ЕСЕПТЕР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР
1.Келесі әлсіз электролиттердің сатылап диссоциацияланатынын көрсетіп, теңдеулерін жазыңыздар.
а) күкіртсутек қышқылы; ә) бор қышқылы (Н3ВО3); б) темір (ІІІ) гидроксиді; в) никель (ІІ) гидроксиді.
2.Күкіртті қышқылдың диссоциациясының 1-ші сатысында диссоциациялану дәрежесі 20%-ға тең екенін ескеріп, осы қышқылдың 0,05 молярлы ерітіндісіндегі сутек иондарының концентрациясын (моль/л) есептеңіздер.
3.Аммоний гидроксидінің 0,02 молярлы ерітіндісінің электролиттік диссоциациясының дәрежесін есептеңіздер. t=250С, Кдисс.(NН4ОН) = 1,8∙10-5.
4.Селенді қышқылдың (Н2SеО3) диссоциациялану константасы − Кдисс.(1)=3,5∙10-3, осы қышқылдың концентрациясы 0,001 моль/л-ге тең болған кездегі диссоциациялану дәрежесін есептеңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |