Б. С. Майқанов ю. А. Балджи б. Ж. Айтқожина



Pdf көрінісі
бет2/26
Дата06.12.2019
өлшемі4,27 Mb.
#53068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
index


ТАРАУ 
 
СОТ САРАПТАМАСЫ  БОЙЫНША 
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
 
Қазақстан  Республикасының  соттық-сараптау 
қызметі  №188  1997  жылдың  12  қарашасындағы 
«Сот  сараптамасы  бойынша»  Заңымен;  №411  1999  жылы  13  шілде 
Азаматтық  процессуалды  Кодекстің  91–92,  205–206  баптарымен;  №206 
1997  жылдың  13  желтоқсаны  Қылмыстық  процессуалдық  Кодекстің  96 
бабымен,    32  Тарау  240  –  255,  354  –  355,  413,  489  баптарымен;  №155 
2001 жыл 30 қаңтар Әкімшілік ережелерді бұзу туралы Кодекс 611 – 612 
баптарымен;  сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасында  бекітілген 
халықаралық сәйкестік шарттармен регламенттеледі.  
 
 
Соттық сараптама келесі принциптерге негізделеді:   
 
 
-заңдылықтар; 
 
- сот сараптаушының процессуалды тәуелсіздігі; 
 
 
 
- соттық сараптау органдарының тәуелсіздігі; 
 
 
 
- жүргізілетін зерттеулердің тәсілдері және ғылыми негізделуі; 
- біліктілігі, жан-жақты, толық болуы және объективтілігі; 
- кәсіби этиканы сақтау. 
Қазақстан  Республикасының  бекітілген  заңына  сәйкес  соттық 
сараптауды арнайы уәкілетті субъект–сот сараптаушысы жүргізеді. 
 
Сараптаушы 
зерттеулерінің 
нәтижелері 
бойынша 
сараптаушыныңқорытындысы жазылады. 
 
1.1 Сараптама және оның істі қараудағы маңызы. 
 
Сараптама  –  бұл  бекітілген  заң  бойынша  процессуалды  түрде  
материалдарды  және  объектілерді,  тергеу  барысында  анықталған 
айғақтық  заттарды  және  басқаларды  зерттеу  жұмысы.  Құқық  қорғау 
органдары  (прокурор,  тергеу  органдары)  қызметкерлерінің  ұйғаруы  
бойынша    ғылымда,  техикада  немесе  басқа  да  арнайы  білікті  білім 
салаларының мамандарымен жүргізіледі және де қылмыстық істі соттық 
қарауда  немесе  тергеу  кезінде  туындаған,  арнайы  қойылған  сұрақтар 
бойынша негізделген қорытынды шығарады.    
 
 
 
Соттық-ветеринариялық  сараптау  ветеринариялық  медицина 
саласында тергеу және сот үрдістерінде, оқиғаны толық және жан-жақты 
талдау  жүргізу  кезінде  қылмыстық  немесе  азаматтық  істің  пайда 
болуына себеп болған, объективтік дәлелдерді  анықтау, сонымен қатар 
арбитражды  дауды  шешу  үшін  тәжірибеде    заманауи  ғылыми  білімді 
қолданады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Соттық-ветеринариялық  сараптамада  үй  жануарларының  өлуіне, 
лажсыздан  сойылуына,  ауру  себебтеріне,  ауру  сипатына,  малды 

 
15 
оқшаулау  тәртібіне,  ауру  немесе  ауруға  күдікті  жануарларды  қарауға 
және  ұстауға,  сонымен  қатар  ветеринариялық-санитариялық  тұрғыда 
тағамға жарамдылығы немесе жануар текті шикізат ретінде қолдануына 
байланысты қылмыстық істер қарастырылады.  
 
 
 
 
Соттық  істі  қарауда  келесі  сұрақтар:  жеке  меншік  үй 
жануарларына  зиян  келтіргенде,  сонымен  қатар  жануарларды 
ауыстырғанда, сатқанда  және сатып алғанда, ұйымдар немесе азаматтар 
арасында  туындаған  дауларға,  браконъерлікке,  бұрмаланған  немесе 
бұзылған жануар текті азықтарды сатуға байланысты істі қарастырғанда 
болуы мүмкін.    
 
 
 
 
 
 
 
Соттық–тергеу  органдары  өлген  жануарлар  санын  және  өлім 
себебтерін  анықтауға  әртүрлі  мамандар  жүргізген,  шаруашылықты 
зерттеу акттарына, өлексені жарып – сою хаттамаларына және басқа да 
құжаттарға  көп  көңіл  бөледі.  Дегенмен,  соңғысы  сарапшы 
қорытындысын алмастыра алмайды, өйткені олар ведомствалық сипатта 
болып және жиі аталған шаруашылықтың мал шаруашылығы жағдайына 
жауапты  мамандарымен  жасалады,  және  де  ол  объективті  болмауы 
мүмкін. Соттық-тергеу органдары мал шаруашылығы саласында ауқымы 
кең  сұрақтарды  қарастырған  кезде,  ветеринариялық  сарапшының 
қорытындысын  қажет  етуі,  қылмыспен  күресу  ісінде  оның  маңызы  зор  
екендігін куәландырады. 
 
 
 
 
 
 
 
Қорыта айтқанда, соттық-ветеринариялық сараптау жануарлардың 
ауруы  немесе  өлімі  және  бағып–күту  жағдайларының  жағымсыз  болуы 
арасындағы  байланыс  себептерін  анықтайды.  Осы  мақсатқа  жету  үшін 
келесіні  орындайды:  жануарларды  клиникалық  зерттейді,  өлексені 
жарып – сояды және сойылған жануарлардың ұшасын қарайды, сонымен 
қатар  қажеттілігіне  қарай  басқа  да  қосымша  зерттеулер  жасалады.
 
Жануарлардың  ауруы  мен  өлімін  тудырып  және  себепші  болған 
жағдайды  сараптап зерттеу  үрдісінде,   сарапшы  осы  жағдайларды жою 
туралы  ұсыныс  жасау  мүмкіндігі  бар  және  де  осыған  ұқсас 
қылмыстардың  пайда  болуын  ескертеді.  Соттық-ветеринариялық 
сараптаудың профилактикалық мәні,  қылмыстық істі асыруға мүмкіндік 
туғызған  жағдайлар  мен  себептерін  анықтау  және  соның  негізінде 
жоюға  бағытталған  арнайы  сипаттағы  ұсыныстар  дайындалуы  болып 
табылады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мал  өліміне байланысты сараптау тағайындалса және өлекселерді 
жарып-союмен  байланысты  болса,  жарып-сою  қысқа  мерзімде  жасалу 
қажет. Егер сараптаманы уақытынан кеш жүргізсе өлексе шіри бастайды 
немесе жыртқыш аңдар дәлел болатын мүшелерін жеп қоюы мүмкін. 
 
Сот ісін талдауда сараптаманың рөлі айтарлықтай маңызды болып 
табылады  өйткені,  жасалған  қылмысты  тексеру  барысында,  сонымен 
қатар тергеу және соттық үрдіс кезінде, қорытындысы ең маңызды дәлел 
болып табылады.  
 
 

 
16 
Өткізілетін  сараптамалардың  сапасы  толығымен  сарапшының 
қойған  сұрақтары  бойынша  білгірлігіне  байланысты  болады.Сараптама 
келесі  құрамалардан  тұрады:  1)  зерттеу  сараптамасының  субъектісі  – 
сараптаманы  жүргізетін  адам;  2)  зерттеу  объектісі;  3)  сараптамалық 
зерттеу – арнайы білімді қолдану үрдісі; 4) процессуалдық форма, атап 
айтылғандарға байланысты зерттеу өткізіледі.   
Соттық-ветеринариялық  сараптауда  зерттеу  сараптамасының 
субъектісі-ветеринария  маманы  болады,  ол  зерттеуді  құқық  қорғау 
органдары қызметкерінің қаулысы бойынша жүргізеді. 
 
Зерттеу  объектісі  –  ол  ауру  немесе  лажсыздан  өлтірілген 
жануарлар,  жануартекті  азықтар,  соттық  іске  қатысы  бар  әртүрлі 
құжаттар  және  т.б.  Зерттеу  объектілері  мүмкіндігінше  қажет  болған 
жағдайда,  қайталама  сараптама  жүргізу  үшін  сақтап  қою  керек.
 
Сараптамалық зерттеу –  ветеринариялық мамандардың тергеуге 
және  сотқа  белгілі  бір  объектілерден  маңызды  дәлел  алу  мақсатында 
арнайы білімдерін қолдануы. Сарапшы өз бетімен объектілерді жинауға 
құқылы  емес,  өйткені  ол  үшін  арнайы  білімі  қажет  емес.  Оны 
тергеушілер мен сот органдары қызметкерлері орындайды. 
 
 
Процессуалдық  форма  заңмен  бекітілген  және  сотқа  қатысушы 
адамдардың 
(соның 
ішінде 
соттық-ветеринариялық 
сарапшы) 
арақатынастарын  реттейді  және  толық,  әртүрлі  және  объективті 
зерттеуге кепілдік береді. 
 
1.2 Сараптаманы тағайындау 
 
Сараптаманы өткізу – үш кезеңнен тұратын процессуалдық әрекет: 
тағайындау,  өндіріс,  қылмыстық  процессті  жүргізген  органның 
(тұлғаның) сараптама нәтижесін бағалау.  
 
ҚР  ҚПК  сәйкес  қылмыстық  істі  қозғағанда,  істі  қарау  бойынща 
сотқа дейінгі өндірісте,  бірінші инстанцияның соты істі қарастырғанда, 
сонымен  қатар  қылмыстық  сот  ісін  жүргізгенде  апелляциялық  және 
кассациялық кезеңінде сараптаманы тағайындауға болады.  
 
 
Қылмыстық  істі  қозғау  кезеңінде,  сараптама  зерттеуінің 
нәтижесінсіз  қылмыстық  істі  қозғау  мүмкін  болмағанда,  тек  қана  осы 
жағдайда    сараптаманы  тағайындау  рұқсат  етуге  шешім  (ҚР  ҚПК  2 
тарау, 242 бап) қабылданады.  
 
 
 
 
 
 
 
ҚР  ҚПК  32  тарау,  240  бабына  сәйкес,  сарапшы  арнайы  ғылыми 
білімге  негізделіп  жүргізілген,  іс  материалдарын  зерттеу  нәтижесінде 
маңызды 
мәліметтер 
алуға 
болатын 
жағдайларда 
сараптама 
тағайындалады.  Қылмыстық  сот  ісіне  қатысушылардың  арнайы 
білімдерінің  болуы,  қылмыстық  үрдісті  жүргізетін  тұлғаны,  сәйкес 
жағдайларда сараптаманы тағайындау қажеттілігінен босатпайды.  
 
Соттық  сараптаушының  міндеттері,  құқығы  және жауапкершілігі, 
сараптауды  жүргізуді  ұйымдастыру  және  нәтижесін  рәсімдеу,  сот  ісін 

 
17 
жүргізу  үшін  негізгі  нормативтік  құжаттар  болып  табылатын  «Соттық 
сараптау  туралы»  Заңымен,  Қылмыстық-процессуалдық,  Азаматтық-
процессуалдық 
және 
Арбитражды-процессуалдық 
кодекстармен 
нақтыланады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қылмыстық істі жүргізетін тұлға, 
тергеуге немесе сотқа қажет айғақтық заттарды жинауға, зерттеуге және 
дәлелдерді бағалауға, сонымен қатар техникалық құралдарды қолдануға, 
маманды қатыстыру үшін шақыратын (ҚР ҚПК 10тарау, 84 бап) құқығы 
бар.  Сондай-ақ  арнайы  ғылыми  білімі  бар,  іске  қатысы  жоқ  тұлға 
сарапшы ретінде (ҚР ҚПК 10тарау, 83 бап, 1 бөлім) шақырылуы мүмкін.
 
Соттық  істі  қарауда  сараптама  сотпен,  жауап  алу  және  тергеу 
органдарымен,  прокуратурамен,  сонымен  қатар  әртүрлі  кәсіпорындар 
арасындағы  даулы  жағдайларды  қарастырған  кезде    арбитражды 
органдармен тағайындалады. Қылмыстық істерде жүргізілетін сараптама 
сотпен,  тергеу органдарының өз ынтасымен немесе тараптардың өтініші 
бойынша  тағайындалады.  Сараптаманы  тағайындау  туралы  өтінішті 
жазғанда,  үрдіске  қатысып  отырған  тараптар,  сарапшыға  қандай 
сұрақтарды  шешу  қажеттігін  көрсетеді.    Сараптама  тағайындаудан  бас 
тартқан  жағдайда,  бас  тартудың  негіздері  дәйекті  қаулыда  немесе 
анықтамада түсіндіруі қажет.  
 
 
 
 
 
Жүргізілген  сараптама  нәтижесінде  анықталуы  мүмкін,  әрбір 
нақты  жағдайда  істің  мән-жайын,  айғақтың  маңыздылығын  ескере 
отырып,  сараптаманы  тағайындау  ұйғарылады.  Сараптауды  жүргізуге 
негізделмеген  бас  тарту  нәтижесінде,  тергеу  толық  жүргізілмейді  және 
жоғарғы сот инстанциясы істі жабуы мүмкін.   
 
 
Сараптама  қылмыстық  істі  қарастыру  және  тергеу  кезінде 
тергеуші,  прокурор,  алдын-ала  тергеуді  жүргізген  адам,  ғылымда, 
техникада,  көркемөнер  немесе  қолөнерден  арнайы  білімдерінің  болуы 
немесе  болмауына  байланысты  емес  тағайындалады.  Тергеуші,  сот 
сарапшы 
қызметін 
өздері 
жүргізбейді 
және 
сараптаманың 
қорытындысын өз білгенінше  өзгерте алмайды. 
 
 
Сараптаманы  тағайындауға  құқылы  -  алдын-ала  тергеу  жүргізу 
органдары,  анықтауыш  (дознания)  органдарының  тергеушілері,  
прокуратура  және  мемлекеттік  қауіпсіздік  жатады.    Олардың 
мақсаттары,  анықтау,  бекіту,  дәлелдерді  тексеру,  сонымен  қатар  істің 
мән-жайын мұқият зерттеу.   
 
 
 
 
 
Анықтауыш 
органдарына 
полиция 
органдары, 
әскери 
бөлімшелерінің  басшылары,  мемлекеттік  қорғау  органдары,  түзету–
еңбек  лагерьлерінің  басшылары,  мемлекеттік  өрт  қадағалау  органдары, 
шекаралық  күзет  және  алыс  жүзуде  болатын,  теңіз  кемелерінің 
капитандары  кіреді.  Сараптаманы  тағайындау  бойынша  тиісінше  
қаулыны  шығару  үшін,  түрі  мен  мазмұны  ҚР  ҚПК  202  бап  және  242 
баптың 1 бөлімінде  регламенттелген. 
 
 
 
 
 

 
18 
 
Сараптаманы  тағайындау  туралы  қаулы  кіріспеден,  сипаттамадан 
және қорытынды бөлімдерден тұрады.   
Кіріспе  бөлімінде  қаулының  күні  мен  орны  көрсетіледі, 
тағайындаған  адам  туралы  мәлімет,  сонымен  қатар  қандай  іс  жөнінде 
тағайындағанын көрсетеді.   
 
Сипаттама  бөлімінде  істің  желісі  (фабула)  баяндалады, 
сараптаманың  тағайындалу  негізі,  мәліметтер:  сараптамаға  бағытталған 
объектілер  туралы  (қайда  және  қай  жерде,  қандай  жағдайда  олар 
анықталды  және  алынды);  сарапшыға  басқа  материалдарды  бергенде; 
істе бар мәліметтерге сарапшының нәтижелері негізделеді.  
 
 
Қылмыстық  істің  сипаттама  бөлімнің  желісі,    іс  бойынша 
сараптаманы  тағайындаудың  негізгі  мақсаты  шығуы  үшін,  тергеу 
нұсқасын  айқын  бейнеленуі  қажет,  ол  тараптардың  арасындағы  
байланысқа қатысты, заттар және қылмыстың «іздері» бар материалдық 
орта болып табылады.   
 
 
 
 
 
 
Қаулының  қорытынды  бөлімінде  тағайындалған  сараптама  түрі 
көрсетіледі,  сарапшының  алдына  қойылған  сұрақтары;  сараптама 
жүргізуге  тапсырылған  соттық  сараптау  органының  атауы  немесе 
адамның  тегі,  сонымен  қатар  сарапшы  қарауына  арналған  
материалдардың тізімі құрылады.   
 
 
 
 
 
 
Қаулыны шығарғанда анықтама әдебиеттерді қолданған жөн, бірақ 
механикалық  түрде  бүкіл  сұрақтарды  көшіруге  болмайды,  тек 
қылмыстық іске байланысты ғана сұрақтарды жазады. 
 
 
 
Қаулыда міндетті түрде зерттеу жүргізуге ұсынылған, қылмыстық 
істің  материалдары  көрсетілуі  керек.  Барлық  қылмыстық  істі  беру 
тиімсіз және заңда негізделген емес, өйткені істің дәлелсіз тоқтатылуына 
әкелуі  мүмкін.  Сарапшы  қарауына  ұсынылған  құжаттар  мен  заттар  өз 
қалыптарында жекеленген, өз маңызды белгілерін сақтап қалу керек. 
 
Қаулыда  айыпталушының,  адвокаттың  сараптау  бойынша 
өтінішінің  болуы,  қандай  шешім  қабылданды,  сараптама  жүргізу 
барысында  айыпталушының  немесе  тергеушінің  қатысуы  мүмкіндігін  
ескерту қажет.   
 
 
 
 
 
Дегенмен  сараптаманың  тағайындалуы  тек  қаулыға  байланысты 
емес. 
Қылмыстық 
істің 
сатысына 
байланысты 
сараптама 
тағайындалуының өз ерекшелігі болады, ол арнайы қарастыруды  қажет 
етеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Органдар  немесе  тұлғалардың  орындауына  бағытталған  және 
олардың  құзыретіне  кіретін,  сараптаманы  тағайындау  бойынша 
тергеушінің қаулысын міндетті түрде орындау қажет. 
 
 
 Егер  де  аталған  сараптама  қайталама  болса,  алғашқы  сараптама 
қандай  сұрақтарды  шешуге  бағытталғаны  және  сарапшы  қандай 
қорытынды  бергені  көрсетіледі.  Содан  кейін,  сарапшыға  қылмыстық 
жауапкершілік  туралы  ескертіледі,  егер  ол  сараптама  қорытындыларын 
жалған  жазса,  немесе  сараптама  қорытындыларын  беруден  бас  тартса 

 
19 
және  алдын-ала  тергеу  мәліметтері  жарияланса,  сарапшыға  қарсы 
қылмыстық іс қозғалады, ол сарапшының қолымен расталады.
   
 
Сараптама  үрдіске  қатысушы  тараптардың  өз  ынтасымен  де,  өз 
құқыларын  қорғау  немесе  қатысушылардың  құқығы  мен  мүдделерін 
ұсыну  үшін  тағайындалуы  мүмкін.  Үрдіске  қатысушы,  өзінің  құқығы 
мен  мүддесін  немесе  басқанікін  ұсынып  отырса,  тергеушіге  жазбаша 
түрде  өзінің  пікірінше  қойылуға  тиіс  сұрақтарды  ұсынады,  зерттеу 
нысандарын  көрсетеді,  сонымен  қатар    сарапшы  ретінде  шақыруға 
болатын  адамның  аты  жөнін  береді.  Осы  жағдайда  тергеуші 
сараптаманы  тағайындаудан  бас  тартуға  құқығы  жоқ,    егер  сұрақтары 
қылмыстық  іске  қатысы  болмаса  немесе  соттық  сараптауға  жатпаса, 
онда тергеуші келісімін бермеуі де мүмкін (ҚР ҚПК  32 тарау, 242 бап, 4 
бөлім). 
 
1.3 Сарапшыны таңдау 
 
ҚР ҚПК 32 тарау, 243 бапқа сәйкес сот сараптамасының жүргізілуі 
келесілерге берілуі мүмкін: 
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;   
 
2)  лицензия  негізінде  соттық-сараптама  қызметін  жүргізетін 
адамдар;   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3)  заң  талаптарына  сәйкес  бір  жолғы  тәртіпте  өзге  адамдар  да 
жүргізеді. 
Үрдіске  қатысушылардың  ұсынылған  адамдарының  ішінен 
біреуіне сараптаманы жүргізу тапсырылуы мүмкін.   
 
 
Сараптауды  жүргізуге  тапсырылған  адамды  шақырту  туралы 
тергеушінің  талабын,  аталған  адамның  жұмыс  істейтін  ұйымының 
басшысына міндетті түрде хабарлануы керек.   
 
Ветеринариялық  медицинада  арнайы  соттық-ветеринариялық 
сараптама  дәрігерлерінің  дайындығы  жоқ  (медициналық  тәжірибеде 
сияқты).  Сондықтан  соттық-тергеу  органдарымен  сарапшы  ретінде, 
зерттелген сұрақтарға жауап бере алатын, арнайы білімі бар кез-келген 
адам бола алады. Сарапшының алдына қойылған сұрақтар және олардың 
жауабы оның арнайы саладағы білімінің шегінен шықпау қажет.  
 
Тергеу    және  сот  органдарында  сарапшыны  таңдау  құқығы  бар. 
Тергеуші  мен  сот  сарапшыны  таңдағанда  сарапшының  нақты  және 
негіздген  қорытындылармен  қамтамасыз  етуі,  біліктілігін  және 
қарастырылып  отырған  іске  және  қатысушыларға  қарым–қатынасын 
ескереді. Сарапшы іс жөнінде тергеу және шешім қабылдай алмайды, ол 
тек  тергеушінің  немесе  соттың  тапсырылған  өз  мамандығына  және 
арнайы біліміне байланысты істің кейбір бөлімдерін зерттейді. Осыдан, 
сарапшы  осы  адамның  айыпты    не  айыпты  емес  екенін  қорытындылай 
алмайды.   
 
 
 
 
 
 

 
20 
Ветеринариялық  сарапшының  заңға  қатысуы  теріс  нәтижелерге  әкелуі 
мүмкін.  Заңгерлік  сұрақтарға  жауап  беруге  тек  тергеу  мен  сот  қана 
құқылы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Соттық  үрдіске  қажетті  мамандық  бойынша  жоғары  білімі  бар, 
жұмыста  тәжірибесі  және  де  аталған  ғылым  саласына  сәйкес,  біліктігі 
жоғары  кез-келген  маман  соттық-ветеринариялық  сараптаушы  бола 
алады. 
 
 
Сарапшыны  куәгерге  теңеуге  болмайды,  олардың  арасында 
айтарлықтай  айырмашылық  бар.  Куәгер  тергеушіге  немесе  сотқа  істің 
пайда  болғаны  кезінде  және  оған  дейінгі  жағдайларды,  мысалы,  ол  не 
көргенін,  естігенін  және  т.б.  іске  қатысты  мәліметтерді  нақты  айтуы 
керек.  Куәгерді  алмастыруға  болмайды,  сонымен  қатар  тергеу  немесе 
сот  оны  таңдауға  құқылары  жоқ.  Ал  сарапшы  үрдіс  барысында 
тағайындалып,  қылмыстық  істің  жасалғаннан  кейін  қаулыда  оны 
сарапшы  етіп  тағайындалғаны  туралы  хабардар  етілген  соң,  істің 
құжаттарымен  танысады;  сарапшы  өзінің  арнайы  біліміне  сүйене 
отырып мәліметтерді талдап ол жөнінде қорытынды береді. Сарапшыны 
тағайындаған  құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлері  басқа 
сарапшымен ауыстырылуы мүмкін.  
 
 
 
 
 
Сарапшының  алдына  шешу  үшін  қойылған  сұрақтар,  дұрыс 
құрылуы  маңызды  рөл  атқарады.  Іске  байланысты  сұрақтар  сипаты 
нысанды  сараптауға  және  басқа  ерекшеліктеріне  байланысты  болады. 
Егер  тергеушіде  іс  туралы  қиындық  туындаса,  онда  оған 
ветеринариялық  маманмен  немесе  болжамды  сараптама  жүргізетін 
ветеринариялық дәрігермен кеңесу ұсынылады. 
 
 
 
 
Сарапшылардың  қорытындысына,  істің  барлық  мән-жайын 
бағалауға сот сын көзбен қарауға міндетті. 
 
 
 
 
Соттық-тергеу  қызметкерлері    сарапшының  қорытындысымен 
келісуі  немесе  толығымен  не  ішінара  келіспеуі  мүмкін,  дегенмен 
соттық-тергеу 
қызметкерлері 
сарапшының 
қорытындысымен 
келіспеуінің себебтерін айтуға міндетті.   
 
 
 
 
 
 Сарапшының  қорытындысын  сот  мүшелері  заңға  жүгіне  отырып, 
істің  барлық  жағдайларын  жан-жақты,  толығымен  және  объективті 
жиынтығын  қарайды.  Егер  тергеушіге  сарапшының  қорытындысы 
түсініксіз не толық болмаса немесе толықтырулар қажет болса, тергеуші 
сарапшының  қорытындысына  сәйкес  түсініктеме  алу  мақсатында  мән-
жайды аяғына дейін ұғыну үшін немесе толықтыру қажеттілігі бойынша 
жауап алады.  Заңды түрде сарапшы өз жауаптарын өз қолымен жазуға 
құқығы бар. 
 
 
 
 
Сарапшы зерттеу қорытындыларын өзінің атынан береді және оған 
толығымен жауап береді. Сараптаманы бірнеше сарапшы орындаса, егер 
де  қойылған  сұрақтарға  бірдей  шешім  қабылдаса,  олардың  атынан  бір 
қорытынды жазылады. Ал егер бір – бірімен келіспесе, онда жеке – жеке 
қорытынды жасауға құқығы бар.
   
 
 

 
21 
Бір  сараптама  шеңберінде  мамандығы  әртүрлі  сарапшылар 
жүргізген зерттеулерде, зерттеу жүргізуге қатысқан барлық сарапшылар 
ортақ  қорытынды  жазуға  немесе  жеке  өзі  орындаған  бөліміне 
қорытынды беруіне болады.   
 
 
 
 
Сарапшының  алдына  қойылған  сұрақтар  бойынша  біліктілігі, 
сараптаудың  сапалылығына  байланысты  екендігі  әрқашан  есте  сақтауы 
қажет.  Сондықтан,  қозғалған  сұрақтар  бойынша  қорытынды  берген 
кезде  сарапшы  өзінің  жүргізген  сараптамасы  бойынша,  дайындаған 
жауабы  нақты  болуы  керек.  Керісінше  жағдайда  тергеу  немесе  сот 
өкілдеріне хабарлау қажет.
 
 
1.4 Соттық-ветеринариялық сарапшының (маманның) құқығы 
мен міндеттері 
 
Маман  құқығы:  өзін  қандай  мақсатпен  щақырғанын  білуге;  егер 
арнайы  білімі  немесе  тәжірибесі  болмаса  істі  жүргізуден  бас  тартуға 
құқылы; қылмыстық істі жүргізген мүшелерден жауап алуға да болады; 
қылмыстық  үрдісті  жүргізіп  отырған  органның  рұқсатымен  тергеу 
немесе  сот  ісіне  қатысушыларға  сұрақтар  қоюға;  сараптаманы 
тағайындау  үшін  іс  жөнінде  материалдарды  жинауға,  дайындауға, 
ғылыми  –  техникалық  құралдарды    қолдануға,  іс  материалдарын 
зерттеуге байланысты көмектің қажет екендігіне көңіл аударту;  ҚР ҚПК 
сегізінші  тараудың  203  бабында  қарастырылған  тергеу  немесе  соттық 
әрекет  шеңберінде  нысандарды  толық    немесе  ішінара  жойылуын 
келтіретін зерттеулер жүргізу, зерттеулердің сыртқы түрін немесе негізгі 
қасиеттерін  өзгерту,  хаттамада  нәтижесі  және  орындау  тәртібі 
көрсетілген  іс  материалдары  немесе  қылмыстық  іске  қоса  тіркелген 
ресми  құжаттан  басқасы;  өзі  қатысқан  тергеу  хаттамасымен  танысуға, 
сонымен  қатар  сот  отырысының  хаттамасына  өзі  қатысқан  зерттеу 
нәтижелерінің  дұрыстығы  және  толығымен  болуы,  кемшіліктерін  және 
өтінішін  хаттамаға  енгізуге;  қылмыстық  үрдісті  жүргізіп  отырған 
органның  әрекетіне  шағым  түсіруге;  аудармашыға  қарсылық  білдіру; 
қауіпсіздік  шарасы  ретінде  өтініш  беру;    тергеу  немесе  сот  әрекетіне 
байланысты  кеткен  шығындардың  өтелуін,  қызметтік  міндетіне 
кірмейтін іс бойынша сараптама жүргізгені үшін сыйақы алуға құқылы.
 
ҚР  ҚПК    83  баптың  3  бөліміне  сәйкес,  соттық-ветеринариялық 
сарапшы 
алдына 
қойылған 
сұрақтарына 
байланысты, 
істің 
материалдарымен  танысуға  құқығы  бар.  Істің  барлық  мән-жайларын 
зерттеп, сонымен қатар сараптау мақсаттарын білуі керек. Сарапшы іске 
қатысты  тараптарға  ауызша  не  жазбаша  сұрақтар  қоя  алады  және  оған 
сәйкесінше  жауап  алуы  керек.    Егер  сарапшыға  қорытындылауға 
материалдар  аз  болса,  қосымша  материалдарды  сұрауға  құқығы  бар 
немесе  сарапшылықты  тағайындаған  органға  қорытындыны  бере 
алмайтынын  хабарлауы  тиіс.  Сарапшыға  қосымша  материалдарды, 

 
22 
әртүрлі мекемелермен немесе жеке адамдардан алуға тыйым салынады.  
Бұл  міндет  тергеушіге  міндеттеледі.  Егер  де  қорытынды  беруге 
жіберілген  материал  жеткіліксіз  болса,  сарапшы  қосымша  материал 
талап етуге құқығы бар немесе қорытынды беруден бас тартуға болады. 
Сарапшыға  қойылған  сұрақтар  оның  арнайы  біліміне  сәйкес  келмесе, 
қорытынды беруден бас тартуға болады.  
 
 
 
 
Соттық  іске  қатысушылар,  сарапшы  берген  қорытындысы 
бойынша  қосымша  сотта  іске  қатысты  жауап  алулары  мүмкін. 
Сарапшыға  алдымен  сот  төрешісі,  кейін  айыптаушы,  азаматтық 
арызданушы,  азаматтық  жауап  беруші,  қорғаушы  және  айыпталушы 
сұрақтар  қояды.  Қорытынды  беру  аяқталысымен  және  соттың 
тексеруінен  кейін  сарапшы  келесі  сот  отырыстарына  келуден 
босатылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сарапшының  соттық  іс  материалдарымен  толық  танысудың 
маңызы  өте  зор.  Осы  материалдармен  толық  таныспай,  қойылған 
сұрақтарға  дұрыс  жауап  бермеу,  кейде  материалды  әрі  қарай  зерттеу 
мүмкіндігінің болмауына әкеледі.   
 
 
 
 
Мысалы,  өлексені  жарып-сою  барысында  зарарсыздандырғыш 
химиялық  заттарды  қолдану,  жануардың  осы  тектес  химикалимен 
улануларының анықтау мүмкіндігі жоққа шығарылады. 
 
 
 
Жануарды жарып-сою барысында зарарсыздандырғыш зат ретінде 
сілтіні  қолданғаны  туралы  мәлімет  бар.    Сол  кезде  осы  іс  бойынша 
жануар  күйдіргіш  натрмен  улануын  анықтау  қажет  болған.  Кейіннен 
өлексе ағзаларына күйдіргіш натр қандай жолмен түсуін анықтау мүмкін 
болмады.  Егер  де  жарып-союды  жүргізген  дәрігер  алдын-ала  іс 
материалдарымен  танысқан  кезде,  ол    зарарсыздандырғыш  зат  ретінде 
сілтіні  емес,  басқа  зарарсыздандырғыш  сұйықтықты  қолданған  болар 
еді.  Бұдан  басқа,  алдын-ала  тергеу  мәліметтеріне  қатысты  сынның 
жеткіліксіздігі кейде сарапшының қорытындысының дұрыстығына және 
дәлелді болуына нұқсан келтіреді.   
 
 
 
 
 
 
Келтірілген 
мысалда, 
сарапшының 
бір 
жағынан 
іс 
материалдарымен  міндетті  түрде  танысуы,  екінші  жағынан  фактілерді 
бағалау кезінде толығымен  әділдікті сақтауы қажет екендігін көрсетеді.
 
Егерде  сот  отырысында  жаңа  деректер  анықталып  жатса, 
алғашқыда берілген қорытындыға сарапшы өзгертулер немесе түзетулер 
енгізе алады. Қайта ұсынылған іс материалдарымен толығымен танысып 
зерттеу    үшін,  соттан    бірнеше  уақыт  беруді  сұрауға  құқығы  бар. 
Сарапшы нақты ғылыми дәлелденіп зерттелген мәліметтерге негізделеді. 
Ол  жорамалдар  айтпай,  ал  нақты  шындықты  ықтималдықтан  бөліп 
көрсетуі  қажет.  Айқын  емес  жағдайларда,  жеткіліксіз  негізделмеген 
пікірлерімен  істі  шатыстырғанша,  ең  дұрысы  қорытынды  беруден  бас 
тартуы керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Соттық  сарапшының  міндеттері  маңызды  және  жауаптыболып 
саналады. Арнайы  құқықтар, міндеттер және жауапкершіліктер берілген 

 
23 
соттық-ветеринариялық  сарапшы  ретінде  тағайындалғанда,  дәрігер  кез-
келген соттық сарапшының қызметінің негізіне жататын, қолданыстағы 
барлық  заң  ережелерін  басшылыққа  алуға  міндетті.  Сарапшы  өз  еңбегі 
үшін сыйақы алуға құқығы бар. 
 
 
 
 
 
 
 
Өзінің  біліктілігіне  қатысты  барлық  сұрақтар  бойынша  дұрыс, 
объективті,  толыққұнды  қорытынды  беру  үшін,  сарапшы  өзіне 
байланысты  барлық  тапсырмаларды  орындауға  міндетті.  Бұл  үшін 
сарапшы  барлық  білімі  мен  тәжірибесін  қолданып,  ал  қажет  болған 
жағдайда  қол  жетімді  арнайы  әдебиеттерді  оқуы    қажет.  Ол  зерттеуге  
жататын  барлық  фактілерді  анықтап,  нақты  және  егжей-тегжейлі 
айқындау қажет.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сарапшы  міндетін  атқару  мемлекеттік  міндет  болып  табылады, 
сондықтан  себепсіз  жағдайларсыз  мамандардың  және  білікті 
адамдардың  ешқайсысының  жұмысты  орындаудан  бас  тартуға  құқығы 
жоқ.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сарапшы міндетті: 
 
 
 
 
 
 
 
 
-белгіленген  уақытта  соттың,  тергеушінің  шақыруына  келу. 
 
Маманның  дәлелді  себептерімен  келмей  қалуы  ҚР  ҚПК  158 
баптың  2  бөліміне  (адамның  келуіне  мүмкіндік  бермейтін  ауру 
себептері,  жақын  туған-туысқандарының  қайтыс  болуы,  апатты 
жағдайлар,  және  де  белгіленген  уақытта  адамның  келуіне  мүмкіндік 
бермейтін жағдайлар) сәйкес қарастырылған.    
 
 
Сарапшы  өзін  шақыртқан  органға,  белгіленген  уақытта  келуіне 
мүмкіндік бермейтін дәлелді себебі туралы ескертуі қажет; 
 
 
-соттық  істі  қарастырғанда  немесе  тергеу  үрдісінде  анықталған 
мәліметтерге  сүйене  отырып,  өзінің  қорытындысын  беріп,  істі 
талқылағанда  қатысуы  керек.  Егер  сарапшы  қандай  да  бір  сұрақтар 
бойынша  біліктілігі  жетпесе  немесе  істің  қорытындысын  шығаруға  өз 
қызығушылығы болса,  онда сотқа немесе тергеушіге өзі айтуы тиіс; 
 
- өзі орындайтын жұмыстар туралы анықтамалар беруге;   
 
-тергеу  құпиясын, яғни  іске  қатысы  бар  мәліметтерді, істі  зерттеу 
кезінде анықталған немесе басқа жағдайларды жарияламау.   
 
ҚР ҚПК 53 баптың 7 бөліміне сәйкес анықтауыш органның және 
алдын-ала  тергеудің  құпиясын  сақтау  тиіс.  Қылмыстық  тергеу 
органдарының  рұқсатымен  іс  материалдарын,  егерде  бұл  тергеу 
мүддесіне  қарама-қайшылық  тудырмаса  және  басқа  тұлғалардың  заңды 
мүдделерін  және  құқықтарын  бұзумен  байланысты  болмаса,  қандай-да 
бір көлемде ықтимал бөлімін беруге, жариялауға рұқсат етіледі. ҚР ҚПК 
53 баптың 8 бөліміне сәйкес қылмыстық тергеу органдары мамандарды 
олардың  рұқсатынсыз  іске  қатысты  мәліметтерді  жариялауға 
болмайтыны  жайлы  ескертіп  және  жауапкершілігі  туралы  айтып 
жазбаша қолхат алуға құқығы бар; сот 
отырысы 
және 
тергеу 
жұмыстарын орындау кезінде тәртіпті  сақтау.  
 
 
 
 
Маманның  (сарапшы)  дәлелді  себептерсіз  өзінің  жауапкершілігін 

 
24 
орындамау немесе бас тартқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады (ҚР 
ҚПК 84 бап 4 тармақ).   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет