Бағдарламаланатын контроллерлер



Дата08.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#98128
Байланысты:
2авт


Бағдарламаланатын контроллерлер.
Қазіргі кезде автоматтандыру құралдарының нарығында алуан түрлі бағдарламаланатын логикалық контроллерлер көрсетілген. Олар автоматандыру құралдарын өңдейтін әйгілі фирмалар арқылы өндіріледі. Соңғы кезде PLC ларды 50 ден астам өндірушілер шығарады: Siemens, Allen-Bradley, Octagon Systems, GE, Koyo, ABB, Advantech және т.с.с.
Контроллер (англ. controller - реттеуіш,басқаратын құрылғы) - басқару жүйелерінде және телемеханикада токтарды өлшейтін, байланыс арнасы арқылы хабарларды қабылдау-беретін, басқару әсерлерінің объектілеріне беретін, локальді автоматты реттеуіш ретінде қолданатын электрлік аспап.
Қазір контроллерлер – аз габаритті құрылғылар болғандықтан микроконтроллерлер деген терминдер көп кездеседі. Әдетте , контроллерлер өзіне берілген шеңбердегі мәселелерді шешуде қолданатын кішкене микропроцессорлық бөлшектермен қамтамасыздандырылған. Осыдан бағдарламаланатын және логикалық бағдарламаланатын контроллерлер деген атқа ие,
және олар PLC ны орыс ,ағылшын тілдеріне ауыстыра алады. Заманауи контроллерлер Pentium классты,энергияны аз қолданатын, күшті процессормен қамтасыздандырылған боп табылады.
Контроллерлер белгілі мәселені тиімді шешуге арнайы жасалған болуы мүмкін(мысалы, релелі қорғайтын контроллер) немесе әмбебап,оған енгізілген бағдарламалық қамтамасыздандыру варианттары мен арнайы блоктарға сәйкес әртүрлі жоспардағы мәселелерді шеше алады – мысалы, есептеу аспаптарынан көрсеткіштерді алу тәріздес мәселелерді.



Ethernet желілік технология
Желілік технология – бұл есептеуіш желі құруға жеткілікті стандартты хаттамалардың мақұлданған жиынтығы және оларды тарататын бағдарламалық-аппараттық құралдар(мысалы, желілік адаптерлер,драйверлер, кабельдер және ажыратқыштар). Кейде желілік технологияларды базалық технологиялар деп те атайды, олардың негізінде кез-келген желінің базисі құрастырылады.
Орындаушы механизм – автоматты реттеу жүйелерінде және қашықтан басқаруда реттеуші органның орын ауысуына арналған сервожетек,құрылғы (реттеуші орган вентиль, клапан, тартпа, кран, шибер,заслонка түрінде болуы мүмкін), сонымен қатар бақылау жүйелерінің элементтерінің, транспорттық машиналардың рульдік құрылғыларының көмекші жетектері ретінде болуы мүмкін.
Орындаушы механизмдер қозғалтқыштан, берілістен және басқару элементтерінен,кері байланыс элементтерінен, сигнализация, блокировкалау, ажырату элементтерінен тұрады. Газ және сұйық ағындарын реттеуде орындаушы механизм гидравликалық, пневматикалық немесе электрлік жетектер арқылы орын ауыстырылатын клапан, тартпа түрінде де болады.


Орындаушы механизмдердің классификациясы

Пневматикалық орындаушы механизмдерде орын ауыстыру күші мембранаға, поршеньге немесе сильфонға сығылатын ауа арқылы іске асады. Осыған байланысты орындаушы механизмдер келесідей боп бөлінеді:



  • мембрандық

  • поршендік

  • сильфондық

Гидравликалық орындаушы механизмдерде орын ауыстыру күші мембранаға, поршеньге немесе ескекшеге түсетін сұйық қысымына байланысты болады. Осыған байланысты орындаушы механизмдер келесідей боп бөлінеді:

  • мембрандық

  • поршендік

  • ескекшелік

Электрлік орындаушы механизмдер былайша сипатталады:
а) электқозғалтқыштарының типтерінің әртүрлілігімен;
б) өндірістік жағдайларында қорек көзінің қарапайымдылығымен;
в) үлкен жылдамдықты оңай алатындығымен;
Электрлік орындаушы механизмдері жұмыс істеу принципіне қарай былайша бөлінеді:

  • электроқозғалтқышты

  • электромагнитті

ал шығыстық органның қозғалу сипаты бойынша:

  • тура жүретін (тура қозғалысты);

  • айналатын (айналу қозғалысты);

айналатын өз кезегінде :

  • бірайналымды;

  • көпайналымды;


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет