5.3. Әлсіз электролиттердің диссоциациялану дәрежесіне аттас ионның әсері Конус тәрізді екі пробиркаға 2-3 мл сұйытылған сірке қышқылын құйып, бір тамшыдан метилоранж ерітіндісі индикаторын қосады. Бір пробирканы салыстыру үшін қалдырып, ал екіншісіне микрошпательмен натрий ацетатының біраз кристалдарын салып, жақсылап араластырады. Екі пробиркадағы ерітінділер түсін салыстырып, сірке қышқылының диссоциациялану константасының өрнегін пайдаланып, оны түсіндіреді. Тепе-теңдікті аз диссоциацияланатын молекула түзілетін жағына қарай ығыстыру үшін әлсіз қышқыл ерітіндісіне қандай зат қосу қажет?
2-3 мл аммиак ерітіндісін құйған 2 пробирка алып, бір тамшыдан фенолфталейн қосады. Бір пробиркаға микрошпательмен аммоний хлоридінің біраз кристалдарын салып, жақсылап араластырады. Тұз қосқандағы ерітінді түсінің өзгеруін түсіндіреді. Тепе-теңдікті аз диссоциацияланатын молекула түзілетін жағына қарай ығыстыру үшін әлсіз негіз ерітіндісіне қандай зат қосу қажет?