Бағалау мақсаты Бағалау мақсаты – кәсіпорынның нарықтық құнын есеп айырысуымен негіздеу.
Кәсіпорындарды бағалау белгілі бір нақты міндеттің орындалуына бағынады. Бағалаушы, жасалып жатқан бағалаудың міндетін білгеннен кейін ғана керекті әдістемені дұрыс таңдай алады.
Кәсіпорынның құнын бағалау көбінесе келесі жағдайлардан туындайды:
кәсіпорынды сату;
кәсіпорын мүлігінің бөлігін сату (жер телімі, ғимараттар, құрылыстар);
ұйымды қайта құру немесе кәсіпорынды тарату (қосылу, бөліну, сіңісу және т.б.), және кәсіпорынның банкротқа ұшырағандағы төрелік сот және меншік иелерінің шешімі бойынша жүргізіледі;
бағалы қағаздар нарықтарында кәсіпорын акцияларын сатып алу және сату (акционерлік меншіктегі кәсіпорындарды немесе оның бөлігін сатып алу);
жауапкершілігі шектеулі қоғамда немесе серістестіктің жарғылық қорының үлесін сатып алу және сату (үлес ақша бірлігімен бағаланады);
кәсіпорынды жалға беру. Құнды бағалау жал төлемін белгілеу үшін маңызды;
кәсіпорынды жетілдіру мақсатында инвестициялық жобаның орындалуы мен оның негізделуі кезінде кәсіпорын құнын білу қажет;
Сонымен, мүліктік кешен құнын бағалану негізділігі мен дәлелділігі көбінесе бағалауды қолдану аумағының дұрыс анықталуына тәуелді, яғни сатып алу және сату, несие алу, сақтандыру, салық салу, т.б.
Құн түрлері Кез келген мүліктің құнын, бір-бірімен тығыз байланысты екі тәсілмен анықтауға болады: біріншіден, осы мүлікті басқа бір мүліктің кейбір санына (ақша эквиваленті мағынасында) алмастыруы. Екіншіден, мүлік иесі болашақта алатын табыстардың ағымды құнын анықтауы.
Құн, шығындар және баға түсініктемелері бойынша айырмашылықтарды білу қажет. Құн – алушының (инвестор) бағаланатын меншікті алуға жұмсайтын төлемнің мөлшері. Шығындар – бағаланатын ұқсас меншік объектісін құру үшін қажет болатын шығын мөлшері. Бұл шығындар сатып алушы төлеуге дайын сомадан айырмашылығы болмауы мүмкін. Баға бірдей объектілер мен басқа сатып алушылардың активтілігін және сатып алушылардың қажеттіліктерін қоса алғанда, бұл шығындар бағалау күнімен салыстырғанда өз құнынан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Тек қана жетілген нарық жағдайында, құн және баға бір-бірімен тең болады. Мүлікке қатысты құн, өзімен нақты шарттардың нәтижесі болатын күтілетін бағаны ұсынады. Баға - өткен мәмілелердегі ұқсас объектілерді сатып алуға қанша жұмсалғанын көрсететін жасалған факт. Бағалаушы талдау жасағаннан кейін ғана, мүлік құнының ағымдағы төленген немесе алынған бағасы бола алатындығы туралы айта алады.
Құн негізінен төрт шарттан туындайды: сұраныс, пайдалылық, тапшылық және меншік құқықтарын беру мүмкіндігі.
Сұраныс. Сұраныс – белгілі бір уақыт үшінде нарықта сатып алатын тауар (қызмет) саны немесе меншік объектілері. Сұраныстың өсуі бағалардың өсуіне алып келеді.
Пайдалылық. Адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын, тауарлар мен меншік объектілерінің қабілетін - пайдалылық деп атайды. Берілген зат неғұрлым көбірек қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілетті болса, соғұрлым оған сұраныс жоғары болады. Пайдалылықтың өсуі көбіне бағаның өсімімен сәйкес жүреді.