Б. Мағзұмов МӘтін лингвистикасы



бет41/44
Дата22.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#198705
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Á. Ìà?ç?ìîâ Ì?ò³í ëèíãâèñòèêàñû

Кеңістік көркемшектеусіз кеңістік;
Кеңістік шынайы – нақты кеңістік.
Когезия – (ағыл.cohesion-«бірігу») – мәтіндегі сөйлемдер мазмұнының байласымдығы.
Когеренттік – (ағыл.coherence-«байласымдық») – мазмұндық, құрылымдық байласымдық.
Континиум – (лат. continuum-үздіксіз,толассыз) – мәтіндегі уақыт пен кеңістік ұғымдарының көрінісі:
Концептуалдылық – (лат. conceptio-қабылдау)
1) құбылысты қабылдаудағы пікірлер жүйесі;
2) негізгі идея.
Құрылым мәтіннің – мәтіннің мазмұны мен формасы категорияларының арасындағы қатынастар.
Мазмұн – тақырыпты ашу үшін тілдік талдауға түсетін фактілер мен құбылыстар.
Мәтін – (лат.textus-ткань, өрілім, қосылым) – аяқталған, объективтелген жазба құжаты ретінде... бірқатар ерекше бірліктері мен атауы бар, түрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстармен біріктірілген, белгілі бір мақсат пен прагматикалық бағыты бар сөйлеу шығармасының туындысы:
Макромәтін – көлемі үлкен шығарма;
Микромәтін – түрлі құжаттар, ақпараттар, көлемі шағын шығармалар.
Мәтін түзу – «Текст түзу» - жетілген жазба әдебиетінің көрінісі. Және ол қаламгердің зор талантын талап ететін құбылыс, өйткені текст түзу үшін сөз таптарын, грамматикалық амалдарды таңдай білу керек, әр сөздің лексикалық мағынасы мен модальдық өңін тап баса білу керек. Метамәтінділік – мәтіннің алдыңғы бөліктеріне түсіндірме немесе сыни сипаттағы сілтеме.
Модальділік – айтушының айтылымға қатынасын көрсететін, ақпарат пен объективті болмыстың арақатынасын бағалауға арналған грамматикалық-семантикалық категория:
Модальділік мәтіннің – автордың оқырманға болмыстағы құбылыстардың себеп-салдарын, қатынастарын түсінуіне ықпал жасау;
Модальділік объективті – ақпараттың болмысқа қатынасын білдіру;
Модальділік субъективті – айтушының айтылымға қатынасын көрсету.
Ойталқы – композициялық сөйлеу формаларының бір түрі, кейіпкердің әр түрлі сезімін, көңіл-күйін, дүниеге көзқарасын, кейде автордың ішкі ой-пікірін баяндайтын форма; ойталқының құрылымына уақыт, кеңістік және себеп-салдар категориялары жатады. Себеп-салдар ойталқыда құбылыстардың бірінен екіншісінің пайда болу байланысын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет