46
Тәтті тағамдары. Узвар.
Украин борщы
Ет сорпасын пісіріп. Сүзіп алу керек. Тазаланған тамыр-сабақтарды,
қызылшаны жіңішкелеп турап, қызылша, май мен помидор немесе томат-
пюре, сірке суын қосып бөлек бұқтырасыз, аздап сорпадан құясыз. Ал
тамырөсабақтар мен пиязды майға қуырасыз, аздап ұн себелеуге де болады.
Сорпадан құйып сұйылтып, біраз /5-10 минут/ қайнатасыз.
Дайын ет сорпасына ірілеп туралған картоп, капуста салып,
бұқтырылған қызылша мен тұз қосып 10-15 минут қайнатасыз, жаңағы
қуырылған тамыр-сабақтарды, лавр жапырағын, түір қара бұрыш қосып,
картоп пен капуста жұмсағанша пісіресіз. Дайын болардан сәл бұрын борщқа
үгітілген сарымсақ пен помидор салып тағы қайнатасыз да отын сөндіріп, 15-
20 минут қоя тұрасыз.
Тарелкаларға құйып, каймақ қосып, майда туралған петрушка
себелейсіз.
500 г етке – 400 г капуста, 300 г картоп, 250 г қызхылша, әрқайсысы
жарты стаканнан томат-пюре мен қаймақ , бір-бір түйір тамырөсабақтар, 1
пияз, 1 ас қасық сары май, тұз бен көктер қалағаныңызша.
«Киев» салаты
Піскен картопты , жас қиярды майда турап, көк бұршақ қосып, майонез
құйып тұздықтайсыз. Пісірілген тауқ етін ет тартқыштан өткізіп фарш
жасайсыз. Ұн мен сүтті қосып, жаңағы фаршты араластырасыз. Бұған
жұмыртқа ағын қосып әбден көпіргенше араластырасыз да кнели массасын
жасайсыз. Сонан соң алынған кнели массасын бөліп-бөліп бұршағы ет жасап,
оларды пісіріп аласыз.
Салат ыдысына бұрын дайындалған көкөністерді үйіп салып, үстіне
жаңағы бұршағы еттерді қоясыз да көктермен, жұмыртқа кесінділерімен
әсемдейсіз.
Салатқа керегі: 500 г картоп, і-ң түйір жас қияр, 3 жұмыртқа, майонез,
көк бұршақ, көктер мен тұз қалағаныңызша. Кнели жасау үшін- 200 г құс
етінің жұмсағы, 1 ас қасық ұн, жарты стакан сүт, 1-2 жұмыртқа, тұз
қалағаныңызша.
Достарыңызбен бөлісу: