Б. С. Майқанов ю. А. Балджи б. Ж. Айтқожина


  Өз  қызметін  басқа  біреуге  сеніп  тапсыру  кезіндегі



Pdf көрінісі
бет18/26
Дата06.12.2019
өлшемі4,27 Mb.
#53068
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
index
planir zemlep kurs lekcij na kaz yaz 2, Орман кейс

8.2  Өз  қызметін  басқа  біреуге  сеніп  тапсыру  кезіндегі 
жауапкершілік
  
Ветеринарлық  мамандардың  барлық  категориясында  өз  қызметін 
басқа  біреуге  сеніп  тапсыруда  көбінесе  дәрігерлер  жауапқа  тартылады; 
өйткені  дәрігерлер  жетіспеушілігі  және  орындайтын  жұмыстың 
ауқымдылығына  байланысты  ветеринар  дәрігердің  нұсқаулығындағы 
көп жұмыстарды заңды құқығы жоқ біліктілігі аз мамандар орындайды. 
Ветеринарлық дәрігер өз қызметін басқа біреуге сеніп тапсырғаны үшін, 
ветеринар  дәрігердің  тапсырмасы  бойынша  заңды  құқығы  жоқ  тұлға 
орындаған  жұмыстың  салдарынан  зиян  келген  жағдайда  жауапқа 
тартылады.  Мысалға,  ірі  шаруашылықтың  бас  ветеринарлық  дәрігері, 
ветеринарлық  фельдшерге  қаншалықты  білікті  екендігін  тексерместен, 
ірі  қара  малға  туберкулинизация  жасауды    тапсырған.  Ветеринарлық 
фельдшерлер  бірнеше  жыл  қатарынан  туберкулинге  әсері  бар  малдар 
болса  да  анықтай  алмаған.  Туберкулездің  бар  екендігін  осы 
шаруашылықтан жөнелтілген етті тексерген ет комбинатынан хабарлама 
келген кезде ғана біледі. Ветеринария басқармасының қызметкерлерімен 
жүргізілген  бақылау  тексерісі  барысында  малдың  41%  туберкулинге 
әсері  барын  анықтады.  Шаруашылық  зор  шығынға  батты,  ал  бас 
ветеринарлық дәрігер соттық жауапкершілікке тартылды.   
 

 
166 
 
Ветеринарлық 
қызметкерлер 
ветеринарлық 
мамандардың 
тарапынан  қадағалау  мен  бақылауды  қамтамасыз  етпестен,  жұқпалы 
ауруларды  анықтау  кезінде  дезинфекцияны  жүргізуді,  ферма 
меңгерушісіне  немесе  шаруашылық  төрағасына  және  тәжірибесіз 
мамандарға  әсері  күшті  дәрілерді  қолдануға,  екпе  жүргізуді, 
хирургиялық  операция  жасауды  сеніп  тапсыруы    салдарынан 
шаруашылыққа  немесе  адам  денсаулығына  зиян  келтірілетін  болса 
соттық жауапкершілікке тартылады.  
 
 
 
8.3 Хирургиялық операция жасау кезіндегі жауапкершілік 
Хирургиялық  операция  жасау  кезінде  сүйектің  сынуы,  ішектің 
түсуі,  ішкі  мүшелерінің  жарылуы,  қан  тоқтамау,  операциядан  соңғы 
асқыну сияқты оқиғалар орын алуы мүмкін. 
 
 
 
 
Көрсетілген  зақымдалулар  хирургиялық  операция  жасалған  соң 
байқалса  ветеринарлық  маман  тек  оның  ұқыпсыздығы,  неқұрайлылығы 
және жұмысты нашар атқарғандығы анықталған жағдайда ғана жауапқа 
тартылады.  Жылқылардың  асқазан  толуынан  құлауы  нәтижесінде 
асқазан жарылып кетуі, ал ірі қара малдың қатты жерге құлауы кезінде 
жарақаттанулар  мен  сүйек  сынуы  мүмкін.    Аталған  мысалдағы  асқазан 
жарылуы 
мен 
сүйектің 
сынуының 
алдын-алып  болдырмауға 
ветеринарлық  маманның  мүмкіндігі  болды,  сондықтан  осы  жағдайдың 
тууы оның кінәсіне жатқызылады.   
 
 
 
 
 
 
  Дегенмен, хирургиялық операция жасау кезінде дәрігердің қажетті 
шараны  қолданғанына  қарамастан  мүшелерге  зиян  келуі  мүмкін. 
Мұндай  оқиғалар  мүшелерде  патологиялық  процесстің  болуы  кезінде 
байқалады.  Мысалы,  остеопорозда  жиі  сүйек  сынуы,  амилоидозда-
бауырдың жыртылуы, пироплазмидозда - көкбауырдың жыртылуы және 
т.б.  Осы  құбылыстар  негізінен  жазатайым  оқиғалар  ретінде 
бағаланатындықтан,  бұл  үшін  дәрігер  жауапкершілікке  тартылмайды.   
 
  Ірі  қара  малдың  сүйегі  сынуы  тек  құлау  кезінде  ғана  емес, 
операция  жасалып  жатқан  кезде  де  болуы  мүмкін.  Қатты  ауырсыну 
сезімдері  бұлшықеттің  кенеттен  жиырылуына,  кей  кезде  бекітілген 
сирақтардың  сынуына  әкеледі.  Мысалға,  ЛВИ  емханасында  барлық 
ережелер  бойынша  бекітілген  операциялық  үстелде  айғырды  піштіру 
кезінде,  ұмасын  кесу  барысында  сирақтардың  сынып  кетуі  орын  алды. 
Бұл  жерде  наркоз  қолдану  арқылы  сынықтан  аман  алып  қалуға  болар 
еді,  бірақ  көптеген  жағдайларда  піштіру  үшін  наркоз  қолданылмайды 
және сәтті аяқталатындықтан дәрігерді кінәлау негізсіз болып саналады. 
Дұрыс  бекітілген  сирақтардың  сынуы  сирек  жағдай  болып 

 
167 
саналатындықтан, дәрігер оны болжай алмады.  
 
 
 
 
  Піштіру  кезінде  шап  өзегінің  кеңдігінен  ішектердің  түсуі  орын 
алады.  Сол  себептен  осындай  ауытқушылық  байқалған  жағдайда 
піштіруді  жабық  тәсілмен  жүргізеді.  Ветеринарлық  маман  ірі  малды 
піштіру  алдында,  мысалға  айғырды,  шап  өзегінің  жағдайын  тексеріп 
алып  оның  кеңдігіне  байланысты  операцияны  жасайды.  Ұсақ  малдарда 
шап  өзегін  тексеру  мүмкін  емес,  сондықтан  ішектің  түсуіне 
ветеринарлық маман жауапты емес болып табылады.  
 
 
 
Хирургиялық  операция  жасау  кезінде  жиі  жағдайда  жалпы  наркоз 
қолданады.  Тәжірибеде  малдардың  операция  үстелінде  тыныс  алу 
жолдарының  салдануы  немесе  жүрек  тоқтап  қалуынан  өліп  кету 
оқиғалары  кездеседі.  Өмірге  маңызды  ағзалардың  қызметінің 
тоқтауының  себептері:  наркотикалық  дәрілерді  дұрыс  қолдана  білмеу, 
малдың  аса  жоғары  сезімталдығы  немесе  операция  жасар  алдында 
дәрігер  байқамаған  ағзалардың  патологиялық  өзгерістерінің  болуы. 
Малдарға    жалпы  наркоз  қолдану  үшін  алдын-ала  жалпы  жағдайын, 
жүрек,  тыныс  алу  жолдарын  тексеруден  өткізіп,  қарсы  көрсетілімдері 
болмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.    
 
 
 
 
 
  Егер  ветеринариялық  дәрігер  тексерулер  жүргізгенде  ешқандай 
қарама-қарсы  әрекеттердің  жоқтығын  анықтап,  жалпы  наркозды 
техникалық  жағынан  дұрыс  қолданылса,  бірақ  дегенмен  соңынан 
малдың өлуіне әкеп соққан жағдайда, дәрігер жауапқа тартылмайды.  
 
  Егер  дәрігер  малды  алдын-ала  тексеріс  жүргізбегені  немесе 
наркотикалық  затты  (дозаның  көптігі  т.с.с)  қате  қолданғаны  және 
наркозға  қарсы  көрсетілімдерін  нақтыламай,  жалпы  наркоз  қолдану 
салдарынан  малдың  өлуі  анықталса,  онда  дәрігердің  қатесінен,  яғни 
ұқыпсыздығы, немқұрайлығы болып есептеледі. 
 
 
Операция  кезінде  немесе  одан  кейін  ірі  қан  тамырларын  тілік 
жасағанда  зақымдалуы,  салынған  лигатура  түсіп  қалса,    кесілген  қан 
тамырларына  лигатураны  салу  мүмкіндігінің  болмауы  және  т.б. 
жағдайларда қан кетулер болады. Бұдан басқа, піштіру кезінде қан кету, 
негізінен  ересек  малдарды  үзіп  піштіру  кезінде  болуы  мүмкін.  Әрбір 
жеке жағдайларда ветеринарлық қызметкерлерді жауапкершілікке тарту 
мен  кінәлау  үшін    ветеринариялық  мамандар  жүргізген  сараптамаларға 
негізделеді,  сонымен  қатар  ветеринарлық  қызметкердің    операция 
соңының  жағымсыз  болуына,  жалпы  қабылданған  ережелерді 
басшылыққа  ала  отырып  дұрыс  жұмыс  атқармады  ма,  операцияны 
сапалы түрде жүргізді ме немесе дөрекі әрекеттерге жол берілдіме соны 
анықтауы қажет.   
 
 
 
 
 
 

 
168 
 
Тәжірибеде  жиі  піштіруге  байланысты  операциядан  кейін  қабыну 
жағдайлары үшін, ветеринарлық қызметкер жауапқа тартылған оқиғалар 
тіркелген. Піштіруден кейін асқынулар болады,  әсіресе жаз уақытында 
шыбындардың болуына байланысты малдар перитониттен өледі.  
 
Операциядан  кейін  асқынуға  қатысты  істі  талдағанда,  операция 
уақытында  асептика  сақталды  ма,  антисептикалық  заттар  қолданылды 
ма,  операция  дұрыс  жасалды  ма,  жасырын  аурудың  болуы  немесе  
ауырып жазылған аурулардың салдарынан  операция жасалатын жануар 
ағзасының  төзімділігі  төмен  болды  ма,  операциядан  кейін  жақсарып 
кетуіне  жануарға  қандай  жағдайлар  кедергі  болғанын  анықтап  алу 
қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жануарларға 
толық 
асептикалық 
жағдай 
жасау, 
әбден 
жабдықталған  емханалардың  өзінде  мүмкін  болмайды.  Бұдан  басқа, 
операциядан  кейін  үй  жануарларының  бағып-күтілетін  жағдайы 
операциядан  кейінгі  жараларға  төсеніш  арқылы  немесе  жаз  уақытында 
жәндіктер арқылы індетін жұқтыру мүмкіндігін естен шығармау қажет. 
Сондықтан да малдарды піштіру кезінде барлық жағдайда асептикалық 
тәртіпті  қатаң  сақтаумен  қатар,  кездейсоқ  індетті  жұқтырмау  үшін 
жараны  зарасыздандыруда  антисептиканы да  қолданады.    Операциядан 
кейін  асқынулар  ветеринарлық  қызметкерлердің  кінәсінен  болмаған 
жағдайда,  олар  жауапкершілікке  тартылмайды.  Мысалы,  бір 
шаруашылықта  піштірілген  бұқалар  пішкеннен  екі  күн  өткен  соң, 
қосалқы  қызмет  атқарушылардың  қарауынсыз  тоғанға  кіріп,  пішпе 
жарасын  ластайды,  соның  нәтижесінде  ауру  асқынып  8  бұқа  өледі. 
Аталған  жағдайда  бұқаларды  піштірген  ветеринарлық  қызметкерді 
айыптауға  еш  негіз  жоқ,  мұнда  малдың  жайылымына  жауапты 
шаруашылық қызметкері кінәлі болып табылады.  
8.4 Акушерлік көмек көрсету кезіндегі жауапкершілік 
Жануарларға  акушерлік  көмекті  іштегі  төлдің  дұрыс  орналаспауы, 
төлдің ірілігі, кемтар, жамбас қуысының тарлығы болуы сияқты барлық 
туудың  қиын  жағдайларында,  яғни  жануардың  өзгелердің  көмегінсіз 
өздігінен төлдей алмауы кезінде көрсетіледі.    
 
 
 
Акушерлік  көмектің  сәтті  өтуі  бірінші  кезекте  мал  дәрігерлік 
акушердің  асептикалар  мен  антисептикаларды  сақтауына  және  жұмыс 
орны  мен  сол  жануарға    дайындығының  толық  болуы,  туудың 
патологиялық  себептерін  нақты  анықтау,  сонымен  қатар  акушердің 
акушерлік  әдістерді  қаншалықты  жақсы  білетіндігі  сияқты  басқа  да 
төлдеу кезіндегі көмек тәртіптеріне байланысты.  
Акушерлік 
көмек 

 
169 
көрсету  кезінде  ветеринарлық  акушерге,  әдетте  малдарды  қатты 
зақымдауға  (жатырдың,  қынаптың  жыртылуы  және  т.б.)  байланысты 
жағдайларда  жиі  шағым  түседі.  Жатырдың  жыртылуы  өздігінен  пайда 
болуы мүмкін, яғни өзгенің әсерінсіз жатырдың бұралып қалуы, жатыр 
қысымының  жоғары  болуынан  малдың  құлауы  және  т.б.  жағдайларда. 
Бірақ жиі жағдайларда жатырдың және қынаптың жыртылуы акушердің 
іштегі  төлді  немесе  аяқ  –қолдарын  түзеу  кезінде  кездеседі;  жамбас 
қусының  тарлығында  төлді  шығару  үшін  көп  күш  қолданғанда;  төл  ірі 
болғанда және дұрыс орналаспағанда; туу жолдарының құрғақтығы, егер 
акушер  жеткілікті  суландырмауы  сияқты  акушердің  салғырт  іс-
әрекетінен болады.  
 
 
 
 
 
 
 
Дегенмен,  кейбір  жағдайларда  ауыр  төлдеу  кезінде  акушер 
жатырды  және  басқа  да  ішкі  ағзаларды  зақымдайтын  қауіпі  бар 
жағдайларда  акушерлік  көмек  көрсетуге  мәжбүр  болады,  мысалы, 
көбінесе шаруашылық шарттарында қажетті құралдарсыз, іштен жарып 
төлді алғанда және жамбас қуысының тарлығында немесе төл ірі болған 
жағдайда  фетотомия  жасау  жайттарын  естен  шығармау  қажет.  Егер  де 
ветеринарлық  қызметкер қажетті  шарттар болмағанның өзінде    аталған 
немесе  басқа  да  операциялар  жасауға  мәжбүр  болса,  ол  мал  иесіне 
мұндай  жағдайда  операция  салдарына  жауапты  бола  алмайтыны 
жайында ескерту жасау қажет.  
 
 
 
 
 
Акушерлік  тәжірибеде  кейбір  кезде  жатырды  жуу  мақсатында 
қуыстарына  катетерді  еңгізу  кезінде  жатырдың  тесілуі  болады.  Бұл 
жағдай  жиі  жатыр  қабырғаларының  патологиялық  өзгеру  үрдісінде 
байқалады.  Жұмсақ  гуттаперчадан  дайындалған  катетерді  жатыр 
қуысына еңгізгенде жатыр қабырғаларының тесілуі жағдайлары болған. 
Дегенмен  кейде  тәжірибеде  дөрекі  әрекеттер  және  жұмысқа  ұқыпсыз 
қарағаннан  жатыр  қабырғаларының  тесілуі  кездеседі.  Осындай 
жағдайларда  мал  дәрігерлік  қызметкер,  хирургиялық  операция  жасау 
үрдісіндегі  пайда  болатын  зақымдалулар  тәрізді    жауапкершілігін 
көтерді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Улы  антисептикалық  заттарды  қолдана  отырып  жатырды  жуу 
кезінде  малдардың  улануы  байқалады.    Бұл  жағдайда  ветеринарлық 
қызметкерлердің  жауапкершілігі,  дәрілік  заттардан  улануымен  бірдей. 
 
Акушерлік және гинекологиялық көмек көрсету кезінде мал өлгенде 
немесе  лажсыздан  сою  қажет  болған  жағдайда  мал  дәрігерлік 
қызметкерлерге қарсы соттық іс қозғалады.    
 
Ветеринарлық  қызметкердің  кінәлілігі  өлген  немесе  лажсыздан 
союға  мәжбүр  болған  малдың  өлексесін  жарып-сойғанда  анықталған 

 
170 
мәліметтерге  негізделеді.  Сондықтан  әрине,  осындай  әрбір  жағдайда 
жануарды  тексеру  барысында  зақымдалулар  тигізгенге  күдік  туғанда 
орындалатын  жарып-союдағыдай,  яғни  комиссиялық  немесе  білікті 
патологоанатоммен жүргізіледі, ол өз кезегінде анықталған өзгерістерді 
түсіндіріп  және  жатыр  қабырғасының  жыртылуына  қандай  себеп 
болғанына  қорытынды  беру  керек:  акушердің  салғырттығынан  ба  әлде 
акушерлік көмек көрсетуге дейін мүшесінде өзгерістің болуы себебінен 
бе.  Кейде ректальді зерттеу кезінде, өрескел қателіктердің нәтижесінде 
іштастаған  жағдайда  ветеринарлық  қызметкерді  жауапқа  тартады. 
Әдеттегі  жағдайда    ректальді  зерттеу  кезінде  іштастау  сирек  кездеседі, 
негізінен тек жатырды тәжірибесіз немесе өрескел басып қарағанда ғана 
байқалады.  Іштастаудың  мұндай  түрі  студенттерді  ректальді  зерттеу 
арқылы  буаздықты  анықтауға  үйреткенде,  зерттеу  нысаны    ретінде 
алынған  сиырларда  байқалады,  сонымен  қатар  сиырларға  қарағанда 
биелер  ректальді  зерттегенге  сезімтал  болғандықтан,  оларда  да 
іштастаулар болады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 Дегенмен 
бақылаулар  көрсеткендей,  мал  дәрігерлер  және 
фельдшерлермен  жүргізілген  ірі  малдарды  тік  ішек  арқылы  көптеген 
зерттеулерде,  әдетте  іштастау  қауіпін  тудырмаған  және  ешқандай 
жағымсыз  зардаптар  болмаған,  және  сондықтан  ветеринарлық 
қызметкерлерге  көп  жағдайда  осыған  қатысты  тағылатын  айыпталулар 
негізсіз болып табылады
.
 
8.4.1  Ауылшаруашылық 
жануарлар 
төлдерінің 
жасын 
анықтау 
 
   Төлдің  жасын  анықтау  үшін  негізгі  белгілерге  желке  дөңесінен 
құйрық  түбіне  дейінгі  ұзындығы  және  жүнді-түкті  жамылғысының 
пайда  болуы  жатады.  Буаздылықтың  алғашқы  жартысында  төлдің 
ұзындығы  бойынша  оның  жасын  нақты  анықтауға  болады. 
Буаздылықтың  екінші  жартысында  төлдің  жасын  анықтау  үшін,  оның 
денесінің  әртүрлі  бөліктерінде  жүнді-түкті  жамылғысының  пайда 
болуының  маңызы  зор.  Төл  жасын  ертерек  анықтау  үшін  жеке 
мүшелердің қалыптасу мерзімі маңызды болып саналады.  
8.4.2  Туу аяқталған сәттен бастап мерзімді анықтау 
 
  Кейде  ветеринарлық  дәрігерге  туғаннан  соң  өткен  мерзімді 
анықтауға  тура  келеді;  кейбір  жағдайларда  мұны  жатыр  инволюциясы 
(төлдеуден  кейінгі өзгерістер)  бойынша  шешуге  болады,  сонымен  бірге 
жатырдың  көлемі  мен  пішінінің  өзгеруін,  жатыр  мойны  өзегінің 

 
171 
жабылуы,  кілегей  қабығының  өзгерісін,  сонымен  қатар,  жатырдың 
бұлшық ет қабатының өзгеруіне назар аударады. 
 
 
 
 
 Сиырларда  төлдеуден  соң  екінші  күні  жатыры  мен  оның  мүйіздері 
екі  есе  азаяды;  төлдеген  сәтте  төл  болған  мүйіздің  ұзындығы  150  см 
дейін  жетеді;  ал  екінші  күні  оның  ұзындығы  тек  75  см  болады.  Жатыр 
салмағы  үштен  бір  бөлікке  азаяды.  Төлдегеннен  кейін  5  күні  туу 
кезіндегі  салмақпен  салыстырғандағы  салмағы  үштен  екі  бөлігін 
құрайды. Ал 4 аптадан соң жатыр салмағы буаздылыққа дейінгіден тек 
500-600 г ауыр болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Жатыр  мойнында  өзегінің  ішкі  бөлігі  8-ден  14  күнге  дейін 
төлдегеннен  соң,  сыртқысы  –  14-тен  28  күнге    дейін  жабылады,  содан 
кейін жатыр мойны өзегіне саусақ енетіндей орын болады.  
 
Жатыр  карункулдары  майлық  қайта  түзіліп  төлдеуден  соң  бірден 
түсіп қалады. Төлдеген  соң  5-күннен бастап карункулдардан лохияның 
құрылымды  бөлігін  құрайтын  ұлпалардың  бөліктері  түсіп  қалады;    9-
күнге  қарай  карункулдардан  тек  дәнекер  ұлпалы  негізі  ғана  қалады. 
Карункулдар  толығымен  2-ден  3  аптаға  дейін  түсіп  бітеді.  Жатырдың 
кілегей қабығы 4 аптадан соң қайта қалпына келеді.   
 
 
 
  Жатырдың  бұлшық  ет  қабатының  торшалары  төлдеу  кезінде  750 
мкм  жуық  ұзындықта  болады,  24  сағ  кейін  екі  есеге  жуық  (400  мкм 
дейін)  қысқарып,  2  аптадан  соң  бұлшық  ет  талшықтары  буаздылыққа 
дейінгі өлшемге келеді.  
 
 
 
 
 
 
Төлдеуден  соң  лохиялар  2-4  күн  көп  болып,  кейіннен  олардың 
мөлшері азаяды; екінші аптада 10-30 мл лохия бөлінеді, қалыпты төлдеу 
кезінде олардың бөлінуі 2-ден 3 аптаға дейін тоқтайды. 
 
Төлдеген  жатыр  төлдемегеннен  қабырғасының  қалыңдауымен, 
мүйіздерінің азырақ қисаюымен, тамыр қабырғаларының қалыңдауымен 
ерекшеленеді. 
 
8.5   Клиникалық  зерттеулер  кезінде  жануарлар  мүшелерінің 
зақымдануы үшін жауапкершілік 
 
   Ректальды  зерттеу  кезінде  кейде  ішектер  қабырғаларын  жыртып 
жіберу байқалады. Олардың себебі тік ішектің ішіне дөрекі, тәжірибесіз 
қол  кіргізуі  болып  табылуы  мүмкін.  Алайда  кейде  тік  ішектің 
жыртылуы, 
тіпті 
тәжірибелі 
ветеринарлық 
қызметкерлермен 
жануарларды  ректальды  зерттеу  кезінде  орын  алады.  Бұл  жыртылулар 
көбінесе оның қабырғаларының патологиялық өзгеруінде кездеседі. Егер 
бұл  өзгерістерді  тірі  кезінде  анықтау  қиындық  тудырады,  сондықтан 
соңғы аталған жағдайда ветеринарлық қызметкер ол туралы біле алмады 
және жыртылу үшін жауап беруі тиісті емес.   
 
 
 
 
Сонымен  қатар  катетерлеу  кезінде,  қуық  пен  несеп  жолының, 
зондылау  кезінде  –  жоғары  тыныс  алу  жолдары  мен  өңештің 
зақымдануы  байқалады.  Жыртылулардың  себебі  катеттерді  немесе 

 
172 
зондыны  дұрыс  енгізбеу  болып  саналады.  Жарақат  жасағандығы  үшін 
ветеринарлық  қызметкерді  айыптамас  бұрын,  ең  алдымен,  жарақат  пен 
уақыт  бойынша  зерттеумен  байланыс  орнату  керек.  Бұл  жайлы 
өзгерістердің  мерзімінің  өтуі  бойынша  сынайды.  Жыртылудан  соң  қан 
құйылулар,  содан  соң  қабыну  үрдісі  дамиды.  Алдымен  тамырлар 
инъекциясы,  зақымдалған  жердің  айналасындағы  ұлпалардың  ісінуі, 
олардың экссудатпен сіңуі байқалады. Содан кейін экссудат маңындағы 
ұлпаларға  сіңеді,  ал  егер  зақымдалған  мүше  қуыста  болса,  соған  да 
жиналады. Экссудат әртүрлі болуы мүмкін, көбінесе фибринозды немесе 
іріңдісі  байқалады.  Кейде  сірлі  қабынудан  басталған  қабыну  үрдісі 
фибриноздыға, ал іріңді текті микробтармен асқынса - іріңдіге ауысады.
 
Қабыну  үрдісінің  ескіру  мерзімін  оның  даму  дәрежесі  және 
қабынудың  сипаты  бойынша  анықтайды.  Тамырлар  инъекциясы  мен 
жыртылған жердің шеттерінің айналасындағы ұлпа ісінуі зақымданудан 
соң  алғашқы  тәуліктерде  дамиды.  Экссудаттың  біраз  бөлігінің  бөлінуі 
қабынудың  2-3  тәулік  болғанын  білдіреді.  Фибринозды  қабынудың 
іріңдіге  немесе  ихороздыға  ауысуы  үрдістің  3-5  күн немесе  одан артық 
болғанын көрсетеді. Жай көзбен көрінетін пролиферативті үрдістер, яғни 
грануляцияның  пайда  болуы  қабынудың  апталық  немесе  одан  да  көп 
уақыт  болғанын  көрсетеді.  Зақымдалған  жердегі  берішті  дәнекер 
ұлпаның  болуы,  зақымданудың  бір  ай  немесе  одан  да  бұрын  болғанын 
дәлелдейді.  Әрине,  көрсетілген  белгілер  бойынша  үрдіс  ұзақтығын  тек 
жуықтап  айтуға  болады,  себебі  әрбір  жануар  түрінің  қабынуы  мен 
жазылу шапшаңдығы әркелкі, сонымен қатар жануар сезімталдылығына, 
зақымдану  көлемі  мен  асқындырушы  инфекция  сипатына  байланысты.
 
Жыртылуға дейін мүшеде патологиялық өзгерістердің болу-болмау 
сұрағын  шешу  үшін,  жарып  сою  кезінде  мүшеде  анықталған 
дегенеративті  немесе  қабыну  үрдістерінің  дамуы  үшін  қажетті  кезең, 
мүше  жыртылған  сәттен  бастап  жануар  өліміне  дейінгі  кезеңінен 
ұзағырақ болғанын дәлелдеу қажет. Ескірген патологиялық өзгерістердің 
жыртылған  жердің  маңайында  ғана  емес,  сол  мүшенің  басқа 
бөліктерінде  де  анықталуы,  мүшедегі  өзгерістер  жыртылу  алдында 
болғанын көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кейде  ветеринарлық  қызметкерге,  ол  араласқанынан  кейін  оған 
дейін  болған  патологиялық  үрдістің  ағымы  нашарлады  деген  айып 
тағылады.  Бұл,  мәселен,  буын  маңындағы  жараны  алдын  ала  тексеру 
кезінде буын капсуласын байқаусыздан тесіп жіберу, кеуде немесе құрсақ 
қуыстарының  тесіп  өтпеген  жараларын  тексергенде  ішперде  мен 
плевраны  тесіп  жіберу  және  т.б.  жағдайларда  болуы  мүмкін.  Барлық 
аталған жағдайларда да ветеринарлық қызметкер жұмысын бағалау үшін 
үлгі  бола  болмайды.  Әрбір  жеке  жағдайды  егжей-тегжейлі  тексерудің 
жүргізілу  қажеттілігі  мен  оны  техникалық  дұрыс  орындау  тұрғысынан 
қарастырылуы  қажет;  сонымен  қатар,  жара  кезіндегі  буын 
капсуласының,  ішперде  мен  плевраның  зақымдалуы  тек  жарақатты 

 
173 
тексеру  нәтижесінде  ғана  емес,  қабыну  үрдісінің  қарқын  алуы 
салдарынан  да  болуы  мүмкін,  себебі  қабыну  кезінде  ұлпалар  ыдырап, 
бұл  үрдістің  одан  ары  сау  ұлпаларға  да  таралуы  байқалатынын  естен 
шығармау қажет.   
 
 
 
 
 
 
 
Ветеринарлық  қызметкер  біле  алмаған  патологиялық  үрдістерді 
сараптамамен  анықтаған  кезде,  зақымданулар  жазатайым  оқиға  ретінде 
бағаланады.  Ұқыпсыздық,  салғырттық  немесе  жұмысына  немқұрайлы 
қарау  орын  алса  ол  басқа  іске  жатады.  Бұл  жағдайда  келтірілген 
материалдық  шығын  мен  істің  мән-жайына  байланысты  ветеринарлық 
қызметкер жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 
 
8.6  Емдеу кезіндегі асқынулар үшін жауапкершілік 
 
Дәрілерді  енгізген  кездегі  асқынулар.  Трипаносомоз  бен 
гемоспоридиозбен  ауырған  жануарларды  емдеуде  қолданылатын 
наганин, трипанды көк және өзге де бірқатар дәрілік заттарды, сонымен 
қатар  кальций  хлоридін  тамыр  ішінен  енгізгенде  ауырған  жануарларға 
енгізілетін  ерітінді тері астына  түскенде  инъекция  аумағында қабынған 
ісінулер және тіпті бұлшық еттер некрозы байқалады. Дәрі-дәрмектерді 
тамыр  ішінен  енгізу  кезіндегі  асқыну    жағдайларына  байланысты, 
ветеринарлық  қызметкердің  тамыр  ішіне  емді  ерітінділерді  енгізе 
алмауы  немесе  жазатайым  жағдай  ретінде  қаралады,  егер  салғырттық 
пен ұқыпсыздық орын алмаса. 
 
 
 
 
 
Диктиокаулезбен  ауырған  бұзаулар  мен  қойларды  және 
метастронгилоидозбен  зақымданған  шошқаларды  және  т.б.  емдеу 
кезінде  люголь  ерітіндісін  интратрахеалды  инъекциялаудан  кейін  
байқалатын  асқынулар:  1)  бұзылған  препаратты  қолданғанда,  яғни 
ерітіндіден йодты калий кристалдары түсетін жағдайларда; 2) нұсқамада 
ұсынылғанерітіндіге  қарағанда  аса  көп  концентрленген  ерітінділерді 
қолданғанда.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бұдан  басқа,  дәрілік  зат  нұсқамаға  сәйкес  берілгеннің  өзінде 
өкпесінде ауқымды қабыну ошақтары бар әлсіз жануарларда асқынулар 
байқалуы  жиі  кездесетінін  естен  шығармау  қажет.  Осындай  жағдайлар 
кезіндегі асқынуды дәрігер алдын-ала ескере алмайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет