Бағдарламалық құжаттың деректемелері



бет2/3
Дата21.04.2017
өлшемі0,61 Mb.
#14478
1   2   3

8 «Коммерцияландыру офистерін, технопарктер, бизнес-инкубаторлар құрған азаматтық ЖОО-лардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 14%, факт – 14,3% 0,3% асыра орындалды).

ҚР БҒМ Әкімшілік деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикадағы азаматтық ЖОО-лардың саны 112.

Оның 16 ЖОО-сында коммерциализация офистері, технопрактер, бизнес-инкубаторлар (11 ЖОО ИИДМБ -2 аясында ҰҚ есебінен, ИИДМБ -2 аясында ҰҚ есебінен 2 медициналық ЖОО; 2 ЖОО өз қаражаты есебінен, 1 ЖОО РБ есебінен) құрылды.

Осылайша, коммерцияландыру офистерін, технопарктер, бизнес-инкубаторлар құрған азаматтық ЖОО-лардың үлесі 14,3%.



9 «Қоғамдық пайдалы қызметке тартылған ЖОО студенттерінің үлесі».

Бұл көрсеткіш бойынша 2016 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер жоспарланбаған.

ҚР БҒМ Әкімшілік деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ЖОО студенттердің контингенті 477074 адамды құрайды.

Есептік кезеіде 79900 студент қоғамдық пайдалы жұмыстарға, оның ішінде академиялық қызмет, жоо алқалық басқару органдары және т.б. тартылған.



10 «Ұлттық студенттер лигасына қатысатын ЖОО-лар үлесі» (2016 жылға жоспар – 36%, факт – 36,6%, 0,6% асыра орындалды).

ҚР БҒМ Әкімшілік деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикадағы азаматтық ЖОО-ың саны 112 құрайды.

Ұлттық студенттік лиганың футзал бойынша ойындарына 41 ЖОО-ның командасы қатысты.

Студент жастар арасында Ұлттық студенттік лига дамып, танымал болып келеді, оған қоса Қазақстанның футзал бойынша жетістіктері халықаралық деңгейде футболдан озады.

2016 жылғы ақпанда Алматы қаласында студенттер арасында ІІ Азия Чемпионаты өтті. Елдің намысын Ұлттық студенттік лиганың 2015 жылғы маусымының жеңімпаздары қоғады.

11 «ЖОО-лардың жалпы санынан корпоративтік басқару органдары (байқау кеңестері, қамқоршылық кеңестер және директорлар кеңесі) жұмыс істейтін ЖОО-лардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 75%, факт – 75%). ҚР БҒМ Әкімшілік деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикадағы азаматтық ЖОО-ың саны 112 құрайды.

84 ЖОО-да (9 ұлттық, 31 мемлекеттік, 1 халықаралық, 16 акционерленген, 27 жекеменшік) құрамына бизнес-орта, жергілікті атқарушы органдар, атақты және беделді түлектер кіретін байқау, қамқоршылық және директорлар кеңестері бар.

Осылайша, ЖОО-лардың жалпы санынан корпоративтік басқару органдары (байқау кеңестері, қамқоршылық кеңестер және директорлар кеңесі) жұмыс істейтін ЖОО-лардың үлесі 75% -ды құрады.

12 «Назарбаев Университетінің тәжірибесін енгізетін азаматтық ЖОО-лардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 25%, факт – 33%, 8% асыра орындалды).

ҚР БҒМ Әкімшілік деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикадағы азаматтық ЖОО-ың саны 112-ні құрайды.

Бүгінгі күні 37 азаматтық ЖОО Назарбаев Университетінің тәжірибесін енгізуде.

Осылайша, Назарбаев Университетінің тәжірибесін енгізетін азаматтық ЖОО-лардың үлесі 33%.



Бесінші бағыт Ғылым
Бұл бағыт шеңберінде 2 нысаналы индикатор мен 9 көрсеткішке жету көзделген.

Нысаналы индикатор:

1 «ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлемінде тәжірибелік- конструкторлық әзірлемелерге арналған шығындардың үлесі» (2016 жылға жоспар 20,1%, факт – 23,8%, 3,7% асыра орындалды).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес 2015 жылы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлемі 69 302,9 млн.теңгені, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ТКЖ) үшін 16 505,05 млн. теңгені құрады.

2015 жылы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлеміндегі тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің үлесі 23,8 %-ды құрады.

2015 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстар шығындарының 2014 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артуы өсімнің себебі болып табылады.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстарындағы ішкі шығындардың 63,4%-ы тартылған қаражат есебінен, 36,6%-ы өз қаражаты есебінен қаржыландырылды.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 31-қазанда «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» ҚР Заңының қабылдануы жаңа өнімді игеру немесе жаңа технологияны енгізу бойынша ғылыми-өндірістік циклдің қорытынды сатысын іске асыруға бағытталған ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізуге (пайдалануға) ықпал етті.



2 «Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санындағы коммерцияландырылған жобалардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 17%, факт – 17%).

2016 жылғы қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы саны 1217 дананы құрады, оның ішіндегі коммерцияландырылған жобалардың саны 210 жоба (111-мемлекеттік органдар жобалары, 65 - технологияларды коммерцияландыру, 34 - «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде).

Осылайша, қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы коммерцияландырылған жобалардың үлесі 17 %-ды құрайды.

Көрсеткіштер:

1 «ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындардың жалпы көлеміндегі бизнес шығыстарының үлесі» (2016 жылға жоспар – 22%, факт – 28,6%, 6,6% асыра орындалды).

ҒЗТКЖ-ға жұмсалған 2015 жылғы қаржыландырудың жалпы сомасы 69 302,9 млн. теңгені мемлекеттің қатысуынсыз кәсіпорындардың шығындары 19 867,7 млн. теңгені құрады.

ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындардың жалпы көлеміндегі бизнес шығыстарының үлесі -28,6 %.

Өсімге себепкер болған 2015 жылғы 31-қазанда «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» ҚР Заңының қабылдануы жаңа өнімді игеру немесе жаңа технологияны енгізу бойынша ғылыми-өндірістік циклдің қорытынды сатысын іске асыруға бағытталған ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізуге (пайдалануға) ықпал етті.



2 «2014 жылы ұлттық патенттердің жалпы санындағы ұлттық патенттердің өсімі (1 574 бірлік)» (2016 жылға жоспар – 3%, факт –2,8%, 0,2% орындалған жоқ).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес 2015 жылы тіркелген патенттердің саны 1618 бірлікті құрады, 2014 жылмен салыстырғандағы өсім 2,8%.

Көрсеткіштің орындалмауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзерістер себеп болды. Ол заңға сәйкес ұлттық қорғалатын құжаттар тізімінен инновациялық патенттер алынып тасталды.

Аталған ҚР Заңы 2015 жылғы 7 сәуірде қабылданғандығын атап өткен жөн. Мемлекеттік бағдарлама жыл бұрын, 2016 жылы 1 наурызда қабылданғандығын ескере отырып, көрсеткіштің орындалмауы бойынша берілген себептер негізсіз деп санаймыз.


3 Зерттеушілердің 2014 жылғы жалпы (18 930 адам) санынан зерттеушілер санының өсуі (2016 жылға жоспар 6,8%, факт: (– 2,8%), 9,6% орындалған жоқ).

2015 жылы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған қызметкерлердің саны 24 735 адам, оның ішінде зерттеуші мамандардың саны 18 454 адам.

2014 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға төмендеу байқалады.

Көрсеткіштің орындалмауы қаржыландыру көлемінің азаюымен байланысты.

2014 жылы республика есебінен ғылымды қаржыландыру көлемі 47 920 млн. теңгені құраса, 2015 жылы – 43 359 млн. теңге болды. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректерені сүйенсек 2014 жылы ҒЗТКЖ-ға жұмсалған бюджет қаражатының көлемі 43 343,5 млн. теңге, ал 2015 жылы - 40 719, 1 млн. теңгені құрады.

4 «Жарияланымдардың 2014 жылғы жалпы (2784 бірлік) санынан халықаралық журналдардағы жариялымдар санының өсуі (Thomson Reuters деректері бойынша)» (2016 жылға жоспар – 8%, факт – 8,2%, 0,2% асыра орындалды).

2016 жылы Scopus және, Thomson Reuters деректері бойынша халықаралық рейтингілік журналдарда басылымдар саны 3011 дананы құрайды.

Жарияланымдардың 2014 жылғы жалпы (2784 бірлік) санынан халықаралық журналдардағы жариялымдар санының өсуі (Thomson Reuters деректері бойынша) 8,2%-ды құрады.

5 «Жарияланымдардың 2014 жылғы жалпы санынан Web of Science Core Collection (Thomson Reuters) базасындағы жарияланымдардан дәйексөз келтіру деңгейі (1245 бірлік)» (2016 жылға жоспар – 30%, факт – 30,3%, 0,3% асыра орындалды).

2016 жылы Web of Science Core Collection Thomson Reuters базасы бойынша дәйексөз келтірілген басылымдар саны 1055, оларға 320 сілтеме жасалған.



6 «Жоғары білім беру ұйымдарындағы және ҒЗИ-лардағы енгізу бөлімшелерінің саны» (2016 жылға жоспар – 67, факт – 69, 2 асыра орындалды).

2016 жылы енгізу бөлімшелерінің саны 70 болды, оның ішінде 44- жоғары білім беру ұйымдарында және ҒЗИ-ларда, 9-технопарктерде, 16- ЖОО-лардағы коммерциализация офистері.



7 «Мемлекеттік жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-лардың ғылыми жабдықтарының жаңару коэффициенті» (2016 жылға жоспар – 11%, факт –11%).

2016 жылы сатып алынған жабдықтардың бағасы 932822,62 мың теңге болса, ҒЗЖ-ға арналған ғылыми жабдықтардың жалпы бағасы 8 480 205,65 мың теңгені құрады.

Осылайша, мемлекеттік жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-лардың ғылыми жабдықтарының жаңару коэффициенті 11 % болды.

8 «Қолданбалы зерттеулердің (жобалар) жалпы санындағы жоғары және орташа тиімді жобалардың үлесі» (2016 жылға жоспар – 64,9%, факт –64,9%).

2015 жылы аяқталған ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін бағалау жүргізілді.

Ақпарат көзі - Ұлттық ғылыми техникалық сараптама орталығының деректер қоры.

Бағалау Ғылыми –техникалық жобалардың (бағдарламалардың), нәтижелілігін бағалау әдістемесін пысықтау жөніндегі жұмыс тобы 2016 жылғы 20 желтоқсанда мақұлдаған Аяқталған ғылыми жобалардың/бағдарламалардың нәтижелілігін бағалау әдістемесі бойынша жүргізілді.

2015 жылы аяқталған жобалардың саны 231-ді құрады (оның 185- гранттық қаржыландыру аясында, 46- мақсатты-қаржыландыру бойынша).

Оның тиімділігі жоғары және орта жобалардың саны – 150 болды (гранттық қаржыландыру бойынша -114, мақсатты қаржыландыру бойынша – 36 бағдарлама).

Нәтижесінде, қолданбалы зерттеулердің (жобалар) жалпы санындағы жоғары және орташа тиімді жобалардың үлесі 64,9 %-ды құрады.

9 «Ғылыми ұйымдардың және ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметін рейтингтік бағалауға сәйкес ғылыми ұйымдар қызметі тиімділігінің өсуі» » (2016 жылға жоспар – 6%, факт – 2%, 4% орындалған жоқ).

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес 2015 жылғы рейтингтік бағалаудың нітижесі бойынша.

Рейтингпен қамтылған ұйымдардың саны - 26.

Орташа көрсеткіштен жоғары көрсеткен ұйымдардың саны – 13.

Орташа көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсеткен ұйымдардың барлық ұйымдар санындағы үлесі 50%.

2014 жылы тиімді қызмет көрсеткен ғылыми ұйымдардың үлесі 48%-ды құрады. Осылайша, ғылыми ұйымдардың және ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметін рейтингтік бағалауға сәйкес ғылыми ұйымдар қызметі тиімділігінің 2014 жылмен салыстырғандағы өсуі 2%-ды құрады.



IІІ. Есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын, орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып) іс-шаралар тізбесі.

Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 243 қаулысы):

- жалпы іс-шаралар саны – 212 бірлік;

-2016 жылға жоспарланған іс-шаралар саны – 170 бірлік.

2016 жылы 170 іс-шараның 166 орындалған, 1 жартылай орындалған, 3 орындалмаған.

Орындалмаған іс-шаралар:

1 «Бұзылу түрлері бойынша ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға, оның ішінде көзі көрмейтін балаларға бедерлі-нүктелі шрифтімен (Брайль шрифті) және көзі нашар көретін балаларға үлкейтілген шрифтпен оқулықтар мен ОӘК әзірлеу, басып шығару және қамтамасыз ету». Орындау мерзімі: 2016-2019 жж. ІІІ тоқсан.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Стади Ин ЖШС арасындағы келісілген шарт бойынша, бірінші сыныптарға көздері көрмейтін балаларға рельефті-нүкте жазу (Брайл жазуы) және нашар көретін балаларға ірі жазу бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленген.

Келісім шарт ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ұсынысымен 21.10.2016ж. № 56-Т бұзылған

2 «ТжКБ ұйымдарын салу (2016 жылы - Астана қаласында - 2, 2019 жылы - Шымкент қаласында - 1, Қызылорда қаласында - 1)». Орындау мерзімі: 2016-2019 жж. IV тоқсан.

Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы 800 орындық кәсіптік мектеп (құрылыс саласы бойынша) құрылысы. Даярлығы 49%-ды құрайды.

Мердігерлердің келісім-шарт міндеттемелерін орындамауына байланысты соттың талқыланулар жургізілуі себебінен объектіде құрылыс-монтаж және әрлеу жұмыстары жүргізілмей тоқтап тұр.

Астана қаласы Бөгенбай даңғылындағы (өрт сөндіру депосы ауданында) 800 орындық кәсіптік-техникалық мектеп (байланыс және энергиямен қамтмасыз ету) құрылысы. «АССМ» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтады. Даярлығы 94%-ды құрайды.

Мердігер «Алтын-21» ЖШС-нің көркейту жұмыстары бойынша келісім-шарт міндеттемелерін орындамауына байланысты соттың талқыланулары жургізілуде.

3 «Бизнес тарапынан қоса қаржыландыруды ескере отырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Негізгі, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына өзгерістер енгізуді қоса алғанда, ғылыми жобаларды және бағдарламаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» Орындау мерзімі: 2016-2019 жж. IV тоқсан.

2016 жылы қарастырылған қаржының шеңберінде 11 002,8 млн.теңгеге 1581 ғылыми-зерттеу жоба және 14 787,5 млн. теңгеге 69 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылды.

Сонымен бірге Министрлік «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.

Қазіргі уақытта жоба ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, пысықталуда.

Пысықталған жоба мүдделі мемлекеттік органдарға қайтадан келісу үшін жолданды (2017 ж. 13.01. № 42291-МОН-ПП-2017/1).

Жартылай орындалған іс-шаралар:

1 «Қызметтер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышын әзірлеу» Орындау мерзімі: 2016 ж. ІІІ тоқсан.

Ұлттық сыныптауышын сабақтары Жобасының шеңберінде Ехәқм ДБ есебінен "еңбек дағдыларын Дамыту және ынталандыру жұмыс орындары" , жобасын әзірледі. Осы бұйрықтың жобасы мемлекеттік органдармен келісілуде (хат № 10-3-23/5799-03.09.2016ж. бұйрықты әзірлеуші Білім Министірлігі).

Осы бұйрықты 2017 жылы бекіту жоспарланған.

ІV. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдау.

БҒМ жеке сектормен бірлесіп тиімді жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша, балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 85,8%-ды құрады және 2016 жылғы жоспар (82,7%) асыра орындалды. Аталған фактор Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысына ықпалды әсерін тигізгенін атап өткен жөн.

Жалпы, анализ қорытындысы бойынша есепті кезеңде 5 көрсеткіш және 3 іс-шара толықтай орындалмағаны анықталды.

«Үш ауысымды сабақ жүргізетін мектептердің үлесі» көрсеткіші бойынша (жоспар 1,1%, факт – 1,5%, 0,4%-ға орындалмаған).

БҒМ ақпаратына сәйкес, Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы кезінде басты факторлардың бірі ретінде, есептік кезеңде демографиялық өсім және халықтың миграциялық беленділігі болғаны анықталды.

Жыл сайынғы мектеп желілерінің қысқаруы аясында (2016 жылы 60 МКШ жабылды) оқушылар санының өсуі аталады.

2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда оқушылар контингенті көбейді және 2,9 млн. адамды құрады (+245 520 адам).

Бұл ретте, сабақтардың үш ауысымда жүргізілетін мектеп санының көбеюі, тиісті жылдарға бірінші сынып оқушылары санының көбеюімен ескеріледі.

Осылайша, Қазақстан мектептері 2016-2017 оқу жылдары 369 мың бірінші сынып оқушыларын қабылдады. Осы көрсеткіш 2015-2016 оқу жылынан 29 мың балаға көп.



«Қазақстандық оқушылардың халықаралық және ұлттық зерттеулердегі нәтижелері» көрсеткіші бойынша (2016 жылға жоспар – ВОУД, 9 сынып – 37,4 балл, факт – 33,25 балл, 4,15 баллға орындалмаған).

БҒМ ақпаратына сәйкес, 2016 жылы ВОУД форматының өзгеруі көрсеткіштің орындалмауына әсер етті. ВОУД-2016 ерекшелігі тест тапсырмалары форматының өзгеруінде, логикалық ойлауға және сауатты оқуға бағытталған. Тестілеу 2 пән бойынша: міндетті пән ретінде қазақ тілі (максималды балл – 20), екінші – оқытылып жатқан пәндердің бірі (максималды балл – 55).

ВОУД-2015-те оқушыға 4 пән бойынша 80 балл жинау қажет болған. Ал ВОУД-2016-да пәндер аны 4-тен 2-ге қысқарды. Осылайша, ВОУД-2016 мүмкін 75 орташа баллдан 33,25 (44%) құрады, жоспарда мүмкін 80-нен 37,4 (46%) алу қажет болды.

Сонымен қатар, сұрақтар санының қысқаруын көздей отырып ОЖСБ 2016 жылғы өзгеруі бұл көрсеткіштің орындалуына тікелей әсер етпейді деп санаймыз.

Қазақстан оқушыларының халықаралық және ұлттық зерттеулерде төмен нәтиже көрсеткендігінің басты себебі білім сапасы ьолып табылады (әсіресе ауыл мектептерінде).

Одан бөлек, бұл мәселе педагогтар құрамының сапасы да әсер етеді.

Бүгін, ауыл мектептерінде ағылшын тілі, математика, химия, физика, орыс тілі және әдебиеті пәндері бойынша кадр тапшылығы байқалады.

Педагог кәсібінің беделіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі мұғалімдердің еңбекақысы болып табылады. Соңғы 5 жылда мұғалімдердің орташа жалақысы ел бойынша орташа жалақыдан біршама қалу үрдісін сақтады. 2016 жылы Орта мектеп мұғалімінің орташа айлық жалақысы 109 233 теңгені құрады (ҚР бойынша экономика саланыдағы орташа жалақы 2016 жылы 143 650 теңгені құрады).

Ғылым саласында орындалмаған көрсеткіштер:

-«2014 жылы ұлттық патенттердің жалпы санындағы ұлттық патенттердің өсімі (1 574 бірлік)»

- «Зерттеушілердің 2014 жылғы жалпы (18 930 адам) санынан зерттеушілер санының өсуі»

-«Ғылыми ұйымдардың және ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметін рейтингтік бағалауға сәйкес ғылыми ұйымдар қызметі тиімділігінің өсуі».

Қазақстанда ғылым саласын қаржыландыру негізінен басымдықпен жеке капитал емес, мемлекеттен қаржыландыру бағытталған. Көп зерттеушілер коммерциалық құрылымдармен, венчурлік қорлармен емес, БҒМ-мен бірлесіп жұмыс істегенді жөн санайды.

Себебі ғылымды мемлекеттік қаржыландыруда жетіспеушіліктер бар, оның ішінде, ғылымға нақты ұлес қосқан және мемлекетті дамытуға қосқан нәтижеге емес, процеске есеп беру.

Жас ғалымдардың көп бөлігі дәстүрлі академиялық (ғылыми және педагогикалық) қызметтерге қатысы жоқ салада жұмыс істейді.мысалы, АҚШ-та, ЕО және басқада дамыған елдердегі PhD бағдарламасы тек академиялық салаға емес, басқа да кәсіптік салаларға бағытталған. Қазақстанда әзірге қажетті деңгейде жас мамандарды инновациялық экономика талаптарымен дайындау қамтамасыз етілмеген.



Орындалмаған іс-шаралар бойынша

БҒМ деректері бойынша, іс-шараларды орындау кезінде мердігер шарттық міндеттемелерді орындамау себептеріне қатысты бір қатар бұзушылықтар мен соттың істі қарауы Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуна әсер етті.



V. Іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға арналған бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпарат.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес 2016 жылы Мемлекеттік бағдарламамны іске асыруға – 480 720,5 млн. теңге бөліді, оның ішінде:



Республикалық бюджет:

Бөлінді – 322 930,6 млн. тенге.

Игерілді – 322 082,6 млн. тенге (99,7%).

Игерілген жоқ – 848,0 млн. тенге.

Игерілмеген себебі – балалардың факт жүзінде келуі; мемлекеттік сатып алу бойынша қаражаттың үнемделуі; ҚР ІМБ комитетінің ұсынысымен және соттың араласуымен РБ қаражаттың қайтуы; контингенттің азаюымен қаражаттың қалуы; Түркияда жоспарланған конкурстың кейінге қалдырылуы; мердігердің төлемдерді негіздейтін құжаттарды ұсынбауы және мердігердің қызметті сапасыз орындауы.

Жергілікті бюджеттер:

Бөлінді – 157 789,9 млн. тенге.

Игерілді – 155 483,5 млн. тенге (98,5%).

Игерілген жоқ – 2 306,4 млн. тенге.

Игермеген қаражат туралы БҒМ себептерін берген жоқ.

Игерілмеген себебі – мектептердің эксплуатация мерзіміның үзілуі, мердігердің келсімшарт міндеттерні орындамауы (сотқа берілген) ; іс-шаралардың 2017 жылға ауысуы; мемлекеттік сатып алу бойынша қаражаттың үнемделуі.



VІ. Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер.

2016 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті «Көзі көрмейтін балаларға бедерлі-нүктелі шрифтімен (Брайль шрифті) және көзі нашар көретін балаларға үлкейтілген шрифтпен оқулықтарды және оқу әдебиеттерін әзірлеу және апробациялау бойынша мемлекеттік сатып алу қызметі» бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар жөніндегі заңнамасының сақталуын сәйкестігін анықтау үшін мемлекеттік аудит жүргізілді (БҒДМБ іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 52 тармағы).

Ішкі мемлекеттік аудит 2016 жылғы 25 маусымнан 2016 жылғы 10 қазанға дейін кезеңді қамтыды.

Ішкі мемлекеттік аудиттің жүргізілу мерзімі 2016 жылғы 12 қазаңнан 2016 жылғы 21 қазанға дейін.

Бақылаудың қорытындысы бойынша сатып алулардың қорытындысына әсер еткен 129 485 714,2 теңгеге мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзушылықтары анықталды.

Бақылаудың қорытындысы бойынша қаражатты бюджетке қайтару шаралары қабылданды және бақылау барысындағы анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстары берілді.


VIІ. Жауапты орындаушы мемлекеттік орган стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат.

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жоқ.



VIIІ. Алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпарат.

Мемлекеттік бағдарламаға 2016 жылы 1 наурызда қабылданғандықтан алдыңғы жылы Мемлекеттік бағдарламаға бағалау жүргізілген жоқ



IХ. Қорытындылар мен ұсыныстар.

2016 жылға Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесін қорытындыра отырып оның іске асырылуы білім беру саласының сапасын арттыруға оң әсерін бергенін атап өту қажет.

Жалпы есепті жылда Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мониторингісінің қорытындысы көрсетілетін білім беру қызметтер сапасының деңгейінің жоғарылау үрдісін көрсетеді.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдардың желісі мен қамту ұлғайды, оның ішінде жекеменшік балабақшалардың саны.

2016 жылы 77 мың орынға арналған 825 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 45,6 мың орындық 589 жекеменшік балабақша. Осының әсерінен 3-6 жастағы балаларды қамту 81,6%-дан 85,8%-ға дейін артты.

Кадрлардың сапалық құрамын жақсарту үшін 7600 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

2016 жылғы 1 қыркүйекте мектепке дейінгі жастағы бала меңгеруі тиіс базалық дағдылар анықталған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы енгізілді.

Мектепке дейінгі жастағы баланың дағдыларды білу деңгейін анықтау үшін индикаторлар жүйесі әзірленді. Бұл жүйе а.ж. қыркүйектен бастап енгізіледі.

Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 1-6 жастағы балалары бар ата-аналар үшін Отбасы.кз сайтында қашықтан оқыту ұйымдастырылды.



Орта білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жалғастырылуда. Бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің мемлекеттік стандарттары бекітілді. Оқу бағдарламаларын апробациялау 30 пилоттық мектепте жалғастырылуда. Жаңартылған мазмұнда функционалдық сауаттылыққа баса назар аударылады – тек біліп қана қоймай, оны қолдана білу.

2016 жылғы қыркүйектен бастап барлық 1-ші сынып оқушылары жаңартылған мазмұнмен оқиды, 2017 жылдан бастап 2, 5, 7-ші сыныптарды, 2018 жылдан бастап 3, 6, 8, 10-сыныптарды, 2019 жылдан бастап – 4, 9, 11-сыныптарды жаңартылған мазмұнға көшіру қарастырылған.

1-сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулықтар енгізілді, оқулықтар онлайн орналастырылған

1-ші сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі енгізілді.

Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту үшін 74 мың мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Үш тілде оқыту сатылай енгізілуде. Қазақ тілінде білім бермейтін мектептер үшін 1-11-ші сыныптарға қазақ тілін деңгейлік оқытудың жаңа әдістемесі әзірленді.

Қазақ тілінің жиілік сөздігі, қазақ тілін үйрену үшін «NurLingo» онлайн қосымшасы және Ағылшын тілінің консорциумы жасалды.

2016 жылы 3 мыңдай педагог тіл курстарынан өтті, 18 мыңнан астам оқушылар тілдік лагерьлерде оқыды.

Жалпы білім беру мектептеріндегі физика, химия, биология, информатика мұғалімдеріне және ағылшын тілінде оқытатын ТжКБ жүйесінің педқызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі ендірілуде.

Қала және ауыл мектептерінің арасындағы білім сапасы бойынша айырмашылықты қысқартуға аса назар аударылуда.

Бұл үшін білімді сандық бақылауды жаппай енгізу басталды. 7028 мектепте кең жолақты интернет бар, оның ішінде 1401 мектеп 2016 жылы қосылды.

Электронды оқу басылымдарының алуан түрі енгізілуде: электронды оқулықтар, оқу фильмдері, сандық білім беру ресурстары.

2016 жылы 4 мың мектепте «Күнделік» электронды күнделігі ензілді.

Қазақстандық мектеп оқушылары PISA зерттеуінде және әртүрлі халықаралық зияткерлік олимпиадаларда және жарыстарда болымды нәтижелер көрсетуде.

2016 жылы ҰБТ-ны қайта тапсыру енгізіліп, қоғамдағы шиеленісті жоюға мүмкіндік берді. Нәтижесінде 2016 жылы жоғары білімге қосымша 17 мың бала қолжетімділік алды.

Қазіргі уақытта ҰБТ нысаны екі сатыға бөлініп, өзгертілді: мектептегі бітіру емтиханы және ЖОО-ға түсу емтиханы. 1 ақпаннан бастап сынамалы ҰБТ-ны үйде, онлайн арқылы өтуге болады.

Министрлік әкімдіктермен бірге Мемлекет басшысының үш ауысымды және апатты мектептерді жою жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша біршама жұмыстарды атқарды. 2016 жылы 103 мектеп берілді. Ол проблемалық мектептер санын 156-дан 45-ке дейін азайтуға мүмкіндік берді.

Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды қабылдауға ниетті тұлғалардың республикалық деректер қоры құрылды. 7 балалар үйі жабылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет