Б. С. Майқанов ю. А. Балджи б. Ж. Айтқожина



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата06.12.2019
өлшемі4,27 Mb.
#53068
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
index


 
 
 
 
 
 
 
Соттық-ветеринарлық  сараптау  қорытындысы  келесідей  тізбек 
бойынша баяндалады:  
Мен  жүргізген  жануар  өлексесін  соттық-ветеринарлық  жарып-сою 
негізінде .....  және құжаттардағы мәліметтерге сүйене отырып, келесідей 
қорытындыға келдім, жануар өлімінің себебі ....... (негізгі және қосымша 
аурулар, олардың ұзақтығы, өлімнің тікелей себебі жазылады).    
 
 Қорытынды  ғылыми  негізделген,  дәйекті  болып  және  сарапшыға 
соттық-тергеу  органдарымен  қойылған  сұрақтарға  жауаптардың  болуы 
шарт.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Егер  жүргізілген  сараптау  нәтижесінде,  іске  маңызды  сұрақтар 
шеңберін кеңейту керек болса, және ол сарапшы құзіретінде  болса, онда 
сарапшы  сұрақтар  қойып,  оларға  қорытындыда  жауап  беруге  құқылы. 
 
Акттың кіріспе және сипаттау бөлімі сол жерде немесе жарып-сою 
аяқталғаннан  кейін  толтырылып,  барлық  қатысушылардың  қолдары 
қойылады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Акттың  қорытынды  бөлімі  кейінірек  зерттеу  нәтижелері 
алынғаннан  соң  толтырылады,  жарып-союды  жүргізген  сарапшы-
дәрігердің қолы қойылады.    
 
 
 
 
 
 
Жануар  өлексесін  соттық-ветеринарлық  жарып-сою  актісі  негізгі 
құжат болып саналатынын, өлексені жойғаннан кейін немесе көмгеннен 
кейінгі  тергеу  және  сот  органдары  үшін  маңызды  құжат  екенін  естен 
шығармау  керек.  Бұл  құжат  көп  жағдайда  тараптардың  талқылануына 
негіз болады. Сондықтан, ол нақты және толық болуы қажет.  
Соттық-ветеринарлық жарып-сою актісінің толтыру реті 
 
Тергеушінің  берген  қаулысы негізінде ( аты - жөні), уақыты мен  
ветеринарлық  соттық  сарапшы,  ветеринарлық  дәрігер(  аты  -  жөні) 
жануар өлімінің себебін анықтау және тергеушінің қойған сұрақтарына 
жауап беру үшін өлексені жарып союды жүргіздім  (күні , айы, жылы ). 

 
78 
 
  Өлексені жарып-сою жүргізілді (жарып-сою орны және уақыты).
 
  Жарып-союға  қатысқан  адамдар:  тергеу  өкілінің  аты-жөні, 
куәгерлер. 
 
Алдын  –  ала  алынған  мәліметтер.  Бұларды  шаруашылықта 
қызмет  көрсететін  адамдар,  ветфельшерлер  сөзі  негізінде  толтырады. 
Сонымен  қатар  жануар  ауырған  және  өлген  күні  көрсетіледі,  аурудың 
клиникалық  белгілері,  емдеу  туралы  мәліметтер  (емдеу  ұзақтығы  және 
емдеген адам), өлексені жарып сою орнына жеткізу уақыты және қандай 
көлікпен әкелінгендігі туралы және т.б. мәліметтер көрсетіледі. 
 
Сыртқы  қарау.  Сыртқы  қарау  кезінде  өлексенің  жынысы,  түсі, 
жасы,  шамамен  жануардың  орташа  салмағы,  көзге  көрінетін  кілегей 
қабықтарының,  терісінің,  табиғи  саңылаулардың  (егер  сұйықтық  ағып 
тұрса  оның  жағдайы),  сыртқы  жыныс  органдарының  жалпы  жағдайы, 
өлекседегі айқын көрінетін өзгерістер.    
 
 
 
 
 
Өлексенің  салқындауын  керек  болған  жағдайда    тік  ішек  арқылы 
температурасын  тексеріп  анықтауға  болады;  өлекседегі  дақтар  ақ 
шошқалар мен жылқыларда жақсы анықталады, ал қалған жануарлардан  
тері асты клечаткасынан немесе терінің пигменттелмеген аймақтарынан 
ғана  байқауға  болады.  Дақтардың    шоғырланған  орнын,  түсін,  көлемін 
және  формасын  нақтылап  көрсетеді.  Дақтарды  басып  көргендегі 
өзгерістерді тексереді     (бозарады, өзгеріссіз қалады, жоғалып кетеді ). 
Өлексе  дақтарын  қан  ағулардан  ажырату  керек.  Іріңді  өзгерістер  болса 
оның  шоғырлануын  және  айқындалу  дәрежесін  (лайлы-жасыл  түсті, 
крепитация, эмфизема және іріңді көпіршіктер) сипаттайды). 
 
 
Өлексенің  сіресу  дәрежесін  және  таралуын  аяқтарын  бүгіп,  қайта 
қалпына  келтіру,  жақтарын  ашу  арқылы    анықтайды.  Бұлшық  еттерді 
сіресу  үрдісінен  күшпен  шығарған  жағдайда,  ағза  қайта  бастапқы 
қалпына  келмейтінін  естен  шығармау  керек.  Соңғысы  көп  кездерде 
өлексені шаруашылықтан шығарғанда, көлікке тиегенде байқалады. Егер 
өлекседе  жарақаттар  (көгерулер,  қан  ағулар,  жаралар,  сынықтар,  т.б.) 
анықталса,  оларды  толығымен  сипаттау  керек.  Бұл  сырттай  қарау 
кезіндегі табылған, ойық жаралар мен ісіктерге де қатысты. Жарақаттың 
формасы  мен  өлшемін  анықтағанда,  олардың  ұзындығы,  ені  немесе 
диаметрі  көрсетіледі.  Ойықтарды  сипаттағанда,  олардың  орналасу 
орнын,  көлемін,  пішінін  және  түсін,  сол  жердегі  тері  беткейі  мен 
жылжымалылығын  көрсетеді.  Терісін  алғаннан  кейін  тері  асты  май 
қалыңдығы,  жануар  қоңдылығы,  тері  асты  сыртқы  лимфа  түйіндер, 
бұлшық еттер, сүйектер, сіңірлер, буындар жағдайы анықталады.  
 
Ішкі зеттеулер. Құрсақ қуысын ашады. Құрсақ қуысының түсіне, 
мөлдірлігіне,  тамырлардың  қанмен  толуына  назар  аударады.  Қабыну 
үрдістері  кезінде  құрсақ  қызғылт  түсті,  бұдырланған,  тамырлары  қанға 
толы,  үстінде  фибринозды  немесе  іріңді  сұйықтықтар  болуы  мүмкін. 
Құрсақ  қуысындағы  сұйықтық  сапасы  мен  мөлшерін  анықтайды; 
қалыпты  жағдайда  құрсақ  қуысында  белгілі  мөлшерде,  мөлдір  жасыл-

 
79 
сары  түсті  сұйықтық  болады,  алайда,  өлексенің  жату  ұзақтығына 
байланысты,  құрсақ  қуысында  транссудат  көптеп  жиналады  және 
қызғылт түске айналады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әртүрлі  патологиялық  жағдайларға  (перитонит,  асцит  және  т.б.) 
байланысты сұйықтық көлемі ұлғаяды, оның сипаты өтіп жатқан үрдіске 
қарай  өзгеріп  отырады.  Ішектердің  жағдайын  тексереді;  түйіндер  бос 
жатыр ма, әлде өсінділер бар жоғын  анықтайды. Ішектердің қалпының 
өзгеруіне  қарай  (айналу,  қысылу),  қысылғын  түйіндер  ісінген,  күңгірт-
қызыл түске боялған болады.    
 
 
 
 
 
 
Кеуде қуысын ашардан бұрын, диафрагма аяқшаларының оң және 
сол  қабырғаға  қатысты  бағытталуын  және  орналасуын  айқындайды. 
Қалыпты жағдайда ол 5-6 шы қабырға дәрежесінде болады.  
 
 
Кеуде қуысын қарау кезінде плевральды қуыстар жағдайына назар 
аударады,  сұйықтық  бар  болса,  оның  сапасы  мен  көлемін  анықтайды. 
Жүрек маңы қапшығын ашқан кезде, ішіндегісінің сапасы мен мөлшерін 
анықтайды, перикард пен эпикард тығыздығы мен түсін қарайды, жүрек 
бұлшық етінің қозғалғыштығына назар аударады.    
 
 
 
Құрсақ  қуысындағы  жеке  органдарды  зерттеу.  Құрсақ  қуысы 
органдары  беткейінен  және  кесінді  жағдайына  қарай  келесі  ретпен 
зерттеледі. 
 
Көкбауыр.    Ағзаның  түсін  анықтайды,  ұзындығын,  енін  және 
қалыңдығын  өлшейді.  Көкбауыр  капсуласының  жағдайына,  шеттерінің 
сипатына,  ұстағандағы  және  кескендегі  консистенциясына,  қырынды 
сапасы мен мөлшеріне назар аударады.    
 
 
 
 
Бүйрек.  Дәнекер  ұлпа  жағдайын,  көлемін,  түсін  анықтайды.  Оңай 
шешілуін  немесе  бүйрек  ұлпасымен  бірге  алынуын  қарайды.  Кесінді 
жасап, 
қабықты 
және 
негізгі 
ұлпалардың 
шекараларының 
айқындылығын  белгілейді.  Бүйрек  астаушасының  жағдайын,  несеп 
шығарушы өзектің өткізгіштігін, несептің құрамын анықтайды.   
 
Бүйрек үсті безі. Көлемін, түсін және қабыршығы мен ми ұлпасы 
құрылысын  және  олардың  шекараларының  айқындылығын  анықтайды. 
 
Асқазан.  Асқазанның  толу  және  ісіну  дәрежесін,  ішіндегісінің 
сипаты  мен  көлемін,  кілегей  қабаты  түсін,  қатпарларының 
айқындылығын  белгілейді;  қан  құйылулар,  эрозия  мен  ойық  жаралар 
табылса, олар толығымен сипатталады. Ішектерге де дәл солай.  
 
Бауыр.  Глиссон  капсуласының  жағдайын  зерттейді,  беткейінен 
және кесіндідегі бауыр консистенциясын анықтайды. Түйіндер байқалса, 
олардың пішініне, көлеміне және консистенциясына назар аударады. Өт 
жолдары мен өт қапшығының жағдайын анықтайды.  
 
 
 
Кеуде  қуысының  жеке  органдарын  зерттеу.  Құрсақ  қуысын 
зерттегендегідей реттілікпен жүргізіледі.  
 
 
 
 
Кеңірдек  және  бронхылар.  Кеңірдек  сақиналарының  бүтіндігін, 
тамырларының  қанмен  толуын,  кілегей  қабығының  түсіне,  ішіндігісіне 
назар  аударады  (  көпіршікті  сұйықтық,  кілегей,  қан,  азық  массалары, 

 
80 
гельминттер және т.б.).  
 
 
 
 
 
 
 
Өкпе.  Өкпені  қарау  кезінде  өкпе  плеврасының  жағдайына  (түсі, 
тегістілігі,  бұдырланғандығы,  дәнекер  ұлпасы)    назар  аударады.  Өкпе 
ұлпасының  консистенциясын  беткейінен  және  кескінінен  тексереді, 
басқан  кездегі  крепитацияның  бар  жоғын,  кескін  үстінен  аққан 
сұйықтық  түсі  мен  сипатын  анықтайды.  Өкпенің  тығыздалған 
бөліктеріне  аса  назар  аударады,  өкпенің  малту  қабілетін  тексереді, 
зақымдалған ұлпаның сипатын анықтайды.  
 
 
 
 
 
Жүрек.  Алдымен  жүректі  сыртқы  беткейінен  қарап,  оның 
конфигурациясын,  түсін,  эпикардтың    түрін  анықтайды,  кейін 
қабырғаларын  кесіп,  жүректің  әр  қуысының  жағдайын  тексереді. 
Асфиксия кезінде жүректің оң жағының, сол жаққа қарағанда жүрекше 
мен  қарыншада  қан  көбірек  болады.  Жүрек  салдануы  кезінде  қан 
ұйындылары жүректің барлық бөлімдерінде көп болады. Кейін эндокард 
пен  қақпақшалар  жағдайын  сипаттайды  (мөлдірлігі,  тегістілігі, 
қалыңдығы,  жиырылуы,  және  т.б.);  оң  және  сол  жақ  қарыншалардың 
қалыңдығын  өлшейді,  қалыпты  жағдайда  ересек  малдарда  олардың 
қатынасы 1:3. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бас  сүйегі  және  басқа  дене  қуыстарын  зерттеу.  Құрсақ,  кеуде 
қуыстарын зерттеумен қоса, міндетті түрде  бас миы мен жұлын, жамбас 
қуысы мүшелерін зерттейді.   
 
 
 
 
 
 
Ми.  Сыртқы  бетінен  және  кескінін  қарайды.  Бұл  кезде  ми 
қабыршықтарының  түсіне,  ылғалдылығыны,  мөлдірлігіне,  мидың  бүйір 
қарыншаларының  ішіндегісіне,  сұр  және  ақ  зат  шекараларының 
айқындылығына назар аударады.    
 
 
 
 
 
Жұлын. Басқа ағзалар сияқты қарап, сипаттайды.  
 
Қосымша 
зерттеулер. 
Акттың  бұл  бөлімінде  қосымша 
зерттеулерге  (  бактериологиялық,  гистологиялық,  химиялық  және  т.б.) 
жіберілген  қуыстардың  ішіндегісі,  органдар  мен  ұлпалар  түгенделеді, 
материал қандай мақсатпен жіберілгендігі көрсетіледі.  
 
 
Алынған органдар немесе басқа заттарды зертханаға жіберу тергеу 
органдарының өкіліне жүктеледі, бірақ сарапшы оларға көмектеседі.  
 
Соттық-ветеринариялық жарып-сою актісінің үлгісі 
 «М»  шаруашылығына  тиесілі  қара-ала  түсті  сиыр  өлексесі,  лақап 
аты  «Н»,  инвентарлы  құлақ  нөмірі  251,  бес  жаста.  Жарып-сою  «В» 
ауданы тергеушісі берген қаулы негізінде, «К» ветдәрігері, шаруашылық 
бригадирі «О» және аудандық кеңес мүшесі «Т» қатысуымен жүргізілді. 
«В»  тергеуші  сарапшыға  келесідей  сұрақтар  қойды:  1)  Жануар 
ауруының  себебі  неде?  2)  Емдеу  жұмыстары  дұрыс  жүргізілген  бе?  3) 
Жануар өлімінің себебі?  
 
 
 
 
 
 
 
Алдын  ала  алынған  деректер.  10  шілдеде  сағат  таңертеңгі  5-те 
жануар  басқалармен  бірге  жайлауға  шығарылған.  Қалыптыдан  тыс 
ауытқулар байқалмаған. Күн ортасында бақташы жануардың ауырғанын 
байқайды.  Демігу,  қарынның  ісінуі  байқалған.  Ветфельдшер 

 
81 
шақыртылады, бірақ ем жүргізіп үлгермейді, себебі жануар ветфельдшер 
келгеннен кейін бірнеше минуттан соң өледі.    
 
 
 
 
Жарып-сою 10 шілде сағат 17.00 жүргізілді.    
 
Сыртқы қарау. Өлексе сіресуі аяқтарында байқалады, олар қиын 
иіледі,  ауыз  қуысы  ашылмайды.  Өлексе  қатты  ісінген.  Көздің  кілегей 
қабығы  көк  реңді  қызыл  түсті,  көз  алмасы  шығыңқы,  қарашығы  сәл 
құрғаған.  Ауыз  және  мұрын  қуысының  кілегей  қабаттары  қызарған. 
Аналь  тесігі  жартылай  ашық,  тік  ішегі  сыртқа  шыққан,  оның  кілегей 
қабығы  көк  реңді  қызыл  түсті,  жүн  қабаты  ұзын,  қиын  жұлынады. 
Терінің  сыртқы  беткейінде  өзгерістер  табылмаған.  Желіні  тығыз 
консистенциялы,  кескін  үсті  сұр-қызғылт  түсті,  басқанда  сүт  ағады.
 
Тері  асты  клетчаткасында  май ұлпалары  көп,  май  қалыңдығы  1-2 
см.  Қаңқа  бұлшық  еттері  жақсы  дамыған,  бұлшық  еттері  тығыз,  етті-
қызыл түсті, қанға толы, әсіресе сауыр, мойын және бас бөліктері.  
 
Ішкі  зерттеулер.  Құрсақ  қабырғасының  бұлшық  етінің  түсі 
әдеттегіден  бозарыңқы.  Іші  ісінген.  Диафрагма  күмбезі  4-5  қабырға 
деңгейінде орналасқан.  
 
 
 
 
 
 
 
Мес  қарыны  ісінген,  кескен  кезде  қышқыл  иісті  газдар  бөлінеді. 
Қарыны  жоңышқа мен әртүрлі шөптерден тұратын, жасыл түсті көбікті 
массаға  толы.  Мес  қарынның  кілегей  қабығы  күңгірт-қызыл  түсті, 
түтікшелері  жақсы  білінген.  Тақия  қарында  да  аздаған  мөлшерде  мес 
қарындағыдай  масса  бар.  Қатпаршақ  ішіндегісі  жасыл  түсті,  құрғақ. 
Ұлтабарда  5  л  көлемінде  жасыл  түсті  жартылай  сұйықтық  бар,  оның 
кілегей қабығы созылмалы кілегейге толы. 
 
Ащы ішегі газдармен толған, ішіндегісі жасыл түсті, кілегей қабаты 
ісінген.  Тоқ  ішек  іші  жасыл  түсті  азық  массаларымен  толған,  онда 
жоңышқаның  қалдықтары  көп  табылады.  Кілегей  қабығы  айрықшы 
өзгерістерсіз,  жасыл  түсті.  Тік  ішекте  жасыл  түсті  нәжіс  массалары 
кездеседі.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бауыры  ұлғаймаған,  сары-ірің  түсті,  болбыр  консистенциялы. 
Кескіннің беткейі құрғақ, қан тамырлары үңірейген, қансыз. Көкбауыры 
тығыз,  темір-сұр  түсті.  Кескін  беткейі  кірпіш-қызыл  түсті.  Капсула 
астында бірен-саран нүктелі және сызықтық қан құйылулар бар. Сыртқы 
және ішкі лимфа түйіндері сұр түсті, ерекше өзгерістерсіз. Бүйректерінің  
көлемі  мен  пішіні  қалыпты,  қабыршық  пен  милы  қабаттарының 
шекаралары жойылған. Қуығында 200 мл лайлы зәр бар, кілегей қабығы 
күңгірт-сұр  түсті,  аздаған  қан  құйылулар  байқалады.  Жатыры  буаз  – 
ұрық 4-5 айлық.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Плеврасы тегіс, жылтыр, көптеген нүктелі, сызықтық және дақты 
қан құйылулар көрінеді. Өкпесі қызғылт-қызыл түсті, созылмалы, ауаға 
толы, кей жерлері эмфизематозды. Кескін беткейінен нашар ұйыған қан 
мен көпіршікті сұйықтық ағады, әр жерден алынған өкпе бөліктері суда 
қалқиды.  Кеңірдекте  араласқан  жұмыртқа  ақуызы  тәрізді  көпіршікті 
сұйықтық  кездеседі.  Мұндай  көрініс  бронхыларында  да  байқалады. 

 
82 
Кеңірдек  пен  бронхылардың  кілегей  қабықтары  көптеген  қан 
құйылулары бар, қызғылт-қызыл түсті.    
 
 
 
 
 
Жүрек  қабығында  шамамен  200  мл-дей  жасыл-сары  түсті 
сұйықтық  бар.  Жүрек  көлемі  өзгермеген,  күре  тамырлар  маңында 
әртүрлі  формалы  қан  құйылулар  кездеседі.  Жүректің  оң  жақ  бөлімінде 
нашар  ұйыған  қан  ұйындылары  байқалады.  Эндокард  тегіс,  жылтыр, 
гиперемияланған.  Күре  және  өкпе  тамырларында  қан  ұйындылары  мен 
сұйық қан бар.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Ми  тамырлары  қанға  толы,  мидың  бүйір  қарыншаларында 
шамамен 
10 
мл 
мөлдір, 
сары 
түсті 
сұйықтық 
болады. 
 
Патологоанатомиялық  диагноз.  Мес  қарын  тимпаниясы, 
жалбыршақ  қарын
 
ұйындысы,  бүйрек  пен  бауыр  анемиясы  мен 
дегенерациясы,  көкбауыр  анемиясы,  капсуласы  қанталауымен.  Кеуде 
қуысының серозды және кілегей қабықтыры қан құйылған, асфиксиялы 
жүрек,  жіті  венозды  тоқырау  мен  өкпе  ісінген,  ми  тамырларының 
гиперемиясы.     
 
 
 
 
 
 
 
Қорытынды. Клиникалық және патологоанатомиялық зерттеулер 
негізінде келесідей қорытындыға келді, сиырдың өлімінің негізгі себебі 
болып,  көп  мөлшерде  жасыл  массалы  жоңышқа  жеуінен  пайда  болған, 
мес  қарынның  жіті  тимпаниясы;  мес  қарынның  жіті  тимпаниясы 
организмдегі  қанның  қайта  бөлінуіне  әкеліп  соққан,  негізінен  құрсақ 
қуысы  анемиясымен,  керісінше,  кеуде  қуысының  гиперемиясы 
нәтижесінде,  асфиксия  туындап,  өкпесінің  ісінуі  нәтижесінде  жануар 
өліміне әкелген. 
 
Мысал. 
Маман ретінде тағайындау жөніндегі 
Қаулы 
ШҚО  прокуратурасының  арнайы  прокурорлар    Басқармасының 
прокуроры заң саласының  кіші кеңесшісі ХХХХ №........... қылмыстық іс 
материалдарын қарастырған соң келесіні 
 
                                             Бекітті; 
хх.хх.2013  жылы  Күршім  ауданының  прокуратурасынан  ЖШС 
«ХХХХ» лауазымды тұлғалары Қара Ертіс өзенінде және Зайсан көлінде 
балықты заңсыз аулағаны және браконъерлік тәсілмен ауланған балықты 
қабылдағаны жөнінде хабарлама түскені тіркелді. 
ХХХХ  ауылының,  ХХХХ  аумағында,  балық  өндіру  зауыты 
«ХХХХ» ЖШС орналасқан, өндірістегі мұздатқыш камераларды тексеру 
барысында 100т «Көксерке» балығы табылған. 
хх.хх.2013 жылы Күршім ауданының АIIБ осы іс бойынша  ҚР ҚПК 
1б «а» тармағы 287 бабына сәйкес №ххххх қылмыстық іс қозғалды. 
2014 жылдың ххххх айында Қарағанды облысының Балқаш қаласы 
бас  мемлекеттік  ветеринариялық    санитария    инспекторы    ХХХХХХ 

 
83 
«ХХХ» ЖШС  өндірісінде «көксерке» тұқымдас балығынан 10 дана үлгі 
алынды. 
Қазіргі  таңда  объективті,  жан-жақты  және  істің  толық  зерттелуі 
мақсатында  арнайы  білімі  бар  мамандарды  тағайындау  қажеттілігі 
туындап, ҚР  ҚПК 84,202 бабын басшылыққы ала отырып келесі Қаулы 
қабылданды. 
 
Каулы; 
1.  Зерттеу  жүргізу  және  қорытынды    беру  үшін    С.Сейфуллин 
атындағы  Қазақ  агротехникалық  университетеінің  ветеринарлық  
санитария    кафедрасының  профессоры,  доценті,  аға  оқытушылары  осы 
материалды зерттеу бойынша тағайындалды. 
2.  Мамандарға шешу үшін келесі сұрақтар қойылды; 
1) Балқаш  көлінен    су  сынамаларын  және  «Көксерке»  балық 
тұқымдасының үлгілерінің (ішкі және сыртқы құрамында) құрамындағы 
натрий хлорид ионының мөлшері кандай? 
2) Балқаш  көлінен  алынған  су  сынамаасының  бақылау  үлгісінің 
флорасы (микроорганизмдер) «Көксерке» тұқымдас балығының бақылау 
үлгісінің  ішек    флорасының  (микроорганизмдер)  физико-химиялық 
құрамы бойынша жалпы ортақ белгілері бар ма? 
3) «Көксерке» 
тұқымдас  балығының 
бақылау 
 
үлгісінің 
қабыршағының реңі және етінің түсі бойынша сыртқы белгілері қандай? 
4) Мамандардың  зерттеуіне  «Көксерке»  тұқымдас  балығының  10 
данасын,  Балқаш  көлінің  500мл  сыйымдылықтағы  5  бөтелке  су 
сынамалары берілсін. 
3. Мамандарға өздерінің құқығы мен міндеттері  түсіндірілсін;  
Маманның  құқығы;  өзін  шақырту  мақсатын  білуге;  арнайы  білімі 
және  біліктілігі  болмаса  істі  қарастырудан  бас  тартуға;  қылмыстық 
процессті  қозғап  отырған  органның  рұқсатымен    тергеу  немесе  соттық 
іске  қатысушыларға    сұрақтар    қоюға;  істі  қарастыру  барысында 
көмектесуге,  ғылыми-техникалық  заттарды  қолдана  отырып  зерттеу 
және дәлелдерді бағалау;  іс материалдарын зерттеу, сараптама жүргізу 
үшін  материалдарды  дайындау;  тергеу  немесе  соттық    іс  шеңберінде 
зерттеу    нысандарының  жартылай  немесе  толығымен  жойылуына  және 
сыртқы  түрінің  немесе  толығымен  зерттеулердің  негізгі  құрамының  
өзгеруіне  жол  бермеуге,  өзі  қатысып  отырған  қылмыстық  істің 
хаттамасымен  өзі  қатысқан  зерттеулердің  толығымен  және  дұрыс 
жазылуына қатысты ескертпелер айтуға; қылмыстық істі қозғап отырған  
органның  ісіне  шағым  түсіруге;  аудармашыға  наразылық  білдіруге; 
тергеу  немесе  сот  ісін  жүргізу  барысында  кеткен  шығындардың 
өтемақысын  алуға,  егер  істі  зерттеу  сарапшының  қызметтік  міндетіне 
жатпаса орындаған жұмысы үшін сыйақы алуға. 
Маман  қылмыстық  істі  жүргізіп  отырған  органның  шақыртуы 
бойынша  келуге,  арнайы  білімдерін  және  ғылыми-техникалық 

 
84 
құралдарды  қолдана  отырып  зерттеу  жұмыстарын  және  дәлелдік 
заттарды  бағалап  тергеу  және  соттық  істерді  қарастырғанда  қатысуға; 
өзі атқарған жұмыстар жөнінде анықтамалар беруге міндетті. 
 
Сараптама қорытындысы 
хх.хх.2013  жылы  Күршім  прокуратурасына  Қара  Ертіс  өзені  және 
Зайсан  көлінде  «ХХХХ»  ЖШС-ы  лауазымды  тұлғалар  заңсыз  балық 
аулау  және  заңсыз  балықтарды  браконьерлік  жолмен  қабылдағаны 
жайлы хабаралама түскен.  
 Күршім  ауылында  орналасқан  «ХХХХ»  ЖШС  балық  өндіру 
өндірісінде  мұздатқыш  камераларды  тінту  барысында  100  тонна 
«Көксерке»  балық  тұқымдасы  табылды.  2014  жылдың  хххх  айында 
Қарағанды облысы Балқаш қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық  инспекторы  ХХХХХ  қатысуымен  «ХХХХ»  ЖШС 
өндірісінде  «Көксерке»  балық  тұқымдасынан  10  дана  үлгісі  алынды. 
«Балық  шаруашылығы  бойынша  Қазақ  ғылыми  зерттеу  институты» 
ЖШС  филиалының  аға  ғылыми  қызметкері  ХХХХ.  Балқаш  көлі  және 
Бертіс  жағалауынан  ветеринарлық  санитарлық  сараптауға  500  мл 
сыйымдылықтағы 5 бөтелке судың үлгісі алынды.  
  Объективті,  жан-жақты  және  толық  қанды  зерттелу  мақсаты 
бойынша келесі сұрақтар қарастырылды: 
1.  Балқаш  көлінен  алынған  «Көксерке»  балық  тұқымдасы  және  су 
үлгілерінің натрий хлорид ионының мөлшері қандай? 
2.  Балқаш  көлінен  алынған  «Көксерке»  балық  тұқымдасының 
микроорганизмі  мен  су  флорасының  физикалық-химиялық  құрамы 
қандай? 
3.  «Көксерке»  балық  тұқымдасының  қабыршығының  түсі  мен  ет 
түсінің сыртқы белгілері қандай? 
 Соттық  ветеринарлық  сараптаманың  қорытындысы  бойынша 
қойылған  сұрақтарға келесідей жауап берілді: 
Бірінші  сұрақтың  жауабы:  «Көксерке»  балық  тұқымдасы  мен 
судың  натрий хлорид ионынын  анықтау  үшін  «МемСТ  13929-68-балық 
және балық өнімдері. Натрий хлоридінің анықтау тәсілі» қолданылды.  
Сараптама  қорытындысы бойынша, Бертіс жағалауы және Балқаш 
көлінен  алынған  су  сынамасында  натрий  хлорид  ионының  құрамы 
орташа 5 үлгіде 0,046% анықталды, ал «Көксерке» балық тұқымдасының 
бұлшық еттерінен алынған 10 сынама үлгісінде 0,053% орташа шаманы 
құрады.  
Екінші сұрақтың жауабы: Судың микрофлорасы МемСТ 18963-73 
бойынша  анықталды.  «Санитарлық-бактериологиялық  анализдік  әдіс» 
Микробологиялық  зерттеулердің  нәтижесі  бойынша  Балқаш  көлінен 
алынған су үлгісінен  грам оң бактериясы табылды, таяқша тәрізді, бір-
бірден  және  жинақталған  түрде  орналасқан,  саны  1  мл-де  1  ден  10 
микроб анықталған.  

 
85 
Үшінші  сұрақтың  жауабы.  «Көксерке»  балық  тұқымдасының 
сыртқы белгілері: 
- Бояу әдісі бойынша қабыршық түсі ашық-кірлі сұр түсті, іш-жағы 
– ақ немесе күміс-ақ, арқа жағы –кең жолақты қою-сұр түсті. 
- Еттің түсі ақ. 
Жалпы,  зерттеуге  алып  келген  балық  үлгілері  алабұға  туыстығы, 
көксерке тұқымдасына, қарапайым көксерке түріне жатады.  
Нақты  шешімді  қорытындылау  үшін,  зерттеуге  алып  келген балық 
қандай  су  қоймасына  жататынын  анықтау  үшін,  бірнеше  су 
қоймаларынан  балық  үлгілері  болу  керек,  сол  үлгілерімен 
салыстырмалы  сараптама  жасауға  мүмкіндік  алып,  дәл  және  нақты 
шешім шығаруға болады.  
 
Соттық-ветеринариялық сарапшылар:         қолдары 
Күні____________ 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет