Б. М. Демеуова әлем халықтарының тамақтану дәСТҮрлері мен мәдениеті



Pdf көрінісі
бет31/45
Дата23.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#187686
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
Демеуова-Б.М.-Әлем-халықтарының-тамақтану-дәстүрлері-мен-мәдениеті

ШОПАН СОРПАСЫ 
430 г қой еті, 120 г ұн,, жарты жұмыртқа, 1 ас қасық, томат пастасы, 
1 түйір шалғам /орташа/, 40 г жусай, бір сарым-сақтың 1/3 бөлігі, 1 түйір 
пияз, 50 г құйрық май немесе маргарин, 400 г сүйек, тұз бен дәмдеуіштер 
татымы мен дәміне қарай. Жусайдың, орнына жас сарымсақтын. өзегін
пайдалануға болады.
Құйрық майдың бір кесегі қуырылады, оған жалпақтап туралған ет 
салынып, сырты қызарғанша тағы да қуырылады. Содан соң шалғам 
кесінділері, ұсақтап туралған пияз, бұрыш қосылып , етпен бірге шала 
қуырылады да, үстіне томат пастасы салынып, аздаған сүйек сорпасы 
құйылады.
Ашытқасыз, жұмыртқа қосылып қамыр иленеді де жұқалап жайылады. 
Сөйтіп төртбұрыштап немесе шаршылап кесіледі . 
Осы қамыр ет пен көкөніс қайнап жатқан сорпаға салынады да, 3—5 
минут асылады. Үстіне ұсақтап туралған сарымсақ салынады.
Дастарқанға әқелерде бетіне көк себіледі.
КЫРҒЫЗША ЕТ
860 
г қой еті, 2 түір пияз, кеспе үшін 240 г бидай ұны, тұз, ұнтақталған 
қызыл бұрыш татымы мен дәміне қарай. Қой 
етінің ірі-ір1і кесектері үстіне 
аздаған су қүйылып асылады. Түздалып бұрышталады. Содан соң сорпадан ет 
алынып, әрбір кесегінің ені 0,5 см, ұзындығы 5 см етіліп туралады. 
Ашытқысыз қамыр иленіп, жұқалап жайылады, кеспе тәрізді кесіледі. 
Ол сорпаға салынып, асылады да, піскен кезде кепсермен сүзіп алынады. 
Табаққа салынған осы кеспенің үстіне манағы туралған ет аударылып
сақиналап туралып,
сорпаға бұқтырылған 
пияз салынады. Туздалып 
бұрышталады. 
Сорпасы дастарқанға басқа ыдысқа немесе кесеге құйылып, бөлек 
әкелінеді. 


44 
 
ОРЫС ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ 

Орыс дастарханы әр кез өзіндік ерекшелігімен айшықталады.


Ресейде ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша, көшелермен
слободкаларда орамжапырақтар ашытып, тауық еттерін ертеден
қақтаумен айналысқан. Москваның азық-түлік дүкендерінің толығуына
олар үлкен септігін тизгізген. Негізінен тамақтандыру орталықтары
трактирлер болған. Кейіннен олар ресторан аталды. Орыстың дәстүрлі
тағамдары ертеден келе жатыр, олар түрлі жеміс қоспалары мен тәмін
келтіріп отырған. Тағамдардың көпшілігі ұн және құлпынай,
саңырауқұлақ, балық тағамдарымен толықтырылып отырған. Ертеректе
олар шығыстан әкелінген жемістермен және жергілікті жемістермен
тағамдарын дәмдеген. Ал ет пен сүт тағамдары әр кез жиі
қолданылған. Еттер пісріліп тартылса, ал сүт тағамдарынан қаймақ,
сүзбе дәстүрлі түрде алынып отырған. Дастарханның негізгі тағамы
болып нан саналады. Одан сан түрлі өнімдер шығарлған. Орыс
дастарханының сұйық тағамдары тіптен еркшеленеді, олар солянка,
ботқа балық көжесі россольник. Ал ішмдіктерден кваспен бал шырыны
еркшеленген. Орыстың ұлттық дастарханының еркшелігі молдап қоюы
болып табылады. Олар бірінші және екінші салқын тағам болып
бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет