Сабақ : Сауат ашу кезеңдері бойынша ұйымдастырылатын жазу сабақтары және оларды өткізу ерекшеліктері



Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#118460
түріСабақ
Байланысты:
пр сабақ сауат ашу Қаблан Аяжан
pa9amq, 1-сабақ 02.09, алау партиясы (1), 000 хирургия 7 Муканова, ӨСӨЖ№2, АХАТИКККК, Отанға тарту, Зорлық, Зорлық, Зорлық-зомб.балалық шақ

Тобы:ПМНО-20-1у
Студент:Қаблан Аяжан
№ 12 практикалық сабақ : Сауат ашу кезеңдері бойынша ұйымдастырылатын жазу сабақтары және оларды өткізу ерекшеліктері
“Сауат ашу” пәні
үш кезеңнен тұрады
Әліппеден кейінгі
кезең
Әліппеге дейінгі
кезең
Әліппе кезеңі
Сауат ашу кезеңдері бойынша жазу сабақтарын ұйымдастыру
Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба таңбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған мәтіндер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.
Жазуға қойылатын талаптар
Әліппеге дейінгі кезең:
-жазу дәптерінің жолын сақтап, әр түрлі сызықтар, өрнектер, таңбалар сыза білу;
- дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлай білу (жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта, ортасында);
- әріп элементтерін жаза білу.
Әліппе кезеңі:
-дауысты және дауыссыз дыбыс әріптерін (бас әріп және кіші әріп) жаза білу;
-әріп, буын, сөз, қысқа сөйлемдер жазу, сөз ішінде әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу;
-баспа түріндегі мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Әліппеден кейінгі кезең: - мұғалімнің айтуымен және мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді көшіріп жазу; - сұрақтарға жазбаша жауап беру;
- диктант жазу;
- мазмұндама, шығарма жазу (II жартыжылдықта).
Сауат ашуға дайындық кезеңінің негізгі міндеттері
Оқушылардың сөздік қорын, ойлай қабілетін дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу мақсатына ерекше назар аударылады. Оқушыларды жаңа дыбыспен таныстыру кезінде мұғалім тіл дамытуға бағыттай отырып жұмыс жүргізеді. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың көргендеріне байланысты сөйлем құрауды талап етеді.
Тілдегі дыбыстардың шартты таңбасы әріп екендігіне көз жеткізе отырып, жаңа дыбыстың, әріптің өзіндік белгілерімен танысып қана қоймай, олардың сөз мағынасын өзгерте алатын қасиеттерін де анықтап, ажыратуға тиісті. Сауат ашуда оқушылардың логикалық ойлауын, түсініктерін кеңейтетін суреттер жиі ұшырасады.
Дәптерлеріне жазғызу.
Оқушыларды жазуға үйрету;
Тақтаға жазып көрсету;
Балалардың дәптер мен қаламдарын дайындау;
Әріп элементін жазуға үйрету сабағы
Басып жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге әріптерді қаламмен жазып немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді. Оқушылар мұғалім жазған жобамен жазуға дағдыланады.
Бұл әдіс бойынша мұғалім дәптерге әріптердің жазылу үлгісін, сөз ішіндегі қосылу жолдарын көрсетіп, оқушылардың жазу үлгісі бойынша жазуын талап етеді.
Көлбеу жазу кезінде дәптердің дұрыс тұруына, жарықтың сол жақтан түсуіне мұғалім назар аударуы қажет. Басып жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді. Ал, оқушылар оның үстінен басып жазады.
XIX ғасырда бұл әдіс мектептерге енгізілді. Бірақ бұл әдістің қолданылуы ұзаққа созылған жоқ. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында алдынғы қатарлы И.Е.Евсеев, Ф.В.Греков т.б. әдіскерлер сын айтты. Олардың айтуы бойынша бұл әдіс түсіне отырып жазуға емес, механикалық жазуға әкеп соғады деді
  • Жазуға дайындық;

  • 2. Сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы жаңа әріпті бөліп алу;
    Мысалы: Кк дыбысы. Ке-ме, ке-се, те-рек, шел-пек;
    3. Жаңа әріпті тақтаға, оқушылар дәптеріне жазып, осы әріпке байланысты сөз табу; Мысалы: Кк кесе, кеме, Кемел, кебеже, көсеу;
    4. Тапқан сөзді буынға, дыбысқа талдау жасау; Мысалы: ке-се, ке-ме, ке-бе-же; К-дауыссыз, е- дауысты, с-дауыссыз, м-дауыссыз, б-дауыссыз, ж-дауыссыз.
    5.Талдаған сөздің ішінен барлық әріптерді, түгел өтілген сөздерді оқушылар дәптерге жазады; (дәптермен жұмыс)
    6. Суретпен жұмыс істеу; Мысалы: суретке қарап әңгімеле (ауызша).

Жазу сабағы

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет