Апробациялық зерттеуге арналған математика мен жаратылыстану халықаралық тестілерін математика мен ғылымижаратылыс саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы мамандары дайындады. Оның жасалуына қазақстандық мамандар да қатысты. Ол құрылымы мен күрделілік деңгейлері бірдей алты нұсқадан тұрады. Тестінің барлық нұсқалары екі бөлімнен тұрады.
Тестінің бірінші және екінші бөлімінде математика мен жаратылыстануға арналған тапсырмалар бар. Тест тапсырмаларының көп бөлігі жауабының біреуі дұрыс болатын жауапты таңдауға арналған тапсырмалар. Тапсырмалардың қалған бөлігі арнайы берілген орынға оқушылар өз жауаптарын жазуы тиіс еркін жауапқа құрылған тапсырмалар.
Мектепте тестілеуді өткізуді жоспарлау үшін жұмысты орындауға бөлінетін уақытты білу керек. Халықаралық координациялық орталық барлық елдер үшін 4 (1 кесте) және 8 (2 кесте) сынып оқушыларына тестілеу мен сауалнамалауды өткізуге төмендегідей уақыт бөлінісін бекіткен:
№
Жұмыстың түрі
Уақыт
1
Ұйымдастыру бөлімі: дәптерлерді тарату, нұсқауды оқу және т.б. (Тестілеуді өткізуші бұл бөлімдегі уақытты өз білгенінше ұзарта алады)
10 мин
2
Бірінші бөлімді орындау.
36 мин
3
Үзіліс (Үзілістің ұзақтығын мектеп әкімшілігі шешеді)
10-15 мин
4
Ұйымдастыру бөлімі: оқушыларды тестілеудің екінші бөлімін орындауға дайындау.
5 мин
5
Екінші бөлімді орындау.
36 мин
6
Үзіліс (Үзілістің ұзақтығын мектеп әкімшілігі шешеді)
[1] -4-ші сыныптың (36 мин) бірінші және екінші бөлімдерін орындау уақыты тапсырмалардың санымен анықталған.
№
Жұмыстың түрі
Уақыт
1
Ұйымдастыру бөлімі: дәптерлерді тарату, нұсқауды оқу және т.б. (Тестілеуді өткізуші бұл бөлімдегі уақытты өз білгенінше ұзарта алады)
10 мин
2
Бірінші бөлімді орындау.
45 мин
3
Үзіліс (Үзілістің ұзақтығын мектеп әкімшілігі шешеді)
10-15 мин
4
Ұйымдастыру бөлімі: оқушыларды тестілеудің екінші бөлімін орындауға дайындау.
5 мин.
5
Екінші бөлімді орындау.
45 мин
6
Үзіліс (Үзілістің ұзақтығын мектеп әкімшілігі шешеді)
10-15 мин
7
Ұйымдастыру бөлімі: сауалнамаларды тарату, нұсқауды оқу.
10 мин
8
Сауалнамаларды толтыру
30 мин
Барлығы:
165 - 175 мин
2 кесте
8 сыныпта тестілеуді өткізуге және сауалнамалауға уақытты бөлу
Тестілеуді өткізу барысында белгіленген уақыт бөлінісін қатаң сақтау керек. Оқушыларға тестіні орындауға қосымша уақыт берілмейді. Бұл міндетті талаптар қатысушы елдердің нәтижелерін салыстыруға аса қажет, барлық елдердің оқушылары үшін бірдей жағдай жасауды қаматамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Тестілеуді өткізу Хаттамасында оқушылардың тестілеудің бірінші және екінші бөліміндегі жұмыстарының басталу және аяқталу, сондай-ақ сауалнамаларды толтыру уақыты белгіленуі керек. Кез-келген ауытқу және ауытқу себептері Хаттамада тіркелуі тиіс. Тестілеу өткізу Хаттамасындағы1-11 тармақтардыМектеп координаторы, 12-15 тармақтарды Зерттеудің барысын бақылаушы толтыруы тиіс.
Сабақ кестесін оқушылар тестіні алаңсыз орындай алатындай етіп өзгерту керек.
Үзіліс уақытын мектеп әкімшілігі 10 минуттан 15 минутқа дейін өз қалауынша қояды.
Оқушыларға сауалнамалауды сол күні тестілеудің екі бөлімі де аяқталғаннан кейін 10-15 минуттық шағын үзілістен кейін өткізген дұрыс. Егер оқушылар шаршамаған болса, сауалнамалауды тестілеу аяқталысымен ұйымдастыруға болады. Алайда Мектеп координаторы сауалнамалауға тестілеу өткізілгеннен кейінгі келесі күнді таңдай алады.