«БАҒа және баға жасау» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



Дата04.07.2017
өлшемі437,43 Kb.
#20682

ПОӘК 042-14-3-04.97-2009

№ 1 баспасы

30.09.2009



бет -тен


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-3-04.97-2009

ПОӘК

«Баға жасау» пәні бойынша оқу - әдістемелік материалдар

1 баспасы

30.09.2009


«БАҒА ЖӘНЕ БАҒА ЖАСАУ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
мамандықтары 050506, 050509, 050510 студенттерге арналған
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2009


Алғы сөз


  1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырған Әлімжанова А.М. ____________ «______»_____________2009 ж.,

«Экономика және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы



2. ҚАЙТА БЕКІТІЛГЕН

2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының отырысында.

«_01__ »___09___ 2011 ж. №1 хаттама
Кафедра меңгерушісінің м.а., э.ғ.к. __________________Л.З. Паримбекова
2.2. Экономика және бизнес факультетінің Оқу- әдістемелік Кеңесінің отырысында.

«___21__ »__09__ 2011 ж. № 1 хаттама

ОӘК төрағасы ___________________ М.Х. Айдарханов
Факультеттің Оқу Кеңесінің мәжілісінде талқыланған,

хаттама № 1, 30 қыркүйек 2011 ж.

Факультеттің Оқу Кеңесінің төрағасы ___________ Кожагелдиев Б.К.

БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу - әдістемелік Кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған.

30.09.2009ж № _1_ хаттама

ОӘК төрағасы, бірінші проректор _______________ А.А. Молдажанова



Мазмұны


  1. Дәрістер

  2. Практикалық сабақтар

  3. Студенттердің өздік жұмысы

  4. Глоссарий


1 ДӘРІСТЕР
Лекция 1. Баға нарықтық категория ретінде

  1. Бағаның мәні

  2. Баға құрудың міндеттері мен баға функциялары

  3. Баға қалыптастырушы факторлар

Ішкі нарықтың құрамдас бөліктерін жалғаушы экономикалық байланыстардың механизмі болып тауарға деген бағаның құрылымы, несиелер, бағалы қағаздар,жұмыс күші, шетелдік валюта, жер және басқа да жылжымайтын мүлік, делдалдық қызметтер. Бағаның барлық осы түрлерінің арасында өзара байланыс бар.

Әр түрлі тауарлардың құны бір – бірімен олардың өзара ауысымдылығы мен өзара толықтырылатындығы арқылы байланысты. Бағалар өндірістің және айналым шығындары жолымен байланысты – шикізат бағасының жоғары болуы дайын өнімнің бағасының жоғарылауына әкеледі. Акция курсы түріндегі бағалар ссудалық пайыз ставкасы түріндегі бағамен байланысты. Дайын өнімнің бағасы өндіріс шығындарының элементтерінің бағасымен және пайданың орташа нормасының шамасымен байланысты.

Өндіріс шығындарының элементтерінің бағасының өзі дайын өнімді сатудан түсетін болашақ түсімнің капитализациясы жолымен қалыптасады. Осылайша, тауар бағасы ссудалық пайыз ставкасының ұзақ мерзімді орташа деңгейімен байланысты.Валюталар бағасы әр түрлі елдердегі акция курстарына, пайыз ставкасына, салыстырсалы тауар бағаларына тәуелді.

Өндіріс шығындарының маңызды элементі – еңбекақы ставкасы – сату бағаларының динамикасы мен мен тауар бойынша тарифтермен тікелей байланысты. Сонымен қоса, еңбекақы деңгейі еңбек жинайтын технологияны пайдаланудан түсетін түсіммен салыстырғанда қосымша жұмысшы күшін пайдаланудан түсетін түсім мөлшеріне байланысты. Бұдан негізгі капитал элементтері мен жұмыс күшіне деген бағаның өзара шарттылығы мен себеп – салдарлық байланыстың механизмі көрінеді.

Бағалар жүйесі өз кезегінде әр түрлі нарықтардың координациясының механизмі болып таылады. Қазіргі заманғы нарықтар күрделі жоғары ұйымдастырылған жүйе құрады.Олардың өзіндік реттелуі өндіріс шығындары, баға, сұраныс, ұсыныстың бір бірінің өзгерісіне икемделуі, теңесуі арқасында жүзеге асады.

Нарық пен баға тауарлық өндіріске негізделген. Және экономикалық байланыстар негізінен нарық арқылы байқалады. Нарық тауар ақшалық қатынастар мен құндылық категориялардың қызметінің негізгі сферасы болып табылады.

Нарықтық шаруашылықта құн заңы үлкен мәнге ие, олбаға қалыптастыру, тауардың сұранысы мен ұсынысы арқылы іске асада және капиталдың экономиканың бір секторынан екіншісіне өтуіне көмектеседі.

Баға қалыптастырудың механизмі баға және оның қозғалысынан көрінеді. Негізгі фактор – бағалар құнның өзгерісі, тауар құны негізінде қалыптасады. Бағынушы фактор – тауарға баға нарықтың тез өзгеріп тоыратын конъюнктурасының ықпалымен қалыптасады.

Мемлекет нарық конъюнктурасы мен баға динамикасына әсер етуі міндетті.Нарыққа өту жағдайында Қазақстанда бұл механизм өңделмеген.

Сондықтан, мемлекеттік органдардың бағаның шекті деңгейін орнату, бәсекелестікті дамыту, рационалды салық саясаты сияқты шаралары өте маңызды.

Баға белгілеудің кез – келген әдісінің тиімділігі нарықтық конъюнктураны анықтайтын сұраныстың қаншалықты толық қарастырылғанына негізделеді.Жақтардың келісімімен орнатылған баға келісімді деп аталады. Келісімді нарықтық баға қалыптастырудың идеясы кәсіпорындардың сұранысқа ие тауарларды шығаруға икемдеу, ол тапшылықты жоюға тиіс.

Нарықтық бағалардың қалыптасуының икемділігі экономиканы серпінді, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға икемді етеді.

Нарық жағдайында баға қалыптастыру күрделі процесс болып табылады және көптеген факторларға әсер етеді. Баға орнату – маркетингтің маңызды элементі болып табылады, тауардың белгілі бір түріне, әсіресе бәсекелес тауар түріне бағаның қатынасы клиенттің жасаған сатып алуларының көлеміне әсер етеді. Көбінесе бағаға нақты коммерциялық нәтижелер тәуелді, ал дұрыс не қате баға саясаты фирманың нарықтағы жағдайына ұзақ мерзімді әсер тигізеді.

Лекция 2. Бағаның қалыптасуының модельдері


  1. Бағаның шығындық теориясы

  2. Еңбек құнының теориясы

  3. Баға қалыптастыруға бағалық көзқарас

Қазақстандағы жүріп жатқан реформалар, оның ішінде баға құру реформалары ғылыми басылымдар мен мерзімдік баспалардан, сондай – ақ барлық бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табуда, оларға қатысты екі көзқарас қалыптасуда.

Біріншісі,“басушы” деп аталады, қалыптасқан баға диспропорцияларын жоюға кірісуді көрсетеді.

Екіншісі, «қорғаушы» - экономиканы ұйымдастырудың ескі принциптеріне көшуден бас тартады.

Баға – бүкіл әлеуметтік экономикалық саясаттың айнасы және өзінің микро және макроэкономикалық мағынасында олар баға қалыптастырудың концепцияларына бағынбайды, өнімнің нарықтағы айналысы мен өндірістің обьективті шарттарымен анықталады.

Бағаның шығындық теориясының шығу тарихы экономикалық теорияның негізін салушылар А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркспен тығыз байланысты.

Бұл теория бойынша тауар құны тауар өндірушілердің заттай еңбегін сипаттайды, ал тауар құнының өзі оны өндіру үшін қажетті еңбектің көлемімен анықталады.

Құн сандық және сапалық сипатталады.Сандық сипатта бәрін тауардағы еңбек көлемі анықтайды, ол тауардың тұтынушылық құндылығын құрайды.Сапалық жағы тауар алмасатын адамдар арасындағы өндірістік қатынастарды көрсетеді.Осыдан шығатыны басқа өнімге ауысуға икемді тауар құнға ие. Айырбас процесі өнімді тауарға ауыстырады, ал тұтынушылық құнды айырбас құнына ауыстырады. Жиі түрде тауар әр түрлі тауарларға айырбас құралы бола алатын тауар – ақшаға айырбасталады.

Құн теориясына сәйкес, оның қалыптасу теориясы ретінде қоғамдық өндіріс түседі, оның шегінде өндірісте қалыптасқан қайта тарату мен орын ауыстыру өтеді. Осы жерден бағаның сандық жағы құнға толық тәуелді болады.

А. Смит тауар нарықтарындағы баға қалыптастыру факторы ретінде еңбектің өзгермелі шығындары түсінігін енгізді. Ол баға қалыптастырушы деп жұмыс күші шығынын айтады, тауар құнын рента, еңбекақы, кіріс есебінен қалыптастырады.

Баға қалыптастырудың өзіндік моделін Д. Рикардо ұсынды, баға тауар өндірісінің тігінен біріккен шегінде қосылған құн принципі бойынша еңбек шығындарының сомасы ретінде.

К. Маркс «еңбектің қоғамдық қажетті шығындары» ұғымын енгізді, онда ол баға қалыптастырудың негізі ретінде осы қоғамдағы еңбек интенсивтілігі мен қолдан келу деңгейінде және өндірістің қоғамдық қалыпты жағдайында қандай да бір тұтынушылық құнды жасау үшін қажетті шығындарды түсінді.

Маркс бойынша тауар өндірісіне қоғамдық қажетті еңбек шығындары өндіріске тірі еңбек шығыны мен өткен еңбек шығындарынан қалыптасады. Осыдан тауар құнына өндірістің қажетті құралдары мен тірі еңбекпен қалыптасатын жаңа құрылған құн кіреді.Соңғысының құрамына өнімнің қосылған және қажетті құндары кіреді.

Өндіріс тауарға ұсынысты қалыптастырады. Мұндай жағдайда нарық, нарықтық сұраныс басты ролді ойнамайды. Сұраныс нақты тауарға қоғамдық қажеттіліктен туындайды.

Мұндай баға құрушылық модель тауарға қоғамдық қажеттіліктен; қоғамдық өндірістегі пропорционалдықтан туындайды.

Мұндай баға құрушылық модельдің кемшілігі бар: нарықтық сұраныс мәнінің толық бағаланбауы.

Баға қалыптастырудағы белгілі бағыттырдың бірі баға мен баға қалыптастырудың маргиналдық теориясы.Бұл теорияның мәні баға қалыптастырудың мәндік факторы ретіндегі баға қалыптастырудың сипаттамасынан көрінеді. Пайдалылық категориясы нарыққа ұсынылатын барлық тауарлар шегінде тұтынушыға белгілі бір тауарды беру өлшемі сияқты жіктеледі.

Мұндай бағытта баға базасы болып тауар өндірісіне кеткен еңбек шығыны емес, оның сатып алушыға шекті пайдалылығы табылады. Мұндай пайдалылықтың мөлшері осы тауардың сұранысы өсу нәтижесіндегі қосымша шығару арқылы анықталады.

Айтылған тұжырымдар ішінде ең тиімді болып америка экономисті П. Самуэльсон мен оның ізбасарларыныкі болды.Бұл концепцияда негізгі болып сату процесін бақылау арқылы қол жеткізетін сатып алушының жеке таңдауы. Тұтынушы өзінің бюджеті шегінде нарықта ұсынылған тауарларды бағаның бірдей қатынасында белгілі бір тауарды қалайды.

Самуэльсон бір тауарлар жиынтығын екіншімен салыстырғандағы пайдалылықтың сандық шамасын анықтайтын тауар жиынтықтарының барлық массасының пайдалылығының индекстік функциясын ұсынды.Бірақ ол тәжірибеде қарастырылмаған.

Кейінірек ағылшын экономисті А. Маршалдың және оның ізбасарлары Дж. Робинсон, Э. Чемберлин, А. Пигудің еркін бәсекелестік шарттарында қолданылатын жұмыстары пайда болды.

Олардың сипаттамалық ерекшеліктері: сұраныс пен ұсынысты әр мағыналы баға қалыптастырушы фактор ретінде қарастыру; нарықтағы тепе – теңдікке жету қажеттілігі; сұраныс пен ұсыныс арақатынасының есебі мен талдауы.

Маржиналдық теория өкілдері сұранысты екі фактор: өндіріс көлемін көрсететін және жинақталатын баға деңгейіндегі тауар массасының ұсынысын қолдану арқылы график түрінде көрсетеді.

Бұл факторлардың өзгерісін талдау олардың кері пропорционалдық байланысы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік ашады, онда бағаның төмендеуі сатудың өсуіне әкеледінемесе керісінше, яғни сұраныс заңына бағынады.

Бұл бағыт еңбек құнының теориясына тән баға туралы тұжырымдарды өзгертеді. Маржинализм концепциясы баға қалыптастырушы шығындардың әр түрлі құрамын пайдалану арқылы бағалық шешімдерді қысқа және ұзақ мерзімді деп бөлуге негізделген.

Отандық баға қалыптастырудың проблемалары инфляция теориясының талдауынан бөлек жүруі мүмкін емес, онымен біздің экономикамыз 80-жылдардан бастап мынадай түрде таныс: жылжымалы жылына 10 %ға дейін, 1991жылы секірмелі 100%, 1992 жылы100%дан жоғары, яғни гиперинфляция.

1990 жылдары екі әр түрлі бағыттағы бағыттар болды: бір жағынан, инфляция мөлшерін қандай да бір деңгейде ұстап қалу; екіншісі инфляция көмегімен өсіп келе жатқан фискалды қиыншылықтар, әсіресе өсіп келе жатқан мемлекеттік бюджет тапшылығын шешу.Екінші тапсырма шегінде баға көтеру саясаты үлкен мәнге ие болды; ол нақты жоспарлы экономика шеңберінде сол инфляцияның күшеюіне әкелді.

Жылдар бойы жинақталып келе жатқан баға диспропорцияларын түзету ұзақ мерзімді кешенді шараларды талап етеді, онда Қазақстан шарттарында осы проблемаларға жақсы жауап табылатындай реформаларды түзету қажет.

Лекция 3.


  1. Бағалар жүйесінің түсінігі

  2. Бағалардың жіктелуі

Бағалар жүйесі – әр түрлі баға түрлерінің нарық қатысушыларының экономикалық өзара байланысын реттеуші және қызмет көрсетуші бірыңғай, тәртіптелген байланысы. Бағаның бір түрінің деңгейі, құрылымының өзгеруі оның басқа түрлерінің де өзгеруіне де әкеледі. Бұл нарық субъектлері мен нарық механизмінің элементтерінің байланысымен негізделген.

Қазіргі бағалық ортада бағаның әр түрлі жүйелері бар, олар нарықтардың қызмет көрсетуі мен ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Бұл – бағаның ұлттық жүйесі, сыртқы саудалық жүйе, бағаның халықаралық біріккен бизнестегі жүйесі, халықаралық аймақтық нарықтардағы баға жүйесі және дүниежүзілік бағалар жүйесі. Халықаралық интеграцияның тереңдеуіне байланысты бағаның құрылымы, деңгейі, қалыптасу ережелерінің байланысы күшейеді.

Нарықтың қызмет ету масштабына тәуелсіз бағаның мынадай түрлерін бөледі:


  • Ұлттық эконоаиканың қызмет ету сферасына байланысты. Мұнда баға дифференциациясы экономиканың әр түрлі сфераларының ерекшеліктерінің есебінде құрылады.Бұл топқа мынадай бағалар кіреді: көтерме, бөлшек, сатып алу, мемлекеттік сатып алулар бағасы, сауда ішілік, тариф, қызметтерге баға, құрылыс өнімдерінің бағасы;

  • Мемлекеттің реттеуінің қатаңдығына байланысты: нарықтық, реттелетін.

Бағаны реттеудің негізгі шараларына мыналар жатады:

  1. Бағаның жоғарғы абсолютті шегін орнату; вариант базалық бағаны және оның өсуінің шекті бағалық коэффициенттерін анықтау;

  2. Бағаның өсуін рентабельділік нормативін пайыздық өзіндік құнға регламенттеу;

  3. Делдалдық сыйақыға шек қою;

  4. Бағаның төменгі шегін анықтау.

Алғашғы төрт шараның мәні инфляция өсімінің бағаның өсуімен байланысында. Ал төртінші шара фискалдық мақсаттарда қолданылады. Бағаны төмендетудің мүмкін еместігі бюджетке шегерімдердің мөлшерін жақсартуға көмектеседі. Бұл шара тауарлардың жанама салықтардың үлкен үлесімен қатынасында қолданылады:

  • Баға қалыптасу стадиялары бойынша: өндірушінің көтерме бағалары; шығарудың көтерме бағалары, стаып алу бағасы.

  • Базистік шарттар есебімен: базистік шарт дегеніміз тауардың жеткізу, жөнелту, тиеу, сақтандыру және шекарадан өту жағдайында кедендік жөндеуге шығындар. Әлемдік тәжірибеде бұл ережелер бастапқы арнайы құжат «Инкотермсте» пайдаланылады.Қазіргі заманғы тәжірибеде отандық ережелер қолданылады, бағаларды франко жіберу және франко тағайындалған деп бөледі.

  • Сауданы ұйымдастыру формасы мен бағалық ақпараттың сипаты бойынша: тура келісімшарт бағасы, биржалық баға, аукциондық баға, сауда бағасы, анықтамалық баға деп бөледі.



Лекция 4.Баға стратегиялары және оны таңдау шарттары

  1. Кәсіпорынның баға стратегиясының мәні

  2. Баға стратегиялары және оны таңдау шарттары

  3. Баға стратегиясын өңдеу этаптары

Кез  келген жағдайда фирма мынаған жол бере алмайды: осындай шешімнің әрбір вариантының мүмкін болатын салдарын талдаусыз баға орнату. Алдыңғы қатарлы фирмаларда анық баға саясаты және белгілі баға қалыптастыру саясаты бар.

Сапалы стратегия өңдеу мақсатында фирмаға нарықтағы жиналған ақпарат, зерттеулер, жаңа тауарларды дайындау және ұсыну, сонымен қоса, тиімді ұйымдастырушылық қажет.

Нарық туралы жиналған ақпараттарды талдау негізінде кәсіпорын өз стратегиясын өңдейді. Оның шегінде бар тұтынушыларға тауарды сату, бұрынғы қызметтерді жаңа тұтынушыларға ұсыну жүзеге аса алады. Бұрынғы нарықта даму стратегиясы, жаңа тауар шығару стратегиясы, диверсификация стратегиясы. Фирма нақты даму стратегиясын таңдағанда стратегиялық бағдарлама бойынша таңдалған арнайы баға саясатын өңдеу қажет. Нарық талаптары фирманы тауар шығарудың шарттарын үнемі үйренуге бейімдейді.

Баға стратегиясы компанияның жалпы стратегиялық концепциясынан туындайтын болғандықтан, фирма басынан бастап стратегиялық тәртіп туралы сұрақтарды шешіп алуы тиіс.Нарықтық стратегиялардың қалыптасу негізгі нарықтық экономикалық факторларды талдау мен стратегиялық сәттіліктердің бар потенциялын, оның ішінде фирма имиджі,сатып алушыларға сапалы қызмет көрсету, өнімнің және технологияның жаңа түрлерін ойлап табу, клиенттердің контингентін талдау қажет. Нарықтағы фирманы функциялау оның міндетінен көрінеді.Ұйымның мақсаты мен міндетін таңдау стратегиялық жоспарлауда алғашқы және маңызды шешім болып табылады.

Фирма қандай да бір бағаны белгілеп қана қоймай, баға қалыптастырудың жүйесін құрады. Фирма үнемі өзгеріп отыратын бәсекелік нарықта өмір сүретіндіктен, баға өзгеруіне әсер етеді.

Фирманың баға қалыптастыруға стратегиялық көзқарасы нақты тауардың өмірлік циклының этаптарына тәуелді.

Әсіресе көп талап оның нарыққа жылжуына қойылады.Кейбір фирмалар нарыққа белсенді өтудің стратегиясына сүйенеді. Олар нарықтың көп бөлігін жаулап алу және клиенттердің көп бөлігін тарту мақсатымен жаңа шыққан тауарға төмен баға белгілейді.

Нарықты зерттеу және өндірістік жоспар құруда нарыққа өнімді орташадан төмен бағамен шығару арқылы кіретін фирма оның өнімінің бағасы 30 – 50 %дан аз болмауы керектігін ескеру қажет. Тіпті өнімнің жоғары сапалылығы жағдайында егер нарықта жоғары сапалы өнімге жоғары баға төлей алатын тұтынушылар көп болса, жағдай фирма үшін кауіпті болуы да мүмкін. Бұл жерде фирма өзі үшін жаңа нарыққа шығуы немесе жаңа өнімнің белгілі нарыққа шығуы туралы айтылмайды.

Фирма басшылығының саясаты бұл жердешамамен бірдей – төмен баға есебінен нарыққа ену, тұтынушыны өз фирмасының маркасына үйрету, оған өз өнімінің артықшылығын мойындауға мүмкіндік беру, фирмаға нарықтың көп бөлігін және сатудың жоғарғы деңгейіне кепілдік беру. Егер өнімді нарық мойындаса, фирма өзінің өндірістік бағдарламасын өзгертіп, бағаны көтере алады.

Төменгі бағаларды енгізу мыналарға жақсы әсер етеді: нарық бағаға өте сезімтал, ал төмен баға оның кеңеюіне әкеледі; өндіріс көлемінің өсуімен қатар оның шығындарыазаяды, ал төмен бағалар бәсекелестер үшін жағымсыз.



Лекция 5.Баға қалыптастырудың әдістері

  1. Баға қалыптастырудың есептік әдістері

  2. Баға қалыптастырудың параметрлік әдістері

  3. Тұтынушылық әсермен қосылған әдіс

  4. Өнім шығаруды стимулдау әдісі

Бағалық әдістер  қабылданған бағалық стратегия шегіндегі тауарлар мен қызметтерге баға қалыптастырудың әдістері.Негізгі әдіске есептік әдіс жатады. Оның мәні олар фирманың өндіріс ішілік шарттарының есебінде негізделеді. Фирма нақты нарық конъюктурасының талаптарына сәйкес түзетілмеген қалайтын баға деңгейін анықтайды.

Есептік әдіс шегінде бірінші кезекте шығындық әдістер қарастырылады.Бұл толық шығындардың бағалық әдісі.Бұл әдісті әдетте монополист фирмалар қолданады.Әдістің кемшілігі – нарықтық сұранысқа негізделмеген.Бұл әдіс бағаларды нақты шығындардың нормативтен ауытқуы есебінен қалыптастырады.

Баға қалыптастырудың параметрлік әдісі бірдей қажеттілікті қанағаттандыратын өнім бағасын есептегенде қолданылады.Бұл әдістер негізгі тұтынушылық параметрлер нақты сандық анықтауға келетін жағдайда қолданылады.Әдістің кемшілігі  балл есептеудегі субъективизм.

Егер өнімдер өзара ауысатын болса,яғни бірдей қажеттілікті өтесе де олар физико  химиялық құрамы бойынша өзгешеленеді.

Ескі және жаңа тауарға баға арасындағы байланыс тұтынушылық эффект көрсеткішімен сипатталады,яғни ол тұтынушы ескі тауардың орнына жаңа тауар алғанда қандай эффект алатынын көрсетеді. Баға мына формуламен есептеледі: Цн=Цб+ЭпхКт.Кт – тежелу коэффициенті.

Сұраныс икемділігі есебімен сату көлемін максимизациялау әдісі. Икемді сұраныс кезінде өнім өндірудің стимул серпіні ретінде бағаны төмендету, икемсіз сұраныста көтеру қолданылады.

Жеңілдіктер көмегімен сату көлемін максимизациялау әдісі. Негізгі жеңілдіктер  сатып алу көлемін ұлғайқаны үшін, қолма қол төлеу, ұзақ мерзімді достастық т.б. «Психологиялық» баға қалыптастырудың әдістері: бағаны түсіру, бағалық сыйлықтар әдісі.

Лекция 6.Нарықтың әр түрлі модельдеріндегі баға қалыптастыру


  1. Бәсеке нарығындағы баға қалыптастыру

  2. Олигополия нарығындағы баға қалыптастыру

  3. Монополиялық бәсеке нарығындағы баға қалыптастыру

  4. Таза монополия нарығындағы баға қалыптастыру

Баға қалыптастыру нарықтың әр түрлі типтерінде өзгеше болады. Нарықтың төрт типі бар, оларда баға қалыптастыруда өз проблемалары бар және оларға фирманың баға саясаты тәуелді. Таза бәсеке нарығында бірде бір жеке сатушы не сатып алушы тауардың ағымдық нарықтағы бағаға әсер ете алмайды. Сатушы нарықтықтан жоғары баға қоя алмайды, сатып алушылар осы нарықтық бағамен керекті тауардың кез келген мөлшерін ала алады.Сатушылар нарықтық бағадан төмен баға қойғысы келмейді, себебі олар сол бағамен сатуға үйренген.Таза бәсеке нарығында сатушылар маркетинг стратегиясына көп уақыт бөлмейді, маркетингтік зерттеулердің ролі шектеулі.

Монополиялық бәсеке нарығы өте өзгеше.Бағаның үлкен диапозонының болуы сатушылардың сатып алушыларға тауардың әр түрлі нұсқаларын ұсына алуымен түсіндіріледі. Нақты бұйымдар бір бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы әшекерлеуі бойынша өзгешеленеді. Сатып алушылар ұсыныстағы айырмашылықты еске алып тауарлар үшін түрлі баға төлеуге дайын.Ерекшелену үшін сатушылар бағамен қоса жеке тұтынушылық сегменттер үшін түрлі үсыныстар ойлап табады және жеке сату әдістері мен жарнаманы, тауарлық маркалардыигерудің тәжірибесін пайдаланады.

Олигополиялық бәсеке нарығында бір бірінің маркетингтік стратегиялар мен баға саясатына сезмтал келетін аз сатушылар болады.Тауарлар ұқсас та, ұқсас емес те болуы мүмкін. Сатушылардың аз саны осы нарыққа өтудің қиындығын көрсетеді. Әрбір сатушы бәсекелестердің стратегиясы мен әрекетін аңдиды.

Таза монополия нарығында бір ғана сатушы болады. Ол мемлекеттік ұйым, жеке реттелетінмонополия не реттелмейтін болуы мүмкін.Әр жағдайда баға әр түрлі қалыптасады. Мемлекеттік монополия баға саясатының көмегімен әр түрлі мақсаттарға жете алады.


Лекция 7. Бағаларды мемлекеттік реттеу

  1. Бағаларды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

  2. Бағаны реттеу мен бақылаудың әдістері

Мемлекеттің баға қалыптастыру процестеріне әсер етуі экономикалық саясаттың жүйелі қолданылатын әдістерінің бірі болды. Қалыптасқан бағаны мемлекеттік реттеу мемлекеттік саясаттың басқа да формаларымен қатар бағалық пропорция мен халықтың түрлі категориялары мен салаларының арасында ұлттық табысты бөлуге әсер етеді.Баға саясаты мемлекеттің реттеу қызметінің маңызды сферасының бірі. Мемлекеттің мақсаты тапшылық пайда болуының нәтижесінде бағаның инфляциялық өсуіне жол бермеу. Міндеті әлеуметтік нәтижеге қол жеткізу.

Бағаны реттеудің тура және жанама әдістерін бөледі. Тура әдіске бағаны әкімшілік орнату; бағаның шекті деңгейін орнату; рентабельдік деңнейін регламенттеу; баға анықтау үшін нормативтер орнату т.б.

Жанама әдістер: салық салу, ақша айналысын реттеу, еңбекке ақы төлеу, несие саясаты; мемлекеттік шығындарды реттеу; амортизациялық шығындарды орнату, т.б.Мемлекет энергиятасымалдаушыларға, көлік және байланыс қызметтеріне бағаны тура реттейді. Олар ел экономикасына елеулі үлес қосады. Мемлекет ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларына баға қатынасын қолдайды.

Лекция 8. Әлемдік баға жүйесі


  1. Әлемдік баға жүйесі ұғымы мен түрлері

  2. Халықаралық келісімшарттар бағасы

  3. Халықаралық келісімшарттар бағасының қалыптасуындағы бағалық түзетулер

Әлемдік баға  халықаралық нарықта белгілі бір тауар бойынша мәмілелерден көрінетін баға. Сипаттайтын болып еркін сауда саяси режимге және еркін конверттелетін валютаға өтетін тұрақты мәмілелер есептеледі. Әлемдік бағалар туралы ақпарат қол жетімді.Негізгі әлемдік бағаларға халықаралық биржа бағалары, анықтамалық бағалар, прейскурант, каталог, проспекттер бағасы, ұсыныс бағалары, халықаралық тауарлық аукциондар бағасы, халықаралық сауда бағалары, тура халықаралық келісімшарт жасаудағы нақты мәмілелер бағасы жатады.

Халықаралық келісімшарт бағасы  тауарды сату, сатып алудың халықаралық мәмілесінде тіркелген баға. Баға деңгейі туралы мәліметтер халықаралық келісімшарт қатысушыларының қолтаңбасымен бекітіледі.Халықаралық келісімшартты бекіту үшін ориентир ретінде алынған нақты тауар бағасы міндетті түрде өзгертіледі.

Әлемдік ориентир бағадан нақты мәміле бағасына өту бағалық түзетулер қатысымен жүзеге асады.Түзетулер барлық мәмілелерге жалпы және тауар ерекшеліктеріне байланысты деп бөлінеді. Жалпы түзетуге валюта түрі, базистік шарттарды түзету, т.б. жатады.

Атап өтілген түзетулердің есебімен анықталған келісімшарттық баға ішкісаудалық бағалардың қалыптасуының базасы болып табылады.



Лекция 9. Ішкісаудалық бағалардың қалыптасуы

  1. Экспортталатын өнімге бағаны қалыптастырудың ережелері

  2. Импортталатын өнімге бағаны қалыптастырудың ережелері

Ішкісаудалық бағалар мемлекеттің жүргізетін кедендік және ішкісаудалық саясатының шеңберінде қалыптасады. Ішкісаудалық саясаттың негізгі міндеттері:

  • Отандық өндірушілерді қорғау;

  • Фискалдық міндеттер;

  • Сыртқы нарықта отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

Ішкісаудалық саясатты іске асырудың құралдары:

  • Кеден баждарының дифференциациясы;

  • Демпингтік бағаларды қолдану;

  • Отандық өндірушілер мен халыққа зиян әкелетін тауарларды кіргізуге тыйым салу;

  • Экспортерлерге мемлекеттік субсидиялар.

Сыртқы нарықта тауардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін барлық елдердің үкіметі экспортерлерді субсидиялайды, экспорттық төлемдерді алып тастайды және төмендетеді,экспортерлерге салық салудың жеңілдіктерін ұсынады.Мұның барлығы экспортталатын тауардың төмен бағамен ұсынылуының негізі болып табылады.

Экспорттық бағаның төменгі шегі  өндіріс бойынша шығындардың жиынтығы.

Экспорттық бағаның жоғарғы шегі  экспортердің келісімшарттық бағасы.

Импортталатын өнім елдің ішкі нарығына түседі, сондықтан оның бағасы елдегі тауардың бағасына сәйкес белгіленеді.Импортты ынталандыру үшін алымдар төмендетілуі және алынып тасталуы мүмкін. Ішкі жанама салықтар бағаға кіреді.Импорт жағдайында баға деңгейі былай анықталады: Ци= Цк+ Тп+ Тсб+ А+ Рвн+ ҚҚС.

 

2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
2.1. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛАР
Практикалық сабақтардың мақсаты ретінде студенттерде кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін зерттеу негізінде экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру болады

Практикалық сабақтарға дайындалу барысында студент сабақтың жоспарын тыңғылықты зерттеп, дәрістер конспектісін оқып, ұсынылған әдебиетті оқуға міндетті.

Ұсынылған әдебиетті зерттегенде студент оқыған материалдың негізгі түйінін конспектілеп, басты мәселені көрсете білу керек.

Ерекше назарды біздің елемізде шыққан немесе шығарылып жатқан заңдарды, ҚР Президентінің Жарлықтарын, экономикалық реформаларды енгізу және іске асыруға байланысты жоспарлар, бағдарламалар мен басқа да нормативтік актілер мен мәліметтерді зерттеуге аудару қажет.

СӨЖ бойынша барлық тапсырмалар семинарларда берілетін болады. Студенттердің семинарлық және практикалық сабақтарға қатысу формаларына келесі жатады: баяндама оқу, диалогтар, пікір таластар, реферат жазу және есеп шығару. Осы аталған барлық формалар әр студентке қол жетерлік болады және оның дамуына мүмкіндік жасайды. Студенттер үшін қажет шарт ретінде семинарлық сабақтарға дұрыс дайындалу. Әр семинарлық сабаққа негізгі сұрақтар тізімі беріледі және негізгі мен қосымша әдебиет ұсынылады
2.2. ӘДЕБИЕТ

Негізгі әдебиет

1. ҚР 2003-2015 жылдарға арналған индустриальды-инновациялық даму Стратегиясы // ҚР Президенті мен Үкіметінің шығарған актілерінің Жинағы, 2003, № 23-24.

2. 2010 жылға дейінгі экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының Стратегиялық жоспары. Егемен Қазақстан, 4.12.2001 ж.

3. ҚР ПРезидентінің Қазақстан халқына жолдауы «Бәсекелеске қабілетті Қазақстанға, бәсекелеске қабілетті экономикаға, бәсекелеске қабілетті ұлтқа», 19 наурыз 2004 ж., Астана.

4. ҚР ПРезидентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазахстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңартулар жолында», 18 ақпан 2005 ж., Астана

5. ҚР заңы «Жеке дара кәсіпкерлік туралы» 19 маусым 1997 ж

6. ҚР заңы «Табиғи монополиялар туралы» Егемен Қазақстан, 1998, 24 қараша.

7. ҚР заңы «Заңсыз бәсеке туралы» 9 маусым 1998ж.

8. ҚР заңы «Бәсеке және монополиялық қызметі шектеу туралы» 19 қаңтар 2001 ж.

9. ҚР заңы «Акционерлік қоғамдар туралы» 13 мамыр 2003ж.

10. ҚР заңы «Жаупкершілігі қосымша және шектелген серіктестіктер туралы» 2 сәуір 1998ж.

11. ҚР заңы «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» 24 мамыр 2002ж.

12. ҚР Президентінің Жарлығы «ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған шаралар туралы» 30 қыркүйек 2004 ж.

13. ҚР заңы «Инновациялық қызмет туралы» 3 шілде 2002ж.

14. ҚР заңы «Инвестициялар туралы» 28 ақпан 2003ж.

15. ҚР бюджеттік кодексы, 28 сәуір 2004 жыл.

16. ҚР кодексы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы», Алматы, 2001.

17. Липсиц И.В. Коммерческое ценообразование.- М.: БЕК, 1997

18.Тультаев К.А., Ондасынова А.И. Ценообразование в условиях перехода к рыночной экономике. – Алматы.: КазГау, 1996

19. Уткин Э.А. Цены, ценообразование и ценовая политика. – М.: 1998

20. Шуляк П.Н. Ценообразование/Учебно практическое пособие.-М.: 1998

21. Желтякова И. Тесты и задачи по ценообразованию.-СПб.: 1999

22. Салимжанов И.К. Цены и ценообразование,-М.: 1999

23.Цацулин А.Н. Цены и ценообразование в системе маркетинга.-М.: 1998

24. Есипова В.Е. Ценообразование на финансовом рынке. – СПб.: 1999

25. Желтякова И. И др. Цены и ценообразование,-СПб.: 1999

26.Есипова В.Е. Цены и ценообразование,-СПб.: 2000

27.Травецкий И.П., Грекова И.Н. Ценообразование,-М.: 2000

28.Голощаков А. Цены и ценообразование,-Обнинск.: 2000

29.Ценообразование под ред. Сальпикова В.П.,-СПб.: 2000

30.Чибинев В.М. и др. Ценообразование,-СПб.: 2000

31.Яковлев Н.Я. Цены и ценообразование,-СПб.: 2000
Қосымша әдебиет

1. Большой экономический словарь./Под ред. Л. II. Азрилияна М.: Институт новой экономики, 2002.

2. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана (теория, опыт, проблемы): Учебное пособие - Алматы, 1998.

3. Гольдштейн Г.Я. Основы менеджмента. Таганрог: ТРТУ, 1995.


4. Корсаков М.Н. Экономика предприятия. Таганрог: ТРТУ, 2002.

5. Герчикова И.Н. Менеджемент, - М., 1996.

6. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент – М., 1998

7. Веснин В.Р. Основы менеджмента. – М., 1996.

8. Мамыров Н.К. Менеджмент и рынок: казахстанская модель. – Алматы, 1998.

9. Каренов Основы менеджмента. – Караганда, 1995.

10. Кузнецов Ю., Подлесных В. Основы менеджмента, - М., 1997.

11. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. – Алматы: Экономика, 1998.

12. Жиделева В.В., Каптейн Ю.Н. Экономика предприятия: Учебное пособие - М.: ИНФРА-М, 2001.

13. Калдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия (фирмы). Алматы, «Санат», 1997.

14. Мокий М. С., Скамай Л. Г., Трубочкина М.И. Экономика предприятия: Учебное пособие - М.: ИНФРА-М, 2000.

15. Эванс Дж.М., Берман Б. Маркетинж. М.: Экономика, 1993.

16. Осипов Ю.М. Основы предпринимательского дела. М.: изд-во 1992.

17. Кобринский Н.Е., Майминас Е.З., Смирнов А.Д. Экономическая кибернетика. М.: Экономика, 2004.

18. Попов Г.Х. Эффективное управление. М.: Экономика, 2005.

17. Волков О. И., Скляренко В.К. Экономика предприятия. – М.: ИНФРА-М 2002.

18. Грузинов В.П. и др. Экономика предприятия. М.: Банки и биржи ЮНИТИ, 1999.

19. Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.

20. Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001

21. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г.

22. Экономика предприятия и предпринимательства./ Грузинов В. М., 2000

23. Экономика предприятия . Швандар В.А.. М., 2000.

24. Экономика предприятия. Под ред. проф. В. Я. Горфинкеля, проф. В.А.Швандара. М.: ЮНИТИ - ДАНА, 2000

25. Экономика предприятия. Под ред. Н.А. Сафронова. М., 2000

26. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. / Под ред. проф. В.А. Швандара.- М.: ЮНИТИ - ДАНА, 2001.

27. Экономика предприятия. М.: «Издательство ПРИОР»,2000.

28. Экономика предприятия. Под ред. В.Я. Хрипача. М.,2000

29. Герчикова И.Н. Менеджемент, - М., 2000

30. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент. – М., 2000

31. Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. – М., 1996.

32. Мескон М. и другие Основы менеджмента. – М., 2002.


    1. Пән бойынша машықтану сабақтары және СОӨЖ бойынша тапсырмалар





Жұмыс түрлері

Тақырып

Тапсырманың мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орын-дау ұзақ-тығы

Қабыл-дау форма-сы

1

2

3

4

5

6

8

1

Семинар

Баға нарықтық категория ретінде.

Тақырыпты талқылау, тақырыпты түсіну дәрежесін кеңейту

1.Липсиц И.В. Коммерческое ценообразование.- М.: БЕК, 1997

2.Тультаев К.А., Ондасынова А.И. Ценообразование в условиях перехода к рыночной экономике. – Алматы.: КазГау, 1996




1 апта

Сұрау, талқылау

2

Өздік жұмыс. Тесттік тапсырмаларды орындау

Бағаның қалыптасуының модельдері

Алған білімді бекіту

1.Уткин Э.А. Цены, ценообразование и ценовая политика. – М.: 1998

2.Шуляк П.Н. Ценообразование/Учебно практическое пособие.-М.: 1998




1 апта

Тест тапсыру

3

Практикалық сабақ (1.1-1.5)

Баға жүйесі





1. Желтякова И. Тесты и задачи по ценообразованию.-СПб.: 1999

2. Салимжанов И.К. Цены и ценообразование,-М.: 1999



1 апта

Есеп шығару

4

Практикалық сабақ
Баға стратегиялары және оны таңдау шарттары

Алған білімді тексеру және бекіту

1.Липсиц И.В. Коммерческое ценообразование.- М.: БЕК, 1997

2.Тультаев К.А., Ондасынова А.И. Ценообразование в условиях перехода к рыночной экономике. – Алматы.: КазГау, 1996



1 апта

Жазбаша бақылау жұмысы

5

Өздік жұмыс. Үй тапсырма-ларын орындау

Баға қалыптастырудың әдістері

Өздігінен есеп шығаруға баулу

1.Уткин Э.А. Цены, ценообразование и ценовая политика. – М.: 1998

2.Шуляк П.Н. Ценообразование/Учебно практическое пособие.-М.: 1998



1 апта

Есеп шығару (№1-№4)

6

Практикалық сабақ (2.1.,2.3)

Нарықтың әр түрлі модельдеріндегі баға қалыптастыру




1. Желтякова И. Тесты и задачи по ценообразованию.-СПб.: 1999

2. Салимжанов И.К. Цены и ценообразование,-М.: 1999



1 апта

Есеп шығару

7

Өздік жұмыс. Үй тапсырма-ларын орындау

Бағаларды мемлекеттік реттеу

Өздігінен есеп шығаруға баулу

1.Липсиц И.В. Коммерческое ценообразование.- М.: БЕК, 1997

2.Тультаев К.А., Ондасынова А.И. Ценообразование в условиях перехода к рыночной экономике. – Алматы.: КазГау, 1996



1 апта

Есептеу жүргізу (№1-№4)

8

Практикалық сабақ (3.1.,3.3)

Әлемдік баға жүйесі




1.Уткин Э.А. Цены, ценообразование и ценовая политика. – М.: 1998

2.Шуляк П.Н. Ценообразование/Учебно практическое пособие.-М.: 1998



1 апта

Есеп шығару

9

Өздік жұмыс. Үй тапсырма-ларын орындау

Ішкі саудалық бағалардың қалыптастыруы

Өздігінен есеп шығаруға баулу

1. Желтякова И. Тесты и задачи по ценообразованию.-СПб.: 1999

2. Салимжанов И.К. Цены и ценообразование,-М.: 1999



1 апта

Есеп шығару (№1-№3)

10

Өздік жұмыс. Үй тапсырма-ларын орындау

Шет елдердегі бағаны реттеу мен баға жасаудың тәжірибесі

Өздігінен есеп шығаруға баулу

1.Липсиц И.В. Коммерческое ценообразование.- М.: БЕК, 1997

2.Тультаев К.А., Ондасынова А.И. Ценообразование в условиях перехода к рыночной экономике. – Алматы.: КазГау, 1996











3 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
3.1. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
Студенттердің өздік жұмысы берілген курс бойынша аудиторлы сабақ түрінде диалог режимінде және аудиториядан тыс түрінде кеңес беру арқылы жүргізіледі.

Дәріс материалдары мен оқу құралдарымен қатар студенттер біздің еліміздің мерзім сайын шығатын басылымдарды, сондай-ақ, экономикалық журналдар мен салалық журнал мен газеттерді жүйелі түрде оқып отырған дұрыс болады. Осының бәрі курс материалын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Ерекше назарды біздің елемізде шыққан немесе шығарылып жатқан заңдарды, ҚР Президентінің Жарлықтарын, экономикалық реформаларды енгізу және іске асыруға байланысты жоспарлар, бағдарламалар мен басқа да нормативтік актілер мен мәліметтерді зерттеуге аудару қажет

Берілген курс бойынша арнайы оқу-тәжірибелік құрал дайындалған. Бұл құралда берілген курс бойынша оқылатын тақырыптарға арналған бақылау сұрақтары, есептер және тесттік тапсырмалар және өзін-өзі тексеру сұрақтары енгізілген. Берілген құралдың соңында студентке есеп шығарғанда қажет болатын барлық формулалар келтірілген және нақты әдебиет ұсынылады. Берілген тапсырмаларды студенттер аудиторлы және аудиториядан тыс уақытта орындау қажет. Есептерді шығарғанда студенттер оның нәтижелерін жеке дәптерге енгізуге тиіс. Оны оқытушы семестр аяғында тексереді.

Аудиторлық СОӨЖ сабақтарда пікір талас, диспуттар, әртүрлі көзқарастарды тыңдау, талқылау түрінде жүргізіледі, аудиториядан тыс СОӨЖ рефераттар мен баяндамалар түрінде тапсырылады және оқытушы оларды сұрау арқылы тексереді;

СӨЖ тапсырмалары жазбаша немесе ауызша түрінде беріледі, ол пәнің жұмыс бағдарламасында келтірілген талаптарға тәуелді болады;

СӨЖ бойынша жазбаша тапсырмаларды А4 форматтағы қағаздарда орындалуға тиіс (компьютермен), бет параметрлері: 2:2:2:2. Кегль 14 Times New Roman, интервал 1,5.

Студенттер, сонымен қатар, қосымша рейтинг алу үшін өздік жұмыстарын реферат түрінде жазуға мүмкіндік алады. Рефератты оқытушыға міндетті түрде рецензия жазу үшін тапсырылады. Рецензия жазылғаннан кейін студент өз рефератын топ алдында қорғайды. Семестр бойы студент 2 реферат жаза алады. Рефераттардың тақырыптары төменде көрсетілген. Қажет жағдайда студент оқытушымен ақылдасып, басқа тақырыпқа реферат жаза алады.

Рефераттар тақырыптары:



  1. Баға жасау және несие.

  2. Баға жасау және инфляция

  3. Баға жасау және ақша айналымы.

  4. Шығындар және олардың баға қалыптастырудағы рөлі.

  5. Баға жасау факторлары.

  6. Баға жасау және нарық құрылымы.

  7. Баға жасаудың нарықтық және шығындық механизмі.

  8. Баға қалыптастыруға пайданың әсері

  9. Фирманың коммерциялық саясатын қалыптастыру.

  10. Фирманың баға саясаты.

  11. Баға стратегиясы және оларды таңдау шарттары.

  12. Баға жасау әдісін таңдау және соңғы бағаны белгілеу.

  13. Бәсекелестік баға жасау стратегиясы.

  14. Дифференцациялық баға жасау стратегиясы.

  15. Ассортименттік баға жасау стратегиясы.

  16. Бағаны есептеудегі тәуекелді бағалау әдістері.

  17. Баға жасаудың есептік әдістері.

  18. Баға жасаудың параметрлік әдістері.

  19. Сұраныс икемділігін есепке ала отырып сатуды максимаизациялау әдісі.

  20. Шегермелерді қолдана отырып сатуды максимизациялау әдісі.

  21. «Психологиялық» баға жасау әдісі.

  22. Жеке сату мен көтерме сатулардағы бағаны белгілеу.

  23. Келісім шарттық және модификацияланған бағалар.

  24. Бағаларға үстемелер мен шегермелер.

  25. Әртүрлі нарық үлгілеріндегі баға жасау.

  26. Нарықтық қатынастар жағдайындағы бағаны реттеу.

  27. Баға жасау механизміне мемлекеттің әсері.

  28. Әлемдік бағалардың негізгі түрлері және оларды қолдану ережесі.

  29. Халықаралық келісім шарт бағасын қалыптастырудағы бағалық өзгертулер.

  30. Сыртқы сауда бағаларын қалыптастырудағы негізгі қағидалар мен ережелер.

  31. Өнеркәсібі дамыған елдердегі баға жасау мен бағаны реттеу тәжірибесі.

  32. Өнеркәсібі дамыған елдердегі кедендік-тарифтік реттеу.


3.2. Пән бойынша қойылатын талаптар
Сабаққа қатысу: Университет ережелері бойынша студент үштен артық сабақты босатпауға тиіс. Егер студент үштен артық сабақ босатса (барлық себеп бойынша), бұл жағдайда оқытушы студентке берілген пән және бүкіл оқу бағдарламасы бойынша оның босатылғаны жөнінде ақпараттауға міндетті.
Сабаққа кешігу : Әр екі кешігу (кез келген себеп бойынша) толық 1 сабақты босатқанға тең болады.
Тапсырмаларды орындау және емтихан тапсыру: Студенттер міндетті түрде өзіне берілген тапсырмаларды өздері орындап жүруі қажет. Біреуден көшіру, оқытушыны кез келген түрде алдау сияқты тәртіп бұзу берілген студентті университеттен шығаруға негіз ретінде бола алады.
Ұялы телефондар студент аудиторияда отырған кезде міндетті түрде өшірілуі тиіс. Бұл ережені бұзу этикалық тәртіпті бұзу ретінде қарастырылады..
Егер студенттерге берілген тапсырмалар белгіленген уақыттан кейін тапсырылса, олар қабылданбайды немесе әр кешіккен күн үшін 5 балл алынады.
Студенттер жазбаша жұмыстарды орындағанда, Шәкәрім атындағы университеттің компьютерлерін қолдана алады (арнайы бөлмелерде)
Студентте кітапханада жұмыс істеуге немесе кітапты үйге алып дайындалуға құқығы бар (сәйкес ережелерге қарай).
3.3. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ

СОӨЖ сабақтарының жоспары




Тақырып аты

СОӨЖ

аудиторлық

аудиториядан тыс

1

2

3

Баға нарықтық категория ретінде.

Тесттік сұрақтарға жауап беру

Тесттік сұрақтарға жауап беру

Бағаның қалыптасуының модельдері

Есеп жинағы бойынша өздік жұмысқа арналған есептер (№1, №2, №3, №4).

Есеп жинағы бойынша өздік жұмысқа арналған есептер (№1, №2, №3, №4).

Баға жүйесі


Есеп жинағы бойынша берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс есептерін шығару (№1, №2, №3, №4)

Есеп жинағы бойынша берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс есептерін шығару (№1, №2, №3, №4)
Баға стратегиялары және оны таңдау шарттары

Есеп жинағы бойынша берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс есептерін шығару (№1, №2, №3), сұрақтарға жауап беру

Есеп жинағы бойынша берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс есептерін шығару (№1, №2, №3), сұрақтарға жауап беру

Баға қалыптастырудың әдістері

Есеп жинағында «Кәсіпорын персоналы» тақырыбы бойынша өздік жұмысқа арналған есептер (№9, 10)

Есеп жинағында «Кәсіпорын персоналы» тақырыбы бойынша өздік жұмысқа арналған есептер (№9, 10)

Нарықтың әр түрлі модельдеріндегі баға қалыптастыру

Есеп жинағында 5 және 6 тақырыптар бойынша өздік жұмысқа арналған есептер (№1-4).

Тесттік тапсырмаларға жауап беру (практикалық сабаққа арналған есеп жинағында)



Есеп жинағында 5 және 6 тақырыптар бойынша өздік жұмысқа арналған есептер (№1-4).

Тесттік тапсырмаларға жауап беру (практикалық сабаққа арналған есеп жинағында)



Бағаларды мемлекеттік реттеу

«Баға және оның жасалуы» оқу құралында берілген тақырыпқа байланысты өздік жұмысқа арналған есептер (1-4 вариант)

«Баға және оның жасалуы» оқу құралында берілген тақырыпқа байланысты өздік жұмысқа арналған есептер (1-4 вариант)

Әлемдік баға жүйесі

Студенттер берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс (реферат) орындау қажет

Студенттер берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс (реферат) орындау қажет

Ішкі саудалық бағалардың қалыптастыруы

Берілген тақырып бойынша студенттер 8-10 сөзден тұратын сөзжұмбақ дайындау қажет

Берілген тақырып бойынша студенттер 8-10 сөзден тұратын сөзжұмбақ дайындау қажет

Шет елдердегі бағаны реттеу мен баға жасаудың тәжірибесі

Есептер жинағында берілген тақырыпқа байланысты өздік жұмысқа арналған есептер (1-5 тапсырмалар)

Есептер жинағында берілген тақырыпқа байланысты өздік жұмысқа арналған есептер (1-5 тапсырмалар)



  1. Глоссарий


Шығынсыздық бағасы - өндірістің шығындарына тең баға, өндіруші өз шығындарын онымен жаба алатын баға.

Биржалық баға – 1. биржалық саудалар нәтижесінде орнатылған баға; 2. биржалық тәртіпте қарастырылған, жеткізу орнына байланысты биржалық котировкаға үстеме қосу немесе жеңілдікті шегеру жолымен анықталатын баға.

Брутто баға – Қосымша бағалаулардың есебінсіз есептелген баға немесе қор нарығындағы акцияның брокерге төленетін комиссиондық төлемдерді қоспағандағы бағасы.

Жалпы баға – құрамына жеткізу, сақтандыру және басқа да шығындар кіретін баға.

Қайта орнату бағасы - Өсу немесе кемуінен кейінгі бұрынғы деңгейіне келген баға.

Мемлекеттік баға – Мемлекеттік органдар орнататын баға.

Нақты баға – Мәміле жасалатын баға; сатушы мен сатып алушы келіскен соңғы баға.

Демпингтік баға – антидемпингтік заңға сәйкес: ішкі немесе әлемдік нарықтағыдан төмен баға.

Тауар бірлігінің бағасы – тауар салмағы немесе бірлігіне есеп жүргізуге арналған орамда көрсетілген баға.

Жалғыз баға – клиенттің анықтаған нақты сату және сатып алу бағасы.

Жабылу бағасы – Биржаның жабылуы алдындағы тіркелген котировка, курс, бағалардың диапозоны.

Сатып алу бағасы – мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасы.

Жалпы баға - әр түрлі компоненттерден тұратын барлық сатып алынған тауар бағасы.

Интервенциялық баға – белгілі бір тауарды өндіруді қолдау үшін мемлекеттің орнатқан кейбір тауарларды сатып алу үшін көтерме бағасы.

Картельдік баға – Бәсекелестікті жою үшін картель қатысушыларының орнатқан монополиялық бағасы.

Конверсия бағасы – 1. облигацияның сол эмитенттің басқа да бағалы қағаздары мен акцияларына ауыстырыла алатын бағасы ; 2. бір бағалы қағаздарды басқасына ауыстыру кезінде пайда болатын баға.

Конверттелетін баға – эмиссия кезінде анықталған және келесі операцияларға эквивалент болатын конверттелетін валютадағы акция бағасы.

Консалтингтік қызметтер бағасы – кеңестік қызметтерге төлем мөлшері.

Келісімшарттық баға – тауарды сату- сатып алу мәмілесі және саудаішілік операциялар кезінде тіркелген баға.1. қатты, келісімшартқа қол қойылған сәттегі белгілі бір деңгейде тіркелген баға. 2.жалғасымды тіркеліммен – жақтардың келіскен уақытында орнатылады. 3. сырғымалы – келісімшарттың қызмет ету кезеңіндегі келісілген схемасы бойынша өзгеретін баға.

Котировалды баға – котировкалар негізінде анықталған баға.

Қызыл баға – мәміленің сатушыны да, сатып алушыны да қанағаттандыратын бағасы.

Несие бағасы – Пайыздық несиелік ставка, несие ставкасы.

Лимиттеу бағасы – 1. төменгі кепілденген баға. 2. жаңа тауарды өңдеу кезінде орнатылатын максималды баға.

Лицензия бағасы – 1. технология және басқа да ноу-хаулардың пайдалану көрсеткішінің тұтынушыға лицензия бойынша ұсынылған көрсеткіші.

Стоп баға – брокердің тапсырысында көрсетілген тауарды сату-сатып алу бағасы.

Басқарылатын бағалар – мемлекеттің нақты бір тауар мен қызметке орнатқан бағасы.

Баға деңгейі – нақты уақыт кезеңіндегі қызмет пен дайын өнімнің орташа бағасы.

Баға тұрақтылығы – бағалардың биржалық тәжірибедегі қозғалысының көрсеткіші.

Баға фиксациясы – тауар, қызмет, бағалы қағаздардың нақты тұрақты деңгейдегі бағасын сақтау.

Аукциондық баға – тауардың аукциондық сатудағы ең жоғарғы бағасы.

Базистік баға – стандартты сапалы тауар бағасы, оның негізінде одан жоғары және төмен сапалы тауарлардың бағасы анықталады.

Бағалы қағаздардың базистік бағасы – нарықтық көрсеткіштерді есептеу үшін қолданатын нақты уақыт кезеңіндегі бағалы қағаздардың орташа бағасы.

Жеңілдік бағасы – сатуды ынталандыру үшін тауар бағасының төмендетілген деңгейі.

Әлемдік баға - әлемдік нарықта айналымдағы тауар бірлігінің халықаралық құнының ақшалай көрінісі.

Монополиялық баға – нарықтыағы монополисттердің орнатқан бағасы.

Нетто баға – Тауарды сату – сатып алу кезінде жеңілдік жасалмайтын баға.

Номиналды баға - Ақша, бағлы қағаздардың бағасының бастапқы мәні.

Сұраныс бағасы – нарықта осы баға бойынша сатып алушылар тауарды сатып ала алатын бағасы.

Страйк баға – Опциондарды іске асыру кезіндегі фючерстік келісімшарттарды алуға болатын тірелген баға.

Саудалық баға – Ары қарайғы сату үшін бөлшек саудагердің көтерме саудагерден алатын тауарларының бағасы.

Трансферттік баға – корпорацияның филиал, бөлімшелер арасындағы есепте, мәмілелерде қолданылатын фирмаішілік бағасы.

Фабрикалық баға – тауар бірлігіне кеткен материалдық, еңбекақы, жалпызауыттық шығындарынан құралатын тауар бағасы.

Фактуралық баға – жеткізілген тауардың фактурада көрсетілген бағасы.

Фас – баға – көлік жүретін жерге дейінгі тасымалдау шығыны мен жүкті түсіру шығындары.

«Флэш» баға – биржа туралы мәліметтердің кешігуі кезіндегі жедел ақпарат.

ФОБ баға – баға тасып жеткізілетін жерге дейінгі шығынға қоса жүкті сақтандыру есептен шығарылады.

Фючерстік баға – биржалық фючерстік мәміле бойынша қалыптасқан баға.

Таза баға – сатудан түскен түсім.

Шанс бағасы – Инвестицияның мүмкін бір түрі бойынша ең жоғарғы кіріс.

Эмиссия бағасы- Эмиссиядан кейін публикалық сатуға ұсынылған акция бағасы.

Бағалық дискриминация – Бірдей тауарға әр түрлі баға орнатқан жағдайдағы сатушы әрекеті.

Баға икемділігі – Сұраныс пен ұсыныстың бағаға қатысты икемділігі.

Бағалық лидерлік – нарықта фирма бағаға әсер ететін жағдай.

Бағалық келісім – Тауарға белгілі бір мерзімге орнатылған баға туралы келісімшарт.

Бағалық маркетинг – Бағаны басқару жағдайындағы маркетинг стратегиясының формасы.

Бағалық дөңгелек – Бағаны көтеру үшін саудагерлер мен кәсіпкерлерді біріктіру.

Бағалық тәуекел – Бағаның өзгеруіне қатысты тәуекел.

Кең баға – Сатушы курсы мен сатып алушы курсы арасындағы айырмашылық бар бағалы қағаздар курсы.

Баға шкаласы – Тауар мен қызмет түрлері бойынша олардың жіктелуі.

Эмиссиялық баға – Бағалы қағаздардың олардың шығарылуынан кейінгі бағасы.

Өндіріс бағасы - Өндіріс шығындарынан құралған тауар бағасының бөлігі.

Нарыққа ену бағасы – нарықты жаулап алу үшін тауардың төменгі бағасы.

Бір реттік баға – Бір жолғы тапсырыс бойынша дайындалған тауар бағасы.

Резервтеу бағасы – Сатушы одан төмен сатуға келіспейтін тауардың төмен бағасы.

Бөлшек баға – Көтерме саудадағы тауар бағасы.

Жеңілдікпен баға – Тауардың жеңілдік мөлшеріне азайтылған бағасы.

СИФ баға – Сатушының жүкті тасымалдыу, сақтандыру, жеткізу шығындарымен қосылған бағасы.

СПОТ баға – Тауар бірден төлеу арқылы сатылатын бағасы.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет