Б. М. Демеуова әлем халықтарының тамақтану дәСТҮрлері мен мәдениеті



Pdf көрінісі
бет35/45
Дата23.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#187686
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
Демеуова-Б.М.-Әлем-халықтарының-тамақтану-дәстүрлері-мен-мәдениеті

Үрмебұршақ қосылған щи 
Жуылған үрмебұршақты және майлылау етті үстінен жылы су құйып 
отқа қоясыз. Ет пісіп, дайын болардан 30-40 минут бұрын алдын ала 
бұқтырылып пісірілген ашытылған капустаны және томат-пюре қосып 
қуырған көкөністерді салып, біраз қайнаған соң арпа жармасын салып щи 
дайын болғанша пісіресіз. Етті турап әрбір тарелкаға салып, щиден құясыз да 
майда туралған көктермен себелейсіз. 
400 г етке – 500 г ашытылған капуста, 150 г үрмебұршақ , 1-2 түйір пияз, 
2 ас қасық томат-пюре, 2 ас қасық асханалық маргарин немесе басқа май, 50 г 
арпа жармасы, көктер қалғаныңызша. 
Беларусь борщы
Ет пен сүйектен сорпа пісіресіз. Жіңшкелеп туралған сәбіз бен 
петрушканы, пиязды майға қуырасыз. Қайнап жатқан сорпаға төртбұрыштап 
туралған картоп, алдына ала пісіріп турап қойған қызылшаны, жаңағы 


48 
қуырылған тамыр сабақтарды жатқан сорпаға қосып қоюланғанша пісіресіз. 
Сорпа дайын боларда жұмыртқаның шикі сарысын қаймақпен араластырып 
қосасыз. 
Сорпаға – 600 г ет, 500 г помидор, 1 пияз, 1 сәбіз, 1 ас қасық ұн, 200 г 
қаймақ, 2 жұмыртқаның шикі сары уызы, петрушка тамыры, тұз қалауыңызша. 
МОЛДАВАН ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ 
Молдавия ежелден табиғи байлығы мол өлке,жүзім мен жемістің
мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы дамыған өлке. Міне осы
табиғи байлықтар Молдавндардың дастархан берекесі болып
табылады.мұның арасында Гректің кейбір дәстүрлері сақталған.
Молдаван дастарханында оңтүстікевропа мен жерорта теңізі жағалауының
дәстүрі сақталған. Сонымен қатар молдаван дастарханы турциямен үш
мың жылдық араласқанымен оның ұқсастығы бар. Бұған дәлел ашыған
жеміс, капуста бәліші, молдаван күлшесі дәлел. өзіндік ерекшелгі бар
славяндық жеміс ашыту, балкандық «чорба» түріктің тәтті халбасы,
гректің «плэнчинты» Француздың тұздығы дәлел бола алады.адам
ағзасына пайдалысы жеміс қосылған ет тағамы болып
табылады.Молдаван тағамындағы еркшелік жүгері дақылының көптеп
кезігіуі. Бұл дақыл ұлттық тағамдардың барлығында кезігеді. Сонымен
қатар бұрыш, баклажан, қызанақ, бұршақ өнімдері мейлінше көп
болады. Ал сүт тағамдарынан көбінесе ірмшік жиі
қолданылады.молдавандар ұлттық тағамдарында қой еті қосылған және
доңыз еті қосылған тағамдарды қөп қолданады. Негізінен жемістерді
соның ішінде, жүзім негізгі тағам болып табылады. 
Салқын тағамы. Молдаван салаты. 
Сұйық тағамы. «Чорба» 
ЕКІНШІ ТАҒАМЫ. Костица, тартылған бұрыш, Яхния. 
ТӘТТІ ТАҒАМЫ. Алма, күріш қосылған жүзім, ірімшік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет