«БАҒалаудың Өлшемдік технологиялары» пәні бойынша Syllabus


лекция: Тұлғаға бағытталған оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшеліктері



бет12/41
Дата29.12.2021
өлшемі71,63 Kb.
#106173
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Байланысты:
bagalaud n olshemdik tehn (6)

3 лекция: Тұлғаға бағытталған оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшеліктері Қазіргі таңда педагогиканың әр түрлі бағыттары белсенді дамуда. Атап айтқанда: ізгілікті, әлеуметтік, диагностикалық, түзетуші, іс-тәжірибелік, әлем педагогикасы, ұжымдық шығармашылық тәрбие және ынтымақтастық педагогикасы. Ізгілікті педагогиканың пәні демократиялық қоғамда өмір сүруге және шығармашылыққа қабілетті еркін ізгілікті тұлғаны, адамды тәрбиелеу болып табылады. Білім алушы тұлғасы жалпы адами құндылық ретінде қарастырылатын ізгілік педагогикасының теориясында «тұлғаға бағдарланған білім беру», «тұлғаға бағдарланған тәрбие», «тұлғаға бағдарланған оқыту», «жеке тұлғалық оқыту» ұғымдары қолданылады. Жеке тұлғаға бағдарланған үздіксіз білім беру адамның білімге деген қажеттілігін үнемі қанағаттандыру, әртүрлі білім беру деңгейін тандап алып, меңгеруге мүмкіндік беретін және білім беру бағдарламаларын жобалау мен іске асыру шарттарын қарастырады. Жоғары мектептегі жеке тұлғаға бағдарланған білім беру студенттің дамуына және өзін-өзін дамытуға, оның жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған. Тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір білім алушылардың бейімділіктері мен қызығушылықтарын, мүмкіндіктері мен қабілеттерін, құндылық бағдарлары субъективті тәжірибесін ескере отырып өздерін танымда, оқу іс-әрекетінде іске асыру мүмкіншілігін береді. Тұлғаға бағдарланған тәрбие - бұл жалпы адамдық құндылықтар негізінде тұлғалық қасиеттерді дамыту және өзін-өзі дамыту. Е.В.Бондаревская «ізгілікті жеке тұлғаға бағдарланған тәрбиелеу – бұл тұлғаны мәдени сәйкестендіру, әлеуметтік ойбейімдеу және шығармашылық өзі-өзі жүзеге асырудың педагогикалық басқарылатын процесі, осы процес барысында білім алушының мәдениетке, қоғам өміріне енуі, оның барлық шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерінің дамуы болады» деп есептейді. Тұлғаға бағдарланған білім беру барлық білім алушылардың мынадай жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқытуға, тәрбиелеуге және дамытуға бағдарлауды білдіреді:

- жасөспірімдік, физиологиялық, психологиялық, зияткерлік;

- білімге деген қажеттіліктері, білім алушыларға қолжетімді күрделілігі - әртүрлі деңгейдегі бағдарламалық материалдарға бағдар жасау;

- білім алушыларды білім деңгейі, қабілеттіліктері бойынша топтастыру;

- білім алушыларды қабілеттері, кәсіби бағыттылығы бойынша біртекті топтарға біріктіру;

- әрбір оқушыға жеке қарым-қатынас жасау.

Оқытудағы жеке тұлғалық бағдарлау білім алушылардың оқудағы өз бетінше жұмыс істеуін қалыптастыру құралы болып табылады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім беру және ақпараттық технологияларды кіріктіру аясында сабақтарда ұйымдастырудың мынадай формаларын қолдануды ұсынуға болады:

- жеке жұмыс;

- топтық жұмыс;

- фронтальды жұмыс;

- дифференциацияланған жұмыс, таңдау бойынша шығармашылық тапсырмалар;

- өзіндік жұмыстар;

- ынтымақтастықта оқыту;

- жобалау әдісі;

- әртүрлі деңгейде оқыту;

- сәттілік жағдаяттарын туғызу.

Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек. Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі- нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы бағаланады. Критериалдық бағалау жүйесі - білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі. Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты- білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.

Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы:

1. Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;

2. Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;

3. Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;

4. Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б);

5. Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;

6. Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.

Негізгі әдебиеттер: 2-5; 11

Қосымша әдебиеттер: 14, 16, 18.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет