Орысша: «Докажите, что утроенную сумму трех квадратов целых чисел всегда можно представить в виде суммы четырех квадратов целых чисел».
Қазақша аудармасы
Орысша: «Докажите, что утроенную сумму трех квадратов целых чисел всегда можно представить в виде суммы четырех квадратов целых чисел».
Қазақша аудармасы (СҚО интеллектуалды-танымдық «Парасат керуені» деп атау берілген олимпиадаға арналған): «Егерде үш квадраттың үштіктолық санын, әрдайым төрт квадраттың толық қосындысы ретінде, көрсетуге болатынын дәлелдеңдер».
Орысша: «Найдите, при каких значениях параметра a неравенство (a+1)sin2x>2a выполнено при всех действительных x».
Қазақша аудармасы (дәл сол олимпиадаға арналған): «Табыңыздар, a параметрінің қандай мәнінде (a+1)sin2x>2a теңсіздігінде x барлық нақтылықта орындалады».
Ал, осындай тілге деген қиянатқа кім, әлде не кінәлі? Мүмкін математика шығар? Әлбетте, қазақ тілін кінәлай салу бұндайда белең алған: «Қазақ тілі – кәсіби ортаға икемсіз, ғылыми, пәндік терминологиясы – мардымсыз» – дегендей сылтау айта салу, немесе өзі ана тілін жете игермей жүргендігін жуып-шаюға саятын жағдайлар әлі де көп кездесетін құбылыс.
Бұл екі мысалдан мұндай есептерді қазақшаға дұрыс аударуға келмейді – деген ой тумайтынын білеміз, олай ету үшін аса үлкен маман болудың да қажеттігі болмас. Мектеп деңгейіндегі жақсы маман аудара алады. Бұл жердегі мәселе – немқұрайлылық, яки қазақ тілін қажетті деңгейде білмейтін адамға аударуды тапсырып, соны қадағаламау, тексермей жариялай салу.