Бақ ЖӘне экология оқу құралы Алматы 2013



бет10/18
Дата29.12.2021
өлшемі329,5 Kb.
#106001
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
treatise7069
Әтак 5 дарис
Қазақ халқының Қазақстан

Республнкасы бойынша өлім-жітім

деңгейімен табити өсімінің қарқыны (1000

адамға шаққанда, ягни промильмен)

Жылдар Туғандары Өлгендері Табиғи

1957 40,0 8,6 31,4

1958 42,0 8,4 33,4

1959 43,9 8,0 35,9

1960 44,9 7,4 37,5

1961 44,4 7,3 37,1

1962 42,1 7,2 34,9

1963 42,0 8,4 33,4

1964


1965

1966


1967

1968


1969

1970


1971

1972


1973

1974


1975

1976


1977

1978


1980

1981


1982

1983


1984

1985


1986

1987


1988

1989


1990

1991


1992

1993


1994

199


Бүкіл республика бойынша село халқы соңғы он жыл ішінде 5 процентке өссе (1979-88 жылдары), ядролық полигондарға жақьн аудандарда бұл көрсеткіш 2-ақ процент. Кейбір аудандарда, мәселен, Бесқарағайда халық саны 3 процентке, Май ауданында 2 :процентке, Лебяжіде 4 процентке кеміген. Халқының саны кемімесе де, аз өсім берген аудандар бар. Тұрғындарының негізгі бір бөлігі қазақтар болып келетін Абай ауданы 3 про-центке, Егіндібүлақ, Шұбартау 6 процентке ғана өсім берген. Оны барлық қазақтың осы кезеңде 25 процентке өскенімен салыстырыңыз.Жоғарыдағы кестеден көріп отырсыздар, әсіресе, соңғы 8-9 жылда табиғи өсуіміз 2,7 проценттен 1,2 процентке дейін қарқыны күрт төмен түсуі туудың кемуі ғана емес, (33-тен 20-ға дейің) өлімнің де тез көтерілуінен екенін. (6-дан 8 промильге дейін) байқайсыз. Ол, әрине, көбінесе нарық қиыншыпығынан ғана деп түсінбейік. Жаппы ядролық полигонңан басқа экологиялық апат аймағы Аралдың да жағдайы өте нашар. Бұл екі апат бір-бірімен Қазақстанның орталығы арқылы қосылып кетуі әбден мүмкін. Жалпы біздің республикада экологиялық апат аймағында республикадағы. 8 миллион қазақтың 3 миллионы тұрып жатыр. Бұл қазақтардың табиғи өсіміне үлкен тежеу деп білемін. Сондықтан сол апатты аймақтардан халықты түтас өзге қауіпсіз жерге кешіру қажет. Мәселен, Солтүстік облыстарда қазақ халқының саны аз аудандар өте көп. Тіпті кейбір аудандарда жергілікті халықтың саны 10 мыңға да жетпейді, ал проценті 15-20-дан аспайды.Соңғы сынаққа дейінгі менің есебім бойынша қазақтардың 1979— 88 жылдары өсімі 27 процент болуға тиіс еді. Бірақ санақ менің бұл болжамымды теріске шығармаса да оны біраз төмендетті. Бұл күткен өсім 24 процентке әрең жетті. Мен сол жетпей қалған 3 процентті экологияның әсерінен, ядролық полигонның зардабынан кеміген деп есептеймін. Енді алдағы 1999 жылғы санақтағы он жылдық өсім релатриация мен миграцияға қарамай, тосқан 10 процентке жетпесе оны да радиофобия мен экофобиядан көру керек.

Қазақстан жерінде, Семей маңында кеңес үкіметінің алғашқы атом бомбасын жарып, сынақтан өткізгеніне жарты ғасырға жуықтады. Бірінші атом боибасы 1949 жылдың 29 тамызында жарқыраған еді.

Әрине, ашық жер бетінде. Бұл барынша құпия сақталды. Тек узақ жылдар өткен. соң ғана ол туралы шындық айтыла бастады. Оған тікелей қатысқан кісілер бірең-сараң ғана қалды, көбісі сол құпияны ашпаған күйде бұл дүниеден озды.Өзім осы атом бомбасының, оның ішінде 1953 жылғы шілдемен тамыз айларындағы бірінші сутегі атом бомбасын жарарда Абай, Абыралы аудандарының түрғындарын аман алып қалу үшін басқа жаққа көшіруге бастан-аяқ қатыстым.Ал,1955 жылғы қарашада бірінші термоядрлық (жылу) бомбасыныңсынағын көруге, бар қайғы-қасіретін тартуыма тура келген еді. Себебі осы полигонда 1951-1956 жылдар аралығында бес жыл бойы әскери қызметте, жауыңынгерлік борышымды өтеген болатынмын. Алғашқы әскери бөлімшеміздің аты «10950» екен. Әскери жаттығу сабақтары өтіп жатты.Ол көбін-көп далада өтетіндіктен әскери қарулардың гурсілдегін дауысы етілетін, Бірде жерден аспанға қарай көтерілген қызыл жалынды көріп командиримзден – Бұл не?-деп сұрағнымызда: -Бізге жақын артиллеря полкі орналасқан, солардың жаттығуы жүріп жатыр, -деп қысқа жауап береді -Соған қарап «Катюшадан» оқ атылып жатыр» деп ойлайтын едік Сөйтсек, ол сынақтан өтіп жатқан қуаты аса жойқын қупия қарудың кезекті ашық жарылысы екенін кейін барып көзіміз жетті.Ата-анамызға хат жазғанымызбен оған жауапты 3-4 айлап ала алмаймыз. Содан соң барып почташы солдат бір қап хат әкепіп, бас-басымызға 5-10, кейбірімізге 15-17 хатты бірден ұстатады. Хаттың бәрі мұқият: цензурадан өтіп, ұзақ сүзгіленетінін кейн білдік, Ал, атом бомбасының сынағы әзірленерде және жару қарсаңында хат-хабар мүлдем тиылады. Аспанға көтерілген қызыл от жалын сол жарылыс екен. Кейін келе-келе оған да көзіміз үйреніп, тіпті мен бермейтін болып алдық. Жарылыстардың лебі шаңы, тозаңы ашық ауада желмен оңға да, солға да бұлт болып жөңкіліл өтіп жатты. Одан сақтану қажеттігі ойымызға кіріп те шықпады. Есесіне мұның зардабын көп кешікпей-ақ тартудай-ақ тарттық.1952 жылдың ақпанында бізді «61657» нөмірлі әскери бөлімшеге ауыстырды. Бұрынғы бөлімшеден кетерде және оның жаңасына келісімен құпияны қатаң сақтауға бланкілерге қол қойдық. Жаңа бөлімше бір гарнизонда орналасқан екен. Ол техникалық батальон болып шықты. Оның екі ротасы гарнизонға жылу, су, электр тоғын берумен, канализациямен шұғылданса, үшіншісі атом бомбасының сынаға жүргізілетін жерде түрлі әскери техниканы алдамшы сырт көрініске дайындаушы еді. Мен машақаты мол осыған тап келдім, Бәріне де шыдау керек. Арада тағы бір жыл сырғыл өте шықты. 1953 жылдың шілдесінің басында мені штабқа шақыртты. Рота командирінің саяси орынбасары майор Борисов жанында отырған подлолковникке мені таныстырды. Ертесінде әскери дорбамды иығыма : асып алып штабқа жеттім. Оның маңы толған кілең жүк мәшинелері екен. Дені американдық «студоббекер» көлігі. Подколковниктің бастауымен қырыққа тарта жүк мәшинесінен тұратын шұбатылған ұзын колонна гарнизоннан Семейге қарай бет адды. Шамамен 50-60 шақырым журіп барып, копонна тоқтады. Бәрімізге мәщиненің оң жағына шығып тұруды бұйырды: Алдыңғы мәшинеден түскен подполковник қасына ерткен бір офицері бар әрқайсысымызға бланкі ұсынып.- Қолдарыңды қойыңдар. Құпияны ашқандар Сталин 1947 жылғы Батпаққа батып қала береді.Кей куні бар болғзны 16шақырым әрең жұреді. Ауыр мәшинелердің бірін батпақтан әрең шығарсақ іле екіншісі батады.Үстіміз малмандай су, әрі балшық. Есіміз шықты. Ыстық тамақ дегенді ұмыттық. Жағдайымыз мүшкілдеді.Ауыз суды да үнемдедік. Моторы әбден қызып кеткен мәшинелердің радиоторларына кеп су құйылды. Көшкен халықтың да берекесі кетті. Күндіз-түні мәшиненің үстінде, тоқтамай жауған жаңбырдың астында. Колонна оларға тек ауыз су ғана берді.Тамақ жоқ Халық та, жауынгерлер де әбден кірлеп, азып –тозды. Әсіресе кішкентай балалар мен қарттар қатты қиналды. Биік мәшинелерден өз беттерінше түсіп, міне алмады.Колонна жайлап ілбіп, отардан отарға жылжыл «Саржал» кеңшарының, «Аршалы», «Калинин» ұжымшарының Дегелең тауының егіндегі малшылар отбасын бірнеше күндер мен түндер осылайша жауынның астында жүріп әрең жинап үлгерді-ау?!Бір мәшинеге екі-үш отбасыдан мініп, жүгі тиелді. Жазғы каникулға келген оқушылар, студенттер және жекжатшылар келген қонақтардың да осынау күйбеңі мол ауыр азапты бірге көріп, бөлісуіне амалсыз тура келді. Олардың кейбірінің:-Демалысымыз бітті, мына жауын-шашынға киер жылы киіміміз де жоқ, жіберіңіздер, - дегеніне қулақ асқан әкери болмады, Подполковник оларға:-Руқсат жоқ. Қазір жерде де, көлік қатынасы бір жола
жабылған. Қайтарда өтем ақы төленеді,- деп келте жаузп беріп жүрді, «Аршалы» ұжымшарының үш мың сауын сиырын бұзауымен араластырыл айдап бара жатқанын көрдік, Оны саууға мүмкіндік жоқ, Саумаған соң желіні ісініп кетеді. Содан соң бұзауын қосуға тура келген. - Сүт жоспары қалай орындалады? деген сауалымызға: Мынандай жағдай да жоспар тұрмақ,бас қайғы емес пе? - деген жауап естідік. 8 тамызда Абыралы ауданына жақындадық, ертеңіне оның орталығы Қайнарға да жеттік. Су таситын мәшинеміз тау арасынан бұлақ іздеп тапты. Абыралы тауының үстіндегі жолдың беті батпақ болса да, асты қатты тас болғандықтан қәуіп-қатер күшейді. Себебі таудың жіңішке жолы бір жағына аумалы еді. Себелеп жауған жаңбыр таудың үстіңгі топырағын езіп, сұйық лай етіп жібергендіктен мәшинелер бір жағына қисайып аударылып кету қаупі төнді. Қараңғы түнде қалың жауыннан мәшинелердің шамдарының жарығы да жолды жақсы көрсетпеді. Колонна басшысы мәшинелерді сол жеткен жерінде тоқтатуға мәжбур болды.Ертесіне Шымылдық тауы деген биіктен аса алмай, сол сайдың ішінде түнедік. Қатты шаршасақ та ұйықтай алмадық. Үстіміз су, әрі тау іші салқын. Мәшиненің устіндегі халық балаларын алдына алып, бауырына қысып, бастарына алаша, көрпе буркеп, мұңайып, тым-тырыс отырды.Таңғы сағат төрт шамасында бір айдан артық жауған жаңбыр басылды. : Бұлт тарап, аспан ашылып, жұлдыздар жымың қақты. Қуанғаннан бір бірімізден «сүйінші» сұрап, түнгі тау ішін жаңғырықтырып жібердік, Бұл 1953 жыпғы тамыздың 10-ы еді. Ел заттарын түсіріп, ашық далаға жайып тастады. Самаурын түтіні будақтап шыға бастады. Солдаттар да киімдерін :жайып, жылжымалы қазанды мәшинеден түсіріп, бұта түбірлерін жинап әкеліп, әскери аспаз тамақ пісіруге кірісті. Күн ысыды, жер кепті. Ертесіне біздің жанымызға өз мекен тұрағынан көшірілген елді алып келген тағы бір колонна тоқтады. Бірақ олрадың мәшинеден жүктерін түсруге

10 ДӘРІС. СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ



Семей полигонындағы кезекті дүмпуден соң, сонда жұмыс істейтін, арнайы киімі бар, сақтық ережесін қатаң сақтай алатын мамандардың өздерін кезінде белгілі бір уақытқа (мысалы, 1 ай көлемінде) жарылыс ошағына жолатпаған.Соған қарағанда, адамға зияны жоқ деп есептелетін радиоактивті сәулелердің қалыпты жағдайынан бұл деңгей 1000, 1500 есеге жоғары болған. Ал, радиациялық сәуле 17-26 микрорентген аралығында болса, оны қалыпты жағдай (фон) дейміз. Ядролық физика ғалымдарының есептеулері бойынша, әлгі қалыпты жағдайдан (17-26 микрорентгеннен) сәуленің күші 10 есеге артып кетсе, дереу дабыл қағылып, ол маңайға адамның келмеуін қатты қадағалау керек. Ал 17-26 микрорентгеннен 2-3 есе артық болса, ол тірі организмге аса қауіпті емес.1949 жылдан (жер бетінде 1959 жылға дейін) 1989 жылға дейінгі 50 жылдық қаралы кезенде ресми дерек бойынша, 500 рет дүмпу болған. Ал, кейбір ғалымдар жарылыс санын 600-ден асырып тастайды.Радиоактивті ыдырау заңы бойынша, жартылай ыдырау кезеңі деген үғым енгізілген. Оның мағынасы изотоптың бастапқы мәні осы кезең ішінде 50%-ға азаяды. Бұл кезең кей элементтерде бір сәттік қана (ол кейде секунттің бірнеше бөлшегі ғана. Мысалы, литий 9 изотопы 0,7 секундта), ал кейбіреуі миллиардтаған жылға дейін өлім сәулесін шашып жата береді. Дәлірек айтсақ, жарылыс кезінде нитрон мен протондар әсер еткен элементтердің 50-60%-ының жартылай ыдырау кезеңі бір жылдан темөн, Демек, Семей полигонының зардабы, дүмпу тоқтаған 10 жыл ішінде жүздеген есеге төмендеді деуге болады.Жартылай ыдырау кезеңі дегенге мән беру керек. Мысалы, темірдің 55 изотопы 2,6 жылда жартылай ыдырауға ұшырайды. Яғни, темір 55-те 100 ядро болса, ол 2,6 жылда 50%-ға кушін жояды. Сол 50%-дың жартысы келесі 2,6 жылда тағы да жартылай ыдырайды, Сонда оның толық ыдырауы шексіз уақытқа кетеді. 0% тазару болмайды. Сейтіп, ыдырай-ыдырай келе әлгі қалыпты фон 17-26 микрорентген жағдайына, тіпті одан да темен деңгейге түседі, Литий 9 иэотопы 0,7 секундта, фосфор 28-0,28 секунтта, фосфор 29-4,5 секундта, натрий 25-62 секундта, хром 55-3,5 минутта, цезий 1-29 секундта, аргон 37-34 күнде. Натрий 22- 2,6 жыл-да, кобальт 55 - 18 сағатта, кобальт 56-77 күнде, кобальт 57-270 күнде, кобальт 60-5,23 жылда жартылай ыдырау кезеңіне ұшырайды. Ал, аргон 39 изотопы 265 жылда, радий 1622 жылда, хлор 36-310 мың жылда жартылай ыдыраса, торий 232 мен уран 238 миллиардтаған жылдар бойы күшін жоймай жата береді. Әрине, бұлар ыдырау кезеңі әртүрлі элементтердің бірнешеуі ғана. Ал, адам баласына ажал сәулесін шашқан сынақтар кезінде Менделеев периодтық кестесіңдегі 92 элементінен мыңға жуық изотоп пайда болады екен. Ғалымдар осы элементтердің өмір сүру ұзақтығын бүгінде тегіс есептеп қойды. Ағылшын ғалымдары Джелепов пен Пекердің қалыңдыгы бірқарыс келетін кітабында осының бәрі тегіс жазылған. Ендігі айта кететін жай, элементтердің жасы қаншалықты ұзақ болса, оның қауіптілігі де соғурлым кем болады.Ыдырау кезеңі секундтармен, минуттармен, сағаттармен, күңдермен есептелетін элементтердің тірі организмге қатері бүған қарағанда анағүрлым орасан. Олай болса, аса қауіпті элементтер соңғы 10 жылда жойылуға жақындады. Ыдырау кезеңі жүздеген, мыңдаған, миллиондаған, миллиардтаған жылдарға созылатын элементтердің қатері аз болатын себебі, олар өлім сәулесін оқта-текте бір мәрте шығарады да, адам денсаулығына зияны аз болады. Ал, қысқа уақытта ыдырайтындар бетта, гамма сәулелерін бір мезгілде түгел шығарып, адамды өлтіріп жібереді. Оны мына дай қарапайым мысалмен түсіндірейік. Адамды ұсақ инемен анда-санда бір шаншып қойған қандай, ал сол инелерді қосып, бір рет жүректен урған қандай? Бұл да сол сияқты.Сондықтан жарылыс болған кей жерге қазір арнайы киінбей-ақ, аз уақытқа баруға мүмкіндік бар. Бірақ ол жерде белгіленген уақыттан артық кідіруге болмайды. Әңгіменің бәрі әлгі қалыпты фонның (17-26 мкрорентген) не жоғары, не төмендігінде болып тұр ғой.Бұл жарылыстың өлі табиғатқа өткен зардаптарын аңғартса, енді адам баласына қаншалықты зиян тигізеді дегенге клейік. Осы мәселемен жапон ғылымдары Хиросима, Нагасаки оқиғаларынан соң ғана алғаш рет айналыса бастады. Одан бұрын бұл жөнінде ешкім ойланбады. Радиоактивті сәулені алғаш 1896-97 жылдары зерттей бастаған француз физиктері Мария Кюри күйеуі Пьер Кюри, балалары Ирен Кюрилер альс бетта гамма сәулелерін аша отырып, өздері сол сәулелердің құрбаны болды. Ақ қан ауруына шалдғып, өмірлі трагедиямен аяқталды. Демек, бомба жарылғанда, оның сәулелері организмге қалай әсер ететіндігін алдын-ала түбегейлі білу мүмкін болмады. Атомды зерттеген ғалымдар болашақ ұрпаққа тигізер зиянын сол себепті де аңғарған жоқ. Қазір бұл жөнінде дүниежүзі ғалымдары біршама тәжірибе жинақтады. Соның өзі де жеткіліксіз. Атомға ұрынған кісілердің өздері денсаулығы мықты 5-10 баладан дүниеге әкеліп жатыр ғой. Бірақ, олардың 10-20-30- ұрпақтары қандай күйге үшырайды? Олар туралы білетініміз-тек болжам ғана. Ғалымдар адам тұрмақ тышқанның да 20-30-ұрпағын зерттеп үлгерген жоқ. Қазір тышқанның 10 ұрпағы тәжірибеден өту үстінде. Ал, оған жасалған сынақ адамға сәйкес келе ме, келмей ме, ол да дүдәмал. Біздің бәлен жылдан кейінгі дүниеге келетін ұрпа-ғымыз мутацияға, яғни өзгеріске ұшырап, құбыжыққа айналып кетуі мүмкін? Әлде, акселерат болып, тез өзгеріске ұшырай ма? Мысалы, кәдімгі бидайды радиоактивпен сәулелендірсек, 3 айдың орнына 3 күнде пісіп жетілуі ғажап емес. Чернобыльдегі апат болған жерде саңырауқүлақтардың үлкендігі табақтай көрінеді. Жеміс-жидек тамылжып түр. Алайда оларды адам баласы қажетіне жарата алмайды. Бір анығы - радиоактивті сәуле адамның гені арқылы ұрпағына беріледі. Бірақ, ол келер ұрпаққа қашан, қалай әсер ететіні тағы анық емес.Адамның ойы, түр-түсі және басқа да қасиеттері шартты түрде айтқанда, генінде жазулы турады. Оның өте ұсақтығы сондай, генді ешнәрсе кесе алмайды. Тек радиоактивті сәуле ғана гендегі сансыз нүктелердің біреуін түйреп, жойып жібереді. Мысалы, дүниеге енді келетін сәбидің оң көзіне жауапты нүктесі өлген ер кісінің гені сол нүктесі аман әйел генімен қосылысып, одан сау бала тууы мүмкін. Ал оның бірнеше үрпақтарынан кейінгі нәрестесінің оң көзі нашар көретіндей немесе қыли, соқыр, иә болмаса, тіпті, көзсіз бала дүниеге келуі мүмкін. Мысалға, ер кісінің әлгі нүктесі жоқ генімен сол нүктесі 100% сау әйелдің гені қосылысқанда жағдай мынадай болуы мүмкін.

1-буын 100%+0%=50%,

2-буын 50%+0%=25%

3-буын 25%+0%=12,5%, тағы сол сияқты.

Демек, жоқ пен бар немесе ауру мен сау нүктелер қосылысқанда, үнемі жоқ пен ауру нүктелердің әсерінен гендегі сау нүктелер ұрпақ ауысқан сайын нашарлай береді. Бұл жағдай адамның басқа да кез-келген мүшесіне қатысты.Дүниежүзі бойынша атом кесапатын қазақ — аса көп тартқан халық. Сол себепті ол ұзақ, тым ұзақ жылдарға созылатын қасірет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет