Б. С. Оралбекова 05 ж


МОДУЛЬ 3. ШИЕЛЕНІСТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ



бет24/27
Дата07.02.2022
өлшемі123,06 Kb.
#90043
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
09cbc67e-b6b8-11e6-94b1-35220bd1f96aУМКД конфл

МОДУЛЬ 3. ШИЕЛЕНІСТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
6-дәріс. Конфликтті тұлғалар. Қазіргі таңдағы шиеленісті шешу менеджменті. Шиеленістің алдын алу. Шиеленісті шешу жолдары.
Қақтығысты шешудің жолдарымен айналысатын мамандардың көбі, қақтығысты басқару процесі көптеген факторларға байланысты, олардың көпшілік бөлігі басқару әсеріне оңайлықпен берілмейді. Мысалы, жеке тұлғаның көзқарастары, индивидтердің, топтардың қажеттіліктері мен мотивтері.
Қалыптасқан стереотиптер, түсініктер, ырымдар шешімді қабылдаушылардың әрекеттерін жоққа шығаруы мүмкін. Қақтығыстың түріне қарай шешімерді іздеумен әртүрлі салалар айналысуы мүмкін: ұжымның басшылары: персоналды басқару саласы, психолог және әлеуметтанушы бөлімі, кәсіподақ ұйымы, милиция, сот.
Қақтығыстың шешімдері: қақтығысты тудырушы себептерді тұтасымен немес жекелеп жою болып табылады, сонымен бірге оған қақтығысқа қатысушы жақтардың мақсатын өзгерту де жатады.
Қақтығысты басқару – бұл қақтығысты тудырушы себептерін жоюға (минимазациялауға) қатысты бағытталған әсер, немесе қақтығысқа қатысушы жақтардың қимыл-әрекетін өзгерту.
Қақтығысты басқарудың көптеген әдістері бар. Үлкейте отырып оларды, әр қайсысының өзінің қолдану ережесі бар саласы болатын, бірнеше топшалар түрінде көрсетуге болады.

  • тұлға ішіндегі: яғни жекелеген тұлғаға әсер тетін әдістер.

  • құрылымдық, яғни ұйымдастыру қақтығыстарын жою әдістері - тұлға аралық әдістер немесе қақтығыстағы қимыл-әрекетттің стилі.

  • келіссөздер.

  • жауап ретіндегі агрессивті қимыл-әрекеттер, әдістердің бұл тобы тек шектен тыс шығып кеткен жағдайда ғана, барлық мүмкіндіктер таусылған кезде ғана қолданылады.

Адамдар арасындағы іскерлік қатынастың рационалды әдісіне болып ауызша және телефон арқылы сөйлесу жатады.Ауызша қатынастың келесі түрлері көрсетіледі:әңгіме, дисскусиялар, таластар. Ал жазбаша іскерлік қатынастың түрлеріне көбінесе іскерлік хат, өтініш, өмірбаян, мінездеме, түсініктеме, довереность, протокол т.б.
Қақтығысты ситуацияны жасаудың басында немесе қақтығыстың өзінің жүзеге асуының басында оған қатысушы жақтар, форманы, өзінің бұдан кейінгі қимыл-әрекетінің стилін, таңдау қажет, және бұл олардың қызығушылықтарына неғұрлым аз дәрежеде ықпал етуі керек.
К.Томас және Г.Килмен қақтығысты ситуациядағы қимыл-әрекеттің бес негізгі стилін бөліп қарастырады:
-бейімделушілік, орын беру;

  • бас тарту;

  • қарама-қарсы күрес; - әріптестік қызмет;

  • келіссөзге келу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет