Бағалау орталығы Тестілеуді өткізу бойынша нұсқау



бет3/6
Дата24.04.2017
өлшемі116,41 Kb.
#14991
1   2   3   4   5   6

Тестілеу өткізу тәртібі

  • Тестілеу өткізу процедурасының стандарттығын қамтамасыз ету үшін төмендегі ережелердің қатаң сақталуына ерекше назар аудару керек:
  • Тестілеу өткізетін адам төмендегі себептерге байланысты өз жұмысына міндетті түрде Оқушылар тізімін қолдануы керек:
  • а) әр оқушы өзіне арналған нөмірі (нұсқасы) бар дәптерін алуы керек;
  • б) оқушылардың тестілеуге қатысуын белгілеу керек; тестілеуге қатыспаған немесе тестілеуден белгілі бір себептермен кетіп қалған оқушыларды белгілеуді ұмытпау керек.
  • Тестілеуді өткізу барысында тестілеуді өткізуші Адам уақытты бақылау үшін сағатты пайдалану керек, ал тестілеу барысын бақылаушы тестілеу өткізу Хаттамасында тестілеудің әр бөлімінің басталу мен аяқталу уақыттарын белгілеуі тиіс.
  • Тестілеу қатаң түрде сценарий бойынша өткізілуі керек. (Тестілеу өткізу сценарийіндегі 5.2. тармақты қараңыз).
  • Тест өткізуші оқушылардың тестілеу орындау уақытында сөйлесулеріне жол бермеуі керек.
  • Тест өткізуші Адам тестті орындау басталған уақыттан бастап оқушылардың сұрақтарына жауап бермеуіне ерекше назар аудару керек. Оларға ешқандай қосымша ақпарат беруге, тапсырмаларына жауап немесе нұсқау беруге болмайды.
  • Тестілеу процедурасы бойынша қойылған сұрақтарға ғана жауап беруге болады. Оқушылардың өздерінің жауаптарын қалай белгілеулерін және жазуларын түсінгендері маңызды.
  • Тестілеу уақытында Тест өткізуші оқушылардың ережені сақтауын және тестінің басқа бөлімін орындауға көшпеуін бақылау керек.
  • 4 сынып оқушыларына калькуляторды қолдануға рұқсат етілмейді.
  • 8 сынып оқушыларына тестілеудің бірінші бөлімінде де, екінші бөлімінде де калькуляторды пайдалануға рұқсат етіледі.
  • Егер оқушы қандай да бір себеппен (мысалы, кенеттен температурасы көтерілсе немесе үйінде бір жағдай болса) тестілеу басталып қойғаннан кейін кетуі керек болса, онда оның кеткендігі, сондай-ақ кету себебі Оқушылар тізімінің 8 бағанында және оның дәптерінде белгіленеді. Егер оқушы біраз уақыттан кейін қайтып келсе, дәптерге оның кеткен және қайтып келген уақыты жазылады. Мұндай жағдайларда оқушы тестілеуге қатысқан болып саналады. Бұл оқушыға тестіні орындауға уақыт ұзартылмайды.
  • Егер оқушы тестілеуге кешіккен болса, онда ол тестілеу басталмаса ғана сыныпқа кіргізіледі (Тест жүргізуші сыныппен кіріспе әңгіме жүргізіп жатса). Егер оқушылар дәптерлерін ашып, Тест жүргізуші нұсқауды оқып жатса кешіккен оқушы сыныпқа кіргізілмейді. Ол сыныпқа тек үзілістен кейін ғана тестілеудің екінші бөлімін орындау үшін қосыла алады немесе ол үшін басқа күні қосымша тестілеу өткізіледі.
  • Ұялы телефон, тасымалдаушы компьютер, фото және бейнекамера сияқты барлық электрондық қажеттіліктер тестілеу уақытында сынып бөлмесінен шығарылуы керек.
  • Тестілеу өткізу уақытында туған барлық мәселелер тестілеу өткізу Хаттамасына белгіленеді.
  • Тестілеуден бір апта бұрын Тест өткізетін Адам төмендегілерді орындауы керек:
  • Тестілеу өткізу нұсқаулығындағы барлық ережелермен танысуы керек.
  • Тестілеу өткізу алдында мәселелер мен проблемаларды шешу үшін Мектеп координаторымен кездесуі керек.
  • Тестілеудің әр кезеңін Мектеп координаторымен және Мектеп директорымен талқылауы керек. Оған парталар, материалдар, қаламдар санының жеткіліктілігіне қатысты сұрақтарды талқылау кіреді. Мұғалімдерді оқушылар бірінші бөлімді жоспарлағаннан бұрын аяқтаса, сыныптан шығуларына рұқсат етілмейтіндігі туралы ескерту керек.
  • Тестілеу процедурасымен танысуы, Оқушылар тізімі мен Тестілеу өткізу Хаттамасын сауатты толтыруды үйренуі керек.
  • Тестілеу басталуға 1 сағат қалғанда Мектеп координаторы материалдар салынған буманы ашып тестілеу өткізетін мұғалімдерге береді. Бумада:
  • Оқушыларға арналған тест дәптерлері (тізімдегі оқушылар санына қарағанда 3 дәптер артық);
  • Оқушыларға арналған сауалнамалар (тізімдегі оқушылар санына қарағанда 3 сауалнама артық);
  • Тестілеу өткізу хаттамасы (2 дана);
  • Оқушылар тізімі;
  • Қатысу коэффициентін есептеу үлгісі.
    • Тестілеу өткізуге дайындық

Тестілеу басталуға 1 сағат қалғанда Тестілеу өткізуші төмендегілерді орындауы керек:

  • 1
  • 2
  • 3
  • Оқушырға дәптерлерін
  • және сауалнамаларын
  • таратуды жылдамдату
  • үшін оларды Оқушылар
  • тізіміне сәйкес қою.
  • 4
  • Мектеп координаторы берген барлық материалдарды тексеру;
  • Сынып бөлмелері-
  • нің барлық
  • қажеттіліктер-
  • мен жабдықталға-
  • нын тексеру;
  • Мектеп координаторы-
  • ның Тестілеу
  • өткізу Хаттамасыдағы 1-11 сұрақ-
  • тарды толтырғанын тексеру, егер толтырылмаған
  • болса осы
  • тармақтарды толтыру. Егер қиындықтар туса, қажетті ақпаратты Мектеп Координаторынан алу керек;
  • Тест өткізуші Адамда тест өткізуге бөлінген уақытта бақылау үшін жақсы сағаты, қосымша қаламдары (оқушылар дәптерлерін тек көк және қара сиялы қаламмен толтырулары керек; қарындаш пайдалану жұмысты тексеру процедурасын қиындатып жібереді) болуы керек.
  • Тестілеу басталмас бұрын жұмыс өтетін бөлмені тексеру керек (тест өтетін бөлмеде, оқушыларға жұмыс істеу ыңғайлы болуы үшін, ал тест өткізуші Адам еркін жүріп оқушылардың нұсқауды сақтауын бақылау үшін орын жеткілікті ме).
  • Мектеп координаторы 1-11 тармақтарға қажетті ақпараттарды енгізе отырып, тестілеу өткізу Хаттамасын дайындайды. Одан кейін хаттама тестілеу өткізу барысы мен сапасын бақылайтын Адамға беріледі. Ол білім басқармасы органдарының өкілі немесе Ұлттық орталық өкілі болуы мүмкін.
  • Тестілеу өткізбес бұрын Мектеп координаторы Оқушылар тізімінің (5) бағанына медициналық анықтама немесе басқа да құжаттармен расталып, ерекше жағдайларға байланысты негізгі тестілеуге де, қосымша тестілеуге де қатыса алмайтын оқушыларды (мысалы, үйлерінде оқитын оқушылар) белгілейді.
  •  
  •  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет