Б.Қ. Ораз №56 мектеп-лицейдің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Реттік сан есімнің жазылуы Мақсаты



Дата24.04.2017
өлшемі122,16 Kb.
#14732
Б.Қ.Ораз

56 мектеп-лицейдің



жоғары санатты

бастауыш сынып мұғалімі

Реттік сан есімнің жазылуы

Мақсаты:

        1. Білімділік: сан есім түрлері тақырыбы бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау, реттік сан есімнің жазылуын меңгеру.

        2. Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын арттыру, оқу дағдыларын қалыптастыру, пәнге қызығуын ояту, логикалық ойын дамыту

        3. Тәрбиелік: отанды сүюге, қастерлеуге үйрету, ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу, топ намысын қорғауға жұмылдыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Көрнекілігі: кесте, сұрақ жазылған парақшалар, қызықты грамматикалық тапсырмалар.

Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, талдау, оқулықпен жұмыс.

Күтілетін нәтиже: өз беттерімен кез келген тапсырманы орындай білуге машықтанады,бір-біріне көмектеседі, оқушылар өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа әзірлеу, оқу құралдарын, жабдықтарын тексеру, топқа бөлу.

Әрбір адам – досым, сыныптасым.

Әрбір ісің – тірлік,тірек, адамдық.

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық.

Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.



ІІ. Үй жұмысын тексеру

3-жаттығу, 84-бет.Реттік сан есімдерді тауып астын сызу. «Тәуелсіздігіміздің 25-көктемі» атты эсселерін оқу,талдау.



Жаңа сабақ: Реттік сан есімнің жазылуы.

Қызығушылығын ояту

Сөзжұмбақ «Реттік».

  1. Бір – есептік сан есім

  2. Есеп; Математикалық жаттығу

  3. Тұңғыш қазақ ғарышкері - Тоқтар

  4. Еліміздің бас қаласы – Астана

  5. Үлкен сөзінің антонимі - кіші

  6. Ақыратын жануар - есек


Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Топтарға постерде орындауға бөліп тапсыру.

Мына сан есімдер:

Бірінші, оныншы, жетінші, алтыншы.

Осы сан есімнің мәнін ашатын сурет салу.

Сан есімді сөз құрамына талдау. Бір сөйлем құрастыру.

Бірінші жаттығуды аяқтай отырып, ережені шығару.

2-жаттығу. Бәріне ортақ. –ыншы, -інші, -ншы, - нші жұрнақтардың тиістісін жалғап жаз.

«Мақалдардың жалғасын тап» ойыны.Мағынасын түсіндіру

Жүзден – жүйрік,.. (мыңнан - тұлпар)

Жеті атасын білмеген ұл - ... (жетесіз)

Жігітке жеті өнер де ... (аз)

Бір тал кессең, ... (он тал ек)

3-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу, реттік сан есімдерді табу.



Әр топқа сұрақ-жауап ойыны.

  1. Сан есім дегеніміз не?

  2. Сан есімнің сұрақтары қандай?

  3. Сан есімнің түрлерін ата

  4. Есептік сан есім дегеніміз не?

Сұрақ-жауаптарды әр топтан біреуі қорғайды.



5-жаттығу. Топқа тапсырма: Сан есім мен зат есім тіркестерінен сөйлем құрастыру.

  1. Он алтыншы вагон

  2. Отыз бесінші автобус

  3. Бесінші ай

  4. Екінші жүлде

Сергіту сәті. Көз жаттығуы.


Ой толғаныс

6-жаттығу.

1 және 3 топ сан есімге бес жолды өлең жазады.

2-топ «Цифрды тап» - логикалық жұмбақ шешу (шекілдеуік, күшік,сөнбес, малты, түбір, қонақ)

4-топқа «Көңілді санамақты» шешу. Санамақта неше екі бар?

Баласына жекіріп,

Ұрсып жатыр кекілік,

Екіленіп, секіріп

Алып қапсың екілік.



Екіншілей екіңді

Көрсетпе деп жекірді.



Сабақты бекіту.

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі.

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады. Ол ортаға шығып, басқа оқушылардың қойған сұрағына жауап береді.



Бағалау. Жинаған асықтарын санау

Үйге тапсырма.

4-жаттығу, 86-бет. Ереже.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет