Реакция жылдамдығына температураның әсері
Үш пробиркаға (№1, 2, 3) күкірт қышқылы ерітіндісінен 5 мл-ден құяды, ал басқа үш пробиркаға (№ 4, 5, 6) натрий тиосульфаты ерітіндісінен 5 мл-ден құяды. Барлық пробиркаларды су құйылған стақанға салып, 5-7 минуттан кейін судың температурасын өлшейді. Осыдан кейін 1-ші және 4-ші пробиркалардағы ерітінділерді қосып, ақ тұнба түзілгенше қанша уақыт өткенін жазады. Енді стақанды (қалған пробиркалармен) асбест тор қойылған электр пешіне қойып, температурасын 100С-қа көтереді, 5-7 минут өткен соң 2-ші және 5-ші стақандағы ерітінділерді араластырып, қанша уақытта ақ тұнба түзілгенін жазып қояды.
3-ші және 6-шы пробиркалармен жоғарыда айтылған тәжірибелерді 200С-қа көтеріп, жасайды. Алынған нәтижелерді кестеге жазады.
Температураны 100C- қа көтерген сайын реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
Достарыңызбен бөлісу: |