Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет65/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

Жетінші жыл.
А. Сөйлем жүйесі, тыныс белгілері жаңа сөйлеу, жазу дағдылары - 60 сағат.
Құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің түрлері: салаласу, сабақтасу. Ондағы жай сөйлемдердің күйі. Салалас пен сабақтастың айырмалары.
Салалас сөйлемдер. Салаластағы демеулердің маңызы. Қосу, қарсылық, өсіру, ереуілдету демеулері қатынасатын салаластар.
Демеулі салаластардың тыныс белгілері.
Демеусіз салаластар. Мұндағы жиысу. Демеусіз салалас сөйлемнің түрлері.
Демеусіз салаластың тыныс белгілері. Себептіде қос нүкте, салаластымада, шарттыда сызықша қойылатыны.
Сабақты сөйлем. Мүның салаластан айырмашылығы. Сабақтас сөйлемнің қүрылу түрлері. Сабақтас сөйлемде істелетін дәнекер сөздер. Басыңқы, бағыньщқы сөйлемдер. Бағыныңқы сөйлемдердің орны. Бағыныңқы сөйлемнің белгісі (тиянақсыздығы). Сабақтастың түрлері. Демеулі, демеусіз сабақтастардың тыныс белгілері.
Сабақтас сөйлемнің түрлері: себепті салалас, мезгідді, шартты, салыстырма, баяншы, мақсатты, ереуіл сабақтас сөйлемдер.
9., 10., Бірнеше багыныңқылы сабақтас сөйлемдер. Бағыныңқы
сөйлемдердің бірін-бірі анықтауы немесе бәрі де
бірігіп басыңқыны анықтауы. Олардағы тыныс белгілер.
Бағыныңқы сөйлемдерді салыстыру.
11., 12. Төл сөз, төлеу сөз. Төл сөз бен төлеудің айырмасы. Төл
сөздің маңызы. Төл сөздің көп қолданылатын жері. Төл
сөздегі тыныс белгілер. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыратын
жол. Төлеуге айналуға келетін, келмейтін сөздер.
13. Ситат, арнаулы, кекесін, мысқыл сөздер. Олардың тыныс
белгілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет