Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет15/53
Дата24.02.2022
өлшемі359,41 Kb.
#133031
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53
Байланысты:
treatise4937
ЛОР-тесты-4курс-на-каз, Силлабус (1), Дип.-БАСТАУЫШ-СЫНЫПТА-МАТЕМАТИКАНЫ-ОҚЫТУ-ПРОЦЕСІНДЕ-КОМПЬЮТЕРДІ-ПАЙДАЛАНУ, Гуситтер соғысы, Білім беру үрдісі, гылыми этика, Тіл біліміне кіріспе. Тест тапсырмалары
Сұрақтар және есептер

  1. Көрсетілген реакциялардың екеуінде де қышқылға кальций карбонатының бірдей түйіршіктері салынады, бірақ қышқылдың біреуінде реакция жылдамдығы төмен болады. Қышқылдың концентрациясы екі реакция үшін бірдей. Реакция жылдамдығының екі түрлі болу себебін түсіндіріңіздер.

CaCO3 + HCl = CaCl2 + CO2 + H2O
CaCO3 + 2CH3COOH = Ca(CH3COO)2 + CO2 + H2O.

  1. Егер әрекеттесуші заттардың концентрациялары бірдей болса, реакциялық жүйенің көлемі реакцияның жылдамдығына әсер ете ме?

  2. Жылдамдық константасына қандай факторлар әсер етеді?

  3. Келесі заттардың арасында жүретін реакциялардың жылдамдығын өрнектейтін формулаларды жазыңыздар:

а) азот және оттек; ә) сутек және оттек; б) азот диоксиді мен оттек; в) көміртек диоксиді және қыздырылған көмір.

  1. Гомогенді жүйеде келесі схема бойынша А + 2В = АВ2 жүретін реакция үшін реакция жылдамдығының теңдеуін жазыңыздар және келесі сұрақтарға жауап беріңіздер.

а) егер «А» затының концентрациясы екі есе артса, реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
ә) «В» затының концентрациясы екі есе артса, реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

  1. Азот (ІІ) оксиді мен оттек әрекеттескенде азот диоксиді түзіледі:

2NO + O2 = 2NO2
Реакция жылдамдығы 1000 есе арту үшін қысымды неше есе арттыру қажет?

  1. Температуралық коэффициент − γ=3,2. Температура 400-қа артқанда химиялық реакцияның жылдамдығының константасының неше есе артатынын анықтаңыздар.

  2. Температура 1200С-қа тең болғанда реакция жылдамдығының константасы − 5,88∙10-4, ал температура − 1700С-қа тең болғанда, реакция жылдамдығының константасы − 6,7∙10-2. Реакцияның температуралық коэффициентін есептеңіздер.

  3. Келесі жүйедегі H2(газ) + I2(газ) = 2HI(газ) тепе-теңдік реакцияға қатысушы заттардың концентрациялары келесі мәндерге тең кезінде орнады: [H2] = 0,025 моль/л; [I2] = 0,005 моль/л; [HI] = 0,09 моль/л; Йод және сутектің бастапқы концентрацияларын анықтаңыздар.

  4. Келесі жүйедегі 2NO2 = 2NO + O2 тепе-теңдік реакцияға қатысушы заттардың концентрациялары келесі мәндерге тең кезінде орнады: [NO2] = 0,006 моль/л; [NO] = 0,024 моль/л. Йод және сутектің бастапқы концентрацияларын анықтаңыздар. NO2 қосылысының бастапқы концентрациясын және реакция тепе-теңдігінің константасын анықтаңыздар.

  5. Келесі реакция үшін H2(газ) +Br2(газ) = 2HBr(газ) белгілі температурада −

К = 1. Әрекеттесуші заттардың бастапқы мөлшерлері − [H2] = 3 моль, [Br2] = 2 моль. Реакциялық қоспаның тепе-теңдік кезіндегі құрамын анықтаңыздар (%).

  1. Келесі тепе-теңдіктерді қарастырыңыздар және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

2СО(газ) + O2(газ) =2СО2(газ) ∆Н0 = -566 кДж
N2(газ) + O2(газ) = 2NO(газ) ∆Н0 = 180 кДж
а) осы тепе-теңдіктер температура төмендегенде қандай бағытта ығысады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет