Тестілеуді өткізу сценарийі 4 СЫНЫПТА ТЕСТІЛЕУДІ ӨТКІЗУ СЦЕНАРИЙІТөменде тестілеуді өткізу сценариі және оған түсінік берілген. Майлы шрифтпен қоршауда берілген мәтін оқушыларға ешқандай қосымшасыз және қысқартусыз сөзбе сөз оқылуы керек. Бұл тестілеу барлық елде бірдей өту үшін, тестілеу процедурасын стандарттау мақсатында жасалады. Мәтінді есте сақтап алып өз сөзіңізбен жеткізуге тырыспаңыз. Оқушыларға осы нұсқауда жазылғанды оқып беріңіз. Курсивпен берілген түсіндірмелер оқушыларға оқылмайды. Олар Тест өткізушіге көмек үшін берілген.
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды тестілеуге дайындау
Оқушылардың тыныш отырғанына, үстелдің үстінде қаламнан басқа зат болмағанына көз жеткізіңіз. 4 сыныпқа калькуляторды қолдануға рұқсат етілмейді.
Жұмыстың басталған уақытын тестілеу өткізу Хаттамасына жазып қойыңыз.
Балалар! Бүгін сендердің сыныптарың халықаралық зерттеуге қатысатын болады. Бұл зерттеудің басты мақсаты – оқушылардың математика мен жаратылыстанудан (дүниетанудан) білім деңгейлерін анықтау. Әлемнің 60 елінің оқушылары осы зерттеуге қатысады.
Сендер тест тапсырмаларын орындап, сауалнама сұрақтарына жауап берулерің керек.
Сендердің тыныш отырып жұмыс істеулерің, жұмыс уақытында тұрмауларың, сөйлеспеулерің маңызды.
Сұрақтарың бар ма?
Сұрақтарға қысқаша жауап беріңіз.
Қазір мен тапсырмалары бар дәптерлерді таратамын. Оларды мен рұқсат еткенге дейін ашпаңдар. Жұмыс істеу үшін сендерге қалам керек. Егер сендердің үстелдеріңде қағаз немесе кітап жатса алып тастаңдар.
Оқушының дәптердегі атын оқып, оқушыға беріңіз. Дәптерді алғаннан кейін сіз рұқсат еткенше ашуларына жол бермеңіз. Дәптерлерді тарату уақытында Оқушылар тізіміндегі 7 бағанды толтыру керек (қосымша тестілеу өткізілу уақытында 8 баған толтырылады).
(7) және (8) бағандар екі бөлікке бөлінген. Бірінші бөлігі тестілеуге, екіншісі сауалнамалауға тиісті. Тестілеу өткізу жөніндегі нұсқауға сәйкес оқушылардың тестілеуге және сауалнамалауға қатысу статусы толтырылады. Оқушылардың әр кезеңге қатысуы немесе қатыспауы «C», «A», «NA» латын әліпбиіндегі әріптермен белгіленеді:
- «С» - зерттеудің бұл кезеңіне қатысып, жұмысын орындады дегенді білдіреді;
- «А» - зерттеудің бұл кезеңіне қатысқан да, тапсырмаларды орындаған да жоқ дегенді білдіреді;
- «NA» - тестілеу өту уақытында оқушы бұл мектептің оқушысы емес дегенді білдіреді.
Егер оқушы жоқ болса оның дәптерін қойып қойыңыз. Бұл дәптер нақты бір оқушыға арналғандықтан, басқа ешкімге бермеңіз.
Барлықтары дәптерлерін алды ма?
Егер сыныпта фамилиясы Оқушылар тізімінде көрсетілмеген және дәптер арналмаған оқушы бар болып шықса және бір жағдайға байланысты дәптері құртылған оқушы болса оларға қосымша дәптерлер берілуі керек.
Оқушылар тізіміндегі бірінші қосымша жолға фамилиясы, аты, туған күні және жынысы жазылады; фамилиясына қарама-қарсы көрсетілген дәптердің нұсқасы беріледі. Сауалнамалау уақытында оқушының өзіне арналған сауалнаманы алғанына көз жеткізу керек – оқушының дәптерде берілген идентификациялық нөмірі міндетті түрде сауалнамадағы идентификациялық нөмірмен сәйкес болуы керек.
Өз дәптерлеріңді толтырыңдар. Республиканы (облысты), ауданды, қаланы (елді мекенді, ауылды және т.б.), мектепті, сыныпты, фамилия мен аттарыңды жазыңдар.
Оқушылар дәптерлерін толтырғанша, сыныпты аралап шығып, бір партада отырған оқушылар дәптердің бірдей нұсқасын алмағанына көз жеткізіңіз. Қажет болған жағдайда оқушылардың орындарын ауыстырыңыз.
Тестілеудің басталуы. Жұмыстың бірінші бөлімін орындау Төмендегілерді оқыңыз: Сендердің дәптерлеріңде тапсырмаларды қалай орындау керектігі туралы нұсқау берілген. Мен қазір оны оқимын. Мені мұқият тыңдап, тапсырманы қалай орындау керектігін түсінуге тырысыңдар. Өз дәптерлеріңдегі 3 бетті ашыңдар. Менің оқығаным бойынша дәптерлеріңе қарап отырыңдар. Сұрақтарың бар ма? Барлығы түсінікті ме? Сұрақтарына жауап беріңіз.
Дәптерге арналған нұсқау:
Сенің дәптеріңде математика мен дүниетану пәндерінен тапсырмалар берілген. Кейбір тапсырмалар саған жеңіл, ал кейбіреулері қиын болып көрінуі мүмкін. Қарапайым сұрақтарға, сонымен қатар күрделі сұрақтарға да жауап беруге тырысып көр.
Кейбір тапсырмаларға жауаптардың әріптермен белгіленген бірнеше нұсқасы беріледі. Өзің дұрыс деп тапқан жауапқа сәйкес әріпті төмендегі 1-мысалда көрсетілгендей белгілеуің керек
Мысалда С жауабы белгіленген, өйткені 1 сағатта 60 минут бар. Егер, өз жауабыңа сенімді болмасаң, өзіңнің ойыңша дұрыс деп тапқан жауапты белгілеп, келесі тапсырмаға өте бер.
Мысалда С жауабы белгіленген, өйткені 1 сағатта 60 минут бар. Егер, өз жауабыңа сенімді болмасаң, өзіңнің ойыңша дұрыс деп тапқан жауапты белгілеп, келесі тапсырмаға өте бер.
Егер белгілеген жауабыңды өзгерткің келсе, оны сызып тастап , дұрыс деп тапқан жаңа жауабыңды белгіле. 2 мысалда мұны қалай істеу керек екені көрсетілген.
Кейбір тапсырмаларда саған өз жауабыңды сұрақтың астындағы арнайы бөлінген жерге жазу керек болады. Математика бойынша тапсырмалардың жауабы сан ретінде беріледі. Дүниетану бойынша сұрақтарға қысқаша жауап сурет немесе бір-екі сөйлем ретінде берілуі мүмкін, бұл 3-мысалда көрсетілген.
Кейде, тапсырмаларды орындағаныңа мейлінше көп ұпай алу үшін, саған дуниетану пәнінен берген жауаптарыңның түсіндірмесін немесе математикалық есептердің шешу жолын жазу керек болады.
Анық, ұқыпты жазып, тапсырмалардың жауаптарын мейлінше толығырақ беруге тырыс. Тіпті, беретін жауабыңа сенімсіз болып тұрсаң да, өз ойыңша дұрыс деп тапқан шешіміңді немесе түсіндірмеңді жаз. Одан соң келесі тапсырмаға көш.
Ақшаға байланысты тапсырмаларда ойдан шығарылған «зед» (Қазақстандағы теңге секілді) ақша бірлігі қолданылғанына назар аудар.
Дәптерде 2 бөлім бар. Бірінші бөлімді орындауға 36 минут беріледі, сонан соң үзіліс болады. Одан кейін, екінші бөлімді орындау үшін саған тағы 36 минут беріледі.
Тапсырмаларды орындау барысында калькуляторды пайдалануға болмайды.
1-БӨЛІМ
Нұсқаулық
Әр тапсырманы мұқият оқып, оны мейлінше жақсы орындап шығуға тырыс. Егер, жауабыңа сенімсіз болып тұрсаң, өз ойыңша дұрыс деп тапқан жауабыңды таңда немесе жаз да, келесі тапсырмаға көш.
Жұмыстың бұл бөліміне 36 минут беріледі.
Жұмысты рұқсатсыз бастама.
Бірінші бөлімнің соңында сендер «ТОҚТА» белгісін көресіңдер. Екінші бөлімге рұқсатсыз көшпеңдер. Егер уақыттарың қалса, бірінші бөлімді қалай орындағандарыңды тексеріп шығыңдар. Сұрақтарың бар ма?
Оқушыларға көмектесуге болмайтынын есте сақтаңыз. Жұмыс уақытында барлығы нұсқауды сақтап, тестінің тек бірінші бөлімін орындап отырғандығына көз жеткізу үшін сыныпты аралап шығыңыз.
Бірінші бөлімді аяқтау уақытына 10 минут қалғанда төмендегіні айтыңыз:
Сендерде 10 минут уақыт қалды. Әлі орындамаған тапсырмаларыңды қарап шығыңдар. Мүмкін олардың кейбіреулерін қалған уақытта орындай алатын шығарсыңдар. Қандай да бір тапсырмаларды тастап кеткен жоқсыңдар ма, соны қарап шығыңдар.
10 минуттан кейін:
Бірінші бөлімдегі тапсырмаларды орындау уақыты аяқталды. Жұмысты аяқтаңдар, дәптерлеріңді жабыңдар, қаламдарыңды қойыңдар. Үзіліс. Оқушыларға үзіліс ұзақтығын хабарлаңыз.
Тестілеу өткізу Хаттамасына бірінші бөлімнің аяқталған уақытын жазыңыз. Үзіліс уақытында қатарларды аралап, барлық оқушылардың дәптерлеріндегі
2 Бөлімнің нұсқауы берілген бетті ашып шығыңыз. Бұл үзіліс аяқталысымен бірден екінші бөлімге көшуге мүмкіндік береді.
Жұмыстың екінші бөлімін орындау
Барлық оқушылардың үзілістен кейін сыныпқа келіп, тынышталғанына көз жеткізіңіз. Тестілеудің бірінші бөліміне қатыспаған оқушылар (мысалы, кешігу себебінен) екінші бөлімге жіберілуі мүмкін. Сіз оларға нұсқауды қайталап оқып, тестілеу процедурасына байланысты сұрақтарына жауап бере аласыз. Тестілеу өткізу Хаттамасына 2 Бөліммен жұмыстың басталу уақытын жазыңыз.
Төмендегілерді оқыңыз:
Сендердің дәптерлеріңдегі 2 Бөлімге арналған нұсқау берілген бет ашылған.
Қазір мен тапсырманы қалай орындау керектігін естеріңе түсіремін. Мен 2 Бөлім нұсқауын оқимын. Әзірше екінші бөлімнің тапсырмаларын ашпаңдар.
2 Бөлімнің нұсқауын оқыңыз.
2-БӨЛІМ
Нұсқаулық
Екінші бөлімде де математика және дүниетану бойынша тапсырмалар берілген. Оның орындалуына
36 минут беріледі.Әр тапсырманы мұқият оқы, және оны мейлінше жақсы орындап шығуға тырыс.
Егер, жуабыңа сенімсіз болып тұрсаң, өз ойыңша дұрыс деп тапқан жауабыңды таңда немесе жаз да,
келесі тапсырмаға көш.
Жұмысты рұқсатсыз бастама.
Сұрақтарың бар ма?
Сұрақтарына жауап беріңіз.
Дәптердегі екінші бөлімнің соңында сендер «ТОҚТА» белгісін көресіңдер. Егер уақыттарың қалса, бірінші бөлімді қалай орындағандарыңды тексеріп шығыңдар.
Естеріңде болсын, бірінші бөлімнің тапсырмаларын орындауға рұқсат етілмейді. Жұмысқа кірісіңдер.
Оқушыларға көмектесуге болмайтынын есте сақтаңыз. Жұмыс уақытында барлығы нұсқауды сақтап, тестінің тек екінші бөлімін орындап отырғандығына көз жеткізу үшін сыныпты аралап шығыңыз.
Екінші бөлімді аяқтау уақытына 10 минут қалғанда төмендегіні айтыңыз:
Сендерде 10 минут уақыт қалды. Әлі орындамаған тапсырмаларыңды қарап шығыңдар. Мүмкін олардың кейбіреулерін қалған уақытта орындай алатын шығарсыңдар. Қандай да бір тапсырмаларды тастап кеткен жоқсыңдар ма, соны қарап шығыңдар.
10 минуттан кейін:
Екінші бөлімдегі тапсырмаларды орындау уақыты аяқталды. Жұмысты аяқтаңдар, дәптерлеріңді жабыңдар, қаламдарыңды қойыңдар. Үзіліс. Оқушыларға үзіліс ұзақтығын хабарлаңыз.
Тестілеу өткізу Хаттамасына 2 Бөлімнің аяқталған уақытын жазыңыз. Дәптерлерді Сыныптағы оқушылар тізіміне сәйкес, біріншіден соңғы нөмірге дейінгі ретпен қойыңыз. Барлық дәптерлерді қайтарып алғаныңызды тексеріңіз. Содан кейін оқушыларға үзіліс уақытын айтуды ескертіп, оларды үзіліске босатыңыз.
Төменде тестілеуді өткізу сценариі және оған түсінік берілген.
Майлы шрифтпен қоршауда берілген мәтін оқушыларға ешқандай қосымшасыз және қысқартусыз сөзбе сөз оқылуы керек. Бұл тестілеу барлық елде бірдей өту үшін, тестілеу процедурасын стандарттау мақсатында жасалады. Мәтінді есте сақтап алып өз сөзіңізбен жеткізуге тырыспаңыз. Оқушыларға осы нұсқауда жазылғанды оқып беріңіз.
Курсивпен берілген түсіндірмелер оқушыларға оқылмайды. Олар Тест өткізушіге көмек үшін берілген.
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды тестілеуге дайындау
Оқушылардың тыныш отырғанына, үстелдің үстінде қаламнан басқа зат болмағанына көз жеткізіңіз. 8 сыныпта калькуляторды қолдануға рұқсат етіледі.
Жұмыстың басталған уақытын тестілеу өткізу Хаттамасына жазып қойыңыз.
Балалар! Бүгін сендердің сыныптарың халықаралық зерттеуге қатысатын болады. Бұл зерттеудің басты мақсаты – оқушылардың математика, физика, химия, биология және география білім деңгейлерін анықтау. Әлемнің 60 елінің оқушылары осы зерттеуге қатысады.
8 СЫНЫПТА ТЕСТІЛЕУДІ ӨТКІЗУ СЦЕНАРИЙІ
Сендер тест тапсырмаларын орындап, сауалнама сұрақтарына жауап берулерің керек.
Сендердің тыныш отырып жұмыс істеулерің, жұмыс уақытында тұрмауларың, сөйлеспеулерің маңызды.
Сұрақтарың бар ма?
Сұрақтарға қысқаша жауап беріңіз.
Дәптерлерді тарату
Төмендегіні оқыңыз:
Қазір мен тапсырмалары бар дәптерлерді таратамын. Оларды мен рұқсат еткенге дейін ашпаңдар. Жұмыс істеу үшін сендерге қалам керек. Егер сендердің үстелдеріңде қағаз немесе кітап жатса алып тастаңдар.
Оқушының дәптердегі атын оқып, оқушыға беріңіз. Дәптерді алғаннан кейін сіз рұқсат еткенше ашуларына жол бермеңіз. Дәптерлерді тарату уақытында Оқушылар тізіміндегі 7 бағанды толтыру керек (қосымша тестілеу өткізілу уақытында 8 баған толтырылады).
(7) және (8) бағандар екі бөлікке бөлінген. Бірінші бөлігі тестілеуге, екіншісі сауалнамалауға тиісті. Тестілеу өткізу жөніндегі нұсқауға сәйкес оқушылардың тестілеуге және сауалнамалауға қатысу статусы толтырылады. Оқушылардың әр кезеңге қатысуы немесе қатыспауы «C», «A», «NA» латын әліпбиіндегі әріптермен белгіленеді:
- «С» - зерттеудің бұл кезеңіне қатысып, жұмысын орындады дегенді білдіреді;
- «А» - зерттеудің бұл кезеңіне қатысқан да, тапсырмаларды орындаған да жоқ дегенді білдіреді;
- «NA» - тестілеу өту уақытында оқушы бұл мектептің оқушысы емес дегенді білдіреді.
Егер оқушы жоқ болса оның дәптерін қойып қойыңыз. Бұл дәптер нақты бір оқушыға арналғандықтан, басқа ешкімге бермеңіз.
Барлықтары дәптерлерін алды ма?
Егер сыныпта фамилиясы Оқушылар тізімінде көрсетілмеген және дәптер арналмаған оқушы бар болып шықса және бір жағдайға байланысты дәптері құртылған оқушы болса оларға қосымша дәптерлер берілуі керек.
Оқушылар тізіміндегі бірінші қосымша жолға фамилиясы, аты, туған күні және жынысы жазылады; фамилиясына қарама-қарсы көрсетілген дәптердің нұсқасы беріледі. Сауалнамалау уақытында оқушының өзіне арналған сауалнаманы алғанына көз жеткізу керек – оқушының дәптерде берілген идентификациялық нөмірі міндетті түрде сауалнамадағы идентификациялық нөмірмен сәйкес болуы керек.
Өз дәптерлеріңді толтырыңдар. Республиканы (облысты), ауданды, қаланы (елді мекенді, ауылды және т.б.), мектепті, сыныпты, фамилия мен аттарыңды жазыңдар.
Оқушылар дәптерлерін толтырғанша, сыныпты аралап шығып, бір партада отырған оқушылар дәптердің бірдей нұсқасын алмағанына көз жеткізіңіз. Қажет болған жағдайда оқушылардың орындарын ауыстырыңыз.
Тестілеудің басталуы. Жұмыстың бірінші бөлімін орындау
Төмендегілерді оқыңыз:
Сендердің дәптерлеріңде тапсырмаларды қалай орындау керектігі туралы нұсқау берілген. Мен қазір оны оқимын. Мені мұқият тыңдап, тапсырманы қалай орындау керектігін түсінуге тырысыңдар. Өз дәптерлеріңдегі 3 бетті ашыңдар. Менің оқығаным бойынша дәптерлеріңе қарап отырыңдар.
Барлық сұрақтарға калькуляторды пайдаланбай-ақ жауап беруге болады. Егер калькуляторларың бар болса, оны жұмыс үшін пайдалануларыңа болады.
Сұрақтарың бар ма? Барлығы түсінікті ме?
Дәптерге арналған нұсқау:
Сенің дәптеріңде математика, биология, физика, химия және география пәндерінен тапсырмалар берілген. Кейбір тапсырмалар саған жеңіл, ал кейбіреулері қиын болып көрінуі мүмкін. Қарапайым сұрақтарға, сонымен қатар күрделі сұрақтарға да жауап беруге тырысып көр.
Кейбір тапсырмаларға жауаптардың әріптермен белгіленген бірнеше нұсқасы беріледі. Өзің дұрыс деп тапқан жауапқа сәйкес әріпті төмендегі 1-мысалда көрсетілгендей белгілеуің керек.
Мысалда С жауабы белгіленген, өйткені 1 сағатта 60 минут бар. Егер, өз жауабыңа сенімді болмасаң, өзіңнің
ойыңша дұрыс деп тапқан жауапты белгілеп, келесі тапсырмаға өте бер. Егер белгілеген жауабыңды өзгерткің
келсе, оны сызып тастап, дұрыс деп тапқан жаңа жауабыңды белгіле. 2өмысалда мұны қалай істеу керек екені
көрсетілген
.
Кейбір тапсырмаларда саған өз жауабыңды сұрақтың астындағы арнайы бөлінген жерге жазу керек болады. Математика бойынша тапсырмалардың жауабы сан ретінде беріледі. Дүниетану бойынша сұрақтарға қысқаша жауап сурет немесе бір-екі сөйлем ретінде берілуі мүмкін, бұл 3-мысалда көрсетілген.
4 сынып оқушыларын сауалнамалау
Сыныпқа үзілістен кейін барлық оқушылардың келгеніне көз жеткізіңіз. Оқушылар тынышталғаннан кейін төмендегілерді оқыңыз:
Мен қазір сендерге сауалнамаларды таратамын. Оларды мен рұқсат бергенше ашпаңдар.
Оқушының сауалнамадағы атын оқып, оны оқушыға беріңіз. Сауалнаманы алған оқушыларға сіз рұқсат бергенше ашуларына жол бермеңіз. Сауалнамаларды тарату уақытында да оқушылардың сауалнамалауға қатысуы туралы Оқушылар тізіміндегі 7 бағандағы екінші қатарды толтыру керек. Қосымша тестілеу өткізілу уақытында 8 баған толтырылады.
Егер оқушы болмаса оның сауалнамасын қойып қойыңыз. Әр сауалнама нақты бір оқушыға арналғандықтан, бұл сауалнаманы басқа ешкімге бермеңіз.
Сауалнамалау
Сауалнаманы барлықтарың алдыңдар ма? Дәптерді толтырғандай оны да толтырыңдар.
Сауалнамада толтыру нұсқауы берілген. Мен оны сендерге оқып беремін. Сауалнама сұрақтарына жауап бергенде, сендер нұсқауда айтылған ұсыныстарды дәлме-дәл сақтауларың керек.
Сауалнаманы ашып, менің оқығаным бойынша қарап отырыңдар.
Сауалнамаға арналған нұсқау:
Бұл сауалнамада сен және сенің мектебіңдегі сабақтар жайлы сұрақтар бар.Сұрақтардың басым бөлігіне жауаптардың бірнеше нұсқасы беріледі. Бұл жауаптар дөңгелекпен белгіленген. 1, 2 және 3 мысалдарда көрсетілгендей, сен өзің таңдаған жауабыңа сәйкес келетін дөңгелекті белгілеуің керек.
Әр сұрақты мұқият оқы және сенің ойыңа сәйкес келетін жауапты белгіле.
Өз жауабыңды былай белгіле .
Егер жауабыңды өзгерткің келсе, алғашқы жауабыңды сызып таста да
басқа жауапты белгіле.
Егер саған бір нәрсе түсініксіз болса немесе сұраққа қалай жауап беру керектігін
білмесең, менен көмек сұрауыңа болады.
Сұрақтарға қалай жауап беру керектігін барлығы түсінгеніне көз жеткізіңіз.
Түсінбеген сұрақтарыңды менен сұрауларыңа болатынын естеріңе саламын.
Ал енді жұмысқа кірісіп, сауалнаманы неғұрлым жақсы толтыруға
тырысыңдар. Егер сұрақтарың болса, қолдарыңды көтеріңдер, мен оған жауап
беремін. Сауалнамалауға 30 минут беріледі.
Тестілеуді өткізу Хаттамасына сауалнамамен жұмыстың басталған уақыттын жазыңыз.
Егер сауалнама сұрақтарына жауап беруге 30 минут ішінде барлық оқушы үлгермесе, онда оларға қосымша уақыт беріледі.
Оқушылар сауалнамамен жұмысты аяқтағаннан кейін, оқушылардың барлық сұрақтарға жауап бергендігін тексеріңіз. Егер сауалнамада қалып қойған сұрақтар болса, онда оларға жауап берулерін сұраңыз.
Оқушылардың барлығы сауалнамаларын толтырғаннан кейін, төмендегіні оқыңыз:
Өтінемін, мен барлық сауалнамаларды жинағанша, орындарыңда отыра тұрыңдар.
Тестілеу өткізу Хаттамасына сауалнамамен жұмыстың аяқталу уақытын жазыңыз.
Барлық сауалнамалардың қайтарылғанын тексеріңіз. Содан кейін мынаны айтыңыз:
Жұмыс аяқталды. Зерттеуге қатысқандарыңа үлкен рахмет. Бұл мектептер мен оқушылар туралы көбірек білуге көмектеседі.
Оқушыларды босатыңыз. Сауалнамаларды Сыныптағы оқушылар тізіміне сәйкес, біріншіден соңғы нөмірге дейінгі ретпен қойыңыз.
8 сынып оқушыларын сауалнамалау
Сыныпқа үзілістен кейін барлық оқушылардың келгеніне көз жеткізіңіз. Оқушылар тынышталғаннан кейін төмендегілерді оқыңыз:
Мен қазір сендерге сауалнамаларды таратамын. Оларды мен рұқсат бергенше ашпаңдар.
Оқушының сауалнамадағы атын оқып, оны оқушыға беріңіз. Сауалнаманы алған оқушыларға сіз рұқсат бергенше ашуларына жол бермеңіз. Сауалнамаларды тарату уақытында да оқушылардың сауалнамалауға қатысуы туралы Оқушылар тізіміндегі 7 бағандағы екінші қатарды толтыру керек. Қосымша тестілеу өткізілу уақытында 8 баған толтырылады.
Егер оқушы болмаса оның сауалнамасын қойып қойыңыз. Әр сауалнама нақты бір оқушыға арналғандықтан, бұл сауалнаманы басқа ешкімге бермеңіз.
Сауалнаманы барлықтарың алдыңдар ма? Дәптерді толтырғандай оны да толтырыңдар.
Сауалнамада толтыру нұсқауы берілген. Мен оны сендерге оқып беремін. Сауалнама сұрақтарына жауап бергенде, сендер нұсқауда айтылған ұсыныстарды дәлме-дәл сақтауларың керек.
Сауалнаманы ашып, менің оқығаным бойынша қарап отырыңдар.
Сауалнамаға арналған нұсқау:
Бұл сауалнамада сен және сенің мектебіңдегі сабақтар жайлы сұрақтар бар.Сұрақтардың басым бөлігіне жауаптардың бірнеше нұсқасы беріледі. Бұл жауаптар дөңгелекпен белгіленген. 1, 2 және 3 мысалдарда көрсетілгендей, сен өзің таңдаған жауабыңа сәйкес келетін дөңгелекті белгілеуің керек.
Әр сұрақты мұқият оқы және сенің ойыңа сәйкес келетін жауапты белгіле.
Өз жауабыңды былай белгіле .
Егер жауабыңды өзгерткің келсе, алғашқы жауабыңды сызып таста да
басқа жауапты белгіле.
Егер саған бір нәрсе түсініксіз болса немесе сұраққа қалай жауап беру керектігін білмесең, менен көмек сұрауыңа болады.
Сұрақтарға қалай жауап беру керектігін барлығы түсінгеніне көз жеткізіңіз.
Түсінбеген сұрақтарыңды менен сұрауларыңа болатынын естеріңе саламын.
Ал енді жұмысқа кірісіп, сауалнаманы неғұрлым жақсы толтыруға тырысыңдар. Егер сұрақтарың болса, қолдарыңды көтеріңдер, мен оған жауап беремін. Сауалнамалауға 30 минут беріледі.
Тестілеуді өткізу Хаттамасына сауалнамамен жұмыстың басталған уақыттын жазыңыз.
Егер сауалнама сұрақтарына жауап беруге 30 минут ішінде барлық оқушы үлгермесе, онда оларға қосымша уақыт беріледі.
Оқушылар сауалнамамен жұмысты аяқтағаннан кейін, оқушылардың барлық сұрақтарға жауап бергендігін тексеріңіз. Егер сауалнамада қалып қойған сұрақтар болса, онда оларға жауап берулерін сұраңыз.
Оқушылардың барлығы сауалнамаларын толтырғаннан кейін, төмендегіні оқыңыз:
Өтінемін, мен барлық сауалнамаларды жинағанша, орындарыңда отыра тұрыңдар.
Тестілеу өткізу Хаттамасына сауалнамамен жұмыстың аяқталу уақытын жазыңыз.
Барлық сауалнамалардың қайтарылғанын тексеріңіз. Содан кейін мынаны айтыңыз:
Жұмыс аяқталды. Зерттеуге қатысқандарыңа үлкен рахмет. Ол мектептер мен оқушылар туралы көбірек білуге көмектеседі.
Оқушыларды босатыңыз. Сауалнамаларды Сыныптағы оқушылар тізіміне сәйкес, біріншіден соңғы нөмірге дейінгі ретпен қойыңыз.
ТЕСТІЛЕУДЕН КЕЙІН
Тестілеуді өткізген мұғалімдер жұмыс аяқталысымен мектеп координаторына Оқушылар тізімімен бірге барлық тест дәптерлері мен сауалнамаларды қайтарулары керек. Мектеп координаторы