Б. С. Майқанов ю. А. Балджи б. Ж. Айтқожина


Хлорорганикалық  қосылыстармен  улану



Pdf көрінісі
бет16/26
Дата06.12.2019
өлшемі4,27 Mb.
#53068
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
index
planir zemlep kurs lekcij na kaz yaz 2, Орман кейс

Хлорорганикалық  қосылыстармен  улану.  Хлорорганикалық 
қосылыстар-гексахлоран, алдрин, гептохлор, хлоридан, гексахлорбензол 
және  басқалары  ауылшаруашылығында    дуст,  жақпа  май,  эмульсия, 
сондай-ақ органикалық ерітінділер түрінде қолданылады.  Аталған  улы 
химикаттардың  улы  қасиеттері  жоғары  болғандықтан,  малдарда  жіті  
және созылмалы улану туғызуы мүмкін.  Ауылшаруашылығында  
гексахлоран жиі қолданылады. Мал ағзасына түскен соң, қанға тез сіңіп, 
бұлшық ет пен майда ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.    
 
 
Ірі қара мал үшін гексахлоранның  өлім дозасы 1 кг салмаққа  300- 
800мг  болып  табылады.  Е.И  Маковскийдің  мәліметтері  бойынша,  
гексахлоран    тәжірибедегі  жануарлардың    50%  өлімге  әкелген,  өлім 
дозасы  1  кг  салмақта  келесі  дозаларда:    мысықтарға- 300  мг, 
егеуқұйрықтарға - шамамен 400 мг, тышқандарға- 500 мг, қояндар үшін 
800 мг болып табылады. 
 
 
 
 
 
Гексахлоранмен    уланудың  жіті  түрінде  байқалатын  өзгерістер; 
мазасыздану,  сілекей    ағу,  шошқа  мен  иттерде  құсықпен  жалғасады,  
қозу,    кейіннен  ол  жылдам  тынышталады  кейде  салданады,  дене 
температурасының  жоғарылауы,  асқазан-ішек  жолдарының    және 
жүрек- қан тамыр жүйесінің  бұзылуы.   
 
 
 
 
 
 Созылмалы  түрінде  уланудың    белгілері;  жалпы  әлсіздік,  
арықтау,  асқазан-ішек  жолдарының  және  жүрек-қан  тамыр  жүйесінің 
қызметінің бұзылуы.    
 
 
 
 
 
 
Гексахлоранмен  уланған  жануар  өлексесін  жарып-сойған  кезде  
өлексенің домбығуы, бас миында , мұрын және ауыз қуысында венозды 
қанның  іркіліп  қалуы  байқалады.  Бауыр  көлемі  ұлғайған,  болбыр, 
іркілген,  бауыр  қапшығының  астында  қанталаулар  кездеседі.  Бүйрегі 
ісінген,  болбыр  консистенциялы,  сұр  жіпшелер  байқалады.  Жұрек  
қуысы  ұлғайған,  қан  ұйындысы  бар,  жұрек  бұлшық  еті  болбыр. 
Көкбауыр  қанға  толы,  пульпасы  борпылдақ.  Асқазан  мен  жіңішке 
ішектің  шырышты  қабаты  қызарған,  ісінген,  көп  мөлшерде  шырышқа 
толы.  Өкпесі  эмфизематозды  немесе  қанға  толы,  кейде  пневмония 
көрінісі кездеседі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Гистологиялық  зерттеу  барысында   мида периваскулярлы ісіктер,  

 
148 
қан  тамырлар  қабырғасында    фибринді    некроз,  ганглиозды  жасушада 
дистрофия  (хромотолиз,  түйірлі  ыдырау)  байқалады.  Бауырда 
гепотацидтердің  майлы  және  түйірлі  дистрофиясы  байқалады.  Кейде 
онда  ұсақ  некрозды  ошақтар  кездеседі.  Бүйрек  пен  жүректе  түйірлі 
дистрофия, қан тамырлардың кеңейуі, периваскулярлы ісіктер кездеседі.
 
Сынап препараттарымен улану.  Ауылшаруашылығында зығыр, 
мақта,  бидай  және  басқа  да  өсімдік  тұқымдарын  құрғақ  дәрілеу  үшін 
әртүрлі  сынап    препараттарын,  жиі  -  НИУФ-2    және  гранозанды 
қолданылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Гронозанның малдарға улылығы өте жоғары. Гранозанмен  улану 
жағдайлары,  малдарды  дәріленген  тұқымдармен  азықтандырған  кезде 
жиі кездеседі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Сонымен  қатар  сынап  препараттары  емдік  және  дезинфекциялық 
мақсаттада қолданылады. Оларға  сынап жақпа майы, екі йодты сынап, 
каломель, сулема жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
Сынап  препараттарына  малдардың  түрлік  сезімталдығы  белгілі, 
олар  ірі  қара  және  ұсақ    малдарда  айқын  байқалады.  Олардың  ішінде 
сулеманың улулығы жоғары. Бұл препараттың өлім дозасы ірі қара мал 
үшін  -  4г,  жылқы  үшін  -  5-10г,  ит  пен  мысық  үшін  -  0,1-0,3г  болып 
табылады.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ірі  қара  малдың  каломельмен  улануы    оған  осы  препараттығ  көп 
мөлшерін берген кезде, негізінен ірі қараға - 8-10г, ұсақ малдарға - 1-5г 
мөлшерде  пайдаланғанда  кездеседі.  Жиі  аздаған  мөлшерде  ағзаға  түсіп 
отырғанда да улануы ықтимал. 
 
 
 
 
 
Малдардың  сынаппен  улануы  терісіне  сынап  майын  жаққаннан 
кейін байқалады. Ағзаға сынап препараттары ауыз қуысының шырышты 
қабаты,  асқазан  және  ішек  арқылы,  сонымен  қатар  жарақаттанған  тері 
арқылы түседі. Сынап буларымен дем алған кезде улануы да мүмкін.  
 
Сынаптың  организмнен  шығуы  бүйрек  және  ішек  жолдары 
арқылы  өтеді.  Сынап  органикалық  қосылыстар,  организмде  жиналатын 
қасиетке ие және орталық жүйке жүйесінің зақымдайтынын есте сақтау 
керек.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сынап  препараттарымен  улану  жіті  және  созылмалы  түрде  өтеді. 
Уланғанда  келесі  белгілер  байқалады:  жалпы  әлсіздік,  қозғалыстың 
өзгеруі,  тәбеттің  төмендеуі,  бұлшық  еттің  дірілі,  сілекей  бөлінуі, 
тістердің түсуі, қанды іш өту - «меркуриалды дизентерия», ауыр түрдегі 
нефрит;  у  тері  арқылы  енгенде  жоғарыда  аталған  белгілермен  қатар 
дерматит байқалады.    
 
 
 
 
 
Паталогоанатомиялық өзгерістерді 3 кестеден қараңыз. 
 
Әртүрлі  сынап  препататтарымен  уланғанда  паталогоанатомиялық 
көрінісі ұқсас болып келеді, осы барлық препараттар гемодинамиканың 
бұзылуы, 
паренхиматозды 
органдарда 
дистрофикалық 
және 
некробиотикалық өзгерістер байқалады.   
 
 
 
 
 
 Сынап  қосылыстарын  зертханалық  жағдайда  ғана  анықтауға 

 
149 
болады,  сондықтан  сынап  қосылыстарымен  улануға  күдік  туғанда 
материалды зертханаға химиялық зерттеу жүргізуге жібереді. 
 
Құрамында 
мысы 
бар 
препараттармен 
улану. 
Ауылшарушылығында  өсімдік  зиянкестерімен  күресу  мақсатында 
құрамында  мысы  бар  препараттар  кеңінен  қолданылады.  Олар  бордос 
сұйықтығы, АБ препараты және т.б. құрамында болады. Сонымен бірге 
негізінен  күкіртқышқылды  мыс,  мыстың  хлорлы  тотығы,  және  басқа 
препараттар қолданылады. Мыс сульфаты (мыс купоросы) ерітіндісімен 
дәріленген  бидаймен,  азықтанған  малдардың  улану  оқиғалары  белгілі. 
 
Мыс  препаратын  емдік  мақсатта  қолданғанда  кей  жағдайларда, 
малдардың  улануына  себеп  болған.  Яғни,  мыс  өндірісі  орналасқан 
жерлерде малдардың мыспен уланулары жиі байқалғаны сипатталған.  
 
Мыспен  улануға  тән  клиникалық  белгілеріне  тыныс  алу 
мүшелерінің  тітіркенуі,  асқазан  ішек  торабының  бұзылуы,  жүйке 
жүйелерінің  заұымдалуы  жатады.  Бұдан  басқа,  мыс  қосылыстарымен 
уланғанда  жиі  тимпания,  түйнелулер,  құсу,    іш  өту,  кейіннен  қатады, 
тыныс  алуы,  жүрек  жұмысының  бұзылуы,  бауырдың  зақымдалуынан  
сары ауру болады. 
 
 
 
 
 
 
 
Малдардың  өлексесін  жарып-сойған  кездегі  белгілері;  жалпы  қан 
аздық,  бауыр,  бүйрек  және  жүрек  бұлшық  еттерінде  паренхиматозды 
және  майлы  дистрофиясы,  жіті  түрде  токсикалық  гепатит, 
гастроэнтерит, кейде геморрагиялық диатез кездеседі. 
Ас  тұзымен  улану.  Ас  тұзы  көп  мөлшерде  ғана  улануды  туғызуы 
мүмкін,  сондықтан  «У»  деп  атауға  болмайды.  Көп  мөлшерде  бергенде 
жиі  шошқа  және  құстарда,  бірақ  басқа  да  малдарда  да  кездеседі. 
Шошқаларда  өлімге  әкелетін  мөлшері  1  кг  тірі  салмаққа  -  2-2,5г/кг, 
күтімі нашар шошқаларға  -  1г/кг, ірі қара малға  -   1- 1,5кг, қойларға  -  
100г  мөлшерде.  Көп  мөлшерде  қабылданған  немесе  күшті 
концентрациядағы  ас  тұзы  ас  қорыту  торабы  жолының  шырышты 
қабығына  жергілікті  тітіркендіргіш  әсер  етеді,  ұлпалардың  осмосын 
бұзады, жүйке жүйесі күйзелтеді, салдануға әкеледі.  
 
 
 
Паталогоанатомиялық өзгерістерді 3- кестеден қараңыз.   
  Селен  токсикозы.  Малдардың  селенмен  созылмалы  улануы 
(синонимдері: сілтілі ауру, жылқы тұяғының жылжуы, қой мен ірі қара 
малдың  паразитарлық  емес  айналмасы,  трибулез,  бауыр  некрозы  және 
т.б.) көбінесе селен және оның қосылыстарына бай жерлерде кездеседі. 
Соңғы  уақыттарда  селен  препараттары  жас  малдардың  бұлшық  етті 
ағару  ауруын  және  шошқаның  бауырының  токсикалық  дистрофия 
ауруларын  алдын-алу  және  емдеу  кезінде  жиі  қолданады,  сол  кезде 
препарат  мөлшерін  көп  қолданса  натрий  селенитімен  уланулар 
байқалған.    Улану  препараттың  көп  мөлшерін  қолданғанда  туындайды.
 
Жіті  улану  кезіндегі  клиникалық  белгілер;  сілекей  ағуы,  күйзелген 
жағдай,  тістерін  қайрау,  көз  қарашығының  ұлғаюы,  құрсақ  тұсының 

 
150 
ауырсынуы, салға ұшыраулар байқалады. 
 
Паталогоанатомиялық өзгерістерді 3-кестеден қараңыз.   
Нитраттар  және  нитриттермен  улану.  Ауыл  шаруашылығында 
тыңайтқыш  ретінде  нитраттар  калий,  аммиак,  натрий  селитраттары 
түрінде көп қолданылады. Аммиактық селитра құрамындағы нитриттер 
өзінің  токсикалық    әсерімен    ағзаға  зиянын  келтіреді  немесе  нитраттар 
ағзада  нитриттерге  ыдырап  зиянын  тигізеді.  Нитриттердің  токсикалық 
әсері  нитраттарға    қарағанда  өте  жоғары.  Химиялық  жағынан  таза 
натрий  селитрасы  өте  улы  болып  келеді.  Өлімге  әкелетін  мөлшері  ірі 
қара мал мен жылқыларға 100 г, ал шошқа мен қойларға   30г, иттерге  5 
г.  Калий,  натрий  және  аммиак  селитралары  ағзада  ауыр  гастроэнтерит 
және  жалпы  салдану  белгілерін  тудырады.  Басты  клиникалық 
өзгерістері;  сілекей  ағу,  тұншығу,  құсу,  ісіну  түйнелулер.  Одан  кейін 
жалпы  өзгерістер  байқалады  бұлар:  әлсіздік,  жүрісінің  бұзылуы, 
қалтырау,  дірілдеу,  коматозды  күйге  түсу.  Дене  температурасы 
қалыптыдан  төмендейді.  Улану  ұзақтығы  көпке  созылмайды.  Кейде 
(асқазан бос болғанда) өлімге бірден әкеледі немесе уды жұтқан соң тез 
арада өледі. 
 
 
 
 
 
 
Паталогоанатомиялық өзгерістерді 3-кестеден қараңыз. 
 
Нитрат  және  нитриттерге  паталогиялық  материалдарды  химиялық 
зерттеуді  тез  арада  жүргізу  қажет,  өйткені  өлекседе  тез  ыдырап,  48 
сағаттан соң тек іздері ғана қалады.  
Несепнәрмен  (мочевинамен)  улану.  Ірі  қара  мал  және  қой  
рационында  протеинды  жоғарлату  үшін  несепнәр    (карбомид)  кеңінен 
қолданылады.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Улану  қасиеттері  несепнәрді  жоғары  мөлшерде  (ірі  қара  мал  үшін  
200г  және  одан  жоғары)  қабылдаған  кезде      20-40  минуттан  кейін 
байқалады. Алдымен қозу белгілері, содан соң күйзелуге алмасады, көп 
мөлшердегі  саливация,  терлеу,  қимыл  бұзылуы,  жекелеген  бұлшықет 
топтарының фибриллиярлы жиырылуы, ентігу, дене температурасының  
38-36 
0
С дейін төмендеуі, ішек-қарын атониясы байқалады. Уланудан  2-
3  сағаттан  кейін,  құрысулар,  кенеттен  жүрек    жүйесінің  бұзылуы 
байқалады, емдік жәрдем көрсетілмесе мал өліп кетуі мүмкін.  
 
Жарып  сойған  кезде  байқалатын  өзгерістер;  месқарын  және  ішек 
кілегей қабығының гиперемиясы, ішектеріндегі жіті қабынуы, эпи және 
эндокард  астында  қанталаулар,  бұлшық  ет  пен  бүйректің  қыртысты 
қабатында  венозды  іркіліс  және  өкпе  домбығуы,  бауыр  мен  бүйректе 
майлы  және  паренхиматозды  дистрофия,  кейде  осы  мүшелердің 
некрозданған  ошақтары  байқалады.  Қаны  шоколад  түсті  болады,  ал 
месқарын құрамынан аммиак иісі білінеді.  
Сілтімен  улану.  Сілті  әсерінен  ақуыз  субстанцияларының 
ыдырауы  байқалады,  соның  нәтижесінде  сілтілі  альбуминаттар  пайда 
болып,  майдың  сабындалуы  байқалады.  Зақымдалған  ұлпа  сұр  түсті 
болып,  ісініп  жұмсарады.  Сілті  әсерінен  пайда  болған  қабыршақтар, 

 
151 
алғашқыда  сұр  түсті  жұмсақ  консистенциялы,  ал  кейіннен  сілтілі 
гемотиннің  түзілуі  барысында  қатайып  консистенцисы  қоңыр-күрең 
түсті болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Малдардың  улануын  жиі  күйдіргіш  натрий  мен  күйдіргіш  калий 
тудырады,  өйткені  бұл  заттар  ауыл  шаруашылық  өндірісінде  кеңінен 
қолданылады.  Күйдіргіш  сілтілер  калий  және  натрий  гидрототығының  
сулы  ерітіндісі  түрінде  болады.  Күйдіргіш  сілтінің    ірі  қара  мал  үшін 
летальдік дозасы 10-20 гр. Сілтімен улану дезинфекция кезінде олардың 
суға  немесе  мал  азығына  түсуі  кезінде  немесе  басқа  жағдайларда 
болады.    
 Афлатоксиндермен улану. В
1
 афлатоксині  биологиялық улардың 
ең  күштісі  болып  табылады  және  көптеген  мөлшерде  синтезделеді.  Ол 
көптеген  ішкі  ағзаларда  некротикалық  өзгерістер  туғызады,  негізінен 
бауырда.  Қазіргі  таңда  афлатоксин  тұқымдасына,  оның  негізгі 
өкілдерінен  басқа-  В
1

2
,  G 
1
  және    G 
2
  афлатоксиндері  және  олардың 
туындыларын  қоса  отырып    (М
1
,  М
2
,  В

,G

,  GM
1
,  P
1
,  Q
1
 
афлатоксиндері)  химикалық  табиғатына  және  биологиялық  әсеріне 
жақындығы 
бойынша 
келесілерді 
атап 
кету 
керек. 
Яғни, 
афлатоксиндерге    афлотоксикол,  аспертоксин,  стеригматоцистин  және 
оның 
туындылары- 
О-метил-стеригматоцистин, 
5-метокси- 
стеригматоцистин    және  деметил-стеригматоцистиндерді  жатқызуға 
болады.  
 
 
 
 
 
 
 
Аспергилотоксикоздың  союдан  кейінгі  басты  диагностикалық 
белгісі, әдетте бауырдың зақымдалуына әкеледі, түрлі деңгейде дамыған 
және  инфильтрация,  дегенерация,  кариолизис  және  мезинхима 
пролиферациясымен  сипатталады.  Пролиферация  жиі  жағдайда  бауыр 
беткейінде  ісіктің  пайда  болуына  әкеледі.  Карцинома  және  саркома 
түрлерінің    өзгерістері  әрі  қарай  қатерлі  ісікке  әкеледі.  Аспергилла 
токсиндері ДНК – ны байланыстырып, солайша РНК және ақуыздардың 
жетілуін  тоқтатады,  сондықтан        кейбір  авторлар  оның    иммунитетке 
және  резистенттілікке  әсерін  зерттеуді  бастады.  Осы  уақыттан  белгілі, 
құстардың  азығына  ең  аз  концентрациядағы  қосылған  токсиндер, 
инфекцияға резистенттілікті төмендетеді. 
 
 
 
 
Мал  ағзасына  афлотоксиндердің  әсері  екі  позициялық  жағдайда 
белгілі  деңгеймен  сипатталуы  мүмкін;  жіті  токсикалық  әсердің  бағасы 
және  қашықтықтан  туындаған  нәтижелер  бағасы.
 
Жіті  улануды 
клиникалық  суреттегенде  әлсіздік,  тәбеттің  нашарлауы,  жүрістің 
бұзылуы,  дірілдеу,  салдану,  асқазан-ішек  жолы    қызметінің  бұзылуы, 
дене  салмағының  жоғалуы  және  дамуының  артта  қалуымен 
сипатталады.  Жіті  афлатоксикоздың  спецификалық  симптомдарына 
каогуляция  және  көптеген  геморрагиялар,  ісіктер,  қуыстардың  шемені 
және кейде сары ауруының дамулары болады.    
 
 
 
Афлатоксиндердің    улы  әсерінің  дәрежесі  малдың  жасына, 
жынысына  байланысты  болады.  Малдың  барлық  түріне  ортақ  белгілер 

 
152 
жасының  ұлғаюына  байланысты  сезімталдылығының  төмендеуі,  және 
еркек малдардың сезімталдығы ұрғашы малдардан  жоғары болады.   
 
Барлық  зерттелген  ауыл  шаруашылық  малдардың  және  құстардың 
ішіндегі  сезімталдылығы  неғұрлым  жоғарысы  үйрек  балапаны  екендігі 
анықталды.  Одан  кейін,  афлатоксинге  сезімталдықтың  төмендеуі 
бойынша,  келесі  реттілікте  күркетауық  балапаны,  торайлар,  бұзаулар, 
жылқы және қойды жатқызуға болады.    
 
 
 
 
 
Афлатоксиндер  –  күшті  гепатотропты  улар  және  канцерогендер 
болғандықтан,  барлық  оқиғаларда  бауыр  нысана  ағзасы    болып 
табылады.    Қазіргі  таңда  көптеген  зерттеулердің  нәтижесінде, 
афлатоксиндердің  гепатоканцерогендік  қасиеттері  дәлелденді  және 
құбылмалы 
форелде, 
үйрек 
балапанында, 
тышқандарда, 
егеуқұйрықтарда  және  маймылдарда  ісікті  индуцирлейтін  қабілеті  бар 
екендігі анықталды. 
Ботулинді  токсинмен  улану.
 
Малдардың  құрамында  ауру 
қоздырғышы бар, жануар қалдықтарымен, жиі егеуқұйрық немесе басқа 
кеміргіштердің    өлексе  қалдықтарымен  ластанған  сүрлем,  пішендеме 
және  тағы  басқа  азықтарды  қабылдау  барысында,  ботулизм 
қоздырғышының өндіретін уымен улану байқалады.  
Малдарда 
аурудың  инкубациялық  кезеңі,  азықпен  түскен  токсин  мөлшеріне, 
сонымен қатар  организмнің иммундық жағдайына байланысты болады. 
Ботулинді  токсин  әр    түрлі  ағзалар  мен    ұлпаларда,  сонымен    қатар 
секреттер мен экскреттерде кездеседі. Уланудың  клиникалық белгілері: 
бұлшық ет жүйесінің иннервациясының бұзылуы, симметриялы салдану, 
ас қорыту жүйесінің секреторлы және моторлы қызметінің бұзылуы.  
 
Аталған улануда патологоанатомиялық   өзгерістер әр түрлі сипатта 
болады.  Әдетте  қан  ұюы  нашарлайды,  жалпы  веноздық  іркіліс, 
паренхиматозды  ағзаларда  дистрофиялық  өзгерістер,  катаральді 
гастроэнтерит,  геморрагиялық  диатез  байқалады.  Жылқыларда  кейде 
тілдің түсіп салбырауы байқалады.  
 
 
 
 
Синилді    қышқыл  түзетін  өсімдіктермен    улану.      Синилді 
қышқылдың пайда болуы өсімдіктерде нитрогликозидтердің түзілуімен, 
яғни  оларда  гидролиз  кезінде  цианидтерді  бөлу  арқылы  ыдырауына 
байланысты. Бұл өсімдіктер тобына, ең алдымен, бұршақ тұқымдастары  
(беде,  екпе  сиыржоңышқа,  кәдімгі  жоңышқа,  ешкісабақ,  жабайы 
шабдалы), астық дақылдарынан  – жүгері және өзге бірқатар өсімдіктер 
енеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Синиль  қышқылының  өзіндік  әсері  бар,  мұның  мәні  жануар  
организмінің    жасушалары  мен  ұлпалары    оттегімен    қоректену 
қабілетінен  айырылады  және  оттегі  тапшылығы    байқалады,  ал  бұл 
үрдіске  орталық  жүйке  жүйесінің    жасушалары  өте  сезімтал.  Осының 
нәтижесінде  венозды  қан  оттегімен  қаныққан  болып  қалады.  Осыдан 
басқа,  синильді  қышқыл  тыныс  алудың  вазомоторлы  орталығына  әсер 
етеді, алғашқыда қоздырады, кейіннен салдандырады.  
 

 
153 
 
Синильді  қышқылмен  улану  жіті  түрде  өтеді.  Белгілері; 
мазасыздану,  ауыр  тыныс  алудың    жиіленуі,  жүрек  қызметінің 
нашарлауы,  конвульсия,  команың  салдарынан  өлімге  ұшырайды.
 
Жарып-сою  кезінде  іркілмелі  құбылыстар,  плевра    және  эпикард 
астында  қан  құйылулар,  қан  ақшыл  қызыл  түсті  (балауса  өлекседе) 
болады.  
Жоңышқамен улану.
 
Жоңышқа – кең тараған өсімдік. Құрамында 
жоңышқасы  бар  шөппен  азықтандыру  кезінде,  2-3  аптадан  кейін, 
көптеген қан құйылулар, тері астында, бұлшық ет клетчаткасында, ішкі 
органдарда  гематомалар  байқалады.  Гематомалар  мен  қан  тамырдағы 
қан нашар ұйыған, кейде сарғаюлар байқалады. 
 Мақта  күнжарасынан  улуну.  Жиі  ірі  қара  малдар  мен 
шошқаларда  ұзақ  уақыт  мақта  күнжарасымен  азықтандыру  кезінде 
байқалады. Сирек жылқылардың да улануы кездеседі.  
 
Малдардың  күшті  улануында  әлсіздік,  қозу,  қарысу,  асқорыту 
аппараты қызметінің бұзылуы байқалады. Ірі қара малда күйіс қайыруы 
тежеліп,  мес  қарын  қозғалысы  баяулайды,  жылқыда  түйнелулер  болуы 
мүмкін, жиі іш қатулар, жүрек қызметі бұзылады, несепте қан білінеді. 
Шошқалар азықтан бас тартады, өкпе домбығуы нәтижесінде ауызы мен 
танаудан  көбікті  сұйықтық  бөлініп,  демікпе  пайда  болады,  жабырқау 
кейіннен қозумен алмасады.   
 
 
 
 
 
 
 
Паталогоанатомиялық өзгерістерді 3- кестеден қараңыз. 
Утамырмен  улану.  Ірі  қара  малдардың  және  қойлардың,  әсіресе 
ерте  көктемде  утамырмен  улануы  байқалады.  Утамырдың  уы-
цикутотоксин, негізінен көп мөлшері тамыр сабағында болады. 
 Ірі қара мал үшін балауса тамыр сабағының летальдік дозасы  200- 
250гр , қойлар үшін   60- 80гр. Жер үсті бөліктерінің улылығы шамалы.
 
Утамырмен уланудың клиникалық белгілері  - мазасыздану, сілекей 
бөліну,  дірілдеу,  несеп  пен  нәжістің  жиі  бөлінуі.  өзіне  тән  сипатты 
белгісіне құрысу жатады. Осы кезде малдың өліп кетуі ықтимал.  
 
Жарып-сою 
барысында 
ұлтабар 
мен 
ішектердің 
кілегей 
қабықтарының  гиперемиясы,  эпи  және  эндокардта,  тері  асты 
клетчаткасында, тыныс алу жолдарының кілегей қабықтарында, бүйрек 
паренхимасы  мен  капсуласында,  қуықтың  кілегей  қабатында  қан 
құйылулар анықталады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Жылан  уымен  улану.  Жылан  шаққан  жерде  токсикалық  домбығу 
пайда  болып,  содан  соң  шырышты  -  геморрагиялық  қабыну,  кейіннен  
ұлпа  некрозына  ұласады.    Организмге  түскен  жылан  уы  қан  ұюын 
бұзып,  гемолиз  туғызады,  соның  салдарынан  гемоглобинурия  және 
гемолитикалық сары ауру дамиды.   
 
Жарып 
– 
сойғанда 
шаққан  орында  ұлпаның  өліеттенуі  және  қабынулар,  веноздық  іркіліс, 
ішкі  ағзаларда  қан  құйылулар,  дистрофиялық  өзгерістер,  өкпенің 
домбығуы байқалады.  

 
154 
Өндірістік улану. Өндірістің  қарқынды  дамуы қоршаған ортаның 
өзгерістерге  шалдығуына  әкеледі.  Мұржалардың  бөлінділерімен 
атмосферамен 
қатар 
өсімдіктер 
де 
ластанады. 
Көптеген 
кәсіпорындардың ағынды сулары, жақын маңдағы су қоймаларына ағып, 
ондағы  балықтар  және  басқа  да  су  жәндіктері  үшін  өмір  сүрулеріне 
қолайсыз жағдай туғызады.    
 
 
 
 
 
Химиялық,    металлургиялық    және  басқа  зауыттардан  шыққан 
қалдықтар  өсімдіктерге  шөгеді,  егер  олардың  құрамында  улы  заттар 
болса,  онда  сол  өсімдіктермен  азықтанған  малдарда  созылмалы 
уланулар  байқалады.  Құрамында  фтор,    қорғасын,  күшәла,  сынап,  мыс 
болатын қалдықтар улы деп саналады.    
 
 
 
Малдарды    алюминий  және  суперфосфатты  зауыт  маңайында 
баққанда  созылмалы  фтормен  улану  кездеседі.  Созылмалы  уланудағы 
клиникалық  белгілерге  -  арықтау,  сүт  өнімі  төмендейді,  буындарының 
ісінуі  және  ауырсынулар,  гипокальцемия  және  остеомаляция  мен 
рахитке ұқсас  белгілер болады. Жиі  сүйектердің сынғыштығы, мүйіздің 
дамуы бұзылып, тіс  өзгеріске ұшырайды.    
 
 
 
 
Жарып-  сойғанда:  флюороз  кезіндегі  сүйек  ауру  малдікімен 
салыстырғанда  жеңіл,  деформацияланған,  сүйек  мүйізгегі  болады, 
паренхиматозды  ағзалар  атрофирленген,  бұлшық  еті  болбыр,  майлы 
қабаты болмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
Малдарды  химиялық  зуыттардың  маңайында  баққанда,  күшәла 
және  оның  қосылыстарымен  созылмалы  улану  кездеседі.  Малдар 
арықтайды, бөртпелер пайда болады, созылмалы іш өтулер, сүті азаяды, 
бедеулік, іш тастау және шудың кешеуілдеуі байқалады.   
 
 
Лажсыздан  сойылған  малды  немесе  өлексені  жарып-сойғанда 
көтерем,  асқазан-ішек  жолының  созылмалы  қабынуы,  ойық  жаралар, 
ұлтабарда және ішектерде берштер анықталады.  
Малдардың 
қорғасынмен  созылмалы  улануларында  жалпы  әлсіздік,  қалыпты 
азықтандырудың  өзінде  арықтау,  жүрістің  бұзылуы,  жылқыларда 
түйнелулер, ірі қара малда тимпания, құрысулар, ойық жаралы стоматит, 
бедеулік және іш тастаулар болады. 
 
 
 
 
 
 
Қорғасынмен  созылмалы  уланған  малдың  өлексесін  жарып-
сойғанда  арықтау,  паренхиматозды  ағзаларда  дегенеративті  майлану, 
интерстициальді  гепатит,  жиі  бүйректің  бүрісуімен,  нефрит,  сүйек 
ұлпасының  жұмсаруы,  жалбыршақтың  толуы,  ұлтабардың,  ішектердің 
жіті  катаральді  қабынуы,  мидың  гиперемиясы,  бүйрек  пен  бауырда 
дистрофиялық өзгерістер анықталады.   
 
 
 
 
Өндірістік  кәсіпорынның  ағынды  суларымен  су  қоймаларының 
мекендеушілері  мен  балықтардың  улануы  кеңінен  таралды.  Ағынды 
сулардың  улы  заттарына- хлор,  аммиак,  күкіртсутек,  сілтілер  жіне өзге 
де улы қосылыстар жатады.
 
 
 

 
155 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет