Б. С. Майқанов ю. А. Балджи б. Ж. Айтқожина


 Сарапшының өз тарапынан бастамалар беруге құқығы



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата06.12.2019
өлшемі4,27 Mb.
#53068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
index
planir zemlep kurs lekcij na kaz yaz 2, Орман кейс

1.4.1 Сарапшының өз тарапынан бастамалар беруге құқығы 
 
  Сараптауды жүргізу сарапшының өз тарапынан бастамалар беруге 
құқығы  болуы  қағидалық  мәнге  ие,  ол  «сараптауды  жүргізуге  берілген 
тапсырмада  көрсетілмеген,  іс  материалдарының  маңызды  жаңа 
жағдайларын,  кәсіби  тәжірибесіне  және  арнайы  білімдеріне  негіздеп, 
анықтауға 
бағытталған 
сарапшы 
қызметі» 
деп 
анықталады.  
 
Сарапшының  өз  тарапынан  бастамалар  беруге  құқығы  ҚР  ҚПК  3 
бөлімінде,  сонымен  қатар  4  тармақтың  12  бабы  Қазақстан 
Республикасының  «Соттық  сараптау  туралы»  Заңында  бекітілген.  Ол 
келесідей  түрде  болады:  сарапшының  өз  тарапынан  бекітілген  және  іс 
материалдарына 
маңыздылығы 
бар 
бастамасы, 
сараптаманы 
тағайындаған  органның  келісімі  бойынша,  сарапшы  тек  қана  алдына 
қойылған сұрақтарға ғана емес, сонымен қатар өз біліктілігіне қатысты 
басқа да жағдайларға байланысты қорытынды беруге құқығы бар.  
 
Тергеуші  сарапшыға  берілетін  тапсырманың  көлемін  бекіте 
алмайды,  өйткені  соттық  сараптаудың  жаңа  мүмкіндіктері  туралы 
ақпарат,  ереже  бойынша,  тергеушіге  (сотқа)  кешіктіріп  жетеді, 
сондықтан  сараптауды  тағайындайтын  органдарға  осыған  сәйкес 
норманы қабылдау қажеттілігі туындайды.  
 
 
 
 
 
Келесі жайтты атап кету керек, сарапшылар зерттеу үрдісі кезінде, 
алдына  қойылған  тапсырмалардан  тыс,  іске  маңызы  бар  жаңа 
мәліметтерді және ақпараттарды анықтайтын мүмкіншілгі бар.   
 
Сарапшының  өз  тарапынан  бастамалар  беру  туралы  норманы 
еңгізуде,  нақты  қылмыстық  істердің  материалдарын  толығымен 
зерттеуге,  арнайы  білімдерін  қолдану  аясын  кеңейтуге,  сонымен  қатар 
соттық  сараптаудың  жаңа  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруды  бір  мезгілде 
орындауды  насихаттайды.  Дегенмен  сарапшының  өз  тарапынан  берген 
бастамалары  сұрақтарына  жеңілдетілген  қарым-қатынас  жіберілмейді. 
 
Біріншіден,  үрдістің  сипатына  байланысты  аспектілерді  ескеруі 
тиіс,  негізінен  келесі  фактіні,  яғни  тараптың  ынтасымен  сараптама 
жүргізу барысында сарапшы олармен келіспей сұрақтар қоюға және оны 
шешуге  құқығы  жоқ,  өйткені  соттық  сараптау  қызметімен  тараптың 
мүддесін  «қорғайтын»  жаққа,  үрдіске  қатысушының  жағдайына, 
сарапшының анықтаған мән-жайлары керісінше әсер етуі мүмкін. 
 
Екіншіден,  сарапшы  тарапынан  бастама  тек  тергеушінің 
қаулысында  көрсетілген  нысандарға  ғана  қатысты  болады.    Кей 
жағдайларда егер сарапшы қаулыда көрсетілмеген нысандарды зерттесе, 
онда  ол  заңды  тікелей  бұзғаны  болып  есептеледі,  өйткені  сарапшы  өзі 
анықтаған нысан бойынша өздігінен айғақтық заттарды жинайды, ал бұл 
өз  кезегінде  оның  процессуалдық  құзырлылығы  шегінен  шығуы  болып 

 
25 
табылады.  Осыған  байланысты,  сарапшы  зерттеу  үрдісі  кезінде 
анықталған,  жаңа  нысандардан  алынған  ақпараттарды,  барлық 
процессуалдық ережелерді сақтай отырып, оқиға орнын қосымша қарау 
хаттамасында тергеуші көрсетуі қажет. 
 
1.4.2 Сарапшының орындаған жұмыстарына сыйақы алуы 
 
 
ҚР  ҚПК  21  тарау  173  бабының  ережелері  бойынша  сараптаманы 
жүргізуге  байланысты  шығындардың  орнын  толтыру,  сонымен  қатар 
сарапшының еңбек ақысын төлеу орындалады: 
  1.  Қылмыстық  іс  бойынша  сәйкесінше  жұмыстар  орындаған 
сарапшы, маман, аудармашы келесідей еңбек ақы алады:   
 
 
1) егер қызметтік тапсырмалар ретінде жұмысты орындаса-жұмыс 
орнынан еңбек ақы төленеді;  
 
 
 
 
 
 
 
2)  егер  орындалған  жұмыс  олардың  лауазымды  міндеттері 
шеңберіне  кірмесе  және  жұмыс  уақытынан  тыс  жасалса  -  Қазақстан 
Республикасының  Үкіметімен  бекітілген,  республикалық  бюджет 
есебінен мөлшерлеме шегінде сыйақы төленеді; 
 
 
 
 
3) егер де жұмыс осы тараппен уағдаластық бойынша орындалса, 
онда  тараппен  келісім-шарт  бойынша  нақтыланған  көлемде  сыйақы 
алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.  Бірінші  тарау  173  баптың  2  тармағында  сарапшының, 
маманның, аудармашының ұсынған есебі негізінде,  қылмыстық үрдіске 
жетекшілік етіп отырған органның шығарған қаулысына сәйкес сыйақы 
төленетіні көрсетілген.  
 
 
 
 
 
 
 
ҚР  ҚПК  174  бабына  сәйкес  қылмыстық  сот  ісін  жүргізу  тіртібі 
бойынша сарапшының келесі шығындары өтеуге жатады:    
 
 
1)  қылмыстық  үрдіске  жетекшілік  етіп  отырған  органның, 
шақыруы бойынша келген шығындар:
 
 
 
 
 
 
 
- аталған жерде бар, теміржол, су, автомобиль (таксиден басқасы) 
көлігімен  және  көліктің  басқа  түрлерімен,  ал  қылмыстық  үрдіске 
жетекшілік  етіп  отырған органның  келісімімен  әуе  көлігімен  жол  жүру 
құны;  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
-шарт 
бойынша  ұйыммен,  жұмыс  берушімен  өтелмейтін 
шығындар,  қызметтік  іссапарлар  төлеу  үшін  қабылданған,  нормалар 
бойынша тұрғын бөлмелер жалдаудың құны;   
 
 
 
 
2)  тұрақты  тұрып  жатқан  орнынан  тыс  және  шарт  бойынша 
ұйыммен,  жұмыс  берушімен  өтелмеген  кезде,  қылмыстық  үрдіске 
жетекшілік  етіп  отырған  органның  талабы  бойынша,  жалға  алып  тұру 
қажеттілігі туындағанда тәуліктік ақы төлеу;   
 
 
 
 
3)  ұйыммен,  жұмыс  берушімен  орташа  еңбек  ақысы  қорғалған 
жағдайдан басқа, қылмыстық сот ісіне қатысу үшін, қылмыстық үрдіске 
жетекшілік  етіп  отырған  органның  талабы  бойынша  барлық  кеткен 
уақытына  орташа  еңбек  ақысы.  Мемлекеттік  органдар,  ұйымдар 

 
26 
қылмыстық  сот  ісіне  қатысу  үшін,  қылмыстық  үрдіске  жетекшілік  етіп 
отырған  органның  талабы  бойынша  барлық  кеткен  уақытына 
сарапшының орташа еңбек ақысын сақтауға міндетті; 
 
 
 
4)  сот  ісіне  қатысу  үшін,  қылмыстық  үрдіске  жетекшілік  етіп 
отырған  органның  талабы  бойынша  процессуалдық  әрекеттер  немесе 
тергеу  жұмысын  жүргізу  кезінде  тұлғалардың  мүлігінің  сапасының 
төмендеуі  немесе  шығындалса,  мүлік  алуға  немесе  қалпына  келтіруге 
кеткен шығындар.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Сарапшыға  жүктелген  жұмысты  орындауға  шығындалған 
материалдар  мен  химиялық  реактивтер  құны,  сонымен  қатар  жұмысты 
орындауға  қолданылған  құрал-жабдықтардың,  коммуналдық  қызмет 
және  тұтынылған машина уақыты өтеледі. 
 
 
 
 
Бекітілген  заңнамаға  сәйкес,  қылмыстық  істі  орындауға  кеткен 
шығындар,  соттық  шығыстар  соммасына  кіретіндіктен,  қылмыстық 
үрдіске  жетекшілік  етіп  отырған  органның  қаулысы  негізінде 
сарапшының өтініші бойынша өтелуге жатқызылады. ҚР ҚПК бекітілген 
жағдайлары  бойынша,  шығындар  сарапшыны  қатыстырған  тараппен, 
сонымен  қатар    қылмыстық  үрдіске  жетекшілік  етіп  отырған  органның 
өз ынтасымен өтеледі.  
 
1.5 Сарапшыға наразылық білдіру 
 
ҚР  ҚПК  11  Тарау,  89  бабына  сәйкес,  қылмыстық  істі  жүргізуге 
наразылық  білдіретін  жағдайлар  анықталса,  сарапшы  қылмыстық  істі 
жүргізуден  бас  тартуға  міндетті  немесе  қылмыстық  процесстің 
қатысушылармен қарсылық білдіруі тиіс. 
 
 
 
 
Ветеринарлық дәрігер келесі жағдайларда сарапшы бола алмайды: 
соттық  іске  қарауға  қатысушы  тұлғалармен  туыстық  қатынаста  болса; 
егер  де  аталған  мал  шаруашылығында  алдында  зерттеу  жұмыстарын 
орындаса  және  зерттеу  материалдары  істі  қозғауға  негіз  болған 
жаңдайда;  егер  де  осы  іске  қатысты  куәгер  болса;  егер  де  істің 
қорытындысына  жанама  және  тікелей  қызығушылығы  болса  немесе 
айыпталушы  немесе  жәбірленуші  тараптарынан  қызметтік  тәуелділікте 
болса.  Жоғарыда  аталған  шарттардың  біреуі  бұзылса  сарапшыға 
наразылық білдіруге немесе өздігінен бастартуға негіз болуға жеткілікті 
болып табылады.  
Тергеуші  және  соттың  немесе  тараптардың 
талабы 
бойынша 
сарапшыға 
наразылық 
білдіру 
жүргізіледі. 
Сараптаманы тағайындағаннан кейін, наразылық білдіруге негіз болатын 
жағдайлар анықталса, сот сарапшыға наразылық білдіреді және жаңадан 
сараптаманы тағайындайды.   
 
 
 
 
 
 
 
Ветеринарлық  мамандардың  қызығушылығын  ескере  отырып, 
өздері  қызмет  атқаратын  шаруашылықтардың  малдары  өлгенде  немесе 
ауру  пайда  болу  жағдайларына  қатысты  сұрақтарды  тексеру  кезінде, 
сонымен  қатар  профилактикалық  және  емдік  шараларды  жүргізуге 

 
27 
жауапты 
болып 
табылатындықтан, 
осы 
шаруашылықтардың 
ветеринарлық  мамандарын  соттық-ветеринариялық  сарапшы  ретінде 
тағайындауға  болмайды.  Соттық–ветеринариялық  сарапшы  ретінде 
басқа шаруашылықтар мен ұйымдардан мамандарды тағайындау қажет.
 
Тергеуші сарапшыны таңдау кезінде, зоовет қызметкерлердің өзіне 
жүктелген  жұмыс  аумағындағы  жүргізілген    зоотехникалық  және 
ветеринарлық шараларға толығымен жауапты болуы, сондықтан аталған 
аумақта  зоотехникалық  және  ветеринарлық  ережелердің  бұзылуымен 
байланысты қылмыстың қорытындысына, қызығушылығы бар екендігін  
есінде  мұқият  сақтауы  тиіс.  Осыған  байланысты,  ветеринария  және 
зоотехния  саласындағы  сарапшыларды,  басқа  аумақта  немесе  басқа 
мекемелерде қызмет атқаратын мамандардан таңдау керек.  
 
 
Қазақстан Республикасының №188 1997 жылдың 12 қарашасында 
«Соттық  сараптау  туралы»  Заңына  сәйкес  келесі  адамдарға  соттық 
сараптама жүктелмейді: 
 
 
 
 
 
 
 
 
1) заң бойынша әрекеті шектелген және әрекет етуге қабілеті жоқ 
деп бекітілген;   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2) бұрын сотталған
 
 
 
 
 
 
 
 
3)  соттық-сараптау  қызметін  жүргізуге  байланысты,  қызметінен 
теріс әрекеттері үшін шығарылған.  
 
 
 
 
 
 
Бұдан  басқа,  егерде  сарапшының  біліксіздігі  анықталса,  онда 
қылмыстық істі жүргізуге қатыса алмайды (ҚР ҚПК 11 тарау, 96 бап). 
 
Қазақстан  Республикасының  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар 
заңнамасында 
немесе 
қылмыстық-процессуалдық, 
азаматтық 
процессуалдық  заңнамамен  соттық  сараптаманы  жүктеуге  болмайтын 
өзге жағдайлар қарастырылған. 
 
 
 
 
 
 
 
Қылмыстық  істі  жүргізіп  отырған  жетекші  сарапшыға  наразылық 
білдіруге  қатысты  сұрақтарды  өз  ынтасымен  шешуге  құқығы  бар.
 
Дегенмен,  сарапшыға  қатысты  нақты  негіздемелер  анықталса, 
өздігінен бас тартуы қажет.  Соттық  сараптау  органының  қызметкері 
сарапшының  басшылығына  жазбаша  түрде  өтініш  жазады.  Сарапшыға 
наразылық  өзге  үрдіске  қатысушылар    білдіруі  мүмкін.  Сарапшыға 
наразылық  дәйектелген  болуы  тиіс.  Сарапшыға  наразылық  білдіру 
бойынша сұрақты қылмыстық істі жүргізіп отырған орган шешеді. 
 
1.6 Сарапшының қорытындысы 
 
Сарапшының  қорытындысы  -  арнайы  ғылыми  білімдерді  қолдана 
отырып,  зерттелген  нысандардан  алынған  нәтижелеріне  негізделетін, 
яғни  іске  маңыздылығы  бар,  арнайы  ғылыми  білімдерді  қолданып, 
мұқият тексерілген дәлелдерге сүйенетін істі жүргізіп отырған органның 
немесе  тараптардың  сарапшы  алдына  шешуге  қойған  сұрақтардың 
жазбаша түрде ұсынылған шешімі (ҚР ҚПК 120 бап).  
 
Қорытынды  тек  соңғы  шешімдерден  ғана  емес,  сонымен  қатар 

 
28 
олардың  толығымен  негізді  дәйектемесі  бар,  сарапшының  тікелей 
өзіндік  зерттеулері  нәтижелеріне  немесе    сараптаудан  тыс  анықталған 
айғақтардың жиынтығына негізделіп жазылуы тиіс.   
 
 
 
Сарапшының қорытындысы барлық басқа дәлелдермен бір қатарда 
тұрады  және  қылмыстық  істің  барлық  жағдайларының  жиынтығын 
тергеуші,  прокурор,  сот  бағалайды.  Сарапшының  атқаратын  қызметі, 
беделі, білімдарлығы өз бетінше, егер де олар өте жоғары болса да, оның 
қорытындысын  соңғы  және  үздік  деп  мойындауға  негіз  бола  алмайды. 
Сарапшының  қорытындысын  бағалаған  кезде,  оның  шешімдері  іс 
бойынша  жинақталған  басқа  дәлелдермен  сәйкестілігі,    сарапшының 
қолданылған 
ғылыми 
жағдайларының 
дәйектілігі 
тексеріледі. 
Сарапшының  қорытындысында  қашан  жіне  кіммен  жазылғаны,  онда 
қойылған  сұрақтарға  айқын  жауаптар  және  зерттеу  үрдісі  баяндалуы 
тиіс.  Қажетті 
жағдайларда 
қорытындыны 
паталогоанатомиялық 
препараттармен,  фото  суреттермен,  сызба–нұсқалармен  және  т.б. 
безендірілуі  мүмкін.  Сарапшы  істе  көрсетілмеген  және  сараптау 
үрдісінде  анықталған,  іске  маңыздылығы  бар  барлық  жаңа  айғақтар 
туралы, міндетті түрде тергеу және құқық қорғау органдарына мәлімдеу 
керек.  Сарапшы  бұрын  берген  қорытындымен  байланыспайды, 
сондықтан  жаңа  айғақтар  анықталған  жағдайда,  ішінара  немесе 
толығымен 
өзгертуіне 
болады. 
Сарапшы 
қорытындысының 
айқындылығы  жеткіліксіз  немесе  толық  болмаса,  сот  қосымша 
сараптаманы  тағайындауы  мүмкін,  ал  бірнеше  сарапшылардың 
қорытындыларында 
қарама-қайшылық 
анықталғанда, 
қайталама 
сараптама  тағайындалады,    оны  өзге  сарапшыға  немесе  өзге 
сарапшыларға жүктейді.    
 
 
 
  Сарапшының  алдында  берген  қорытындысы  бойынша  мәлімдеп 
ауызша  түсініктеме  бергені дәлел болып саналады  (ҚР ҚПК  120 бап, 2 
тармақ).    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қылмыстық  үрдісті  жүргізіп  отырған  органға  сарапшының 
қорытындысы 
міндетті 
болып 
саналмайды, 
дегенмен 
оның 
қорытындымен келіспеуі дәйектелген (ҚР ҚПК 120 бап, 3 тармақ) болуы 
шарт. 
 
1.7 Сарапшының жауапкершілігі 
 
Қазақстан  Республикасының  «Соттық  сараптау  туралы»  Заңының 
13  бабына  сәйкес,  сарапшының  өз  міндеттерін  лайықсыз  орындауы 
немесе орындамауы жауапкершілікке  тартылады.    
 
 
 
Бұзушылықтың  сипатына  байланысты  тәртіптік,  материалдық, 
әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері бар. 
 
 
 
ҚР  ҚК  352 бабына сәйкес  сарапшының  сотта немесе  тергеу  және 
анықтауыш  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  жалған  қорытынды  беруі, 
жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткіш немесе бір айдан екі айға дейін 

 
29 
еңбек  ақысы  не  басқа  да  табысына  айыппұл  салынады,  жүз  сексен 
сағаттан  екі  жүз  қырық  сағатқа  дейін  қоғамдық  жұмыстар  жасауға, 
немесе  екі  жылға  дейін  түзету  жұмыстармен  немесе  үш  айға  дейін 
мерзімге тұтқындаумен жазаланады.  
 
 
 
 
 
Адамды пайда табу мақсатымен ауыр немесе ауыр қылмыс жасау 
бойынша  кінәсін  жалған  дәлелдей  отырып,  жазалау,  яғни  пайда  көру 
мақсатында  жасаған  қылмысы  үшін  бес  жылға  бас  бостандығынан 
айырумен жазаланады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Егер сот үкімі немесе шешімі шықпас бұрын, анықтау жұмыстары, 
алдын  ала  тергеу  немесе  сот  істі  қарау  кезінде,  сарапшы  өз  еркімен 
жалған  қорытынды  бергені  туралы  хабарласа  жауапкершіліктен 
басатылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сарапшының  ешбір  арам  пиғылсыз  берген    қате  қорытындысы  
үшін  тәртіптік  және  моральдік  жауапкершіліктен  босатылмайды.  
Алдына  қойылған  сұрақтарды  шеше  алмау  себебінен,  негізделмеген 
қорытынды    шығарғаны  үшін  жауапкершілікке  тартылу  осылайша 
шешіледі.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сарапшының  моральдік  және  этикалық  нормаларға  жатпайтын 
әрекеттер  жасаған  жағдайда,  сонымен  қатар  сараптау  мамандығына 
байланысты  алдына  қойған  сұрақтарды    шешуде  маманның  білімсіздігі 
анықталса, соттық сарапшы біліктілігінен айырылады. 
 
 
Соттық  сараптау  органының  қызметкері  болып  табылатын 
сарапшы,  тәртіпті,  сараптау  жүргізу  уақытын  бұзғаны  және  қызметтік 
міндеттерді  жауапсыз  орындағаны  үшін  тәртіптік  жауапкершілікке 
тартылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Сарапшы  дәлелді  себептерсіз  істі  қарастыруға  келмей  қалуы, 
сонымен  қатар  негізделген  себепсіз  өз  міндеттерін  орындаудан  бас 
тартқаны  немесе  жалтарғаны  үшін  жауапкершілікке  тартылады. 
Сарапшы  өзінің  қорытындысына,  әдейі  жалған  түсінік  бергеніне, 
сонымен қатар тергеушінің рұқсатынсыз тергеу құпиясын жариялағаны 
үшін толығымен жауапты болып табылады (ҚР ҚПК 84 бап, 4 тармақ). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
30 
2 ТАРАУ  
 
СОТТЫҚ-ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ 
САРАПТАУДЫҢ  ТҮРЛЕРІ 
 
 
 Соттық  медицинада  сараптама    екі  түрде 
жүргізіледі:  1)  мемлекеттік  (лауазымдық);  2) 
еркін. 
Мемлекеттік  (лауазымдық)  сараптама  кезінде  сарапшы  ретінде 
арнайы  дайындығы  бар  соттық-медициналық  сарапшы  қызметін 
атқаратын дәрігер орындайды.   
Соттық-медициналық  сарапшы  болмағанда  сараптаманы  жүргізуді 
құқық  қорғау  органдарының  қызметкері  кез  келген  дәрігерге  тапсыруы 
мүмкін.  Бұл  жағдайда  оны  сарапшы  –дәрігер  деп  атайды.  Бұл-  еркін 
сараптамаға жатады. 
  Соттық-  медициналық  сараптамаға  алғашқы,  комиссиялық, 
кешендік, қосымша және қайталама сараптау түрлері жатады.  
 
Алғашқы сараптама-іс бойынша алғашқы рет тағайындалады және 
оны бір сарапшы жүзеге асырады.   
 
 
 
 
Комиссиялық  сараптама-  күрделі  зерттеулер  жүргізу  қажеттілігі 
туындағанда,  мамандықтары  бірдей  соттық  сарапшылар  жүргізетін 
комиссиялық  соттық сараптама.    
 
 
 
 
 
Кешендік сараптама-егер істі анықтау үшін әр түрлі саладағы іске 
қатысты  маңызды  білімдер  қажет  болған  жағдайда,  әртүрлі 
мамандықтағы  соттық  сарапшылар  жүргізетін  комиссиялық  соттық 
сараптама.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Қосымша  сараптама-алдындағы  сарапшы  жүргізген  сараптама 
нәтижесінің  қорытындысы  айқын  немесе  толық  болмаған  және  алдына 
қойылған  сұрақтарды  шеше  алмаған  жағдайда,  сонымен  қатар 
алдындағы сараптамамен байланысты қосымша сұрақтарды шешу үшін 
жүргізілетін соттық сараптама.  
Қайталама 
сараптау-алдындағы 
сарапшы  жүргізген  сараптама  нәтижесінің  қорытындысы  жеткілікті 
негізделмеген  және  оның  дұрыстығы  күдік  туғызған  жағдайда  немесе 
сараптаудың  өндірістік  процессуалдық  талаптары  бұзылған  жағдайда 
жүргізілетін соттық сараптама.  
 
Соттық-ветеринарияда арнайы сарапшы қызметін атқаратын дәрігер 
болмағандықтан еркін сараптама ғана жүргізіледі.   
 
 
Соттық-ветеринариялық сараптама түрлері: 
1) кешенді; 
2) сот мәжілісіндегі; 
3) азаматтық іс бойынша
4) соттық іс материалдары бойынша; 
5) заттық айғақтар сараптамасы.    

 
31 
2.1 Кешенді сараптау 
 
  Күрделі  соттық-ветеринариялық  сараптау  кезінде  кейбір  күрделі, 
мәселені  шешу  мақсатында  жүргізілген  зерттеулерге  кейде  кешенді 
сараптау  қолданылады.  Кешенді  сараптаманы  әр  түрлі  мамандар  тобы 
(ветеринариялық дәрігер, зооинженер, агроном және т.б.) құқық қорғау 
органдарының  қызметкерлері  тағайындауымен  жүргізіледі.  Сараптау 
барысында  сұрақтарды  шешу  үшін  зерттеулерді  әр  түрлі  мамандардың 
өз  біліктілігінің  шегінде  жүргізілуі  керек.  Бұл  мамандар  бір  мақсатта 
бір-бірімен байланысқан күрделі зерттеу сараптамасын жүргізіп, бірлесе 
отырып шешім қабылдауы тиіс.    
 
 
 
 
 
ҚР  ҚПК    250  баптың  32  тарауына  сәйкес,  кешенді  сараптаудың 
қорытындысында  қандай  зерттеулер  жүргізілгендігі,  әрбір  сарапшы 
қандай  көлемде  жұмыс  атқарғаны  және  қандай  қорытындыға  келгені 
көрсетілуі тиіс. Содан кейін, әр бір сарапшы өзінің орындаған бөлімінің 
қорытындысына қолын қояды.  
 
 
 
 
 
 
Әр  бір  сарапшы  жүргізген  зерттеу  нәтижесінің  қорытындысын 
негізге  ала  отырып,  ортақ  тұжырым  жасап,  қорытынды  шығарады. 
Ортақ  қорытындыға  (тұжырым)  біліктілігі  бар  сараптау  жүргізген 
сарапшылар тұжырымдап қол қояды. Егер қорытынды нәтижені немесе 
бір  бөлімді  тек  бір  сарапшының  шешімімен  тұжырымдалса,  ол  туралы 
қорытындыда көрсету қажет.  
 
 
 
 
 
 
Сарапшы  комиссияның  мүшелері  алынған  нәтижелерді  бірлесе 
отырып  талдайды  да  ортақ  шешімге  келеді  немесе  қорытынды  бере 
алмауы жөнінде хабардар етеді. Егер сарапшылар арасында қорытынды 
нәтижесі  бойынша  қарама-қайшылық  туындаған  жағдайларда,  әр  бір 
сарапшы жеке-жеке қорытынды жасайды немесе комиссия мүшелерінің 
пікірімен  келіспейтін  сарапшы  жеке  тұжырым  жасап  қорытынды 
шығарады. (ҚР ҚПК 32 тарау 249 бап 4 б.). 
 
 
 
 
Соттық  сараптау  жүргізуге  тапсырған  органының  жетекшісіне, 
кешенді сараптауды жүргізуді ұйымдастыру жүктеледі. Соттық сараптау 
органының  жетекшісі  тергеушінің  қаулысы  бойынша  кешенді 
сараптауды ұйымдастыру және орындау үшін өзіндік шешім қабылдауға 
құқығы  бар  (  ҚР  ҚПК  5  б.  32  тарау,  250  бап).  Кешенді  соттық-
ветеринариялық  сараптаманы  қолдану  бойынша  келесі  мысалды 
келтіруге болады, «Б» совхозында ірі қара малдың жаппай ауруына және 
20 бастан көп сиырды лажсыздан союына байланысты  жүргізілді. 
 
Кешенді сараптауға мал дәрігерлер-клиника маманы, паразитолог, 
індеттанушы, патологоанатом, сонымен қатар зоотехник қатысты.  
Сарапшылардың алдында келесідей сұрақтар қойылды: 
1. 
Көптеген малдың ауруға ұшырауына не себеп болды? 
 
2. Малды союдың себебі? 
 
 
 
 
 
 
 
3.  Малдардың  жаппай  ауыруына  жайылымда  жоңышқамен 
азықтануы себеп болды ма?   
 
 
 
 
 
 

 
32 
 
4. Жіті инфекциялық аурулар болған жоқ па?    
 
 
 
5.  Малдардың  улануы  болды  ма,  болса  удың  қандай  түрімен? 
 
Сонымен  кешенді  сараптама  кезінде  заттық  айғақтар  көптеген 
мамандармен жан-жақты зерттелінеді.   
 
  2.2 Сот мәжілісіндегі сараптама.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет