Бағдарламалық құжаттың деректемелері



бет3/3
Дата21.04.2017
өлшемі0,61 Mb.
#14478
1   2   3

ТжКБ жүйесінде халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленген мазмұны жаңартылған 45 бағдарлама барлық колледждерге енгізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс берушілерді кадрларды даярлау процесіне тартуды қамтамасыз ету үшін дуальді оқыту белсенді енгізілуде. 2433 кәсіпорын 421 колледжбен бірге экономиканың 10 басым бағыттары бойынша 27 мың студентті өндірісте оқытуда.

«Серпін» бағдарламасы бойынша еңбек күші аз өңірлерге жастардың мобильділігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылуда, оңтүстік облыстардың 8250 студенті колледждерде (2200) және ЖОО-ларда (6050) білім алуда.

«Барлығына арналған тегін ТжКБ» жобасын енгізуге дайындық жұмыстары жүргізілді. Осы жылдан бастап барлығына арналған тегін ТжКБ жобасын іске асыру басталады. 5 жылда оқытумен 674 мың азамат қамтылатын болады.

ТжКБ-ні халықаралық деңгейге шығару үшін жұмыс біліктіліктері бойынша өңірлік және ұлттық Worldskills чемпионаттарын өткізу және халықаралық чемпионаттарға қатысу қарастырылған.

ТжКБ жүйесінде қазіргі таңда 44,2 мың жұмысшы мамандықтары бойынша білім алушы ЖБ есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылған (46,6 %).

Барлық колледждерді біріктіретін Электронды кітапхананың тұжырымдамасын әзірлеу басталды.

Жоғары білім беру жүйесінің негізгі жаңалығы – ректорларды таңдауды енгізу. 2016 жылы алғаш рет Байқау кеңестерінің қатысуымен 5 мемлекеттік ЖОО-ның ректорлары сайланды. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында тағы 6 ректор тағайындалатын болады.

ЖОО-лар менеджменттерін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. 28 ЖОО-да әкімдіктердің, бизнестің, БҒМ мен қоғамның қатысуымен байқау кеңестері құрылды. 37 ЖОО-да Назарбаев Университеттің корпоративтік басқару бойынша сәтті тәжірибесі енгізілуде. ЖОО-лардың 100-ден астам жетекшілері Назарбаев Университеті базасында курстық даярлаудан және Ұлыбритания, Жапония, АҚШ және Сингапурда тағылымдамадан өтті.

Педагогикалық кадрларды даярлау жаңартылған орта білім ескерілген типтік оқыту жоспарлары бойынша жүргізіледі. 2016 жылы талапкерлер алғаш рет педагогикалық мамандықтар бойынша ЖОО-ға оқуға түсу барысында педагогикалық қызметке икемділігін анықтайтын арнайы емтихан тапсырды. Жаңа форматтағы педагогтарды даярлау жұмыстары басталды.

Шағын жинақтық мектептердің ерекшеліктері ескерілген «Химия-Биология», «Математика-Физика», «Математика-Информатика», «Физика-Информатика», «География-Тарих», «Тарих-Дінтану» мамандықтары бойынша педагогтерді даярлау жүргізілуде. .

Барлық ЖОО-лардың оқу процесіне "Қазақстандық бірізділік" элективті курстары енгізілді.

Бүгінгі таңда елдегі ЖОО-ларда үш тілде педагогикалық кадрларды даярлау тәжірибесі бар. Ағымдағы оқу жылынан бастап бірінші курс студенттеріне пәндердің 50% оқыту тілінде, 30% ағылшын тілінде, 20% екінші тілде оқытылады,

"Ақпараттық коммуникациялық технологиялар" пәні базалық оқулықты пайдалану арқылы ағылшын тілінде оқытылады.

ҮИДМБ үшін кадрларды даярлау, педагогикалық білімді жаңғырту және «Серпін» жобасын іске асыру жоғары білімнің басым бағыттары болып табылады.

Ол үшін өндірістің инновациялық технологиялары ескерілген мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары енгізілетін болады. ҮИДМБ жобалары үшін 11 ЖОО-да 48 инновациялық білім беру бағдарламалары, сондай-ақ 10 базалық колледжде бағдарламалар бойынша кадрларды даярлау жүргізілуде.

Қоғамның ЖОО қызметін бағалау нәтижесі негізінде аккредитация жүргізу Қазақстанда білім сапасын арттырудың маңызды факторы болып табылады. Сапаны бағалаудың ашық стандарттары мен үдерістері енгізілуде, олар білім беру саясатын құруда нақты бағыттарды көрсетеді.



Ғылым саласында "Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелелерін коммерциализацияландыру туралы" ҚР Заңы іске асырылуда.

Назарбаев Университеті базасындағы екі инновациялық кластер Астана бизнес кампус және «Алатау» инновациялық технологиялар паркі бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын коммерциализацияландыру алаңына айналады.

Дүнижеүзілік банкпен бірлескен "Технологияларды коммерциализацияландыру" жобасы аяқталды, нарыққа 31 компания шықты, 6 лицензияланған шарт жасалды.

"Нәтижелі инновацияларды ынталандыру" жобасы үшін Халықаралық қайта құру және даму банкімен қарыз беру туралы келісім жасалды.

ҚР БҒМ 5 Ғылым бағыты бойынша сапасыз деректер ұсынғандығын хабарлаймыз.

Жалпы, Мемлекеттік бағдарламаның 2016 жылға іске асырылуын қорытындылай келе, нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштердің жалпы санынан:



Асыра орындалған: 57,1% (4) индикаторлар және 51% (25) көрсеткіштер;

100%-ға орындалған: 42,9% (3) индикаторлар және 38,8% (19) көрсеткіштер;

Орындалмаған: 10,2% (5) көрсеткіштер.

Осыған орай, қол жеткізілген мағыналар мен асыра орындалуының жоғары деңгейімен индикаторлардың және көрсеткіштердің болжамды мағынасын қайта қарау қажет.

Мемлекеттік бағдарламаның алға қойған міндеттері шеңберінде 2020 жылға қарай білім және ғылымның бәсеке жарамдылығын жоғарылатуды қамтамасыз ету керектігі, экономиканың тұрақты өсуі үшін адами капиталды дамыту бойынша білім және ғылым жүйесін модернизациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім және ғылым салаларында жақсы нәтижелерге қарамастан, бірқатар жүйелі проблемалар да бар.



1. Жыл сайынғы қаражат ьбөлуге қарамастан, бала бақша, мектепке, балабақшаға, мектепке кезек бар, сондай-ақ, апатты, үш ауысымды мектептер бар. Сондай-ақ, мектеп оқушылары тапшылығы бар.

2015-2016 жылдары апатты мектептерді және үш ауысымды мектептерді жою үшін 107,1 млрд. тенге қаражат бөліні, оның ішінде,

(2015 жыл – 44,1 млрд. тенге, 2016 жыл – 63 млрд. тенге), оның ішінде;

- республикалық бюджет есебінен 13,5 млрд. тенге (2015 жыл – 13,3 млрд. тенге; 2016 жыл - 0,2 млрд. тенге);

- Ұлттық қор есебінен 66 млрд. тенге (в 2015 жыл – 15,4 млрд. тенге; 2016 жыл – 50,6 млрд. тенге);

- жергілікті бюджет есебінен 27,6 млрд. тенге (2015 жыл - 15,4 млрд. тенге; 2016 жыл – 12,2 млрд. тенге).

Осылайша, апатты мектептерге және үш ауысымды мектепрге бөлінген қаражат жалпы шығынның 2015 жылы 63,9%, 2016 жылы – 85,6% құрады.

Мысалы, 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада үш ауысымда сабақ өткізетін 87 мектеп қызмет етеді. 2016 жылы үш ауысымда сабақ өткізетін мектептерді жою үшін 47 мектеп салынды. Үш ауысымда сабақ өткізетін қосымша анықталған мектептердің саны 66 дана.

При этом, на сегодня МОН не проводится качественный анализ и мониторинг имеющихся и заявляемых объектов в привязке к потенциалу региона.

Сонымен қатар, БҒМ потенциалды аймақтарда бар және өтініш етілген нысандарға талдау жасау бойынша монитроинг жүргізілмейді.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында орын тапшылығы сақталуда. Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарына орналасу үшін 544,6 мың өтініш тіркелген. Қазақстан бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуға жататын, осы жас тобындағы балалардың жалпы саны 975963-ті құрайды.

Бала бақшаға кезек жүйесі оңтайландыруды талап етеді.



2. Жеке сектормен серіктестік МЖӘ механизмі бойынша тиісті деңгейде іске асырылмайды. Мысалы, Мемлекеттік бағдарламада авариялық жағдайдағы мектептердің орнына мектеп салу, сондай-ақ үш ауысымды мектептерді жою республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ғана емес, сонымен қатар МЖӘ тетігі арқылы да жүзеге асырылатын болады деп көрсетілген.

Алайда, БҒМ бұл бағытта тиісті іс жүргізіліп жатқан жоқ, авариялық жағдайдағы мектептердің орнына мектеп салу, сондай-ақ үш ауысымды мектептерді жою республикалық бюджеттен немесе ұлттық қор есебінен ғана жүзеге асырылуда.



3. Ұлттық және халықаралық зерттеулердің нәтижелері оқушылар білімдерінің деңгейлеріндегі үлкен алшақтықты көрсетеді.

Мысалы, ОЖСБ нәтижесі бойынша 9 сыныптардың республика бойынша орташа балы - 33,25, оның -32,82 қазақ тілінде, 34,41-орыс тілінде.

PISA-2015 нәтижесі бойынша қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқу бойынша 1,5 жылға, математика бойынша 1 жылға артта қалу анықталған.

4. Ауыл мектептерінде білім сапасы төмен. 2015-2016 жылғы оқу жылындағы ҰБТ нәтижемі бойынша алшақтық қала мектебі мен ауыл мектебі арасында жоғары, 7,95 баллды құрайды (ауыл мектебі орта баллы 125 тен 77,18? қала мектебі орта баллы 125 тен 85,13).

Одан бөлек, 2016 жылы қала мектебін бітірушілерінің 4,8% ҰБТ өту баллына (50 балл) жете алмады.

Бұл көрсеткіш ауыл мектептерінде 8,7% құрайда, қала мектебінен шамамен екі есеге жоғары.

Негізгі себеп болып мұғалімдердің төменгі сапасы, пәндер бойынша мұғалім тапшылығы және материалдық-техникалық базаның төмендігі және қосымша білімнің жоқтығы болып отыр.



5. Педагог мамандығының статусының төмендігі білім саласындағы өзекті мәселе болып табылады. Бұл мәселе үлгерімі нашар түлектерге дің білім саласына келуі, болашақта мұғалімдер құрамының сапасына әсер етеді.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2019 жылдан бастап жоғары сыныптарға ағылшын тілін енгізу бойынша тапсырмалар қойылған. Сонымен бірге, пәндік мұғалімдерді қысқа мерзімде ағылшын тіліне оқыту өзінің күтіліп отырған нәтижесін бермейді деп санаймыз. Осыған байланысты, бюджет шығындарының тиімділігі бойынша сұрақ туындайды.

Пәндік мұғалімдерді ҰБТдан жоғары нәтиже көрсеткен бітірушілерді оқыту нәтижесне байланысты жаңа еңбек ақы төлеу жүйесін жасақтай отырып пәндік мұғалімдерді дайындайтын бірыңғай жүйе қажет.

7. Бүгінде, ерекше білім қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру мектептеріндегі білім процесіне араластырудың маңыздылығы сақталуда.

Тиісті жағдайлар мектептердің тек 44,7%-да жасалған. ҚР БҒМ әкімшілік деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада 7450 мектеп ызмет етеді, оның 3289 мектебінде инклюзивті білім беруге жағдайлар жасалған.



8. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды анықтау үшін психолого-медико-педагогическалық консультациялар желісі жеткіліксіз дамыған.

Бүгінде 58 психолого-медико-педагогическалық консультациялар (ПМПК) қызмет етеді (2015 жыл - 55). 7 облыста ПМПК-лардың тиісті саны ашылған (Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан). Қалған облыстарда және Алматы қаласында психолого-медико-педагогическалық консультациялардың желісі жеткіліксіз.



9.Мемлекетте экономика қажеттілігі және жұмыс берушінің болжамы ескерілетін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың біртұтас болжамдау жүйесі тиімсіз жұмыс істейді.

Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс орталық және жергілікті органдардың кадрлық қажеттіліктері бойынша тапсырыстары негізінде әзірленетініне қарамастан, көп жағдайда болжамдық қажеттіліктің орнына ағымдағы бос орын туралы ақпарат ұсынылады. Ұзақ мерзімді болжамдау жүйесінің жоқтығы маман дайындау ісінің тиімділіг төмендетеді және еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс балансын бұзуға әкеп соғады.

Ұқсас жағдай ТжКБ жүйесінде де байқалады.

10. Ғылым саласындағы ҒЗТКЖ ғылыми зертеулерінің салмағы дамыған елдермен салыстырғанда бірнеше есеге төмен.

ҒЗТКЖ нәтижесі әлі күнге дейін төменгі деңгейде. 2016 жылы ғылыми зерттеулер саны 1217 құраса, оның ішіндн коммерциаланғандары 210 жоба ғана (барлық санның 17%).

ЖОО ғылымының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесі төмен. ҒЗТКЖ ЖОО шығынының үлес салмағы 2015 жыл нәтижесі бойынша 19,4% құрады.

Бүгінде гранттар ғылыми ұйымдар мен коллективі өздері дайындаған және іріктеген жобаларға бөлінеді. Осылайша, ғылыми зерттеуге бөлінген мемлекет қаржаты нақты сектор тапсырыс бермеген жұмыстарға жұмсалуда. Нәтижесінде, ғылым саласында тиімдірек сала болып бастапқыдан мақсатында технологияны тәжірибе жүзінде пайдаланбау болған фундаменталды зерттеулер болып отыр.

Ғылыми мекемелердің нақты сектормен серіктесуі әлсіз.

Білім беру және ғылым сапасын арттыру мақсатында БҒМ-ға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп келесіні бұдан кейін іске асыру ұсынылады:

1) Мектепке дейінгі білім жүйесінде келесі бағыттар бойынша жұмыстар күшейту:

-жекеменшік әріптестіктің артықшылықтары бойынша ақпараттық жұмыстарды белсендендіру;

-тұрғын үй кешендерінің 1-қабаттарында орналасқан мектепке дейінгі білім беру ұйымдар желісін ұлғайту, соның ішінде ЖМӘ есебінен.

- талаптарға сәйкес оқу және көркем әдебиет басып шығаруды қамтамасыз ету;

- мектепке дейінгі оқу және көркем әдебиеттерге сараптама жүргізу үшін сараптамашылар құрамының сапасын арттыру;

- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша ЖОО-ларда және колледждерде педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты арттыру;

- мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру;



2) Орта білім беру жүйесінде:

- «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептерді жою үшін салынатын мектептер құрылысының уақытылы басталуы;

- салынып жатқан және бар мектептер санына мониторинг жүйесін енгізу аймақтың әлеуметтік- экономиалық дамуын ескере отырып;

- ЖМӘ есебінен апатты және үш ауысымды мектептерді жою бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізу;

- мұғалімдерге нәтижеге байланысты етіп еңбек ақы жүйесін әзірлеу;

- білім саласында басқарушы персоналды қаладан ауыл мектептеріне ротациялау мүмкіндігін қарастыру;

- мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын арттыру бойынша шараларды іске асыруды күшейту;

- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, психилогиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің, ресурстық орталықтардың желісін арттыру;

- инклюзивті және арнайы білім беру бойынша біліктілікті арттыру;

- қосымша білім беру, оның ішінде сыныптан тыс үйірмелер және спорттық секциялар қызметін ұсынатын білім беру ұйымдарының желісін кеңейту;

- педагогикалық ЖОО-лар даярлаған ШЖМ үшін аралас пәндер бойынша мұғалімдердің, жоғары санатты ШЖМ педагогтерінің үлесін арттыру;

- жергілікті бюджет есебінен сервистік қызмет көрсетумен білім беру ұйымдарын лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жарақтандыру;

- білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу, мектептерді кең жолақты интернетке қосу (4-10 Мб) және жергілікті бюджет есебінен білім беру ұйымдрында компьютерлік техниканы жаңарту;

- мектептерді жарақтандыру, оның ішінде минимальді әлеуметтік нормаларды жүйелеу және анықтау бөлігінде өзгертулер енгізу;

- қаржыландырудың жан басына шаққандағы жүйесін енгізу;

3) ТжКБ жүйесінде:

- мемлекеттік білім беру тапсырысын кадрларға сұранысты болжауды ескере отырып арттыру ;

- техникалық білім беруді дәріптеу бойынша ақпараттық жұмыс;

- дуальді оқыту жүйесін енгізу шеңберінде потенциалды жұмыс берушілермен өзара іс-әрекетті күшейту;



4) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде:

- экономиканың сұраныстарын және жұмыс берушілердің болжалын есепке ала отырып мемлекеттік тапсырысты және мамандықтардың бірыңғай қорын қалыптастыру;

- ЖОО-лар есебінен магистрлар мен РhD докторларын даярлауды олардың сол ЖОО-да еңбекпен өтеуін міндеттей отырып, ұлғайту;

- өңірлерді дамытудың бағдарламасын іске асыруға бағытттау бөлігінде ЖОО-лар мен ЖАО-лардың өзара қарым-қатынасын күшейту қажет.



5) Ғылым саласында:

- жастарды ғылымға тарту бойынша шараларды іске асыру.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жариялаған Жолдауында көрсетілген негізгі басымдықтарды ескере отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына келесі өзгерістер мен қосымшаларды енгізуді ұсынады:

Білім берудің барлық деңгейлері бойынша МТБ жарақтандыру үшін лизингтік қаржыландыру құралдарын енгізу бойынша іс-шаралар қарастыру;

Орта білім беру бойынша:

ІТ бағыты бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру;

ҚКЖ (құрылымдалған кабельдік жүйе) ішкі сымсыз интернет желісінің стандартын қабылдау бойынша іс-шаралар қарастыру.

«Техникалық және кәсіптік білім барлығы үшін тегін» жобасын енгізу шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру бойынша:

жұмысшы мамандықтар бойынша білім алушылар үшін тегін бір жолғы тамақтандыру;

3.0. жаңғыруының талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау бойынша іс-шаралар қарастыру.



жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықтау және білім беру бағдарламарының деңгейіне қатысты бақылау мен талаптарды күшейту мақсатында мынадай шаралар қарастыру:

- ЖОО-лардың топ менеджментіне шет елдік мамандарды тарту (проректорлар, факультеттер декендары, менеджерлер, оқытушылар);

- 3.0 жаңғыртудың талаптарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау;

- 3.0 технологиялық дамуды жетілдіруге қажетті құзыреттер мен дағдылар негізінде инновациялық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;



- елдің жетекші ЖОО-ларының білім беру қызметтерін экспортқа шығару.

Жалпы, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды жоғарыда аталған ұсыныстарды ескере отырып жалғастыруды орынды деп санаймыз. Сонымен қатар, жоғарыда аталған білім және ғылым саласындаға мәселелерді шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау қажет.
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет