«Бағдарламалау» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы



Дата21.07.2024
өлшемі49 Kb.
#203624
Байланысты:
Ba darlamalau (1)


«Бағдарламалау»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)


1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М012

Информатика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

3. Тест мазмұны:



Тақырыптың мазмұны

Қиындықдеңгейі

Тапсыр
малар саны

1

Алгоритмдер және есептерді шығару кезеңдері

2-А
2-В
1-С

6

2

Программалау тілдерінің базалық элементтері

2-А
2-В
2-С

6

3

Мәліметтер типтерінің түсінігі және түрлері

2-А
3-В
2-С

6

4

Мәліметтердің базалық құрылымдары

2-А
2-В
2-С

6

5

Функциялар



1-А
3-В
2-С

6

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

30



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмаларының мазмұнында программа құру методологиясы, жобалау және бағдарламалауда қолданылатын технологиялар туралы көзқарастың қалыптасу деңгейін анықтау тапсырмалары қарастырылған.
Емтихан тапсыратын талапкерлер:

  • бағдарламаларды жобалаудың әдістері мен тәсілдерін топтастыра білулері;

  • бағдарламалық өнімді құру кезеңдерін білулері;

  • бағдарламалық құралдардың ішкі құрылымы мен ұйымдастырылуы туралы ұғымның қалыптасу деңгейін көрсетулері;

  • типтік бағдарламалау жүйелерінің қызмет ету принциптерін білулері;

  • базалық бағдарламалау тілдерінің алфавит, синтаксис және семантикасын білулері;

  • базалық бағдарламалау тілдерінің инструментальды құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын көрсетулері;

  • қандай да бір есептерді практикада жүзеге асыру үшін бағдарламалық қосымшаларды құру біліктіліктерін керек.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларыныңбөлінуі:

  • жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);

  • орташа (B) – 12 тапсырма (40%);

  • қиын (C) – 9 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан біржауапты таңдаукерек.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін студентке 1 балл береді, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.
9.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Лутц М. Изучаем Python, 5-е издание. – Пер. с англ. – СПб.: Вильямс, 2019. – 1280 с., ил.

  2. Саммерфилд М. Программирование на Python 3. Подробное руководство. - Пер. с англ. - СПб.: Символ-Плюс, 2016. - 608 с, ил.

  3. Жуков Р.А. Язык программирования Python: практикум : учеб, пособие /Р.А. Жуков. — М.: ИНФРА-М, 2019. — 216с.

  4. Васильев А. Н. Python на примерах. Практический курс ·по программированию. - СПб.: Наука и Техника, 2016. - 432 с.: ил.

  5. Прохоренок Н. А. Python. Самое необходимое. — СПб.: БХВ-Петербург, 2011. — 416 с.: ил.

  6. Кнут Д.Э. Искусство программирования. Том 1 / Пер. с англ. — М.: Издательство «Вильямс», 2012. — 960 стр.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет