көшірме
|
жоқ
|
жоқ
|
2.
|
дана
|
бар
|
жоқ
|
3.
|
қосшы
|
жоқ
|
бар
|
4.
|
өзбейне
|
бар
|
бар
|
Нарықта және тауар өндірісі мен оның айналысында түпнұсқа мен ізбасар арақатысы әр кез алдымыздан шығып отырады [7]. Мысалға, ұялы Nokia фирмасының телефон өндірісін алайық. Бұл мысалда түпнұсқа – мамандар жасақтаған жаңа телефон жобасы болмақ, ал ізбасар – сол жоба бойынша жасалған ұялы телефон аппараты. Сонда, олар «түпнұсқа» – «ізбасар» тіркесінің қай нұсқасына сай келеді? «Түпнұсқа» – «көшірме» нұсқасына, өйткені түпнұсқаға мамандар өзгерістер енгізсе, ол сіздің қолыңыздағы аппаратқа еш әсер етпейді және де керісінше сіз қолыңыздағы өз аппаратыңызға инженерлік шабытыңыз бен біліктілігіңіздің арқасында бөтен бір чип бола ма, басқа құрауыш бола ма, әйтеуір бір тетікті қондырып, телефоныңыздың мүмкіндігін арттырып алсаңыз, одан түпнұсқаға келіп кетері жоқ. Ал нокиалықтардың жаңғыртылған түпнұсқалық жобасы бойынша телефон қайта жасалса, онда ол телефон аппаратының жаңа түрі болып шығады.
Сонымен, «түпнұсқа» – «ізбасар» тіркесінің нарық үшін де, жалпы тіршілік үшін де ең оңтайлысы «түпнұсқа» – «өзбейне» тіркесі болатынын әр оқушының іші сезіп отырған шығар.
Олай болса, әлем нарқын түбегейлі бағындыруда кепіл болар іс-тәсіл ретінде осы «түпнұсқа» – «өзбейне» тіркесін ұсына отырып, біз өзбейне тұрпатындағы тұлғаға әсіреқуаттылық қасиетін дарытуды қоса ұсынбақпыз. Әлбетте, осынау ғұлама қасиет ізбасарда болатын болса, одан түпнұсқа да одан ада болмас.
Мұндағы әсіреқуаттылық бір сөзбен айтқанда өзінің ғажайып құндылығын ешқашан жоймас мәңгілік тауар болмақ, ал шынтуайтына келсек, ол жоғарыда іздестіріліп отырған ұтқыр тауарлар өндірудің стратегиясына негіз болар қарым да болуға лайық дүние. Тіптен, егер де кез келген тауардың сапасын анықтау қажет бола қалса, онда әсіреқуаттылық өзі ерекше тауар әлеуетіне көтерілген жағдайда ешқандай «сапа белгісін» ойдан шығарып, қырдан іздеп жатудың қажеті болмайды, өйткені әсіреқуатты тұлға өзі-ақ сапаның ақ-қарасын ажыратып алмақ және одан асқан сарапшы да болмас. Міне, осы тауарды һәм стратегиялық тұғырды және абсолютті «сапа белгісін» Қазақ Елі бүкіл Жер бетіндегі өзін тұтынушымын деп сезінетін әр адамға ұсына білсе, оның ғажайыптығына тұтынушының көзін жеткізе білсе, онда қазекем әлемдік нарықтың төрінен ешқашан түспей, өз дегенін басқаларға істетіп отырмаса – кепілдік беруші маған келіңіз [7-8]!
Достарыңызбен бөлісу: |