Б. М. Теплов Саламатсыздарма оқушылар, «Мінез-адам көрсеткіші» тәрбие сағатына қош келіпсіздер! Шаттық шеңбері «Достық торы»



Дата08.06.2018
өлшемі88,5 Kb.
#41463
Күні:23.10.2017ж

Тақырыбы: Ауру кетеді мінез кетпейді ме?
Мақсаты:оқушылардың мінез-құлық ережелері туралы түсініктерін кеңейту.Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету. Оқушылар арасында өзара жағымды қарым-қатынас орнаты. Басқаның қуанышына ортақтаса білуге, эмоциясы мен мінез құлқын меңгере білуге үйрету. Адамдар арасындағы сыйластыққа, сенімді қарым-қатынасқа қол жеткізу үшін өз эмоцияларын басқаруға, адамгершілікке тәрбиелеу. 
Міндеттері: орынсыз ашуға берілмеуге үйрету; 
Өзін сенімді сезінуге бағдыландыру; 
Мінездегі эмоцияға байланысты ішк күштерін бақылау дағдысын күшейту. 
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, тақырып мазмұнын ашатын ақпарат материалдары, жіп, А4 қағазы, үлестірмелі түрлі-түсті парақшалар, әр түрлі фигура қиындылары, т.б 
Сабақтың әдісі: топтық,ұжымдық, ойын, тренинг, ой қорыту,сұрақ-жауап, сезімін,тілегін білдіру. 

Барысы: 
Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды, сондықтан бір жарамсыз 
қылықты ақтап, аршып алу үшін 
мінездегі кемістікті сылтау ету бол сөз. 
Адам өз мінезіне өзі жауапты. 

Б.М.Теплов 
Саламатсыздарма оқушылар, «Мінез-адам көрсеткіші» тәрбие сағатына қош келіпсіздер! 
Шаттық шеңбері «Достық торы» 
Мақсаты: топ мүшелерін біріктіру, топта жағымжы ахуал құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру. Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Мен жіпті бір саусағыма іліп алып, өзім қалаған қатысушыға жақсы қасиеттерімізді, жақсы мінезімізді білдіріп беремін. Жаттығу осылай жалғаса береді. Барлық оқушы жіпті қолдарынан өткізілген болуы керек. Соңында «достық торы» пайда болады. Мен бүгін сабағымыздан жақсы әсер алып, жағымды көңіл-күймен аяқтауға тілектеспін. Барлығымыз орнымызға жайғасамыз. Бүгінгі біздің өткелі отырған тақырыбымыз- «Мінез-адам көрсеткіші.» Мінез дегеніміз не? Қалай түсінесіздер? Ассоциация құрайықшы 
тұйық қатал ұялшақ 
байсалды,сабырлы Мінез тәрбиелі, жайдары 
ұшқалақ момын ашық 
Мінезге байланысты қазақша тұрақты тіркестерді білеміз бе? (қой аузынан шөп алмас-момын, бірде бие,бірде түйе-құбылмалы мінез, жер қозғалса да қозғалмайтын-сабырлы, ұшарын сай,қонарын жел білетін-тұрақсыз мінезді, жүрек жұтқан-батыр, жүрегінің түгі бар-қорықпайтын, су жүрек-қорқақ, көк езу-езуі жиылмайтын) 
1. Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың? 
2. Адамның жақсы мінездеріне нелер жатады? 
3. Мінезі жаман адамда жақсы қасиет боладыма? 
4. Жаман мінезді қалай түзетуге болады? 
Мінез – адам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Осы қасиеттер мен ерекшеліктер әр кезде әртүрлі қатынастарға байланысты байқалады. Мінез грекше - характер деген мағынаны білдіреді. Мінез-құлық мәдениеті дегеніміз-адамзат қоғамы мәдениетінің ажырамас бөлігі. Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді. Бүгінгі кездесуімізде жағымсыз эмоцияларды сөйлетеміз. Жағымсыз эмоцияларды қалай жоюға болады??? Сені түсінетін және бөлісетін достар арасында өз жағдайыңды жайып салу арқылы жағымсыз эмоцияны жоюға болады. Егерде сен жалғыз болсаң, өз ашуыңды бір затты қатты жұлмалау, ұру арқылы бәсеңдетуге болады. Ашу күші иық бұлшықеттері мен қолдың жоғарғы жағы, саусақтарға жиналады. Кез-келген дыбыс шығару арқылы жағымсыз күштің бәрі тамаққа жиналады. Ең толқынқанды жаттығуды спорттың кез келген түрімен айналысу арқылы аламыз. Сондықтан нағыз спортшылардың тек дене ғана емес, рухани денсаулығы да жақсы болады. Адамға табиғат та жақсы әсер етеді. Орманда серуендеу, өзеннің жылжып ағуы немесе көлдің байсалды айдыны, ормандағы дыбыстар мен иістер ең қиын сәттерде рухани теңдік пен жұмыс қабылетін оята алады.Белсенді үміткерлік көңіл-күйі адам ғұмырын ұзартады әрі тәннің ауруға қарсылық қуатын күшейтеді. Ал жуық жылдардан бері, көңіл күй мен денсаулық арасында қатыстылық болатындығын ғалымдар тағы бір тұрғыдан растады. Олардың көрсетуінше, егер адам жыл бойы жабығып, торығып жүретін болса, онда қан құрамындағы хлостерин шамасы артады және адам тәнінің ауырсыну түйсігі ұлғаяды. Көптеген адамдардың өмірінде мынадай кешулер болған: қайғырып, жабыққан сәттерде басы, асқазаны ауырып, ұйқы қашу, қан қысымы өрлеу сияқты сырқат белгілері байқалады егер жыл бойы жабығып, басылып жүрген жағдайда адамның қанындағы глюкоза мен май қышқылының шамасы артып, сусамыр (диабет) ауруы мен жүрек ауруының қатері зораяды, бұдан сырт, қысым адам денесіндегі холестерин шамасын арттырып, жүрек-қантамыр ауруларына оңай душар етеді. 
Көңіл күй не үшін адам денсаулығына ықпал жасайды? Осылай деудің ғылымилығы бар ма, жоқ па? Мамандар көңіл күйдің сырын Қытай дәстүрлі медицинасы тұрғысынан ашып берді. өкпе қайғы мен уайымды меңгереді, шектен тыс қайғыру мен уайымдау өкпені зақымдайды; 
Жүрек қуанышты меңгереді, шектен тыс шаттану жүрекке зақым жеткізеді. Айталық, мереке-мейрамдарда, шектен тыс шаттанудың әсерінде жүрек науқасы қозғалып қалатындар үнемі кезігеді; 
Бауыр ашу-ызаны меңгереді, шектен асқан ашу-ыза бауырға зиян жеткізеді, адамда мынадай бір түйсіну болады: ерекше ашуланғанда оң, сол жақ қабырғалардың асты ауырғандай сезім байқалады, міне бұл ашуланудың бауырды залалдағанының бейнесі; Көкбауыр ой соқтылықты меңгереді, шектен тыс ойланып-толғану көкбауырды зақымдайды. Тұрмыс ауыртпашылығы зор, жұмысы қарбалас адамдарда ылғи шаршау, болдыру белгілері көрінеді: аяқ-қолы дәрменсізденіп, бұлшық еттері ауырады, қимылдап әрекет жасаған күнде де бұндай жағдай жоғалып кетпейді. Ал үрейлену, қорқу бүйрекке өз әсерін көрсетеді, адам қатты үрейленгенде бүйректің физиологиялық рөліне ықпал жасайды. Көтеріңкі көңіл-күй ауру жолатпайды 
Жібектей есілген мінез- үй-ішіне, айналасына жұғымды, қайырымды, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіні-ізеттеп, кісі бетіне, жел боп тимей тұратын кішіпейіл адамға тән. Тентек-ұрыншақ, періншек, көп нәрсенің байыбына бармай, барса да ақырын тоспай айтып тастайтын, қағу көрмей өскен, тыюсыз, әл жеткенді ұрып жіберуден тартынбайтын адамға тән. Халық кейде біреулерді «ақылды тентек қой» деп те жатады. 
Дөкір-сезімі аз, өзіне сенімі мол, көп сөзге жоқ дүңк етпе, бал-сауаппен санаса бермейтін, тоңмойын, томырық адамға тән. Кесір-жөн істі теріске балап, өз пікірімен ғана есептесіп әр сөзге кесірленіп, қитығып, алдағанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін адамға тән. Кербез-бойын түзеп, баптанып, кез-келген адмға әсем көрінгенсіп, жақсыны-киіп, жылтырақты-жиып, сөйлеген сөзі, істеген ісі ішіңді пыстыратын адмға тән. Паң-тал бойына кісі баласын шақ тұтпай, тең санамай астамсып қарайтын күпірлігі көп адамға тән. Мақтаншақ-жел сөзге әуес, жоғын-бардай, түйірін нардай ғып көрсетіп, болмасты-болдырып, оңбасты-оңдырып, ауызбен қырман орып, жақсы атансам деген адамға тән. Ерке-сөзінен де, ісінен де еркіндіктің, ойнақылықтың, кайымсыздықтың лебі есіліп тұратын адамға тән. Тура мінез- қара қылды қақа жарып бұлтақсыз сөйлемейтін, шыншыл, тәуекелшіл, қиянат, өсек-аяңға жаны қас адамға тән. Шапшаңшыл- ыссылай қауып айтып қалатын, асығыстай, іс тындыратын, төзімі аздау, тыпырлап қалған тынышсыз адамға тән. Өзінің мінезін ашық айта алу да, мінезіндегі міндерді мойындауда -ерлік. Берілген мінез түрлеріне қарай отырып, әрбір оқушы өзінде бар жақсы мінезін айтып, кейбір мінезінің міндерін түзеуге болатындығын бүгінгі сабақтағы ғұлама, данышпан ұлылардың сөзінен де үлгі алатындығын басым айтты. 
Мысал-әңгіме Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты. 
Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді. 
Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтыра. 
Иә, реніш артынан риясыз кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар, еске түскен сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні, ащы да болса ақиқат. 
«Алдыңа келсе, атаңның айыбын кеш» деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп ұстаған. «Бір ашуыңды маған бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», «Бір білместік өтті», егер бала болса « ісінің шалалығы» деп, жас болса « жастық шақта кімнің басынан не өтпейді» деп, үлкен кісі болса « жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты өз рәуішінде бітістіруге, араларын татуластыруға, артын тым ушықтырмауға тырысқан 
« Түске байланысты мінез-құлықты ажырату» Семинарға қатысушылардың таңдаған түстеріне қарай анықтама беру. 
Қызыл-ең ашық түс.Ол адамды дамылсыз іс-әрекетке итермелейді және үнемі жігерлендіріп отырады.Мұндай түсті ұнататын адамдар батыл,әміршіл,тез тіл табыса алады. 
Көк түс- бұл түсті қалайтындар салмақты,тұйық,нәзік жанды адамдар.Бұл түс пәктікті білдіреді. 
Ақ түс-бұл түсті ұнататындар ешкімді алаламайтын көпшіл жандар. 
Қара түс-Бұл түсті қалайтын адамдар өзіне-өзі сенімсіз,тұйық,өмірдің ағына көндіге салатын,бақыты үшін күресуге батылсыз. 
Сары түс-қарым-қатынаста сабырлы,батыл,мықты қызығушылығы басым,әдемілікті сүйетін адамдар. 
Жасыл түс- өз билігін өзгенің қарамағына өткізбеуге тырысатын адамдар,қиын жағдайға түсіп қалмау үшін жеңілдің үстімен,ауырдың астымен жүретіндер. 
Қоңыр түс-Өмірге сенімсіз айналасындағыларға үнемі күдікпен қарайды.Ойшыл адам.Бұл түсті таңдаған адамдар іске кіріспес бұрын біраз ойланып алады. 
Сандар сыры.Қатысушылар өзінің таңдаған санын алып 
1саны. Батылдар саны,қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады.өз-өзіне сенімді 
2саны .Өз ісіне ұқыпты шығармашыл жандарға тән. 
3саны . Ашық көңілді ортаны қалайтындар 
4 саны. Іскерлікті білдіреді.Жұмбақ сан 
5.саны . Тәуекелге бел буғыш,еркін жүріп-тұруды,шытырман оқиғаны ұнататындар.Халықтың қалаулылары. 
6саны. Өте сәтті сан, жан-жағын бағдарлай алатын мінезі салмақтыларға сәйкес келеді. 
7 саны .Сәттілік саны.Әсершіл,арманшыл адамдарға тән. 
8 саны. Басшылыққа ұмтылатындар саны.Сенімділікті білдіреді. 
9санын таңдағандар қашанда көмекке ұмытылып тұратын,ешқашан жарты жолда тастамайтын жақсы,жолдас бола біледі. 
Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест) 

Мұндай тестерді көбіне психологиялық тренингтерде оқушылар мен студенттерге жасатады. Кішкентай тесттен адамның болмысын суреттеп шығуға, әрине, болмас, алайда өзіңіз жайлы кішкентай мағлұмат алуға болады. 
1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз. 

Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1». 
2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз. 

Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса - «2». 
3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр? 

Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз: 
«2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады. 
«2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық. 
«2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді. 
«2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек. 
«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ. 
«2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды. 
«2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады. 
«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар. 
«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады. 
«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал. 
«1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді. 
«1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар. 
«1111» - (жүзпайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес. 
«1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді. 
«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды. 
«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады. 

Жағдаят. Темперамент анықтау тест. 

Сенің жақсы көретін ансамбілің немесе тобың МұзАрт т.б. концерт қойып келді. Сен зорға дегенде билет алдың. Концерт көруге келдің. Сәл кешігіп қалдың. Концерт басталып кетті. Есік жабық. Клубтың іші лыққа толы. Әйнек есіктен іші көрініп тұр. Сығылысқан адам, Контролер есіктің ішін іліп алып тұр. Сен не істер едің?. 

А) Бар күшіммен есікті ұрып, «Аш» деп айқайлап, есікті теуіп, билетті көрсетіп айқай шу ша\ығарамын. (ХОЛЕРИК) 

Б) Қайтсем де, есікті аштырып алу жолдарын іздестіремін. Контролерға жабық тұрған есіктен жылы-жылы сөздер айтып, т.с.с (САНГВИНИК) 

В) Іштей өзімнен-өзім қатты ашуланып «Мен сондай жолы болмайтын бір құрған адаммын, құдай-ай» т.с.с Өзімді-өзім кінәләп кетіп қаламын.(МЕЛАНХОЛИК) 

Г) Жарайды, бұл жолы болмаса келесі жолы деп кетіп қаламын.(ФЛЕГМАТИК) 

Темперамент дегеніміз-адам мінез құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын,тоқталуы мен өзгеруін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. 
Холерик- тездігімен, шапшаңдығымен ұстамдығымен тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Холерик болған жерде ұрыстар жиі болады. Жағымсыз жағы-ұстамсыз,қатал, шамдану, ызақор. 
Флегматик-бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды,Істі ойланып, төзімділікпен істейді.Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Бастаған істі аяғына дейін жеткізеді. Жағымсыз жағы-әлсіздік, жалқаулықтың пайда болады. Олар жақсы дос,өте ұстамды, ренжітіп алу немесе күлдіру қиын. 
Сангвиник- бұл тип өкілдерінің еті (тірі, қабілетті, қозғалғыш адам. Ақкөңіл, қызу, жеңіл мінезді,ренжігенде тез қайтып кетеді. Сәтсіздікті жеңіл өткізеді. Қысылып қымтырылмайды, жиі алаңдайды. Ортаға тез бейімделгіш оқушы. 
Меланхолик- олатр өте тез шаршайды. Өте сезімтал, ренішіні іште сақтайды. Олар тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Ол тұйық, ұялшақ. Ешкімге көрінгісі келмейді. 
Есте сақта 
Жақсы мінез құлық пен ақыл күшіболып, екеуі біріккенде-бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. 
Әл-Фараби 
Мінез-құлық- әркімнің өзінің кейпін көрсететін айна. 
Гете 
Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жаймашуақ болады. 
Демокрит 
Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауап береді. 
Б.М Теплов 
Мінез еңбекпен шыңдалады, сондықтан, өзінің аса зәру ас-суын ешқашан өз еңбегімен таппаған адам көп жағдайда-ақ өмір бақи әлсіз, әлжуаз және мінезсіз адам болып қалып қояды. 
Д.И.Писарев 
Адамды бір-бірімен ақылдан гөрі мінезі анағұрлым көбірек жақындастырады. 
Э.Рэнам 
Қыңырлық-ақымақтардың жарнамасы 
Я.Книяжкин 
Жақсы мінез-бүкілөміріңнің сарқылмас байлығы 
У.Гэзлит 
Залымдықпен кек жасырма ішіңе, сонда сыйлар сені үлкені де, кіші де. 
Фирдауси 
Басқалардың жаман қылықтарын алға тарту лаймен жуыну деген сөз 
Петти-Сан 

Тренинг «Тірі әріп» 
Мақсаты: жаңа идея тудыруға машықтандыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу. 
Барысы: сынып оқушыларын өздерінің қалаулары бойынша яғни жағымды қасиеттері мен мінездеріне қарай жұбын таңдату.Әр жұпқа қолданына бір әріптен беріп шығамын. Әр жұп бір-бірімен ойласа келе қолындағы әріпті іс-қимылмен көрсету керек. Қай топтың әріпі анық, түсінікті етіп көрінсе сол топ жеңімпаз болады. 
Талдау: тренингке қатысушылар өз сезімдерімен бөліседі, қиындық келтірілген жерлерін айтады. 
Психологиялық сынама.Сіз жолға шықтыңыз делік. Жүріп келе жатырсыз. Сіздің алдыңыздан тұз шықты керек болады немесе керек болмайды деп аласыз немесе алмайсыз.Сапарыңыз ары қарай жалғасады. Жүріп келе жатып жолдан аяқ киім кездестіресіз. Керек болады неме керек болмайды, аласыз немесе алмайсыз. Сапарыңызды ары қарай жалғастырасыз. Енді алдыңыздан түйе шықты. Керек болады немесе керек болмайды, аласыз немесе алмайсыз.Солай сіз керек жеріңізге жеттіңіз. Енді сөздердің сырын ашайық. Тұзды таңдағандар-өмірдің қиыншылығына шыдай алатын адамдар. Аяқ киім таңдағандар-сөзге жақын,көп сөйлейтін адамдар. Ал тұзды таңдағандар-еріншек, жалқау адамдар екен. 
«Менің жағымды және жағымсыз жақтарым» тренингі 
Ең бірінші оқушы өзінің бойындағы жамсыз қасиеттерден арылуы қажет. Ол үшін әр оқушы қағазды екі бөлікке бөліп сызып алады, сол жағына «+», оң жағына «-» белгі қоя отырып, жағымды, жағымсыз қағазға түсіред. Бойындағы кездесетін, жағымды, өзіне ұнайтын, бойындағы жақсы мінез мен жағымды қасиеттерін жазады, содан соң өзіне ұнамайтын жағымсыз қасиеттерді, мінезді жазады. Барлығы жазып болған соң қағазды жыртып, сол жағын қоқыс жәшігіне тастайды. Міне осылай бойымыздағы жағымсыз мінезден,қасиеттерден арыламыз. Енді сендердің бойларыңда жағымды қасиеттер ғана қалды деп есептеймін. 
Құпия сурет. «Біз нені байқап тұрмыз?» 
Ақ кеңістікті көрмей көбінеқара нүкте көріп тұрмыз деп жауап береді. Дұрысы: ақ кеңістіктегі қара нүкте. Ақты аңғармай қараны тез қабылдаймыз.Адам бойынан әрдайым кез келген жағдайда жақсыны таба білуден гөрі, адамның кемшілігін көре білу жеңіл. Топ мүшелерін адамның жақсы қасиетін көре білуге, жақсы қасиеттерді дарыта білуге үйрету.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет