлікпен толықтырып өтеді, ал тек оқулыққа ғана иек сүйеп, білімін көтермей, ізденбей, әйтеуір сабақты бірдеме етіп өткізуді әдетке айналдырып алатын нашар мүғалім, әрине, жақсы оқулықтың өзінің құнын түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет