Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 9-сынып Нұр-Сұлтан, 2020



бет1/4
Дата20.12.2023
өлшемі30,44 Kb.
#197716
  1   2   3   4
Байланысты:
ТЖБ 2нұсқа



«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде емес)


тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


9-сынып


Нұр-Сұлтан, 2020


2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Оқылым – 10 минут
Жазылым – 20 минут


Балл саны – 15 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауды қажет ететін сұрақтар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 2 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – оқылым, екінші компонент – жазылым және тілдік бағдар дағдыларын тексеруге арналған.




*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

*Тапсырмаларға сипаттама

*Тапсырма
лар түрлері

*Орын
дау уақыты,
мин

Балл

1

9.3.5.1 қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру; 9.3.3.1 прозалық шығармадағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға әсерін бағалау

Тапсырма жеке
орындалады. Оқушылар
тақырыпқа қатысты 200-250 сөзден тұратын
прозалық шығармадан
үзінді оқиды.
Бірінші сұрақта үзіндіде
көтерілген мәселені
анықтайды. Екінші
сұрақта оқушы өз ойын
білдіреді. Үшінші сұрақта оқушы кестедегі сөйлемдерді сәйкестендіреді.
Төртінші сұрақта филология саласының жан-жақтылығы туралы
жазады.

Көп таңдауы бар сұрақтар

2

1

2

3

4

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

2

2




4

1

2

1







5


9.4.1.1 мәтіндердің
жанрлық және стильдік
ерекшелігін сақтап жазба жұмысын орындау
9.5.1.2 мезгіл, мекен
үстеулерін ауызша және жазба жұмыстарда
орынды қолдану;
9.4.2.1 эссе құрылымы
мен дамуын сақтап,
мәселе бойынша
ұсынылған шешімнің
артықшылығы мен
кемшілік тұстарын
салыстыра отырып, өз
ойын дәлелдеп жазу;
9.4.5.1 тақырып бойынша
бас әріппен жазылатын
күрделі, құрама
атауларды дұрыс жазу.

Тапсырма жеке
орындалады. Оқушылар
берілген 2 сұрақтың
бірін таңдап, жазба жұмысын
орындайды. Мұғалім
оқушының жазба
жұмысында стильдік,
жанрлық ерекшеліктерді
сақтауын, сөйлем
соңындағы тыныс
белгілерді орынды
қолдануын бағалайды.
Бағалауда оқушының
мезгіл, мекен үстеулерін
орынды қолдануы;
тақырып бойынша бас
әріппен жазылатын
күрделі, құрама атауларды
дұрыс жазуы ескеріледі.

Жазбаша
толық
жауапты
қажет ететін
сұрақтар

20

10


Барлығы







40

15



«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
тапсырмалары


ІІ-нұсқа
Оқылым
Сіз журналист болсаңыз, басты мақсатыңыз – баспасөз, радио, теледидар, кино, ғаламтор сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыруға жол ашу болады. Қолыңыздан келмей ме, сізді ешкім қабылдамайды. Халық қабылдамаса, керексіз болып орта жолда қалып қоясыз. Сондықтан, салаға бармас бұрын жақсылап ойланыңыз. Шамаңызды сізден басқа ешкім жақсы білмейді. Мәселен, жыл сайын мыңдаған адам шығармашылық емтихан тапсырып, Қазақстанның түпкір-түкпіріндегі жоғарғы оқу орындарындағы журналистика факультетіне түседі. Қайда бәрі? Осыдан-ақ кез келгеннің саланы игеріп кете алмайтындығын білуге болады. Сіздің қолыңызда диплом бар екен деп, ешкім де көгілдір экраннан сөйлетіп қоймайды. Балалық шақта сізге үлгі болған аға-әпкелердің дәрежесіне жету үшін талай-талай сынақтардан өтуіңіз қажет.
Ескерте кетейік, сіз журналист мамандығын бітіргеннен кейін басқа ешқандай салада жұмыс істей алмай қаласыз. Ал филолог мамандығын таңдасаңыз, журналист те, мұғалім де, редактор да, ғалым да, хатшы да, аудармашы да боласыз, мемлекеттік мекеменің іс-қағаздарын жүргізіп, министрлікте де жұмыс істеу мүмкіндігі бар.
Журналист газет-журнал немесе радио мен теледидар жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші - шығармашылықпен айналысады. Қазіргі қоғамда қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіліп жазатын, уақыт ағымын жақсы түсінетін, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білетін "қоғамдық қайраткерлер" сұранысқа ие. Сондай-ақ, журналисттен өз ісіне деген адалдық, көпшіл, жұртпен тез ортақ тіл тапқыш болуы, жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы талап етіледі.

(239 сөз)


1. Мәтінде көтерілген негізгі мәселені анықтаңыз.
А. Журналист мамадығының басты мақсаттары
В. Журналист мамандығының маңыздылығы мен ерекшелігі
С. Шығармашылық мәселені керек етеді
D. Филолог мамандығының жан-жақтылығы
[1]
2. Журналист мамандығы туралы сіздің ойыңыз қандай? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
3. Кестедегі сөйлемдерді сәйкестендіріңіз.

1.Филолог мамандығын таңдасаңыз

а)тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіліп жазатын, уақыт ағымын жақсы түсінетін, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білетін боласыз.



2.Журналист мамандығын таңдасаңыз



ә)мұғалім де, редактор да, ғалым да, хатшы да, аудармашы да боласыз, мемлекеттік мекеменің іс-қағаздарын жүргізіп, министрлікте де жұмыс істей аласыз.



[1]
4. Қай мамандықты таңдасаңыз әр салада жұмыс істей аласыз?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
Жазылым
Берілген үш сұрақтың бірін таңдап, тиісті шаршыға қанат белгісін (√) қойыңыз.

1 2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет