Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал


Құмырсқа қышқылының 0,2 н ерітіндісінің диссоциациялану дәрежесі − 0,03. Қышқылдың диссоциациялану константасын және рК мәнін анықтаңыздар. 6



бет28/53
Дата24.02.2022
өлшемі359,41 Kb.
#133031
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
Байланысты:
treatise4937

5. Құмырсқа қышқылының 0,2 н ерітіндісінің диссоциациялану дәрежесі − 0,03. Қышқылдың диссоциациялану константасын және рК мәнін анықтаңыздар.
6. 0,3 н НСІО қышқылының диссоциациялану дәрежесін анықтаңыздар.
7. Калий гидроксидінің 4,2 грамы 500 грамм суда ерітілген. Осы ерітіндінің қату температурасы «минус» 0,5190С-қа тең. Ерітіндінің изотондық коэффициентін есептеңіздер.
8. Күкіртті қышқылдың (Н23) диссоциациялану константасы − Кдисс.(1)=1,6∙10-2. Осы қышқылдың 0,02 М ерітіндісіндегі сутек иондарының концентрациясын есептеңіздер. Қышқылдың екінші сатыдағы диссоциациялану константасын ескермейміз.
9. 400 грамм суда 1,06 грамм натрий карбонаты ерітілген. Осы ерітіндінің қату температурасы − «минус» 0,130С. Тұздың диссоциациялану дәрежесін есептеңіздер.
10. Судың бірдей мөлшерінде бірінші жағдайда 0,5 моль қант, ал екінші жағдайда – 0,2 моль кальций хлориді ерітілген. Екі ерітіндінің қату температуралары бірдей. Кальций хлоридінің диссоциациялану дәрежесін анықтаңыздар.
11. Келесі реакциялардың молекулалық және молекулалық-иондық реакцияларын құрыңыздар және осы реакциялардың аяғына дейін жүру себептерін түсіндіріңіздер
а) CuNO3 + Na2S → г) MnCI2 + KOH →
ә) Al2 (SO4)3 + Ba(NO3)2 → д) Na2SO3 + HCI →
б) K2CO3 + HNO3 → е) K3PO4 + AgNO3
в) H3PO4 + NaOH → ж) Na2S + H2SO4
12. Келесі молекулалық-иондық теңдеулердің негізінде молекулалық теңдеулер құрыңыздар
а) Н+ + ОН- → Н2О в) Mn2+ + OH- → Mn(OH)2
ә) 2Н+ + → СО2↑ + Н2О г) Na2SO3 + HCI →
б) Ва2+ + → Ва ↓ д) Сd2+ + S2- → СdS


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет