Бағдарламалық құжаттың деректемелері



бет1/3
Дата21.04.2017
өлшемі0,61 Mb.
#14478
  1   2   3


Қазақстан Республикасында білім беру және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мониторингі бойынша 2016 жылғы есепке қорытынды жоспары


  1. Бағдарламалық құжаттың деректемелері:

Атауы: Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама);

Нормативтік құқықтық актінің нөмірі мен күні: Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығы;

Әзірлеуші мемлекеттік орган: ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ);

Бірлесіп орындаушы: АШМ, ДСМ, ЕХӘҚМ, ИДМ, ҚМ, МСМ, ҰЭМ, ІІМ, облыстардың, Алматы және Астана қаласы әкімдіктері

Құжатты іске асыру мерзімі: 2016-2019 жылдар

Есеп кезеңі: 2016 жыл.

II. Есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәнімен қоса нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәнге қол жеткізілмеген жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету).

Мемлекеттік бағдарламаны 5 бағыт бойынша іске асыру қарастырылған, оның шеңберінде 8 нысаналы индикатор мен 52 көрсеткішке қол жеткізу көзделген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес есепті кезеңде170 іс шараны орындау жоспарланған.

2016 жылы 7 нысаналы индикатор (жоспар - 7) мен 44 көрсеткіш (жоспар - 49) орындалған. Толық орындалмаған көрсеткіштер саны 5.



Бірінші бағыт – Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру

Бұл бағыт шеңберінде 1 нысаналы индикатор мен 9 көрсеткішке жету көзделген.



Нысаналы индикатор:

«Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 82,7%, факт – 85,8%, 3,1% асыра орындалды).

ҚР БҒМ ақпараты бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға баратын 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың саны 836991. Қазақстан бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуға жататын, осы жас тобындағы балалардың жалпы саны 975963-ті құрайды.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі 85,8%-ды құрады.

Өсімнің себебі болып ЖАО-ның МЖС дамыту бойынша белсенді жұмыстарының нәтижелері табылады. Есептік кезеңде жеке мектепке дейінгі ұйымдардың өсімі жоспарланған – 416 бірліктің орнына 649 бірлікті құрады

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтудың ең жоғарғы көрсеткіштері – Павлодар (100%), Қостанай (100%), Батыс Қазақстан (100%), Шығыс Қазақстан (100%), Солтүстік Қазақстан (100%) облыстарында.

Республикалық көрсеткіштен төмен 4 өңірде – Маңғыстау (81,5%), Оңтүстік Қазақстан (67,9%) облыстары және Астана (73,7%), Алматы (80,2) қалаларында.



Көрсеткіштер:

1 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының үлесі» (2016 жылға жоспар – 37,1%, факт – 37,4%, 0,3% асыра орындалды).

ҚР БҒМ деректері бойынша республиканың мектепке дейінгі ұйымдарындағы жоғары және техникалық-кәсіптік білімдері бар педагогикалық қызметкердің саны 82276 адамды құрады, оның ішінде 30804 педагогта немесе 37,4%-ында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар.



2 «2014 жылғы жалпы қажеттіліктен мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға қажеттілікті қысқарту (194,6 мың орын)» (2016 жылға жоспар – 97,9 мың орын, факт – 86,8 мың орын, 11,1 мың орын асыра орындалды).

ҚР БҒМ деректері бойынша 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қажеттілік 86784 орынды құрады.

Қажеттіліктің азаюуы мыналар есебінен іске асырылды:

- жаңа орындар енгізу (2015 ж. – 23227, 2016 ж. – 42285);

- МДҰ-дағы әрекет етуші топтарда және мектептегі мектепалды даярлық сыныптарында түлектер есебінен орындардың ашылуы (41998 орындар);

- 2008 жылы туған балалардың кезектен шығып, мектепке өтуі.

Сонымен қатар, ЖАО-ның мәліметі бойынша 2014 жылдан қажеттіліктен қалған балалардың 60% -ға жуығы қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға барады, бірақ, мемлекеттік балабақшаға орнын күту құқығын қолдануда.

3 «Мектепке дейінгі ұйымдардың типтері мен түрлерінің жалпы санынан толық күн болатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 75%, факт – 76,5%, 1,5% асыра орындалды).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес барлық типтегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы саны 9410 болды, оның 7202-сі немесе 76,5%-ы толық күн болатын мектепке дейінгі ұйымдар.



4 «Шағын орталықтардың жалпы санынан жарты күн болатын шағын орталықтардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 49,1%, факт – 49,1%)

ҚР БҒМ республикада 4495 шағын орталық қызмет етеді, оның 2208-сі жарты күн болатын шағын орталықтар.

Шағын орталықтардың жалпы санынан жарты күн болатын шағын орталықтардың үлесі 49,1%.

5 «Ұсынылған орындардың жалпы санынан жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 20,7%, факт – 25%, 4,3% асыра орындалды).

ҚР БҒМ барлық мектепке дейінгі ұйымдарда 807 170 орын ұсынылды, оның ішіндегі жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың үлесі 24,9%-ды құрайды (201 465 орын).

Өсімнің себебі жоспардағы 416 бірліктің орнына 46,5 мың орындық 642 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың ашылу болып табылады.

6 «Білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 10%, факт – 10%).

ҚР БҒМ балабақшалардың жалпы саны 4910-ды құрады, оның ішінде 495 (10%) балабақшада білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасалған.

Білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған балабақшалардың ең аз саны Маңғыстау – 9, Солтүстік Қазақстан – 5, Алматы – 4 облыстарында және Алматы қаласында – 3 байқалды.

Ең көп саны - Батыс-Қазақстан – 86, Павлодар – 62, Жамбыл – 51, Шығыс-Қазақстан – 45, Оңтүстік Қазақстан – 45 облыстарында.



7 «Мектепке дейінгі жастағы балалардың дағдысы мен машығының даму индикаторларына сәйкес машығы мен дағдысының деңгейі жоғары және орта 5-6 жастағы балалардың үлесі».

Бұл көрсеткіш бойынша 2016 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер жоспарланбаған.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту аясында 3 деңгей бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бағалайтын индикаторлар жүйесі әзірленді: «бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады», «бала не істеп жатқанын түсінеді», «бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады».

8 «Аттестаттауға жататын мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан аттестаттаудан өткен мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 84%, факт – 93%, 9% асыра орындалды).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес 2016 жылы 640 мектепке дейінгі ұйымдарды аттестациядан өткізу жоспарланды. Есеп беру кезеңінің қорытындысы бойынша 596 (93%) мектепке дейінгі білім беру ұйымы аттестациядан өтті.

Жоспарлы көрсеткіштің артуы немесе азаюы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың аттестациядан өту рәсімінен тікелей тәуелді.

Мәселен, 2015 жылы 599 (100 %) мектепке дейінгі ұйымды мемлекеттік аттестациядан өту жоспарланды, оның ішінде 83,8 %-ы мемлекеттік және 16,2 %-ы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар.

ҚР Кәсіпкерлер кодексінің 137-бабының 3-тармағының 8-тармақшасына сәйкес мемлекеттік аттестация білім беру ұйымының бастамасы негізінде жүргізіледі.

Мектепке дейінгі ұйымдар үнемі мұндай қызығушылық таныта бермейтіндігін атап өткен жөн.

Білім берудің басқа деңгейлерінде бес жылда бір рет аталған рәсімнен өтпеген білім беру ұйымдары мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру құқығынан айырылады (ҚР «Білім туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағы).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда мұндай қызығушылық жоқ.



9 «Мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына арналған менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының жаңартылған білім беру бағдарламаларының үлесі» (2016 жылға жоспар – 50%, факт – 50%).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес «Өрлеу» АҚ-ның ақпараты бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына арналған менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының 8 білім беру бағдарламасының 4-уі немесе 50% -ы жаңартылды (ҚР БҒМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығы):

1) Жаңа жалпы білім беретін үлгілік бағдарламаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жобалау;

2) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау саласында мектепке дейінгі ұйым басшысының кәсіби құзіреттілігін дамыту;

3) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнының контексінде мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық менеджмент;

4) Білім беруді жаңғырту жағдайларында мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық қызметін басқару.



Екінші бағыт – Орта білім

Бұл бағыт шеңберінде 2 нысаналы индикатор мен 13 көрсеткішке жету көзделген.



Нысаналы индикатор:

1 «НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесі (2016 жылы – 1-сынып, 2017 жылы 2,5,7 -сыныптар, 2018 жылы -3,6,8,10 сыныптар, 2019 жылы –4,9,11,12 -сыныптар)».

2016 жылғы 1-қыркүйектен бастап барлық бірінші сынып оқушылары білім берудің жаңартылған мазмұнына көшті.



2 «Үлгерімі «жақсы» және «үздік» (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі» (2016 жылға жоспар –60%, факт – 61,4%, 1,4% асыра орындалды).

Республика бойынша үздік және жақсы оқитын оқшылардың саны 1607690 адамды құрады. 2-11 сынып аралығындағы оқушылардың саны 2 619 186 адам.

Индикаторды есептеуде 1-сынып оқушылары ескерілмейді. Бірінші жартыжылдықта оқушыларға баға қойылмайды.

Осылайша, үлгерімі «жақсы» және «үздік» (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі 61,4%-ды құрады.



Көрсеткіштер:

1 «Педагогтердің жалпы санынан жас педагогтердің үлесі» (2016 жылға жоспар –2,8%, факт – 3%, 0,2% асыра орындалды).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес күндізгі мемлекеттік мектептердегі педагогтердің жалпы саны 304098-ды құрайды, оның ішіндегі жас педагогтердің саны 9007 немесе оның жалпы санының 3%-ын құрайды.



2 «Педагогтердің жалпы санынан бірінші және жоғары санаты бар педагогтердің үлесі» (2016 жылға жоспар – 50%, факт – 50,7%, 0,7% асыра орындалды).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес педагогтердің жалпы саны 274 757 адамды құрады, оның 139 445-інің немесе 50,7 %-ының бірінші және жоғары санаты бар.



3 «Мектептердің жалпы санынан авариялық мектептердің үлесі» (2016 жылға жоспар – 0,7%, факт – 0,5%, 0, 2% асыра орындалды).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада 69 авариялық мектеп қызмет етті.

Қосымша анықталған авариялық мектептердің саны 24 дана.

Сонымен қатар, 2016 жылы авариялық мектептердің орнына 56 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде, проблемалы мектептердің саны 93-тен 37-ге азайды. Осылайша, мектептердің жалпы санынан авариялық мектептердің үлесі 0,5%-ды құрады.



4 «Үш ауысымда сабақ өткізетін мектептердің үлесі» (2016 жылға жоспар – 1,1%, факт –1,5%, 0, 4% орындалған жоқ).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада үш ауысымда сабақ өткізетін 87 мектеп қызмет етеді.

Үш ауысымда сабақ өткізетін қосымша анықталған мектептердің саны 66 дана.

2016 жылы үш ауысымда сабақ өткізетін мектептерді жою үшін 47 мектеп салынды.

Осылайша, 2016 жылы үш ауысымда сабақ өткізетін мектептердің үлесі 1,5 %-ды құрады.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес көрсеткішке қол жеткізілмеудің себебі демографиялық өсім мен халықтың миграциялық белсенділігі болып табылады.

Үш ауысымда сабақ өткізетін мектептердің ең көбі Алматы (49), Оңтүстік Қазақстан (23) және Жамбыл (5) облыстарында.

Аталған облыстарда 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы халық саны өскен. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында 2 788 404 ден 2 841 307 адамға (1,9%.), Алматы облысында 1 947 481 ден 1 922 107 адамға (1,3%.) және Жамбыл облысында 1 098 740 ден 1 110 907 адамға (1,1%.).



5 «Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі» (2016 жылға жоспар – 44%, факт – 44,7%, 0,7% асыра орындалды).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес республикада 7450 мектеп қызмет етеді, оның 3289-ында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған.

Осылайша, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 44,7 %-ды құрады.

Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептер 3 көрсеткіш бойынша анықталады:

- инклюзивтік білім берумен қамтылған балалары бар;

- инклюзивтік білім беруге арналған оқулықтары бар;

- инклюзивтік білім беру сыныптардың/топтардың мұғалімдері бар.

Инклюзивті білім берумен ең аз қамтылу Қызылорда-12,3%, Шығыс Қазақстан-16%, Қарағанды-24,7% облыстарында орын алған.



6 «Жаңартылған білім беру мазмұнымен қамтылған балалардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 12,6%, факт – 12,6%).

2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық бірінші сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алуда.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша барлық мектептердегі бірінші сынып оқушыларының саны 369832 адамды құрайды. Барлық мектептердегі оқушылардың жалпы саны 2930 583 адам.

Осылайша, жаңартылған білім беру мазмұнымен қамтылған балалардың үлесі 12,6 %-ды құрайды.



7 «Қазақстандық оқушылардың халықаралық және ұлттық зерттеулердегі нәтижелері» (2016 жылға жоспар – ОЖСБ 9 сынып 37,4 балл, факт – 33,25 балл, 4,15 баллға орындалған жоқ).

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ақпараты бойынша 2016 жылы орта білім саласындағы оқу жетістіктерін сырттау бағалау (ОЖСБ) 5-19 сәуір аралығында өткізілді. Тестілеу 4-ші және 9-сыныптарда өткізілді.

ОЖСБ нәтижесінде республика бойынша орташа көрсеткіш мүмкін болатын 75-тен 33,25 баллды құрады, оның ішінде қазақ тілінде білім алатын сыныптарда- 32,82 балл, орыс тілінде -34,41 балл.

Бұл көрсеткіш оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігі мен ұсынылатын білім беру қызметтердің сапасын анықтайды.

ОЖСБ-2016-ның ерекшелігі логикалық ойлау мен оқу сауаттылығына бағытталған тестілік тапсырмалар форматының өзгеруінде.

Тестілеу 2 пән бойынша өткізілд: қазақ тілі міндетті пән ретінде (максималды балл -20), екінші - оқытылатын пәндердің бірі (максималды балл-55).



8 «Білім беру процесінде АКТ-ны қолданатын мектептердің үлесі» (2016 жылға жоспар – 15%, факт – 15%).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 7100 жалпы білім беретін мектептердің (ЖАО) 1070-інде білім беру барысында АКТ-ны қолданады (электронды оқыту)

Осылайша, білім беру процесінде АКТ-ны қолданатын мектептердің үлесі 15%-ды құрайды.

9 «Қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 62%, факт – 65,8%, 3,8% асыра орындалды).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес барлық мектептердегі оқушылардың жалпы саны 2 930 583 адам.

Оның 977 125 оқушысы қызығушылықтарына сәйкес мектептердегі үйірмелерге барады (білім беру жүйесінде - 651 409, мәдениет және спорт жүйесінде 300 148).

Осылайша, қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың үлесі 65,8%-ды құрады.

Үйірмелер санының артуы "Жасампаз" акциясы аясында робототехника сыныптары мен үйірмелерінің ашылуымен байланысты. 2016-2017 оқу жылынан бастап робототехника бойынша 14,5 мың адамды қамтыған 847 мектептік үйірме ашылды.

Бұдан басқа, Оркестрлер парадына даярлық аясында 42 280 баланы қамтыған 2006 шығармашылық ұжым құрылды.



10 «Жалпы білім беретін мектептердегі спорттық секциялармен, оның ішінде республикалық балалар-жасөспірімдер спорт жарыстарымен (Оқушылар спартакиадасы және т. б.) қамтылған білім алушылардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 27,5%, факт – 27,5%).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың саны 2 855 804 адамды құрайды.

Оның 764 319 оқушысы спорт секцияларымен қамтылған, 21 557 оқушы республикалық балалар-жасөспірімдер спорт жарыстарына (Оқушылар спартакиадасы т. б.) қатысты.

Осылайша, жалпы білім беретін мектептердегі спорттық секциялармен, оның ішінде республикалық балалар-жасөспірімдер спорт жарыстарымен (Оқушылар спартакиадасы және т. б.) қамтылған білім алушылардың үлесі 27,5%-ды құрайды.



11 «Балалар мен жасөспірімдер қозғалыстарымен, оның ішінде «Жас ұлан», «Жас қыран» қозғалыстарымен қамтылған оқушылардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 41%, факт – 44,6%, 3,6% асыра орындалды).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес барлық жалпы білім беретін мектептердің жалпы саны 2 930 583 адам.

Оның, 654 754-сі «Жас ұлан», 652 269-ы «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер қозғалыстарының мүшелері.

Осылайша, балалар мен жасөспірімдер қозғалыстарымен, оның ішінде «Жас ұлан», «Жас қыран» қозғалыстарымен қамтылған оқушылардың үлесі 44,6%-ды құрайды.



12 «Қамқоршылық кеңестер құрған мектептердің үлесі» (2016 жылға жоспар – 61,5%, факт – 61,9%, 0,4% асыра орындалды).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес республиканың 3952 мемлекеттік күндізгі білім беру мектептерінде қамқоршылық кеңестер жұмыс істейді.

Күндізгі білім беру мектептерінің саны 7100 дана, оның 713-і контингенті 50 баладан аз болатын бастауыш мектептер.

Қамқоршылық кеңестер құрған мектептердің үлесі 61,9%-ды құрайды.



13 «Орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының жаңартылған білім беру бағдарламаларының үлесі» (2016 жылға жоспар – 70%, факт – 71%, 1% асыра орындалды).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес «Өрлеу» АҚ-ның ақпараты бойынша 2016 жылы орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының 14 білім беру бағдарламаларының 10-ы жаңартылған (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығы).

Осылайша, орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының жаңартылған білім беру бағдарламаларының үлесі 71%-ды құрады.

Үшінші бағытТехникалық және кәсіптік білім беру

Бұл бағыт шеңберінде 2 нысаналы индикатор мен 1 көрсеткішке жету көзделген.



Нысаналы индикатор:

1 «Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі» (2016 жылға жоспар – 90%, факт – 90%).

2016 жылы ТжКБ мемлекеттік тапсырыспен бітірушілерінің жұмысқа орналасқандар (47228) мен жұмыспен қамтылғандардың (10918) саны 58146 адамды құрады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған түлектердің жалпы саны 64607 адам.

Осылайша, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі 90%-ды құрайды.

Көрсеткіштер:

1 «Типтік жастағы (14-24) жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту» (2016 жылға жоспар – 16,6%, факт – 16,6%).

2016 жылы 14-24 жастағы халықтың саны 2 780 061 адамды құрады, оның 460 727-сі техникалық және технологиялық біліммен қамтылған.

Осылайша, типтік жастағы (14-24) жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту 16,6%-ды құрады.

2 «Мемлекеттік колледждердің заманауи оқыту жабдығымен жарақтандырылған оқу-өндірістік шеберханаларының, зертханаларының және арнайы пәндер кабинеттерінің үлесі» (2016 жылға жоспар – 41,2%, факт – 41,2%).

Қазіргі таңда 473 мемлекеттік колледждердің 1459 оқыту-кәсіптік шеберханалары, зертханалары және арнайы пәндер кабинеттері жергілікті бюджет есебінен замануи оқыту құралдарымен жабдықталған.

Барлығы 3541 оқу-өндірістік шеберхана, зертхана және арнайы пәндер кабинеттері жабдықталуы тиіс.

Осылайша, мемлекеттік колледждердің заманауи оқыту жабдығымен жарақтандырылған оқу-өндірістік шеберханаларының, зертханаларының және арнайы пәндер кабинеттерінің үлесі 41,2%-ды құрайды.



3 «Білім беру қажеттіліктері ерекше студенттер үшін тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ТжКБ ұйымдарының үлесі» (2016 жылға жоспар – 20%, факт – 20%).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес республикада барлығы 817 колледж қызмет етеді.

Оның 163 колледжінде (20%) ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін тең және кедергісіз қол жетімді жағдай жасалған.

4 «Аккредиттеу рәсімінен өткен мемлекеттік колледждердің үлесі» (2016 жылға жоспар – 3,5%, факт – 3,6 %, 0,1% асыра орындалды).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес республикада мемлекеттік колледжер саны 473. Оның 17-сі 2016 жылы аккредиттеуден өткен (институционалдық аккредиттеуден -10 колледж, мамандырылған аккредиттеуден-7 колледж).

Аккредиттеу рәсімінен өткен мемлекеттік колледждердің үлесі 3,6%-ды құрады.

5 «Кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз етілген ТжКБ мамандықтарының үлесі»

Бұл көрсеткіш бойынша 2016 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер жоспарланбаған.

2018 жылдан бастап ДБ есебінен «Еңбек нарығы талаптарына сәйкес, еңбек дағдыларының дамуы» жобасының шеңберінде кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын өңдеу жоспарланған.

Сонымен бірге, БҒМ ұқсас біліктіліктер бойынша білім деңгейлерінің бірігуін ескере отырып, үлгілік оқу жоспарлар мен бағдарламаларды (ҮОЖБ) өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жылдың аяғына дейін 65 ҮОЖБ өзектендірілетін болады.



6 «Технологиялық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша дуальді оқытудың негізгі қағидаттарын енгізген колледждердің үлесі» (2016 жылға жоспар – 68%, факт – 68%).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес колледждердің жалпы саны 817, оның 562-сі техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық бейіні бойынша.

Қазіргі таңда дуальді оқыту техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық бейіні бойынша 382 колледже енгізілген.

Осылайша, технологиялық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша дуальді оқытудың негізгі қағидаттарын енгізген колледждердің үлесі 68%-ды құрады.



7 «Қоғамдық-пайдалы қызметтерге (волонтерлік, жастар ісі жөніндегі комитеттер қызметіне қатысу және т.б.) тартылған ТжКБ ұйымдарында оқитын студенттердің үлесі» (2016 жылға жоспар – 35%, факт – 35%).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының жалпы контингенті 489166 адамды құрайды.

Оның 171208 адамы қоғамдық-пайдалы қызметке, оның ішінде 51000 студент ЭКСПО-2017-ге тартылды.

Осылайша, қоғамдық-пайдалы қызметтерге (волонтерлік, жастар ісі жөніндегі комитеттер қызметіне қатысу және т.б.) тартылған ТжКБ ұйымдарында оқитын студенттердің үлесі 35% болды.



8 «Спорттық секциялармен қамтылған ТжКБ студенттерінің үлесі» (2016 жылға жоспар – 50%, факт –50%).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының жалпы контингенті 489166 адамды құрайды.

Оның 244586 адамы спорттық секциялармен қамтылған.

Осылайша, спорттық секциялармен қамтылған ТжКБ студенттерінің үлесі 50%-ды құрады.



9 «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ тәжірибесін енгізген мемлекеттік колледждердің үлесі» (2016 жылға жоспар – 6,5%, факт – 6,5%).

Мемлекеттік колледждердің жалпы саны 473 құрайды. Оның 2016-2017 оқу жылы 31 мемлекеттік колледжі «Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ тәжірибесін енгізуде.


Төртінші бағытжоғары және жоо-дан кейінгі білім беру

Бұл бағыт шеңберінде 2 нысаналы индикатор мен 12 көрсеткішке жету көзделген.



Нысаналы индикаторлар:

1 «Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ЖОО-ны бітіргеннен кейінгі бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ЖОО түлектерінің үлесі» (2016 жылға жоспар – 83%, факт – 83%).

2016 жылы ЖОО мемлекеттік білім тапсырысы негізінде бакалавриат бағдарламасы бойынша бітірушілердің саны 35556 адам, оның ішінде ЖОО-ны бітірген жылы жұмысқа тұрғандардың саны 29 545 адамды құрайды.

Осылайша, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ЖОО-ны бітіргеннен кейінгі бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ЖОО түлектерінің үлесі 83%-ды құрады.

2 «QS-WUR рейтингінде белгіленген Қазақстан ЖОО-ларының саны топ-200, топ-300, топ-500, топ-701+» (2016 жылға жоспар – , 1, 1, 7, факт – 0, 1, 3, 8, асыра орындалды).

2016 жылы QS WUR рейтингісіне 8 қазақстандық ЖОО кірді.

«Топ-300» - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 236 орын;

«Топ-400» - Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ, 345 орын;

«Топ 411-420» - Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ;

«Топ 501-550» – Абай атындағы ҚазҰПУ;

«Топ 601-650» – М.Әуезов атындағы ОҚМУ;

«Топ 651-700» -ҚБТУ;

«Топ 701+» жоғарыда аталған ЖОО-лармен бірге Бөкетов атындағы ҚарМУ, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТ енді.

Көрсеткіштер:

1 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстың арақатынасы: магистратура және докторантура; бакалавриат» (2016 жылға жоспар – 28, 72; факт – 28, 72).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес 2016-2017 оқу жылы бакалавриат бағдарламалары бойынша педагогикалық кадрларды даярлауға 28752 грант, магистратураға- 7429, докторантураға- 628 грант бөлінген.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстың арақатынасы: магистратура және докторантура; бакалавриат 28:72.

2 «Жоғары білім беру жүйесіндегі шетелдік студенттердің, оның ішінде коммерциялық негізде оқитын студенттердің үлесі» (2016 жылға жоспар – 2,5%, факт – 2,6%, 0,1% асыра орындалды).

ҚР БҒМ Әкімшілік деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ЖОО-лардың контингенті 477074 адамды құрайды. Оның ішіндегі шетелдік студенттердің саны 12837 адам.

Осылайша, жоғары білім беру жүйесіндегі шетелдік студенттердің, оның ішінде коммерциялық негізде оқитын студенттердің үлесі 2,6%-ды құрады.

3 «Білім беру қажеттіліктері ерекше студенттерді оқыту үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ЖОО-лардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 15%, факт – 15,2%, 0,2% асыра орындалды).

Бүгінгі таңда, жоғары білім беру саласында инклюзивті білім беру 17 жоғары оқу орындарында белсенді енгізілуде.\



Анықтама: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, К.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік унвиерситеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Еуразия гуманитарлық институты, Нархоз университеті.

Аталған университеттер білім беру қажеттіліктері ерекше студенттерді оқыту үшін төмендегі жағдайларды қарастырған:

оқу корпустары және жатақхана ғимараттары пандустармен қамтамасыз етілген;

корпустарға кіру үшін арнайы жабдықтау қарастырылған, олар қажеттіліктері ерекше адамдарға көмек көрсету үшін жақсылап бекітілген;

- аудиторияның табалдырығы баспалдақ алаңында төмен орналасқан;

- көптеген университеттерде кірме жолдар, автотұрақ және ғимаратқа кірер есіктерде баспалдақтар жоқ, ерекше мүмкіндіктері бар адамдарға қолжетімді;

- аудиториялардың есіктерінен мүгедектік арбамен өту қарастырылған;

- лифтілер және баспалдақтарда көтергіштер бар;

- асхана және буфеттер 1 этажда орналасқан, баспалдақтары жоқ және есіктері университеттің ауласынан шығады, ерекше мүмкіндіктері бар адамдарға кіріп-шығуға қол жетімді.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының даму стратегиясында мүмкіндіктері шектеулі студенттер үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасау іс-шаралары қарастырылған.

Осылайша, білім беру қажеттіліктері ерекше студенттерді оқыту үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ЖОО-лардың үлесі 15,2%-ды құрады.

4 «Салалық шеңберлер мен кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларының үлесі» (2016 жылға жоспар – 20%, факт – 22%, 2% асыра орындалды).

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мамандықтар жіктеуішінде бүгінгі таңда 599 мамандық бар, олардың ішінен бакалавриатта – 174, магистратурада – 189, резидентурада – 50, докторантурада – 186 мамандықтар бар.

2016 жылы жаңа әдістеме бойынша 13 кәсіптік стандарт бекітілді.

Осы кәсіби стандарттар негізінде 131 білім беру бағдарламасы әзірленді.

Осылайша, салалық шеңберлер мен кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларының үлесі 22% болды.

5 «Шетелдік сарапшылармен бірлесіп ИИДМБ шеңберінде әзірленген жаңа білім беру бағдарламаларының саны» (2016 жылға жоспар – 24, факт – 24).

Бүгінгі таңда ҚР БҒМ 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 286 бұйрығымен ИИДМБ басым салалары бойынша 24 білім беру бағдарламаларының тізімі бекітілді.

1) Ғарыштық робототехника және мехатроника;

2) Бетон және темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын өндірудегі энерготиімді және нанотехнологиялар;

3) Индустрия үшін наноматериалдар мен нанотехнологиялар;

4) Индустрия үшін жасыл энергетика;

5) Тау-металлургиялық жабдықтарды пайдаланудың инновациялық технологиялары;

6) Көмірсутекті шикізатты кешен басында дайындаудың инженериясы және өндіріс қауіпсіздігі;

7) Энергияны үнемдейтін автоматтандырылған электр жетектер;

8) Табиғи ресурстарды басқару және агроэкожүйелердің тұрақты дамуы;

9) Жасыл биотехнология және ветеринарлық қауіпсіздігі;

10) Тау-металлургиялық саласындағы жобалау және инжиниринг;

11) Машина жасауда киберфизикалық жүйелер;

12) Заманауи құрылыс материалдар;

13) Ауыл-шаруашылық өнімдерді қайта өңдеудің қауіпсіздік технологиялары;

14) Бейорганикалық қышқылдар және тұздар өндіріснің инновациялық технологиялары;

15) Тау-металлургиялық өнеркәсіптегі дәнекерлеу өндірісінің инновациялық технологиялары;

16) Тау-металлургиялық кешеніндегі инновациялық технологиялар. Геотехника;

17) Мұнай газ саласындағы өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыру;

18) Металлургиялық кәсіпорындардың ұалдықтарын қайта өңдеудегі технологиялық инновациялар;

19) Машина жасау өндірісінің инновациялық технологиялары;

20) Өсімдік шикізаттарынан дайындалған функционалдық және арнайы тағам өнімдері;

21) Тағам өнеркәсібі үшін өсімдік өнімдерінің тұрақты өндірісі;

22) Тағам өнеркәсібі үшін мал шаруашылығының өнімдерін өндірудің интенсивті технологиялары;

23) Ұңғыма өнімдерін жинау және дайындау;

24) Мұнай мен газдың химиялық технологиясы.

Аталған білім беру бағдарламалары бойынша қазіргі таңда 2800 магистрант білім алуда.

6 «Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық еуропалық желілердің толық мүшесі болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген агенттіктерде халықаралық аккредиттеуден өткен мемлекеттік ЖОО білім беру бағдарламаларының үлесі» (2016 жылға жоспар – 35%, факт – 37%, 2% асыра орындалды).

Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ерікті негізде жүргізіледі. Аккредиттеуді өткізу немесе өткізбеу туралы шешімді білім беру ұйымдарының берген өтінімдерін және аккредиттеу органмен белгіленген құжаттар тізімін қарастыру нәтижесі бойынша аккредиттеу органы қабылдайды. Аккредиттеу білім беру ұйымдарының өз қаражаты есебінен өткізіледі. Білім беру ұйымдары өкілетті органның тізіліміне енетін аккредиттеу органдарында ұлттық және халықаралық институционалдық, мамандандырылған аккредиттеуден өтуге құқылы.

Есептік кезеңде халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден 30 қазақстандық ЖОО өтті (оның ішінде: ұлттық – 5, акционерлік – 5, мемлекеттік – 14, жеке меншік – 6). Аккредиттелген білім беру бағдарламалар саны 223-ті құрады, оның ішінде бакалавриат бойынша – 111, магистартура бойынша – 87, докторантурада – 25.

Бүгінгі таңда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішінде 599 мамандық бар, олардың ішінен бакалавриатта – 174, магистратурада – 189, резидентурада – 50, докторантурада – 186.

Әрбір мамандық бойынша білім беру бағдарламасы әзірленеді.

Халықаралық еуропалық желілердің толық мүшесі болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген агенттіктерде халықаралық аккредиттеуден өткен мемлекеттік ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларының үлесі 37%-ды құрады.



7 «ИИДМБ жоғары оқу орындарының жалпы табысындағы инновациялық және ғылыми қызметтің табыс үлесі» (2016 жылға жоспар – 9%, факт – 9%).

Қазіргі таңда ИИДМБ 11 базалық ЖОО табысындағы инновациялық және ғылыми қызметтің табыс үлесі 9% құрайды.




ЖОО

ЖОО-ның жалпы табысы

Инновациялық және ғылыми қызметтің табысы

Табыс үлесі

АМГИ

844 708,4

76023,76

9%

Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ

13 155 008

1183950,72

9%

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ

3 936 0

4,5


354 244,01

9%

С.Торайгыров ат. ПМУ

1 147 506,3

103 275, 57

9%

М.Әуезов ат. ОҚМУ

2 632 240,4

247 430,6

9,4%

Д.Серикбаев ат. ШҚМТУ

2 716 097,9

244 448,8

9%

ҚарМТУ

1 942 749,1

167 076,4

8,6%

ҚазҰАУ

879 978,9

80 078,08

9,1%

С.Сейфуллин ат. ҚАТУ

4 6

3 800 000



421 542 000

9%

А.Байтурсынов ат. ҚМУ

1 063 706 300

95 733 567

9%

Қ.И.Сәтбаев ат. ҚазҰЗТУ

838 795 606,7

75 491 604,6

9%

Барлығы

6 612 711 532

594107224,2

8,984321


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет