Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет54/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

III. Ана тілі және методикалық жұмыс. Егер оқулық шәкірт үшін жасалатын құрал болса, мұғалім үшін де негізгі, көмекші құралдар болуы шарт та, оған (мүғалімге) методикалық жағынан басшылық, жәрдем көрсетілуі қажет. Өйткені мұндай жұмыстар ана тілін оқытуды жақсартудың әдетте негізгі бір тетігі саналады. Мұғалім үшін тілдің теориясынан да, тарихынан да, методикасынан да қажетті мәлімет алып отыратын әдебиет (кітаптар), оқу үстінде пайдаланатын неше қилы методикалық, техникалық, дидактикалық жәрдемші құралдар мен материалдар (нұсқаулар, методика, методикалық мақалалардың, жаттығулардың, жинақтары, сөздіктер, көрнекті құралдар, таблицалар, дидактикалық кассалар, альбомдар, суреттер, тапсырма карточкалары, техникалық құралдар т.б.) керек.
Мұғалімнің қолында (мектепте) осыдан әрі алуан көмекші құралдар болса, оқыту жұмыстары, әрине, ықпалды да эффектіні (әсерлі) де, нәтижелі де болатыны шексіз.
Біздің аға буын методистерімізден қалған кейбір құнды методикалық очерктер бар. Бірақ олардың кейбіреулері кейінгі кезде қайыра баспа жүзін көрмегендіктен, не мектеп кітапханасынан, не мұғалімнің қолынан табылмайды.
Соңғы кезде методиканың жеке тақырыптары жайында біраз еңбек жазылды, олардың біразы жарияланды да. Бірақ бұлар қазақ тілінің жеке талаптарына жауап беретін материалдар ғана. Шынын айту керек, егер біз бұл сияқты зәру методикалық құралдары шығарудағы жауапкершілікті қаншалықты дәрежеде сезінбесек, олардың сапасы жайындағы жауапкершілікті де сондайлық дәрежеде ескере бермейміз. Біз де сондайлық дәрежеде ескере бермейміз. Бізде автормен жұмыс, методикалық тұрғыдан сауатты талап қою жағы көп ретте жетіспей жатады.
Әр қилы жаттығулар мен көрнекті құралдарды, озық мұғалімдердің тәжірибелерін жариялау жағынан да құр алақан болмағанымызбен, бұлардың көпшілігін не мектептің, не мұғалімнің кітапханасынан көре алмайсыз. Ертеректе жарияланған құралдар бір сәрі, тіпті былтырғы жарияланған әліппенің нұсқауын да бірсыпыра ауыл мұғалімдері алмаған.
Методикалық құралға зәрулік күшті-ақ, бірақ соларды біз жасап та, шығарып та, таратып та үлгере алмай жатқан сияқтымыз.
Ана тілін оқыту ісін ғылымның соңғы табысына орай жүргізу үшін, әрі мүғалімнің еңбегін жетілдірумен қатар, эффектілі ету үшін, методикалық дидактикалық, техникалық құралдарды да, эксперимент материалдарын да бір жоспарлы түрде шығаруды жедел қолға алып, оларды жер-жерге кезінде таратуды құнттау қажет.
Озық мұғалімдердің тәжірибесі, педагогикалық оқу, мектептегі методикалық жұмыс, көрнекті құрал, дидактикалық материал, техникалық құрал тағысын-тағы тәрізді жұмыстарға қатысты я жетістік, я кемшілік туралы сөз бола қалса, әдетте сол мәселелер тек жоғары кластар мен олардың мұғалімдері айналасында болады да, бастауыш кластар, олардың мұғалімдері үнемі қаға берісте қалады да отырады.
Егер қазақ тілін оқыту жұмысын жақсартуды, көтеруді мақсат тұтатын болсақ, бұл жұмысты бастауыш мектептен жолға қоймайынша, олардағы методикалық жұмыстарды оңдамайынша, мұғалімдерге қажетті жәрдем бермейінше, біз жоғары кластардағы, жұмысты, қанша тырыссақ та, ойдағыдай ілгері бастыра алмақшы емеспіз.
Бастауыш мектептің жұмысының әлі де ойдағыдай жолға қойыла қоймауының себебі көп. Осы көп себептердің бәріне емес, біз тек методикалық басшылыққа, көмекке қатысты мәселелерге ғана тоқталмақшымыз.
Қазақ бастауыш мектебі - ауылды жерде, негізінен алғанда, аз комплекті мектеп. Мысалы, Шымкент облысының Келес ауданын алсақ, аймағы үлкен болмағанымен, экономикасы аса күшті, жол қатынасы мейілінше жақсы жолға қойылған ауданның бірі. Осы ауданның бірі. Осы ауданның 31 бастауыш мектебінде биыл сентябрьде 932 бала партаға отырыпты. Бірақ осы мектептің тоғызында оқитын бала саны 18-ден 22-ге дейін ғана болса, тоғызында 272-ден 50-ге дейін ғана екен. Сол себептен алғашқы тоғыз мектепте үш (I, II, III) класты бір-бір мұғалім оқытса, соңғы тоғыз мектепте үш кластағы оқуды екі-екі мұғалім жүргізетін көрінеді.
Бастауыш мектептерінің мұң-мұқтаждарын есепке ала отырып, оларға ұйымдастыру-басқару жағынан да, оларды методикалық, дидактикалық, техникалық құралдармен жабдықтау жағынан да жедел жәрдем берген жөн. Оларға кітапхана ұйымдастырумен қатар аудан сайын кемінде бір-бірден, облыс сайын бірнешеден тірек мектептерін ұйымдастырып, солар арқылы өзге бастауыш мектептерге, олардың мұғалімдеріне тиісті жәрдем жасап, ықпал ету қажет.
Сол сияқты мектеп аралықтарында, әр ауданда, әр облыста озық мұғалімдердің озат тәжірибелерін тарату жөнінде, өз ара тәжірибе алысу жайында әр түрлі мәжілістер мен кеңестер, семинарлар мен курстар өткізіліп отырады. Ал осылар күнделікті сөз жүзінде өтетін жұмыстар түрінде қалмай кітапша, жинақ, мақала, көрнекті құрал түрінде баспасөз арқылы жарияласа, озық тәжірибенің көпшілікке тарау өрісі де кеңейеді, тәжірибе ұтымды болып, ұзаққа, көп уақытқа жетіп, мұғалімдердің жаппай игілігіне айналуына да қолайлы жағдай туады.
Соңғы кезде Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдар институтының бірнеше қызметкері әрі республикадағы педагогтық жоғары оқу орындары оқытушыларымен мектеп мұғалімдері қазақ тілі методикасының жеке-жеке тақырыптарын арнайы зерттеп, диссертация қорғады. Және осы бағытта зерттеулер жүргізіп жүрген тәжірибелі кадрларымыз тағы бар. Бұл істер қазақ тілінің біртұтас ғылыми методикасын жасауға мүмкіндік беретін болады. Және бұл істер осы игілікті іске жоспарлы кірісудің де нышанын көрсетпек.
Әрине, бұл ғалымдар бұдан былайғы кезде еңбектерін кабинеттің жемісі ғана етпей, мектеп тәжірибесін, озат мұғалім тәжірибелерін ұдайы бақылап, жинақтаудың, ұтымды эксперименттік қорытындылаудың нәтижесі етіп шығарулары, олар өздерімен өздері ғана болмай, өздеріне өздері ғана масаттанбай, өз қатарларына басқа да жастарды тартып, айналаларына тәжірибелі мұғалімдерді шоқтандыра отырып, ана тілінің ғылыми методикасын шапшаң жасауды, оның түйінді-түйінді мәселелерін тезірек шешуді, методикалық, дидактикалық материалдарды жедел құрастыруды түпкі мақсат тұтса екен дейміз.
Біздің методистеріміз программаны да, оқулықтарды да жетілдіре беру мәселесін еш уақытта да назарларынан тыс қалдырмаулары керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет