Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет31/53
Дата24.02.2022
өлшемі359,41 Kb.
#133031
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53
Байланысты:
treatise4937

Буферлік сыйымдылық − 1л буферлі жүйенің сутектік көрсеткішін (рН) бір бірлікке өзгертуге қажетті қышқыл немесе сілтінің миллиграмм- эквивалент мөлшері. Буферлі сыйымдылық келесі формула бойынша анықталады.
B=
C − қышқылдың немесе сілтінің мөлшері.
Құраушы компоненттердің концентрациясы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым буферлік сыйымдылық жоғары болады және осы компоненттердің қатынасы 1-ге жақындаса, буферлік сыйымдылық жоғарылайды:

≈1 немесе ≈1

Қышқылдық негіздік тепе теңдік және адам организміндегі негізгі буферлі жүйелер
Адам организмінде жүретін физиологиялық және биохимиялық үдерістерді үйлестіретін және ішкі ортадағы тұрақтылықты (температура, қан қысымы, рН-тың оптималды мәндері, т.б.) қамтамасыз ететін механизмдер бар. Осы үйлестіру үдерісі Кеннонның ұсынуы бойынша гомеостазис деп аталған (“гомео” деген сөз тұрақтылықты білдіреді). Гомеостазис биологиялық активті заттар арқылы (ферменттер, гормондар) жүйке реттеуші механизмдердің қатынасында іске асырылады және организмдегі қанда, ұлпа сұйықтықтарында, лимфада жүретін үдерістер гуморальды реттеу деп аталады. Гуморальды және жүйке компоненттері бір бірімен тығыз байланысқан және бірыңғай нейро гуморальды комплексті түзеді.
Қанның және ұлпа сұйықтықтардың рН-ын тұрақты деңгейде ұстап тұру қандағы буферлі жүйелер арқылы іске асырылады. Олардың ішінде келесілер негізгілер болып табылады:

  1. Гидрокарбонатты буферлі жүйе, әлсіз көмірқышқыл молекулалар мен оның диссоциациялану нәтижесінде түзілетін гидрокарбонат иондары арасындағы тепе теңдікпен сипатталады:

HCO3- + H+ ↔ HCO-3


HCO3- + H2O ↔ H2CO3 + OH-
Адам организміне тағаммен түсетін көмірсулар, белоктар, майлар тотыққанда көмір қышқыл газы бөлінеді, ол сумен әрекеттескенде көмір қышқылы түзіледі. Бұл үдеріске карбоангидраза ферментінің әсері болғанда жылдам жүреді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет