«БАҒалаудың Өлшемдік технологиялары» пәні бойынша Syllabus


Қалыптастырушы (формативті) бағалау



бет10/41
Дата29.12.2021
өлшемі71,63 Kb.
#106173
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
bagalaud n olshemdik tehn (6)

Қалыптастырушы (формативті) бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады. Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.

Негізгі әдебиеттер: 2,5; 11 Қосымша әдебиеттер: 10, 12,15.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет