60
қышқылдар тізбегі бойынша және генетикалық кодтың кӛмегімен геннің
бӛлігін кодтайтын нуклеотидтор тізбегін оңай алуға болады. Алайда,
кодтың туылмалы (синонимділігін) екендігін ескеру қажет, сондықтан
нәруыздың белгілі тізбегінен метионин және триптофан амин қышқылдары
(олардың бірден ғана кодондары бар) болатын бӛліктерінен жасанды
олигонуклеотид синтезделеді. Генетикалық кодтың туылмалығына
байланысты ерекше жалғыз сүңгі синтездеу мүмкін болмаса (мысалы,
гендегі сер-сер-про-ала амин қышқылдар қатары әртүрлі оқылуы мүмкін
— АГЦАГАГГАЦГА немесе АГТТЦГГГГЦГЦ) жасанды сүңгілер
сериясын немесе табиғи синтездеу қажет. Табиғи сүңгі ретінде қажет
геннің экспрессиясы қарқынды жүретін жасушадан әртүрлі жолдар арқылы
алынған РНҚ-ны пайдалануға болады. Кӛпшілік жағдайда осындай РНҚ-
дан кері транскрипция процесі арқылы алынған олигонуклеотидтік кДНҚ
сүңгі ретінде жиі қолдану алды.
Сүңгі алынғаннан кейін рекомбинантты векторды талдауға кіріседі.
Гендер жинағын бүкіл геномдық немесе комплементарлық ДНҚ-ның) ДНҚ
(РНҚ) — сүңгімен тексереді. Сүңгі тек ӛзіне комплементарлы генмен ғана
гибридтеледі
(байланысады).
Бұның
негізінде
ДНҚ-РНҚ-сүңгі
гибридтерінің құрылуы жатады. Сондықтан сүңгі бір тізбекті болуы және
гибридтелу қолайлы жағдайда ӛтуі қажет: жоғары температура (бірақ тым
кӛтеріңкі емес, ӛйткені түзілген гибридтер қайтадан ыдырап кетеді), ұзақ
уақыт (сүңгі ӛзінің ДНҚ-сын тауып үлгеруі үшін). Гибридтеу процедурасы
аяқталғаннан кейін сүзгіні жуып артық сүңгілерден тазалайды, ӛйткені
сүзгіге жабысқан артық сүңгілер күшті радиоактивтік орта түзіп,
гибридтелу нәтижесін бұзады. Енді қажет ген бар ДНҚ тізбегі сүңгімен
байланысып, радиоактивті изотоп (фосфор немесе иод) түрінде
таңбаланады. Оның орнын табу салыстырмалы қарапайым: сүзгіні кәдімгі
рентген фотопленкасының үстіне басады, қажет экспозициядан соң (оның
уақыты
радиоактивтіліктің
күшімен
анықталады)
фотопленканы
шығарады. Сүзгідегі радиоактивті ДНҚ бар орын фотопленкада кішігірім
қара дақ түрінде кӛрінеді. Осындай фотопленкада радиоактивті изотоппен
таңбаланған генді жарықта түсірілген ізі арқылы табу әдісі радио-
аутография деп аталады. Сүзгідегі дақтың орнына қарай отырып, газоннан
қажет рекДНҚ енген негативтік шоғырды табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: