Прагматикалық – коммуниканттардың сөйлеу жағдаятын ескере отырып, айтылым мақсаты мен бір-біріне және ақпарға қатынасын білдіретін категория.
Проспекция – (лат.prospicere-«алға қарау») – оқиғадан соң не болатынына тілдік құралдар арқылы сілтеме жасайтын категория, ол уақыт және кеңістікпен тығыз байланыста.
Рема – (грек.rhema-сөз) – сөйлемнің актуалды бөлігі; хабардағы бастапқы бөлік – тема жөнінде айтылатын және ойдың аяқталмаған көрінісін жасаушы.
Регистр сөйлеудің немесе мәтін түрлері – мәтіндердің тілдік ұйымдастырылуы:
Регистр ақпараттық – айтушы өзі білетін оқиғалар мен фактілерді хабарлайды;
Регистр волюнтивтік – айтушы адресатты белгілі бір іс-әрекетке жұмсайды;
Регистр генеритивтік – айтушы ой елегінен өткізген және өмір тәжірибесінен жинақталған ақпаратты береді;
Регистр реактивтік – тыңдаушының жағдаятты бағалауы;
Регистр репродуктивтік– айтушы көргенін, естігенін, сезгенін хабарлайды.
Ретроспекция – (лат.retrospicere-артқа қарау) – бұрынғы айтылғанға (жазылғанға) оралу.
Суреттеу – болмыстың белгілі бір қалпын, күй-жайын толықтайтын, көрсететін композициялық баяндау формаларының бірі.
Сюжет – (фр.sujet-шығарманың кейіпкерлері мен оқиғаларын баяндайтын негізгі мазмұн) – тақырып пен композиция қатынасының нәтижесі.
Тақырып – автордың құбылысқа қатынасын шығармасында зерттеу, көрсету үшін сұрыптап алған негізгі ойы немесе ой жиынтығы.
Тәсіл – композиция мен тілдің арақатынасын көрсететін амал.
Тұтастық мәтіннің – мәтін ішіндегі сөйлем, абзац, тарау, бөлім мазмұндарының тұтастығы.
Тұтастық күрделі синтаксистік – ерекше синтаксистік-стилистикалық бірлік құрайтын бірнеше сөйлемдер жиынтығы.
Тұтастық күрделі фразалық– мәтін құрайтын тіл бірлігі.
Уақыт – мәтінге тән категориялардың бірі, ол қатарлас нәрселердің бірін-бірі ауыстыруын көрсетеді:
Уақыт концептуалды – оқиға өтетін уақыт;