4 жылдық мектеп үшін программа
Ташкент, 1924 жыл.
І-ІІ БӨЛІМ (ГУС программасы)
Сөз басы
I. Програм туралы жалпы мағлұмат
4 жылдық қазақ-қырғыз бастауыш мектебіне програм (оқытудың жөн-жобасы) жасамас бұрын, бұл програмды қандай білімі бар мұғалімдерге арнап жасалғанын шешіп aлy керек, яғни осы күнгі ел ішіндегі оқыту тәсілі мен жеке таныс емес, тәрбиесі кем, білімі аз, мүғалімдерімізге арнап па, жоқ мұғалім дайындау курсын бітіріп шыққан мұғалімге ме? Ел ішіндегі көпшілік мұғалімдердің қолынан жаттандық пен есептің төрт амалын үйрете білуден басқа білім беру қолынан келмейді.
Бұл мұғалімдер ол білімдерді қалай жөнімен танысу үшін, Жұмабайұлының (.«Ана тілі» туралы, есеп тану туралы жазған програмдарымен пайдаланулары мүмкін.
Ал енді мына программен қолданып сабақ беруге жоғарғы
айтылған себептермен олардың шамасы келмейді. Мұнан оларға бұл
програмның керегі жоқ екен, ...оларға пайдасы тимейді екен деп
ұғынылмауы керек
Достарыңызбен бөлісу: |