Бизнесті бағалаудың екінші концепциясы
Екінші концепция, кәсіпорын бизнесін бағалағандағы пайда болатын қосымша құнның анықталуымен тікелей байланысты.
Кәсіпорын бизнесін жүйе ретінде қарастырсақ, құрамына тауар нарығының секторын бақылауға рұқсат ететін, оның мүліктік кешені мен құқық жүйесі немесе қоржыны кірсе, мүліктік кешеннің жиынтығында қосымша құнның пайда болуы мүмкін.
Құқық жүйесі немесе қоржыны, кәсіпорынға бизнес жүйе ретінде тауар нарықтарында тиімді бәсекелесуге рұқсат етеді.
Құқықтар жүйесі немесе қоржыны өзіне мыналарды қосуы қажет:
кәсіпкерлік қызметті іске асыратын, кәсіпорынға республикалық және атқарушы жергілікті билік органдары беретін лицензиялардан, сертификаттардан және тағы басқалардан пайда болатын нарықта жұмыс істеу құқығы;
кәсіпорынға табыс әкелетін жал құқығы, субжал, кепіл және т.б;
бизнес бойынша әріптестердің келісім-шарт жүйелерінен пайда болатын құқықтар (материалдар мен шикізатты жеткізу келісім-шарттары, тауарлық өнімдерді сатып өткізу келісім-шарттары және т.б.);
кәсіпорын акцияларының бақылау пакеттерінен пайда болатын құқықтар;
материалдық емес активтерді қалыптастыратын артықшылығы бар құқықтар.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, кәсіпорынның бизнесін бағалаудың объектілері мыналар болуы керек:
кәсіпорынның мүліктік кешені;
кәсіпорынға (фирмаға) нарықтың секторын бақылауға рұқсат ететін құқықтар жүйесі немесе қоржыны;
кәсіпорынның (фирманың) тауар нарықтарында бәсекелесуге қабілетілігі.
Сөйтіп, кәсіпорын (фирма) бизнесін бағалау екі концепцияны қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |